Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арх.конс.лекц.-каз..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.1 Кб
Скачать

Шатыр және жабу

Жоспары:

1. Шатыр ұғымы

2. Шатыр мен жабынның көтергiш конструкциялары.

3. Арқалықтар, аркалар, рамалар

4. Кеңiстiк конструкциялар.

Шатыр ғимараттарды атмосфералық шөгiндiлерден сақтайды, ал жоғары жабын (чердак) әр түрлi климаттық әсерден қорғайды. Шатырды жоғары жағынан чердак кеңiстiгi бөлiп тұрады. Чердаксыз шатырлар, яғни жоғарғы жабынмен жұпталған, жабу деп аталады. Шатыр және жабу екi бөлшектен тұрады. Бiрiншiсi көтергiш, екiншiсi қорғау конструкциясы деп аталады. Шатырмен жабудың көтергiш конструкциялары берiк, тұрақты, қатты бола тұрып, судан, қардан және қондырғылардан болатын есептiк жүктемелердi сонымен қатар өзiнiң массасын қабылдауы мiндетi.

Шатыр мен жабудың жаңбыр суын немесе ерiген суды өз бойынан тез ажырататын қабiлеттi болуы керек. Жабу су өткiзбейтiн жеңiл материалдардан жасалады, және ол материал температуралық өзгерiстерге, химиялық әсерлерге және желдiң әсерiне төзiмдi болуы қажет.

Жылумен қамтамассыз етiлген ғимараттардың жабуы жылу өткiбейтiн болуы қажет, қыс айларында, суықты iшке, ал жаз айларында қызған күннiң ыстығын iшке дартпауы қарастырылады.Жылумен қамтамассыз етiлген ғимараттардың жабуында жылу изоляциясы қарастырылмайды.

Шатыр мен жабудың ұзақ мерзiмдiлiк дәрежесiн сыртқы ауа райына, температуралық және ылғалдық режимге сәйкес қабылдайды. Сонымен қатар шатыр мен жабу отқа төзiмдi, экономикалық жағынан тиiмдi, индустриалды болуы қажет.

Пiшiні мен түрiне қарап шатыр мен жабуды құламалы және жазық деп екiге бөледi. Құламалы шатарды су ағынының ыңғайына қарап көкжиекке көлбеу орналастырады. Жазық шатыр деп аз көлбеулi немесе көлбеусiз шатырларды немесе жабуларды айтады. Пайдаланылатын жазық шатырдың және жабудың үстiнде ойын алаңдары, спорт алаңдары, кафелер, дем алатын алаңдар ұйымдастырылады.

Шатыр мен жабынды бетоннан, темiрбетоннан, темiрден ағаштан, пластмассадан тиiмдi жылулық және ылғалдық изоляциясы бар материалдардан құрастырған дұрыс деп есептеледi. Шатыр мен жабудың негiзгi түрлерi жазық нольдiк көлбеу—бiр құламалы, екi құламалы, төрт құламалы, қисық сызықты болып келедi. Жазық шатырлардың конструкциясы өте жайлы, бiрақ ылғалдық изоляциясын жасауға жоғарғы сапалы жұмыс орындалуы керек.

Суды бiр беткейге ажыратқанда және ғимараттың енi шамалы болғанда бiр құламалы шатырлар жасалады. Ең кең тараған шатырдың түрiне екi құламалы шатыр мен жабулар жатады.

Төрт құламалы шатырлар екi трапециялы және екi үшбұрышты (вальма) құламадан тұрады.

Архитектуралық немесе конструктивтiк шешiмге немесе ғимараттардың көлемдiк жоспарлау шешiмiне байланысты күрделi шатырдың түрлерi де қолданылуы мүмкiн.

Шатыр мен жабудың пiшiнi құламалардың қиылысуынан құралады. Құламалардың қиылысу сызығы, екi жақты, жоғары немесе науа деп аталады. Шатыржақ деп жоғарғы шатырдың жазық көлбеуi градустпен өлшенедi. Шатырдың көлбеуiн оның материалына және конструкциясына, сонымен қатар ауа райы жағдайын ескерiп тағайындайы.

Шатыр мен жабынның көтергiш конструкциялары.

Шатыр мен жабынның көтергiш конструкциялары негiзгi (плиталар, көлбеу итарқалар, балкалар, аркалар, сводттар, күмбездер), қосымша (итарқа асты конструкциялары және байламдар) және қорғау көтергiш конструкцияларының бөлiктерi (торкөз және жабу плиталар) деп бөлiнедi.

Темiр бетонды панельдер мен төсенiштер чердакты құламалы шатырларды құрастыру үшiн қолданылады. Мұнда итарқалы шатырларға қарағанда, индустриалды, ағашты қажет етпейдi және экономика жағынан тиiмдi деп есептелiнедi.

Тiрелмелi итарқа—ашалы арқалықты статикалық анықталатын шатырдың конструкциясы, тiк жүктемелердi ғимараттың iшкi және сыртқы қабырғаларына түсiредi.

Ағаштан немесе темiрбетоннан құрастырған итарқа құламалы шатырлар құрастыру мақсатымен ғимараттарлың енi 18 метрге дейiн қолданылады. Үш метр қашықтықпен орналасқан алдын-ала кернеуленген тавр формалы арқалыққа темiрбетон қырлы сырақтан төрт көз құрастырылады. Ағаш қырлы сырықты қолданғанда, итарқаның адымы 1,5-2,0 м болып қабылданады. Бұл жағдайда итарқа беларқа өзара болтпен не болмаса сваркамен дәнекерленедi. Төрткөздiң қыр сырықтары Беларқа не бомаса итарқаға шегемен және скобамен бекiтiледi. Темiр-бетонды тiрелмелi итарқа өзiнiң конструкциясының күрделелiгiне қарамастан, цемент пен арматураның шығынын ескерсек экономика жағынан тиiмдi екенiн байқаймыз. Ағаш тірелмелi итарқаны әдетiнше iрiленген зауыт жағында құрастырылан конструкцияларды қолданылады, сонымен қатар итарқалы жүйе жекелеген элементтерден де құрастырыла бередi.

Итарқалық фермалар-екi тiрегi бар, геометриясы өзгермейтiн жазық стерженьдi жүйе 12-48 м аралығында итарқа фермалар тиiмдi деп есептелiнедi. Материал бойынша олар темiр-бетонды, темiрден ағаштан немесе аралас болуы мүмкiн.

Құрама темiр-бетонды фермалар – үш бұрышты, сегменттi, белдерi паралель т.т. Ферманың түрiн көлемдiк жоспарлау шешiмiне аралығына, жүктеме күштердiң мағынасына, шатрдың материалдарына байланысты тағайындалады.

Арқалықтар

Өндiрiстiк және азаматтық ғимаратарда темiр-бетонды немесе ағаш арқалықтар, аралығы 6-24 м жабу конструкциясы ретiнде қоданылады.

Темiр-бетонды арқалықтар бiр немесе екi құрамалы, бiр немесе екi тавры, кәдiмгi немесе алдын ала кернеуленген арматуралы, тұтас немесе құрама болып бөлiнедi

Үлкен белбеулi жабындарда шатыр мен жабуды құрастыру үшiн үш бұрышты фермалар қолданылады. Кiшi көлбеулi жабуларда және оралмалы жабындарда ықшамдалған полигональдi фермаларды қолдану кеңiнен таралған. Мұндағы ықшамдалған көлбеудiң мағынасы 1/12. Сонымен қатар сегменттi жоғарғы белдiгi сындырып жалғастырған фермаларды да қолдануға мүмкiндiк бар.

Белдiгi параллель фермаларды жазық жабын жасағанда қолданылған тиiмдi, сонымен қатар итарқа асты конструкция ретiнде де пайдаланылады.

Темiр фермалар жеке стерженьдерден құралады.

Темiр фермалардың геометриялық схемалары ықшамдалған, ал олардың түйiндерi мен элементтерiнiң өлшем саны реттелген. Темiр фермаларды тек қана қолайлы жағдайда ғана, яғни темiр – бетонды фермалалда қолдану тиiмдi болмайтын тұстарда және аралық ауқымды (30 м жоғары) жерлерде қолданылады.

Арқалар

Аралығы 36 м-ге дейiн ғимараттарды жабу үшiн темiр-бетонды, темiрден және ағаштан 2 немесе 3 маршты арқалар қолданылады. Арқаны тұтас немесе құрама қыр сырақ түрiнде дайындайды немесе стерженьдi жүйе және жұпталған сегменттi фермалар түрiнде қолданылады.

Рамалар.

Рама деп тіреулерден және өз ара байланысқан регельден құраған жүйенi айтады. Рама темiр – бетонды, темiрден және ағаштан, тұтас немесе құрама элементтерден құрастырылған, тұрақты немесе өзгермелi көлденең қимасы бар конструкция болады. Аралығы 40м дейiнгi ғимараттардың жабуы ретiнде темiр-бетонда рамалар қолданылады.

Кеңiстiк конструкциялар.

Жабудағы қолданылатын кеңiстiк констркуцияларына сводтар, оболочкалар және iлмелi жүйелер жатады. Олардың көлемдiк пiшiндерi қысық сызықты немесе жазық қырлы беткейлерден тұрады. Бұл конструкциялар өндiрiстiк қоғамдық ғимараттарды жабуда көбiнесе қолданылады (Вокзалдарда, жабық базарларда, спорт залдарда, көрме павильондарда т.т. iрi-iрi бөлмелерде).

Сводтар деп тіреу қысымды беткейi қысық сызық пiшiндi конструкцияларды айтады. Олар негiзiнен саналмалы ғимараттарда, тиiмдiлiгi анықталған жағдайларда қолданылады.

Оболачкалар деп өте жұқа қабырғалы кеңiстiк конструкциясын айтамыз. Оболчкалар шеткi қырлары негiзгi көтергiш конструкциялара бекiтiлiп, олардың берiктiгiн, тұрақтылығын және қаттылығын қамтаммасыз етедi.

Iлмелi жабындар (вантты жабындар) тростар жүйесiнен құралады, олар жұқа оболочкаларды ұстап тұрады.

Жабулар

Картонды шыны жiптес материалды битуммен қондыру арқылы алынған оралмалы материалдардан құрастырған жабуды оралмалы жабулар деп атайды.

Рубероид, толь т.б. құммен немесе минерал ұнтақтарымен себiлген битуммен қаныққан түрiнде дайындайды, ал себiлмеген бiрақ битуммен қаныққан түрлерiне-негалаи, терi қара қағаз, гидрозил жатады.

Жабудың негiзгi ретiнде цемент немесе асфальттан құйма жасалады, сонымен қатар төсеме тақтай да қолданылуы мүмкiн. Жабудың көлбеуiне байланысты оралмалы кiлем екiден бес қабатқа дейiн жасалады. Жабу көлбеуiне байланысты оралмалы материалдардың орналастырылуы шатырдың жал арқасына параллель немесе көлденең битум мастикасымен желiмдейдi. Жабудың көлбеуi аз мөлшерлерде болса, оралмалы материал жал арқаға параллель, ал көлбеуi үлкен (15 проценттен жоғары) болса, онда жал арақаа көлденең орналастырып желiмдейдi.

Бұл жабу конструкциясының ұзақтылығы көп жағдайларға байланысты болады да, оның мөлшерi кең өлшемдерде ауытқиды (пайдалану жағдайлары, жабу құрастыратын материалдардың сапасы, салу жағдайында орындалған жұмыстардың сапасы т.т.)

Асбесцементтi жабуларды толқынды немесе жартылай толқында табақтардан, жазық плиткалардан немесе жазық табақтардан құрастырылады. Көлбеуi 25 проценттен кем емес чердакты жабуларда кәдiмгi және күшейтiлген өлшемдерi 80х120 см-ге дейiнгi толқынды табақтар қолданылады. Асбесцементтi материалдардан жасалған жабулар, пайдалану жағдайы дұрыс болса, жеңiл және отқа төзiмдi, ұзақ мерзiмдi болып есептеледi. Сонда да морт сығым қасиетiне байланыс, олар тез жарақаттанады. Жабудың табақ темiр қара және цинктен болады. Сонымен қатар толқынды табақ түрiнде де кең қолданылуы мәлiм.

Жабудың негiзi болып тор көз есептеледi. Тор көз қырлы ағаш сырақтардан тақтайлардан құрастырылады. Темiр шатырлар өте жеңiл, үлкен көлбеулiктi талап етпейдi. Бiрақ тотығудың салдарынан конструкциялардың ұзақтығын азайтады, әлсiн-әлсiн сырлауды және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргiзудi талап етедi.

Шатыр көтергiш бөлшектен, бу изоляциясынан, жылу изоляциясынан, ауа қабатынан, ылғал изоляциясының негiзiнен, ылғал изоляциясынан және қорғау қабатынан тұрады. Қолданатын материалдардың түрiне немесе сапасына байланысты, сонымен қатар пайдалану жағдайына байланысты аталған элементтердiң кейбiреулерiнiң болмауы немесе жұпталуы мүмкiн. Шатырдың көтергiш бөлiгiн темiр-бетонды панельдерден немесе төсемелерден (тұтас, қуысты, қырлы т.т.) құрастырады. Шатардың жылу изоляциясы ретiнде көлемдi салмағы 1000кг/м3 дейiнгi материалдарды қолданған тиiмдi.

Бiрлестiрлiнген шатыр (жабу)

Чердаксыз бiрлестiрiлген шатыр көп мөлшерде индустрияланған деп саналады. Олар iрiленген көтергiш элементтерден құрастырылады және тиiмдi изоляциялық материалдарды пайдаланады.

Пайдаланбайтын шатырлады жазық немесе аз құламалы (0-10 процентен жоғары) етiп құрастырылады. Шатырларда сыртқы немесе iшкi су ажырату қолданылады. Шатыр мен жабулардың кез келген нүктесiнен суды ажыратудың мүмкiндiгi болуы қажет.

Шатыр мен жабулардан су ажыратудың ең тиiмдi жабайы түрi сыртқа шатырдың ернеуi арқылы су ажырату болып саналады. Шатырдан суды сыртқа арнайы құрастырылған науа немесе құбыр арқылы iргелiкке, тратуарға немесе көше науаларына сонымен қатар нөсер канализациясына ажыратылады. Науалар мен құбырларды керамикалық тастардан жабудың темiрлерден, пластмассалардан, темiр-бетоннан, асбесцементтен жасайды. Су ажыратқыштардың мұзданбауын қамтамтамыссыз ету мақсатымен, жылытылған науа мен құбырларды пайдалану арқылы, iшке су ажырату құрылыстары кеңiнен қолданылады.

Технико-экономикалық көрсеткiштер

Бiрлестiрiлген шатырлар монтаждаудағы еңбек шығыны 3-4 есе, құны 10-25 проценке дейін, пайдалану құнын 1,5-2 есеге дейiн, (чердакты шатырмен салыстырғанда) азайтады. Пайдаланылатын бiрлестiрiлген шатыр құны, пайдаланбайтын шатыр беткейiненiң құнынан 20-25 процент дейiн артық болады. Пайдаланатын шатырлар (шатыр алаң) iшке су ажырамайтын жазық болып келедi. Олардың конструкциясы жоғары қаралған конструкциядан айырмашылығы шамалы. Ылғал изоляциясын қорғау мақсатымен мұндай шатырларда асфальттан құйма жасап, үстiн бетон немесе керамикалық плиталармен жабады.

Өндiрiстiк ғимараттарды жабу.

Бетонды және темiр-бетонды жабулар экономикалық тиiмдi деп есептеледi, егер плиталар бел аркалыққа орналастырылса. Алдын-ала кернеуленген немесе кернеуленбеген кәдiмгi темiр-бетонды плиталар өлшемi жазықтығы бойынша 1,5х6 3х12,0 м қалыңдығы 2,5-3 см әдетiнше бойлық және көлденең қырлармен қамтамасыз етiледi.

11 дәріс (1сағат)