Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арх.конс.лекц.-каз..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.1 Кб
Скачать

Жабындар

Жоспары:

1. Жабынға жалпы түсінік

2. Құрама темiр –бетонды жабындар

3. Арқалықты жабындар.

Жабын. Жабын көтергiш және қорғау конструкциясы бола тұрып ғимараттарды қабаттарға бөледi. Каркастар және қабырғалармен қосылып жабын ғимараттардың кеңiстiк тұрақтылығын қамтамассыз етедi. Жабын өзiнiң шағындалған өлшемiмен, берiк қатты, тұрақты және бөлетiн бөлмелердiң дыбыс және жылу изоляциясын, сонамен қатар бу және су изоляциясын қамтамассыз етiп, өзi индустриалды әдiспен жергiлiктi материалдарды қолданып жасалады.

Жабын өзiнiң орналасуына байланысты қабат аралық, чердактық және төменгi болып бөлiнедi. Материалдарға қарай жабынды темер –бетонды, ағашты, тасты және темiр арқалықтар арқылы құрастыратын деп бөлуге болады.

Көтергiш бөлiктерi бойынша жабын панельдi-ендi плиталар, төсем-енсiз плиталар, арқалықтар, арқалықты-арқалықтардан аралары толтырмамен жабылған және доғалы болып бөлінеді.

Жабын жекелеген және қабатталған құрам болып бөлiнедi. Қабатталған құрамда барлық қабат өзара қатты немесе серпiмдi бекiтiлген, ал жекелеген қабаттарда әр қабат ауа қабатымен алмастырылған. Олар арнайы дыбыс изоляциясының мiндетiн атқарады. Жабын көтергiш және қорғау қабатынан тұрады: көтергiш қабат еден, ал қорғау қабаты төбе.

Жабынды негiзiнде құрама элементтерден құрастырады, сонымен қатар құрама –тұтас және тұтас конструкциялардан құрастырылуы мүмкiн .

Құрама темiр –бетонды жабындар.

Панельдi жабындарды өлшемдерi бөлменiң өлшемiне сәйкес iрi плиталарды қолданып құрастырады.

Басқа құрама темiр-бетонды жабын конструкцияларына қарағанда панельдi жабындар өте жақсы көтергiштiгiмен –дыбыс изоляциясымен, зауыттың дайындығымен –ерекше көзге түседi.

Тұтас панельдер өзiнiң құрылысы бойынша өте жайлы, бiрақ салыстырмалы массасы жоғары. Панельдердi жекелеген және қабатталған жабындарда қолданады. Қуысты панелдердiң қалыңдығы 22 см-ге дейiн жетедi. Оларды ауыр және жеңiл бетоннан шеңберлi, овалды және вертикалды қуыстармен дайындайды.

Бойлық қуыстар панельдiң келтiрiлген қалыңдығын оның орта деңгейде азайтады. Экономикалық тиiмдi панельдерге, овалды қуысы бар панелдер жатады. Мұндағы қуыстық пайыз 60-қа дейiн жетедi. Алдын ала кернеуленген арматуралы панельдерге қолданғанда қаттылығы өседi.

Қырлы панельдердi қырдың орналасуына байланысты төмен және жоғары бағытталған деп бөледi. Экономикалық тиiмдi болып қыры төмен бағытталан плиталар есептеледi, себебi онда бетон сығылу бөлiгiнде орналасқан. Шатырлы панельдер деп айналасы арнайы қырмен көмкерiлген және төменге бағытталған жазық плиталарды айтады. Бұл панельдердi дайындау өте ыңғайлы, олар бөлмелердiң өлшемдерiне сәйкес ғимараттарда кеңiнен қолданылады.

Жекелеген жабындарды темiр-бетон немесе ағаштан изоляциялық және өңдеулiк қабаттардан құрастырады.

Өндiрiстiк ғимараттардың жабындары.

Бұл жабындар өте көп мөлшерде жүктеменiң әсерiнен, ылғалдылық әсерiнен, қауiптi химиялық заттардың әсерiнен, қондырғылардың тербелме жүктердiң әсерiн қабылдауы қажет. Сондықтан бұл жабынның конструкцияларына көтермелi шарттар қойылады. Жабыннан өтетiн әр түрлi инженерлiк коммуникацияларды бекiту және iлмелi төбелердi құрастыру сияқты қосымша жағдайлар қарастырылады. Бұл жағдайларға құрама жабындар толық жауап бередi.

Құрама жабындар.

Құрама – тұтас жабындар деп, құрама элементтерi орнына орналастырғаннан кейiн, олар конструкцияны тұтастандыру мақсатымен, кейiнгi атқарылатын жұмыстарға қалып ретiнде қолданылады - қосымша арматура салу, бетондар. Құрама бетонмен тұтас бетонның бiрлескен жұмысы жалпы конструкцияның тұрақтылығын, қаттылығын және көтеру қабiлетiн ұлғайтады. Бiрақ ылғалды жұмыстың аумағын көбейтедi және құрылыс мерзiмiн ұзартады.

Тұтас жабын арқалықты –қырлы—және арқалықсыз болып бөлiнедi. Арқалықты жабын бiртұтас жасалған плитадан, қосымша арқалықтан, бас арқалықтан тұрады. Плитаның аралығын iргелес арқалықтардың арқалықтарғы сай қалыңдығы 10 см болғанда, 2 немесе 3 м, ал бас арқалықтың аралығы 6-12 м тең деп қабылдаған жөн.

Ағаш жабындар. Бұл қалқан жабындарды iрiленген қалқан бөлiгiнен

құрастырады. Оларды заут жағдайында жасайды қалқанның ұзындығы

жабылатын аралықа байланысты, ал енi 0,6-3,6 м. Қалқан рамалы-каркас

түрiнде тақтай арқалық байламы бар 40-60 см қалыңдықта қосымша

арқалықтардан, қаптаудан бу және жылу изоляциядан тұратын конструкция

болып құрастырылады.

Арқалықты жабындар.

Ағаш арқалықтарды бiртұтас тақтайдан немесе брустан, тiк бұрышты төртбұрыш қималы ретiнде құрастырады, сонымен қатар құрастырмалы қималар-тавр немесе қос тавр тәрiздi арқалықтар тақтай немесе брустан құрастырылады. Құрама арқалықтар - желiмделген немесе шегеленген—бiртұтас арқалықтарға қарағанда көтеру қабiлетi жоғары, экономикалық жағынан тиiмдi, ағаш шығыны жағынан төмен болады. Сонымен қатар жабынның жалпы салмағы төмендеуге мүмкiндiк туады. Қалқан құрамының үстiнен сазды жағын немесе оралмалы және дыбыс изоляциясы - шлак немесе минералды мақтамен - жасалады.

Технико-экономикалық көрсеткiштерi.

Еденсiз жабынның құны көп қабатты ғимараттардың конструкцияларында екiншi орында, қабырғадан кейiн, 18 пайызға дейiнгi шығынды құрайды. Экономикалық жағынан тиiмдi болып шатырлы жабын және тығыздалған қырлы жабындар есептеледi - массасы, арматурасы, құны, монтаждау ауыртпалығы.

10-дәріс (1сағат)