Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арх.конс.лекц.-каз..doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.1 Кб
Скачать

Ғимараттардың конструктивтiк элементтерi.

Жоспары:

1. Іргетас және оның түрлері.

2. Негіздер туралы жалпы түсінік.

Негiз және iргетас. Iргетас деп ғимараттың жер асы бөлiгiн айтады. Iргетас өзiнiң үстiндегi ғимарат бөлiктерiнен түсетiн жүктеменi негiзге түсiредi.

Негiз деп iргетсатың табанының астындағы топырақты айтамыз. Негiз табиғи және жасанды болып екiге бөлiнедi.

Табиғи негiз деп табиғи жағдайда қалыптасқан тау жыныстары, тас бөлiктерге және топырақтың түр - түрлерiне, сол қалыптасқан жағдайында ғимараттан берiлетiн жүкеменi қабылдайды.

Жасанды негiз деп әр түрлi әдiстi қолданып топырақтың көтеру қабiлетiн келтірген топырақтар жатады. Ол топырақтар табиғи қалаптасу жағдайында ғимараттан түсетiн жүктеменi қабылдауға мүмкiндiгi жоқ болады. Негiзгi жобалау СНиП-тiң талабына сәйкес жүргiзiледi. Iргетас экономикалық тиiмдi, берiк, тұрақты, ұзақ мерзiмге бағытталған, индустрияланаған болуы керек. Материал жағынан iргетас бетоннан, темiр бетоннан, тастан, темiрден, ағаштан т.б. болып бөлiнедi.

Iргетас конструкциялары бойынша ленталы, дiңгектi, бiр тұтас, қиыспалы лента тәрiздi және қадалы, ал кесiндi түрi бойынша төрбұрыш, трапеция немесе сатылы төрбұрыш болып бөлiнедi.

Ленталы iргетас деп әр түрлi пiшiндi, iшкi және сыртқы қабырғаларлардың астында орналасқан ғимараттың жер асты конструкциясын айтады.

Iргетас пен жертөленiң ылғалдық изоляциясы.

Топырақтың сулары, ауа райының ылғалдық шөгiндiлерi топыраққа сiңген қалпында iргетасқа, жертөленiң еденi мен қабырғаларына әсер етедi. Капилярлық күш арқылы материалдар бойымен ылғал жоғарғы деңгейдегi ғимараттардың бөлiктерiне көтерiледi. Конструкцияларды ылғалдықтан сақтау мақсатымен, топырақтағы суды жасанды изоляциясымен қамтамассыз етедi. Iргетасты ауа райының iргесiнде тратуар немесе iргелiк құйма қарастырылады. Олар су өткiзбейтiн материалдардан енi 0,75-1,2м шамасында ғимараттан құлама ретiнде орналастырылады. Жер асты суын жасанды төмендету деп, ғимарат бойымен орналасқан құбырлар жүйесi арқылы жиналған суды төмен деңгейге немесе канализацияға ағызу саналады.

Технико-экономикалық көрсеткiштер ғимараттың жалпы құнынан iргетастың құны 6-15 пайыз құрайды. Iргетастың iрi панельдiк конструкциясы, ленталы iргетастан тиiмдi екенiн құрылыстың құнын салыстырғанда анықталып отыр.

Қадалы iргетастың басқа iргетасқа қарағанда тиiмдiлiгiн айта кетiп, әсiресе жоғарғы росвертктi iргетасты ерекше атаған орынды, себебi бұл жағдайда топырақ жұмыстарын от аз, құрылыс қуатты тиiмдi және қысқа мерзiмде жүргiзiледi.

8-дәріс (1сағат)

Каркастар және қабырғалар.

Жоспары:

1. Каркастар және оның түрлері.

2. Қабырғалар және оның түрлері.

3. Технико-экономикалық көрсеткіштер.

Каркас деп ғимараттың көтергiш қаңқасын айтады. Ол жекелеген тiректер жүйесiнен, арқалықтардан, ригельдерден, жабындардан және байламдардан тұрады. Каркас ғимараттардың кеңiстiк берiктiгiн, тұрақтылыын және қаттылығына, сол ғимараттарға әсер ететiн түстемелер деп туындайтын әр түрлi жағдайларда, қамтамассыз етпеуi. Каркастың схемасын қабылдағанда ғимараттың қабат санын, аралыын, адымын және қабат биiктiгiн ескередi. Каркастар толық және жартылай толық, бойлық және көлденең, қабат және аралық саны бойынша бөлiнедi. Қолданылатын материалдар бойынша темiр бетоннан, темiрден, ағаштан және араластырылған болып бөлiнедi.

Темiр –бетонды каркас бiр қабатты өндiрiстiк ғимараттарда бiр аралық немесе көп аралық рамалалдан құралады. Рама бағаналардан – аша – және ригельдерден –көтергiш жабудың конструкциясы- құрастырылады. Олар арқалықтар фермалар-аркалар және т.т.

Краны бар және краны жоқ ғимараттар. Бiрiншiсi жабынның тiрегi ретiнде қолданылады да оның көлденең қимасының өлшемi 60 см-ге дейiн жетедi. Көпiрлiк краны бар имараттарда аша кранның үстiндегi бөлiгi және кранның астыңғы бөлiгi болып бөлiнедi.

Iргетас арқалықтары тавр, трапеция және тiк бұрышты төртбұрыш пiшiндi болып келедi. Ашалардың арасы 6 және12 м болғанда алдын-ала кернеулеген биiктiгi 60 см арқалықтарды қолданған тиiмдi. Сыртқы қабырғаның астына орналасатын iргетас арқалықтары ашаның сыртқы беткейiнде iргетастың кемерiне не болмаса кесiнiне орналастырылады.

Байлам арқалықтар қабырғалардың биiктiгi өте үлкен болған жағдайда ғимараттың биiктiгi ауытқыған кезде қабырғаның салмағын қабылдау үшiн қарастырылады. Кранның астының арқалықтары көпiрлi кранның рельсiн ұстап тұрады. Монтаждауды жеңiлдету мақсатымен құрама арқалықтарды әдетiнше кесектелген ретiнде қарастырады.

Көп қабатты ғимараттардың темiр-бетонды каркастары.

Темiр –бетонды ригельдi каркастар көбiнесе өте үлкен аралықты және кранды жүктемелер болғанда қолданылады. Каркастың элементтерi сваркамен дәнекерленедi, қиманы есептеу нәтижесiнде тағайындалады. Ағаш каркастар заут жағдайында жасалған құрастырма ғимаарттарын тұрғызғанда аз қабатты құрылыстарда қолданылады. Сонымен қатар ағаш каркас, құрылыс алаңы жағдайында, уақытша, аз қабатты ғимараттарда пайдаланылады.

Таса дiңгектi каркастар негiзiнде аз жүктемелi, кiшi-биiктi өлшемдi ғимараттарда қолданылады.

Ағашты кiрпiштен, табиғи және жасанды тастарды қолданып қалап тұрғызады.

Қабырғалар

Қабыраның материалын тағайындағанда оның конструкциясы, ғимараттың типi мен класы, қабат саны температуралық - ылғалдық режимi, бөлшектердiң орналасуы, жергiлiктi құрылыс материалдардың қоры және технико-экономикалық көрсеткiштерi ескерiледi. Қабырғаның қорғау және көтеру қабiлеттерi СНиП-ке сәйкес есептеледi. Ғимараттарда орналасу орындарына қарап iшкi және сыртқы қабырғалар деп бөледi. Күштiң әсерiне байланысты қабырғалар көтергiш, көтергiш емес, өзiн өзi көтеретін және iлмелi болып бөлiнедi .

Көтергiш қабырғалар сыртқы жүктемелердi өзiнен жоғары орналасқан конструкциялардан қабылдайды да төменгi орналасқан конструкцияларға бередi. Өзiн - өзi көтергiш қабыралар өзiнiң салмағын iргетасқа өз биiктiгi бойынша бередi.

Iлмелi қабырғалар қабат бойынша өз салмақтарын ғимараттардың көтергiш қаңқасына бередi.

Қабырғаның негiзгi элементтерi деп iргенi, қабырға беткейiн, беткей ернеуiн, парапеттi айтады.

Iрге деп iргетаспен қосылатын қабырғаның төменгi бөлiгiн айтады.

Қабырға беткейi деп қабырғаның тұйық бөлiктерiн–аралық қабырғалар – және терезе мен есiктiң ойықтарын айтады.

Беткей ернеуі деп қабырғаның жоғарғы жағында шығып тұратын бөлiгiн айтады. Ернеу шатырдың жалғасы болып есептеледi және жауынның суын қабырғадан ажыратады.

Парапет-шатырды қоршайтын тапал қабырға.