Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Арх.конс.лекц.-каз..doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
367.1 Кб
Скачать

Құрылыс жарық техникасы

Жоспары:

1. Табиғи жарық

2. Жарықты есептеу

Табиғи жарық. Бөлмелердегi жарықтың таралуын және ондағы ойықтардың орналасуын қамтитын есептеу әдiстерi құрылыс жарық техникасында қарастырылады. Табиғи жарық көзi деп тура түсетiн күннiң жарығы мен көкжиектен таралатын сәулелердi айтады.

Жарықты есептеу. Бөлменiң еденнен 1 м биiктiгiндегi жазықтық бойынша көлденең кесiндiдегi нүктелер жүйесiнiң қиылысу арқылы есеп жүргiзiледi.

Жарық климатының тұрақты өзгерiп тұруына байланысты, бөлменiң жарықтығын абсолюттi бiрлiкте емес, люкс, салыстырмалы бiрлiкте табиғи жарықтық коэффициентін енгiзу арқылы анықталады.

L=100 EВ/EН % СНиП 2–А8-62 (табиғи жарықтық)

Мұндағы: EВ- қаралатын нүктедегi жарық

EН- сыртқы жазықтықтағы қарастырылатын нүктеге сай табиғи

жарық.

Нүктелердiң мәндердегi формулалар бойынша СНиП 2-4-79-тен табиғи жарықтық қабылданады.

L=lh+lo+l3

Мұндағы lh- ойық арқылы көрiнетiн, қаралып отырған нүктеге сай

аспаннан таралатын жарық коэффициенті;

lo- бөлменiң iшкi беткейiнен шағылған жарыққа сай

коэффициент;

l3- жерден не болмаса басқа ғимараттардан шағылған жарыққа

сай коэффициент.

Мұндағы қарама- қарсы ғимараттардан шағылған және көкжиектен тараған жарықтың табиғи жарықтың есептiк коэффициенті. Жарықтың әлсiреуiн есепке алмағандағы мағынасы.

о - көтергiш конструкциялармен көлеңкеленген жарық өткiзетiн

ойықтың жалпы жырық өткiзгiштiк коэффициенті;

g - меридиан бойынша аспанның ашықтығының тұрақсыздығын

ескеретiн коэффициент;

r - бөлменiң iшкi беткейiнен шағылған жарықтың коэффициенті.

Шамаланған формулаларды қолданып бөлмелердiң жарық ойықтарын анықтауға болады. Тұрғын, қоғамдық, өндiрiстiк, көмекшi ғимараттарды жобалағанда терезе ойығының сол бөлменiң ауданының қатынас бөлiгi ретiнде қабылдайды.

6-дәріс (1сағат)

Тұрғын ғимараттар

Жоспары:

1. Тұрғын, қоғамдық және әкiмшiлiк ғимараттар.

2. Қоғамдық тамақтандыру ғимараттары.

3. Өндiрiстiк жол көлiк ғимараттары.

Тұрғын үйлер құрылымы типті жобаларды қолданып, сол құрылыс ауданының ауа райына байланысты жүргiзiледi. Тұрғын үйлердiң жобалары СНиП нормативтерiне сәйкес құрастырылады. Жобалау негiзiнде тұрғын үйлердi ыңғайлы, тиiмдi, жоспарланған арнайы қондырғылармен жабдықталған санитарлы-гигиеналық талғамдарға сай, өрке қарсы қойылатын талаптарды орындау принциптерi ескерiледi.

Секциялық тұрғын үйлер жеке секциялардан топталады. Тұрғын секциялары олардың сатының кеңiстiгiнде орналасуын, шоғырлануын, пәтерлер санын, жарық кеңiстiгiнде бағытталуын сол қабат деңейiнде қарастырылып төмендегiдей бөлудi қабылайды:

Бiр секциялық Башня тәрiздi. Тұрғын үйлерде бiр ғана саты кеңiстiгi болады да, ол көп секциялы тұрғын үйлерге қарағанда бiр қабат деңгейiндегі саты кеңiстiгiнде көбiрек пәтерлер шоғырланып, көкжиектiң екi жағына да бағытталады.

Коридор типтi - қонақ үй – тұрғын үйлер бойдақтар мен аз жан –ұялы азаматтарға арналған.

Галерея типтi тұрын үйлердi оңтүстiк аудандарда салады. Бұл үйлерде әр пәтерден шыатын есiк, ашық не болмаса әйнектелген галереяда түйiседi. Галерея ғимаратының бiр жағында әр қабаттың деңгейiнде орналасады.

Усадьба типтi тұрғын үйлер негiзiнен 1-2 қабатты. Оларды әр пәтерден арнайы бөлiнген жер орындары болады. Бұл тип елiмiзде кең өрiс алған.

Жол бойы ғимараттары- жол жұмыскерлерiнiң, жол мастерiнiң және жол бригадирiнiң үйлерi жатады.

Жатақхана- уақытша тұруға арналған арнайы жабдықталған тұрғын үйлер. Онда студенттер, мектеп және колледж оқушылары, бойдақ жұмысшылар мен қызметкерлер т.т тұрады. Локомотив және поезд бригадасының демалыс үйi айналым пунктiнде локомотив және конструктор бригадалары, жол серiктерi дем алу мақсатымен салынады.

Қоғамдық ғимараттар

Көп мөлшерде, темiр жол тұрғын аймақтарында қоғамдық имараттарды салу қолға алынған. Олар мiндеттi түрде типтi жобаларды қолданып салынады. Вокзалдар, мәдениет үйлерi және т.б.

Жолаушыларды отырғызу және шығарып салу мақсатымен барлық станцияларда вокзалдар, павильондар салынады.Типтi жобаларды қолданып 20, 50 және 100 орынды вокзалдар салынады, ал жеке арнайы жобамен 200 және одан артық жолаушыларға арналған вокзалдар салынады. Онда 25/300 жолаушыға арналған кiшi, 300-900 дейiн орта, 900-1500 дейiн үлкен , ал 1500- ден әрi қарай аса үлкен вокзалдар болып есептеледi.

1. Кiшi вокзалдарда жолаушылар бөлмелерi бiр қатарлы бойлық қозғалас

схемасына сәйкес орналастырылады.

2. Орта және үлкен вокзалдарда бөлмелер екi жақты және көлденең

қозғалыс схемасына сәйкес орналастырылады.

Әкiмшiлiк ғимараттары

Депо, дистанцияның конторы, сонымен қатар жол әкiмшiлiк мекемелерi т.б. әкiмшiлiк ғимараттраына жатады.

Балалар мекемелерi- бұлар бала-бақшалар. Бала-бақша бөлмелерiнiң құрамы және ауданы СНиПке сай қабылданады.

Мектеп ғимараттары. Мектеп - интернаттар, жалпы бiлiм еретiн мектептер СНиП-тiң талабына сай жобаланады.

Денсаулық сақтау ғимараттары. Денсаулық сақтау ғимараттары амбулаторлық болуы мүмкiн. Амбулаторлық ғимараттаға амбулаториялар, медпункттер, емханалар, балалар консультациясы, диспансерлер ал тұрақты денсаулық сақтау ғимараттарына санаториялар, ауруханалар, сәбилер туылатын үйлер жатады.

Қоғамдық тамақтандыру ғимараттары.

Негiзгi қоғамдық тамақтандыру ғимараттарына, қоамдық тамақтандыру мекемелерi – дәмхана, шәйхана, кафе, мейрамхана, наубайханалар, тамақтану орындары т.т. жатады. Бөлмелердiң құрамы және аудандары СНиП- тен қабылданады, олар жұмыс орнына, дайындалатын тамақтың түрiнiң сапасына байланысты жадайлармен санасу арқылы жүзеге асырылады..

Қоғамдық имараттарды жұптау. Пайдалану ауданына байланысты қоғамдық ғимараттарды жұптап, белгiлi бiр орында шоғырлау экономика жағынан тиiмдi деп есептелінедi. Бұл шоғырланған ғимаратта қоғамдық және қызметтiк көмек көрсету ақтығы қызмет көрсету орталығы деп есептеледi.

Дүкендер жұпталған ғимараттарда қосымша құрылым ретiнде не болмаса жеке бiр немесе көп қабатты – универмагтар ғимараттарда орналастырады.

Дүкеннiң қүрамына сауда залы, тұтынушыларға қызмет көрсететiн бөлмелер және тауарларды қабылдайтын, сақтайтын және сатуға дайындайтын бөлмелер, әкiмшiлiк және қосымша қызмет көрсететiн бөлмелер жатады. Дүкеннiң бөлмелерiнiң құрамы мен аудандары СНиП-ке сәйкес қабылданады.

Мәдениет- аарту мекемелерi темiр жол пунттерiнде көгалдандарылған жер аумағында шоғырланады. Олардың құрамына кинотеатрлар, клубтар және мәдениет үйлерi жатады.

Өндiрiстiк темiр жол көлiк ғимараттары

Локомотив шаруашылығының ғимараттары. Барлық локомотив түрлерiне және электрленген секцияларға қызмет көрсету, жеңiл жөндеу мақсатымен локомотив шаруашылығының ғимараттарын салады. Оларға тепловозды, электровоздарды және оларды реттейтiн құрылымдар жатады.

Бөлмелердiң құрамы мен жеке ауданын, деполарды техникалық жобалау нормативiне сәйкес, сонымен қатар жөндеу жұмысының түрлерi мен көлiмiне байланысты тағайындайды.

Вагон шаруашаылығының ғимараттары. Жұпталған вагон шаруашылығының ғимаратарына жүк және жолаушылыр вагондарын жөндейтiн депо ВРД, техникалық және коммерциялық бақылау пункттерi ПТО, компрессор станциялары, автотежегiштiң бајылау пункттерi АКТ, жолаушылар вогондарын реттейтiн станциялар т.т. жатады.

Энергиямен қамтамассыз ету ғимараттары. Электрленген темiр жол торабында тұрақты және тұрақсыз электр тогының күш поустанциялары, электрленген торабтың кезекшi пунктiнiң дистанциясы т. т. жатады.

Сумен қамтамыссыз ету ғимараттары. Темiр жол шаруашылығын сумен қамтамассыз ету мақсатымен, насостық станциялар, суды тазалайтын және ауа қысым туғызатын башнялар салуды қарыстырады.

Жүк шаруашылығының ғимараттары. Жүктердiң түрiне және сақтау жағдайына байланысты салынатын қоймалар жабық, ашық және жартылай жабық болып бөлiнедi. Жабық қоймалар көп қабатты болуы мүмкiн.

СЦБ және байланыс ғимараттары. Жұпталған СЦБ-ге қызмет көрсету ғимараттарына энергетикалық орталықтандырылған посттар, релей будкалары, бақылау пункттерi, СЦБ-нiң дистанциялық шеберханалары, байланыс шеберханалары мен байланыс үйлерi жатады.

Жол шаруашылығын және құрылысқа қызмет көрсететiн өндiрiстiк ғимараттар.

Жол шаруашылығына қызмт көрсететiн ғимараттарға шпалдарды ертiндi мен қорыту зауыттары, рельстi дәнекерлейтiн зауттар, темiр-бетон шпалдарының зауттары, ұсақ және қиыршық тастар шығаратын зауттар жатады.

Өндiрiстiк қызмет көрсететiн ғимараттарға жүк шаруашылығы және құрылысқа қызмет көрсететiн гараждар, арнайы автодрезинаға арналған гараждар, өрт сөндiру машиналарына арналған сонымен қатар, аралас орналасқан тұрақтар мен гараждар жатады. Гараждар жер асты, жер үстi жеке бiр немесе көп қабатты болады.

7-дәріс (1сағат)