
- •Дәрістер
- •Ғимараттардың сәулеттік-құрылыс жобасының негіздері
- •Құрылыс жарық техникасы
- •Тұрғын ғимараттар
- •Ғимараттардың конструктивтiк элементтерi.
- •Каркастар және қабырғалар.
- •Iрi блокты қабыралар
- •Жабындар
- •Шатыр және жабу
- •Терезелер. Есiктер және қақпалар.
- •Ғимараттарды техникалық пайдалану.
- •Қала құрылысы. Елді мекен классификациясы
Дәрістер
1-дәріс (1сағат)
Ғимараттардың сәулеттік-құрылыс жобасының негіздері
Жоспары:
1. Ғимараттардың түрлері
2. Ғимараттарға қойылатын талаптар
Темiр жол ғимаратының өзiнiң арналуына байланысты азаматтық (тұрғын және қоғамдық) және өндiрiстiк болып бөлiнедi. Тұрғын ғимараттарға пәтерлi және жеке үйлер, қонақ үй, поезд бригадасының дем алатын үйлерi, жатақханалар, интернатар, өндiрiстiк және күзетiлетiн құрылыстарға қызмет көрсететiн үйлер болып бөлiнедi.
Қоғамдық ғимараттар жолаушыларға қызмет көрсету вокзалдары, жолаушылар повильоны т.т. әкiмшiлiк мұқтаждарға әр түрлi ұжымардың конторалары т.т., темiр жолшылар және олардың жан ұясына қызмет көрсетуге балалар мекемелерi, оқу, санитарлы емдеу орындары, қоғамдық тамақтандыру ғимараттары, сауда, мәдениет дамыту, коммуналдық, шаруашылық және басқалар ғимараттар арналған.
Өндiрiстiк ғимараттар темiр жолды техникалық пайдалануға құрылысқа қызмет көрсетуге арналған. Өзiнiң арнауына байланысты олар
негiзгi өндiрiстiк
көмекшiлiк
энергетикалық
көлiк және қойма ғимараттары болып бөлiнедi.
Негiзгi топтар болып локомотив, вагон және энергетика шаруашылығы ғимараттары, байланыс шаруашылығы және СЦБ, жол және станция шаруашылығы, көлiк және құрылыс өндiрiс қызмет көрсету ғимараттары жатады.
Құрылыс нормасы мен ережелерiне арналған, тиiмдiлiгiне және басқа да белгiлерiне байланысты ғимараттар кластарға бөлiнедi. Пайдалану сапасына және капиталдық дәрежесiне қарап ғимараттарды төрт класқа бөлуге болады. Көтерiңкi талапқа жауап беретiн бiрiншi класс, ал минималдық талапқа жауап бере алатын ғимараттар төртiншi класқа жатады.
Қабырғасының материалына байланысты ғимараттар тас, ағаш, аралас болып бөлiнедi.
Жобалау барысында осы айтылған талаптар жан-жақты күрделi түрде құралып, шешiмiн табады.
Ғимараттарға қойылатын талаптар:
Кез келген ғимараттар өзiнiң арналуына лайық және құрылыс нормасы мен ережесiне (СНиП) талабына сай болуы керек.
1. Пайдалану талабы бөлмелердiң тиiмдi жоспарлануы, ғимараттағы
өткiзiлетiн технологиялық және функционалдық процестерге
жарамдылығы, қауiпсiздiк техниканың сақталуын, адамдардың
жұмысы мен тұрмыстың жағымдылығының ойдағыдай болуын
қамтамассыз етудi көздейдi.
2. Конструктивтiк талап ғимараттың конструктивтiк схемалары мен
элементтерiн дұрыс және тиiмдi таңдау, құрылыс материлдарын және
бұйымдарын дұрыс тағайындау болып есептеледi. Ғимараттардағы
қондырғылардың конструкциясы мен элементтерi индустриалды және
құрамалы сонымен қатар қажеттi отқа төзiмдiлiк дәрежерлi, ұзақ
мерзiмдi ғимараттардың пайдалану уақытына сәйкес болуы қажет.
Санитарлы-гигиеналық талап бөлмелерде арнайы санитарлы-гигиеналық тәртiп-шағын климат қажеттi жылылық, ылғалдық, ауаның құрамы және қозғалыс жылдамдығы және дыбыс санасы жеткiлiктi болғанын, сонымен ғимаратта арнайы санитарлы-техникалық қондырғылар орналастыруды қарастырады.
Өртке қарсы талап ғимараттарда өрттi болдырмау, болған жағдайда
оны шектеу, адамды қауiпсiз және жылдам ғимараттардан алып шығуға
бағытталған шаралар.
Экономикалық талап ғимараттарды тұрғызуға, сонымен қатар оны пайдаланғанда, жөндегенде керектi қаржы мен материалдың шығынын мүмкiндiгiнше сол ғимаратты пайдалану уақытынанда болуын қарастырады.
Сәулеттiк талап ғимараттың iшкi және сыртқы пiшiнiне өзiнiң арнауына, қоршаған құрылымдар жағдайларына, қолданылған материалдар мен конструкцияларға, ұлттық тұрмыс жағдайына және ауа райына сәйкестiгiн қарастырады.
2-дәріс (1сағат)
Ғимараттың конструктивтiк және көлемдiк жоспарлау шешiмi.
Жоспары:
1. Ғимараттардың негiзгi көлемдiк жоспарлау өлшемдерi
2. Каркасты және каркассыз ғимараттар
3. Технико-экоомикалық көрсеткіштер
Ғимараттардың негiзгi көлемдiк жоспарлау өлшемдерi болып аралық, қадам және қабаттың биiктiгi саналады.
Аралық деп ғимараттардың бойлық көтергiш тiрiктерiнiң қабырға немесе аша бөлгiш осьтегi ара қашықтығын айтады.
Қабат биіктігі деп көлденең iргелес қабаттағы таза едендердiң деңгейiнiң ара қашықтығын айтады.
Секция бiрнеше жеке пәтерлерден немесе бөлмелердің топтарынан құралады.
Секция блогы технологиялық немесе функционалдық өзара байланысты секция қатарларынан тұрады.
Коридорлық жүйе деп коридор бойымен бiр жақты не болмаса екi жақты бөлмелерi орналасқан ғимараттарды айтамыз. Жатақханалар, қонақ үйлер, оқу орындары, әкiмшiлiк ғимараттары т.т.
Тiкесжай жүйесi барлық бөлмелердiң iргелес орналасуына байланысты және олардың аралығында коридордың көмегiнсiз қатынасу мүмкiндiгiнiң барлығымен өзгешеленедi. Моншалар, музейлер, универмагтар т.т.
Араласқан жүйе деп бiр ғимаратта әр түрлi функционалдық процесi өз- ара байланысты бiрнеше жоспарлау жүйесi қолдануын айтады. Клубтар, мәдениет үйлерi.
Секцияны блоктау тұрғын үйлерде және өндiрiстiк ғимараттарда қолданылады. Ғимараттардың конструктивтiк схемасын қабылдау оның орналуына, қабаттар санына, әсер ететiн жүктеме т.т., сонымен қатар техникалық және экономикалық тиiмдiлiгiне және өндiрiс базасының жеткiлiктiгiне байланысты болады. Ғимараттардың констркутивтiк схемасын қабылдағанда оның сыйымдылығын, еңбек шығынын және бағасын азайтып, ғимараттардың ықшамданған элементтерiнiң дәрежесiн арттыруға тырысу керек.
Каркассыз ғимараттар. Қабырға материалдарының көтеру қабiлетi және жылулық техникалық қасиеттерi жеткiлiктi болса, ғимараттарды көтергiш бойлық қабырғаны схема бойынша жоспарлау тиiмдi болып саналады.
Каркасты ғимараттар. Iшкi каркаста ригель бойлық немесе көлденең орналасады, сонымен қатар ригельсiз болуы да мүмкiн. Толық каркасты ғимараттарда. Каркас рамасының көтергiш элементтерi бiр аралық немесе көп аралық, бойлық немесе көлденең болуы мүмкiн.
Технико-экономикалық көрсеткiштер
Ғимараттардың варианттары олардың технико-экономикалық көрсеткiштерiмен сұрыпталады
1. Тұрғын аудан - тұрғын бөлмелердiң аудандарының қосындысы, бұл ауданға сол бөлмеде орналасқан гордероб, есiгi тұрғын бөлмеге ашылса шкафтар жатады.
2. Жұмыс аудан - ғимараттың негiзгi бөлмелерiнiң аудандарының қосындысы. Мектептегi сынып бөлмелерi, ауруханалардағы жататын бөлмелер, емдеу ұжымдарының бөлмелерi, өндiрiстiк, мекемелiк т.б.
3. Көмекшi аудан - шаруашылық пен санитарлық мұқтаждық бөлмелерi, вестибюль, коридордың аудандарының қосындысы.
4. Пайдалы аудан – тұрғын, жұмыс және көмекшi аудандардың қосындысы.
5. Құрылысты салу ауданы - бiрiншi қабаттың деңгейi бойынша қабырғаның сыртқы өлшемi бойынша есептелген ауданы.
6. Ғимараттың құрылыс көлемi. Азаматық ғимараттарда құрылыс салу ауданы мен оның биiктiгiне көбейтiндiсi, ал өндiрiстiк ғимараттарда оның көлденең кесiндiсiнiң ауданының ұзындығына көбейтiндiсi.
7. Құрылыс құны. Ғимараттың сметалық құнына тең деп есептелінедi.
Азаматтық ғимараттарда есептеленетiн өлшемдер, оның ауданы, құрылыс көлемi және сметалық құны сонымен қатар пайдалану көрсеткiштерi, пәтер (бөлмелер) саны, жатақханалардағы (қонақ үйдегі) орынның саны, вокзалдағы жолаушылар саны және басқа да есептiк бiрлiк қуаттылықтары болады.
Ғимараттардың экономикалық тиiмдiлiгi оның көлемдiк жоспарлау шешiмiнiң және құнының көтергiштерiмен анықталады.
А. Тұрғын жұмыс ауданының пайдалы ауданға қатынасы. К1
Б. 1м2 тұрғын жұмыс ауданына келетiн құрылыс көлемi К2, сонымен қатар бiр пәтерге (бөлмеге) орташа қаралып отырған тұрғын үй бойынша, бiр орынға, бiр жолаушыға т.т.
Өндiрiстiк ғимараттарда жұмыс өндiрiстiк аудандар, көмекшi мекемелер және қызмет көрсету бөлмелерi, құрылыс салу ауданы, ғимараттардың құны және құрылыс көлемi, пайдалану өлшемдерi, өнiмнiң сан мөлшерi және басқа да өндiрiстiң бiрлiк қуаттылығы есептеледi.
Экономикалық көрсеткiштер
А. Мекеме мен қызмет көрсету бөлмелерiнiң ауданының өндiрiстiк ауданға қатынасы
Б. 1м2 өндiрiс ауданының құны, бiрлiк өнiмнiң құны не болмаса өндiрiстiң бiрлiк қуаттылығының құны.
3-дәріс (1сағат)
Ғимараттарды ықшамдау және типтеу.
Жоспары:
1. Ғимараттарды ықшамдау
2. Ғимараттарды типтеу
Ғимараттарды жобалағанда негiзгi шешiм оларды типтеу және ықшамдау болып саналады. Типтеудiң негiзгi талабы болып, қолданылып жүрген және жаңадан құрастырылатын жобалардың техникалы және экономикалық жағынан ең тиiмдi, көлемдiк жоспарлау шешiмдерi ыңғайлы, бөлшектерi мен түйiндерi сапалы ғимараттар жобаларын таңдап алып, оны типтi деп санап бiркелкi жалпылай құрылысқа ұсыну.
Типтелген жобалар құрылыс ауданының өзгешелiгiн, жергiлiктi жағдайлардың ерекшелiгiн, ұлттық ерекшелiгiн, ауа райының жағдайларын ескере отырып ықшамдалған ғимараттардың жобаларының аумақты сериясы құрастырылады.
Ықшамдаудың негiзгi шаралары болып, ғимараттарда қолданылатын элементердің саны мен әр түрлі өлшемдерін қолдан келгенше азайтып, ондағы қолданылатын бөлшектер мен түйiндердiң әр түрлi ғимараттарда қайталануын ескеру болып табылады. Ғимараттардың көлемдiк жоспарларын және конструктивтiк элементтерiн, бөлшек пен түйiндерiн сонымен қатар өлшемдерiн өзара келiстiру құрылыстың бiртектi модульдiк жүйеге БМЖ және СНиПке сай жүргiзiледi.
4-дәріс (1сағат)
Құрылыс физикасы.
Жоспары:
1. Құрылыс жылу техникасы
2. Құрылыс акустикасы
Сыртқы қабырғадан, жабыннан, жабудан және басқа да ғимараттардың қорғауларынан жылу, ауа, ылғал және дыбыс, ал терезе және фонарь арқылы табиғи жарық өтедi. Осы айтылған шараларды зерттеумен құрылыс физикасы шұғылданады. Құрылыс физикасы ғылым ретiнде үш бөлiмнен тұрады.
Құрылыс жылу техникасы, құрылыс акустикасы, жарық техникасы.
Құрылыс жылу техникасы ғимаарттардың қорғау конструкцияларының жылулық және ылғалдық режимiн зерттеумен шұғылданады. Сыртқы қабырғаның, жабудың және басқа да қорғау конструкцияларының пайдалану сапасы қабылданған материалдар мен конструкцияларға және iшкi ауданның сонымен қатар сыртқы және iшкi ауаның температуралық - ылғалдық режимiне байланысты болады.
Жылу бергiштiк қабырғаның әр беткейiндегi температураның әр түрлi болу әсерiнен туындайды. Уақыт өлшемiнде тұрақты жылу желiсi, қалыңдығы , жылу өткiзгiш коэффицентi болатын (сурет) бiртектi қабырғадан өткенде, температураның өзгеру графигi оның үш түрлi құламасын (түсу сатысы) нұсқайды: ішкi ауамен қабырғаның жоғарғы беткейiнің арасы tb>b, қабырғаның жоғарғы iшкi және сыртқы беткейi арасы b >н, сыртқы қабырғаның жоғарғы беткейi мен ауа арасы н>tн.
Температуралардың түсу сатысы жылу қозғаласының кедергiсiне байланысты үш түрге бөлiнедi: iшкі беткейдегi жылу қабылдау кедергiсi-RВ,термикалық кедергi - R, және қабырғаның сыртқы беткейiндегi жылу бергiштiк кедергi- RН.
Жалпы қабырғаның жылу бергiштiк кедергiсi:
RО = RВ + R + RН
Мұндағы RВ - iшкi беткейдiң термикалық кедергiсi;
R- қабырғаның термикалық кедергiсi;
RН- сыртқы беткейдегi термикалық кедергi.
RВ және RН мағыналары әр түрлi қорғау конструкцияларына құрылыс жылу техникасының нормасы бойынша анықталады
R
=
м2град
/вт (м4град/ккал)
Көп қабатты қорғау конструкциясының жылу бергіштік кедергісі жалпы түрде төмендегі формуламен анықталады
RО = RВ + ∑R + RВ.П + RН
Мұндағы R –материалдың барлық қабатының термикалық кедергiлерiнiң
қосындысы;
Rв.п – қоршалған ауа қабатының термикалық кедергiлерiнiң
қосындысы (норматив бойынша).
Қорғаудың iшкi беткейiнiң температурасы b 1м2 қорғаудан 1 сағатта өтетiн жылу желiсiнiң тепе-теңдiк шартымен, сондай - ақ осы шарт бойынша қабылданған қорғаудың ішкі жоғарғы беткейіндегі жылу көлемінің көмегімен анықталады:
b
=
tb
-
Мұнда tН- сыртқы ауа температурасы;
tВ – iшкi ауа температурсы;
RO- жылу бергiштiк кедергi;
RB- iшкi беткейдiң термикалық кедергiсі.
Қорғаудың жылу инерциясының қасиетi Д төменгi формуламен анықталады:
Д = RS = R1S1 + R2S2 + R3S3 +…. + RnSn ;
Мұндағы R- қабаттың термикалық ;кедергiсi;
S- қабат материалының жылу меңгеру коэффициенті.
24
сағаттық
периодтта S=0.51
т/м2
град(ккал/м4град)
Мұндағы с- материалдың меншiктi жылу сыйымдылығы
кдж/кг/град(ккал/кг/град);
γ-материалдың көлемдiк массасы кг/м3;
-жылу өткiзгiштiк коэффициент.
Қысқа мерзiмдi қорғаудың жылу қорғағыштығы төменгi шарт бойынша есептеледi.
Ro ≥ Ro,mp
Мұндағы Ro-(1) және (3) формулаларымен анықталады
Ro,mp - қорғаудың қажеттi нормативтiк жылу бергiштiк
кедергiсi м2град/вт (м4 град/ккал)
Ro,mp
=
Мұндағы △t= tВ-В
-коэф =0,4 ÷ 1
b - коэффициент b = 1÷1,2 сыртқы қорғаудың жылу
изоляциясының сапасын ескеру.
Бөлмелердiң жылуға тұрақтылығы деп жылу желiсi ауытқығанда бөлмеде салыстырмалы температураның тұрақтылығын сақтау қабiлетiн айтады.
Ауа өткiзгiштiк деп қорғаудың беткейлерiнiң қысымы ондағы температуралардың әр түрлi болу әсерiнен болған құбылысты айтады. Қорғаудың ылғалдық режимi атмосфераның ылғал шөгiндерiнен, ауадағы конденсациялық және гигроскопиялық ылғалдан, пайдалану ылғалынан тәуелдi болады.
Құрылыс акустикасы. Жабын бөлмелердегi дыбыстың таралуын және сiңiрiлуiн, сонымен қатар ғимараттардағы дыбыс изоляциясын тексерумен шұғылданады. Ғимараттың дыбыс ицоляциясы, конструкциялардан өтетiн дыбыс күшiн әлсiрету мақсатымен оларды есептеу және құрастыру болып саналады. Азаматтық ғимараттарда шулармен күресу бөлмедегi пайда болатын дыбыстарды қорғаулармен сiңiрiп, сырттан келетiн дыбыстардың күшiн сол қорғаудың материалдарының түрiн қабылдау арқылы қажеттi дыбыс изоцясының дәрежесiне дейiн жеткiзу қарастырылады.
5-дәріс (1сағат)