Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курсовой Сәулет.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
249.54 Кб
Скачать

Баспалдақ. Азаматтық ғимараттар баспалдақтарын жобалау

Баспалдақтардың ғимарат жоспарында орналасуы олардың саны мен өлшемдері ғимараттың түріне, көлеміне байланысты қабылданады. Баспалдақтар қабат аралық байланыс және адамдарды ғимараттан эвакуациялау (тасымалдау) үшін қолданылады. Қажеттілігіне байланысты баспалдақтар-мықтылық, ұзақ жыл пайдалану, адамдар қозғалысы және қауіпсіздік талаптарына сәйкес болуы қажет.

Баспалдақ есебі

Кесте 15

Баспалдақ торларының өлшемдері, см

Қабат биіктігі, Нқ,см

Басқыш өлшемдері, см

А

В

Һ

b

1

280

640

300

15

30

15 кестеде бөлу остерінің арасындагы А және В қашықтықгары, қабат биіктігі Нк және басқыштар өлшемдері: һ-басқыш астьның биіктігі және b-басқыш бетінің ені. Баспалдақ торларын бөлу мысалын қарастырамыз. Мұнда баспалдақ торларының остері арасындағы арақашықтықгар А=280см, В=640см, қабат биіктігі Нк=330см, басқыштар өлшемдері: басқыш астыньң биіктігі һ=15см, басқыш бетінің ені b=30см. Сыртқы қабырға қалыңдығы 51 ал, ішкі 38см. Бұл жағдайда қабырғалардың ішкі контурларының арасындағы баспалдақ торының өлшемдері мынадай болады: ені А1=А-2х20=250-40=210см, ұзындыгы В1=В-20-19=640-39=601 см. Баспалдақ адымдарындағы басқыштар санын анықтаймыз. Бір қабатта екі баспалдақ адымы орналасады. Егер адым өлшемдері бірдей болып қабылданса, онда бір баспалдақ адымының биіктігі мынадай болады: = 150см. Бір адымдағы басқыштар санын келесі түрде анықгайды: n =150:һ= 150:15=10 басқыш. Төменгі, цокольды адым биіктігін 75см қабылдаймыз, ғимаратқа кіре берістің үстінде орналасқан баспалдақ алаңшасының астындағы өткін биіктігі 210см - ден кем болмауы тиіс. Цокольды адымның басқыштар саны: басқыш. Әрі қарай негізгі және цокольды адымның горизонталь проекциясыныңұзындығын анықтаймыз. Негізгі адымның ұзындығы:

1=( n-1)30=9х30=270 см; цокольды адьшның: n1=( n1-1)30=4х30=120см.

Жоспарда (горизонталь проекциясында) кесінді басқыштарынан әр адымдағы бір басқышқа кем, себебі бір басқыш баспалдақ алаңшасының деңгейінде орналасады. Адым ұзындығы белгілі болған соң, баспалдақ алаңшасының енін анықтауға болады. Егер қабатарапық және қабаттық баспалдақ алаңшаларының енін бірдей етіп алса, онда алаңшаның бастапқы ені тең болады (алаңша мен қабырға арасындағы қуыс 1 см тең). Баспалдақ адымының ені адымдар арасындағы 10 см есебінен баспалдақ алаңшасы енінің жартысына тең болады. Бұл жағдайда адым ені тең болады. Анықталған өлшемдерді сондай - ақ 15 кестедегі «пандустар және баспалдақтардың шартты графикалық белгіленулерін» пайдалана отырып баспалдақ торының кесіндісімен 1 және 2 қабаттар деңгейінде жоспарларын сызуға болады. Баспалдақ басқыштарын тор бойынша сызған ыңғайлы, ол үшін бір адымның , тең биіктігін басқыштар саны бойынша 10 бөлікке, ал горизонталь проекциясының ұзындығын 9 бөлікке бөлу қажет. Кесіндіге енген адымдарды қалыңдығы S сызыгымен, кесіндіге енбеген адымдарды сонымен қатар қиюшы жазықтық сыртында орналасқан контурларды S/3 сызығымен орындау қажет. Жоспарларда баспалдақгың көтерілу бағыты стрелкамен көрсетіледі.