
- •Қасбет. Азаматтық ғимараттарда қасбетті жобалау
- •Жоспар. Азаматтық ғимарттарда жоспарларды жобалау
- •Кесінді. Азаматтық ғимараттарда кесіндіні жобалау
- •Баспалдақ. Азаматтық ғимараттар баспалдақтарын жобалау
- •Баспалдақ есебі
- •Іргетас жоспары. Азаматтық ғимараттарда іргетастар жоспарларын жобалау
- •Шатыр жоспары
- •Сыртқы қабырғаның жылутехникалық есебі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Кесінді. Азаматтық ғимараттарда кесіндіні жобалау
Кесінділер жоспарлармен бірге бөлмелердің композициялық байланысын көрсетіп, ішкі кеңістігін шешеді. Кесінділердің конструктивті схемасымен бірге биіктік өлшемдері белгіленген. Ғимараттардың кесінділерін орындау кезінде, кесіндінің вертикаль жазықтығының орналасуы, есік және терезе ойықтары, кіреберіс, балкон, баспалдақ торлары бойынша қабылданған. Көлденең кесіндінің жазықтығын ғимараттың ортасына қарай орналастырылған: шатыр коньегі бойынша кесіліп, шартты түрде белгіленген.
Кесінді сызбасында мыналар белгіленеді:
- Ғимараттың координациялық осьтері мен олардың арасындағы қашықтық, деформациялық жіктердің жанындағы осьтері;
- Қабаттар мен алаңшалардың таза еденінің белгілері;
- Жер деңгейі мен іргетастардың орналасу тереңдігінің белглері;
- Қабырғалар, карниздер төбесінің белгілері;
- Қабырғалар мен аралық қабырғалардағы ойықтардың өлшемдері;
- Қабырғалардың қалыңдығы мен олардың осьтерге байланысы;
- Ғимарат элементтерінің маркілері, түйіндерге сілтемелер;
- Еден және жабын құрамы.
Бірінші қабаттың таза еденінің белгісін нольдік деп қабылдайды (0.000). Кесінді контурының ішінде барлық қабаттар едендерінің белгілерін көрсетеді.
Кесінділерді сызу кезінде мынадай реттіліктерді сақтау қажет:
1. Координациялық осьтерді жүргізіп, оларды белгілеу;
2. Нольдік белгінің деңгейін, жердің деңгейін және ось аралық өлшемдерін қою;
3. Қабат аралықтарын биіктік белгілермен белгілеп,шатыр қимасының схемалық бейнесін орнату;
4. Ғимараттың капиталды қабырғаларын терезе және есік ойықтарын белгілеу;
5. Барлық өлшемдерді белгілеу, қабырғаларды қабат аралықтарымен біріктіріп сызу және баспалдақ торларын құру.
Кесінді бойынша конструкция элементтері
Кесте 14
Р/с |
Конструкция элементтерінің атаулары |
Биіктігі |
1 |
Сыртқы қабырға іргетасының тереңдік деңгейі |
-1.500 |
2 |
Ішкі қабырға іргетасының тереңдік деңгейі |
-1.500 |
3 |
Үй астында үстіндегі жабын қалыңдығы |
300 |
4 |
Ірге табанының (отмостка) деңгейі |
-0.310 |
5 |
Таза еден деңгейі |
0.000 |
6 |
Бірінші қабат терезе алды тақтайшасының деңгейі |
0.650 |
7 |
Бірінші қабат терезе маңдайшасының деңгейі |
1,810 |
8 |
Бірінші қабат төбе қарсысының деңгейі |
2,500 |
9 |
Қабат аралық жабын қалыңдығы |
300 |
10 |
Екінші қабат таза еденінің деңгейі |
2.800 |
11 |
Екінші қабат терезе алды тақтайшасының деңгейі |
3.450 |
12 |
Екінші қабат терезе маңдайшасының деңгейі |
4.510 |
13 |
Екінші қабат төбе қарсысының деңгейі |
5.300 |
14 |
Жабын қалыңдығы |
300 |
15 |
Бас карниз деңгейі |
5.600 |
16 |
Шатыр коньегінің деңгейі |
8.380 |
17 |
Түтін мұржасы, желдеткіш шахтасы |
8.900 |
18 |
Шатыр құламасының саны |
4 |
Еден құрамы: Тұрғын бөлмелердегі ағаш едені шпунтталған тақтайлар, 1 қабат пергамин, лага 60х40 әрбір 500мм сайын, дыбыс оқшаулау аралық төсем, темірбетон тақтасы, б=220мм; Жуынатын және әжетхана бөлмелеріндегі керамикалық плитка едені-керамикалық плитка, цемент қоспасы, темірбетон тақтасы, 220мм.
Жабын құрамы: Қиыршық тасты жылытқыш битум майы, 4 қабатты қарағаз жайылымы, цементті құм ерітінді 20мм, керамзитті майда тас 220мм, 2 қабатты қарақағаз, темірбетон тақтасы 220мм.