
- •Қасбет. Азаматтық ғимараттарда қасбетті жобалау
- •Жоспар. Азаматтық ғимарттарда жоспарларды жобалау
- •Кесінді. Азаматтық ғимараттарда кесіндіні жобалау
- •Баспалдақ. Азаматтық ғимараттар баспалдақтарын жобалау
- •Баспалдақ есебі
- •Іргетас жоспары. Азаматтық ғимараттарда іргетастар жоспарларын жобалау
- •Шатыр жоспары
- •Сыртқы қабырғаның жылутехникалық есебі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазақстан түрлі-түсті табиғи және жасанды құрылыс материалдарына бай. Республикада жоғарғы сапалы сәулетті материалдарды өндіру индустриясы дамып келеді, жергілікті материалдарды шығару ұлғаюда, жұмыс істеп тұрған мекемелерді қайта жабдықтау мен техникалық қаруландыру іске асуда, энергияны үнемдеу технологиясымен қатар өндірістік қалдықтар негізінде композициялық материалдар мен бұйымдарды шығаратын өндіріс орындары іске қосылуда, өндірістік технологиямен соңғы дайын бұйымға қойылатын экономикалық талаптар өсуде, осының барлығы бұйымдар мен материалдардың сапасын дүниежүзілік стандартқа жақындата түседі.
Қазіргі таңда жоғарғы ғылыми-техникалық прогресс пен жаңа технология ғасыры деп аталып тұрған кезде құрылыс индустриясына шетелдік инвестиция тартылып, республикада мемлекеттік қана емес, сонымен қатар дүниежүзілік стандартты қанағаттандыратын жаңа құрылыс материалдарын ойластыру керек. Осындай құрылыс материалдары құрылып жатқан ғимараттардың сәулеттік бейнелері мен түрлерін жақсартады және құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда ғимараттардың сәулеттік пішіндерін өңдеуде жеңіл және жеңілденген конструкциялар жиі пайдаланылуда. Олар жеткілікті механикалық және физикалық қасиеттерге ие. Мысалы, ауыр бетонды конструкцияны жеңіл бетонға ауыстырғанда ғимараттың массасы түгелдей 5 есе азаяды, сонымен қатар материалдың шығыны азаяды, мұның өзі экономикалық тиімділікке әкеліп соқтырады. Демек, біз осындай материалдар мен олардың негізінде алынған конструкциялардың беріктігі мен тұрақтылығын жақсарту және материалдар шығынын төмендету мен экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеуіміз қажет. Ол үшін бұл жұмысқа жаңа жоғарғы тиімді құрылыс материалдарын ойластыру мен өндіру негізінде сәулетшілердің қатысуы қажет-ақ. Олардың міндеті материалдардың әсемдік, дизайндық көрсеткіштері мен конструкциялардың түрлерін анықтау мен бағалау болып табылады. Сәулетшілер мен материалтанушылардың басты міндеті-аймақтық және ұлттық әдет-ғұрыпты ескеретін қалалар мен тұрғын жерлердің сәулеттік жарасымдылығын шешу және біртума жобаларды орындау. Тарихтың сабақтары тек өткен жолдарды ғана емес, сонымен қатар алға жылжуды, сәулет пен құрылыстағы сенімді нысаналарды бағалау үшін маңызды. Сәулеттің және оған сәйкес құрылыс материалдарының дамуы, қазіргі Қазақстан аймағында мыңдаған жылдар бұрын басталды.
Ұлттық және дүниежүзілік сәулет өнерінің дамуы, құрылыс материалдарының жаңа түрлерін өндіруді жетілдірді және оның өзіне тән ерекшеліктерін анықтады, сонымен қатар еліміздің сәулетті материалтану жағдайының болашағын айқындауға әсерін тигізді. Осыған орай Қазақстанның тұрғын үй мен монументтік өнері арасында сабақтастықтың дамуы жолдарын аңғару, республика сәулетін түгелдей тарихтың негізгі
шындықтары арқылы ұғыну, қазіргі сәулет ғылымына көп танымал емес ғимараттар мен құрылыстарды қосымша енгізу, өлкелік сәулеттің өзгешелігі мен өзіне тән көрсеткіштерін анықтау өте маңызды мәселе болып саналады. Салынып және жаңғыртылып жатқан құрылыс жобалары мен техниканың ең жаңа жетістіктері негізінде тұрғызылуы қажет, ал өндірістік кәсіпорындар пайдалануға берілгенге дейін салынатын тұрғын үй, қоғамдық және басқа да үймереттер мен ғимараттар техникалық жағынан озық және қазіргі заман талаптарына сай болуы керек. Барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары сапалы әрі қысқа мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Құрылыс салуды жеделдету, құрылыс-құрастыру жұмыстарының өзіндік құнын арзандату және құрылысшылардың еңбек өнімділігін арттыру үймереттер мен ғимараттардың түрлеріне және олардың ең қолайлы деген құралымдық шешімін табуына тікелей байланысты. Жобаларда тиімді, типті үйлестірілген, құрамалы ірі көлемді құралымдарды барынша көп пайдалану ғылыми-техникалық прогрестің негізгі бағытын құрылысқа тезірек енгізуге мүмкіндік береді. Бұл бағытқа жүйелі индустрияландыру, құрылыс өндірісін дайын құрылыс құралымдары мен бөлшектерінен және зауытта жасалған технологиялық тораптар мен инженерлік жабдықтардан үймереттер мен ғимараттарды құрастыру жұмыстарын кешенді механикаландырылған үздіксіз процеске айналдыру жинақталады.
Құрылыста одан әрі индустрияландырудың негізгі бағыттары дайындалатын құрылыс құрылымдары мен бөлшектердің дәлдігін арттыру; оларды мүмкіндігінше бірден пайдалана алатындай етіп зауыттарда жасап шығару; үймереттердің құралымдары мен бөлшектерін тиімді деген көлемге дейін ұлғайту, ал олардың салмағын барынша азайту; үймереттерді құрастыру кезінде жетілдірілген механикаландыру құралдарын пайдалану және жинақтау жұмыстарын автоматтандыру болып табылады. Өндірістік үймереттер мен ғимараттарды, тұрғын үйлерді және мәдени-тұрмыстық объектілердің құрылысын көптеп салу жұмысты үздіксіз ұйымдастыру нәтижесінде орындалады. Бұл ретте жұмысшыларды тұрақты түрде жұмыспен қамтамасыз ету арқылы шығын азайтылады, құрылыс машиналарын тиімді пайдалану жақсарады, құрылыс-құрастыру жұмыстарының өзіндік құны азаяды.
Негізгі бөлім
Екі қабатты тұрғын үй
Ғимарат қабырғасы кірпішті: сыртқы қабырға қалыңдығы екі кірпіш, ішкі қабырға қалыңдығы бір жарым кірпіш, аралық қабырға қалыңдығы 120 мм. Ғимарат су құбыры, канализация, орталық жылумен қамтылған. Жоспар сұлбасында қабырға аралық осьтерінің және қабырға ойықтарының өлшемдері, сонымен бірге түтін және желдеткіш каналдары, баспалдақ торлары, сондай-ақ ғимарат қабырғаларының осьтермен байланысуы көрсетілген. Қабырға осьтері үзік сызықтармен, аралық қабырғалар тұтас сызықтармен көрсетілген. Терезе ойықтары ширексіз, терезе түптемелері екі қабатты әйнектелген. Есік ойықтары: сыртқы ширексіз, ішкі ширексіз. Терезе және есік ойықтары (Т1, Т2, Т3,Т4; Е1, Е2, Е3, Е4,Е5) индекстермен белгіленген, ал олардың өлшемдері терезе және есік спецификация кестесінде көрсетілген.
Терезе спецификациясы
Кесте 1
Сызбада Белгіленуі |
Терезе блоктарының Типтері |
Ойықтар өлшемі, мм |
Ойықтар саны |
||||
Ені |
Биіктігі |
1 қабат |
2 қабат |
Барлығы |
|||
Т1 |
Бөлек екі жармалы |
885 |
1751 |
6 |
6 |
12 |
|
Т2 |
Бөлек екі жармалы |
1185 |
1751 |
6 |
6 |
12 |
|
Т3 |
Бөлек үш жармалы |
1760 |
2051 |
6 |
6 |
12 |
|
Т4 |
Бөлек үш жармалы |
1770 |
2059 |
4 |
4 |
8 |
Есік спецификациясы
Кесте 2
Сызбада Белгіленуі |
Есік блоктарының Типтері |
Ойықтар өлшемі, мм |
Ойықтар саны |
||||
Ені |
Биіктігі |
1 қабат |
2 қабат |
Барлығы |
|||
Е 1 |
Бір жақты ағаш |
600 |
2000 |
12 |
12 |
24 |
|
Е 2 |
Бір жақты ағаш |
800 |
2000 |
6 |
6 |
12 |
|
Е 3 |
Бір жақты ағаш |
900 |
2000 |
6 |
6 |
12 |
|
Е 4 |
Екі жақты ағаш |
1300 |
2000 |
4 |
- |
4 |
|
Е5 |
Бір жақты ағаш |
900 |
2000 |
14 |
14 |
28 |
Бас жоспар. Азаматтық ғимараттарда бас жоспарды жобалау
Азаматтық ғимараттардың бас жоспарларын жобалау ҚНжЕ 11-60-75 (қала, поселке және ауылдық елді мекендерді жоспарлау және құрылысын жүргізу) сәйкес жасалуы қажет.
Сонымен бірге ғимараттардың қажеттілігіне байланысты тиісті ҚНжЕ талаптары ескеріледі: конструкторлық және жобалау мекемелерінің ғимараттары (ҚНжЕ 11-79-78), кинотеатрлар (ҚНжЕ 11-78-76), спорт ғимараттары (ҚНжЕ 11-76-78), басқарма ғимараттары (ҚНжЕ 11-84-78).
Қызыл сызық-кварталдардың, шағын аудандардың, елді мекендерді жоспарлау құрылымындағы өзге элементтердің аумақтарын көшеден (жолдардан, алаңдардан) бөліп тұратын шекара. Әдетте қызыл сызық құрылыс салу шекарасын реттеу үшін қолданылады.
Сары сызық-жойқын жер сілкіністері, өзге де табиғи немесе техногендік сипаттағы зіл-залалардың салдарынан ғимараттардың (имараттардың, құрылыстардың) үйінділерге айналуы барынша мүмкін болатын аймақтар шекарасы. Әдетте сары сызық ғимараттар мен имараттар арасындағы қашықтықты реттеу үшін қолданылады.
Бас жоспар шешімі ғимараттың құрылыс аймағында дұрыс орналасуымен сипатталады, ол ғимараттың қажеттілігіне, желдің бағыттарына, аймақ рельефіне және көрші ғимараттардың орналасуына байланысты.
Бас жоспарда жобаланушы тұрғын үй нысаны, оған баратын жолдар, жанында тұрған бұрыннан бар ғимараттар спорт алаңы, автокөлік тұрағы, автокөлік жолдары, тротуарлар, азық-түлік дүкені, кіру пункті, көркейту элементтері (жасыл желек, гүлзарлар, бұталар, орындықтар, қоршаулар) қарастырылған.
Бас жоспар сызбасында горизонтальдар көрсетіліп, ғимараттың бұрыштарына белгілері қойылған. Сонымен қатар Шымкент қаласының жел өрнегі орындалған.
Жел өрнегі
Кесте 3
Айлар |
Қаңтар |
Шілде |
||||||||||||||
С |
С Ш |
Ш |
ОШ |
О |
ОБ |
Б |
СБ |
С |
С Ш |
Ш |
ОШ |
О |
ОБ |
Б |
СБ |
|
Желдің бағыты |
4 |
8 |
32 |
24 |
6 |
11 |
8 |
7 |
9 |
22 |
25 |
12 |
3 |
6 |
8 |
15 |
Желдің жылдамдығы |
1,6 |
2,7 |
2,6 |
2,8 |
5,4 |
5,1 |
2,9 |
2,2 |
3,6 |
5,6 |
2,8 |
2,7 |
3,8 |
4,2 |
3,3 |
3,2 |
Бас жоспар экспликациясы
Кесте 5
№ |
Аталуы |
Өлшем бірлігі |
Саны |
1 |
Бас ғимарат |
м2 |
407,48 |
2 |
Спорт алаңшасы |
м2 |
400 |
3 |
Азық-түлік дүкені |
м2 |
127,5 |
4 |
Автокөлік тұрағы |
м2 |
120 |
5 |
Гүлзарлар |
м2 |
100 |
6 |
Тротуарлар |
м2 |
20 |
7 |
Орындықтар |
м2 |
6 |
8 |
Жасыл желек |
м2 |
125 |
9 |
Автокөлік жолдары |
м2 |
1250 |
Қасбет. Азаматтық ғимараттарда қасбетті жобалау
Қасбет сызбалары ғимарат немесе үймереттің сыртқы көрінісі оның қоршаған ортамен және табиғатпен байланысы туралы толық мағлұмат береді. Қасбеттерде мыналарды белгілейді:
- Қасбеттің белгілі сипаттағы жерлерінде өтетін ғимараттың координациялық осьтері;
- Жер деңгейінің, кіреберіс алаңының, маңдайшаның, тамбурлар, қабырға ойықтарының төменгі және жоғарғы бөліктермен әртүрлі деңгейде орналасқан қасбет элементтерінің белгілері;
- Фрагменттер мен түйіндерге сілтемелер;
- Сыртқы өрт және эвакуациялау баспалдақтары;
- Шатырға шығу құрылымдары;
- Түтін және желдету құбырлары;
- Шатырдағы қоршаулар мен іргетабандары.
Қасбет 21.501-80 МЕСТ сәйкес белгіленеді:
Ғимарат екі қабатты: қабырғасы кірпішті. Ғимараттың ұзындығы-33400, ені-12200, биіктігі-8.380. Қасбет 1-9, Қасбет 9-1, Қасбет А-Д 1:100 масштабтарында орындалған.
Қасбет бойынша конструкция элементтері
Кесте 6
Р/с |
Конструкция элементтерінің атаулары |
Биіктігі |
1 |
Жер деңгейі |
-1.000 |
2 |
Ірге табанының (отмостка) деңгейі |
-1.000 |
3 |
Іргетас биіктігінің деңгейі |
-0.310 |
4 |
Бірінші қабат терезе ойықтарының төменгі деңгейі |
0.650 |
5 |
Бірінші қабат терезе ойықтарының жоғарғы деңгейі |
1,810 |
6 |
Есік деңгейі |
1.700 |
7 |
Есік маңдайшасының деңгейі |
1.700 |
8 |
Екінші қабат терезе ойықтарының төменгі деңгейі |
3.450 |
9 |
Екінші қабат терезе ойықтарының жоғарғы дейгейі |
4.510 |
10 |
Бас карниз деңгейі |
5.600 |
11 |
Шатыр коньегінің деңгейі |
8.380 |
12 |
Желдеткіш шахтасының деңгейі |
8.900 |
13 |
Түтін мұржасының деңгейі |
8.900 |
1 – 9 қасбеті бойынша терезе спецификациясы
Кесте 7
Сызбада Белгіленуі |
Терезе блоктарының Типтері |
Ойықтар өлшемі, мм |
Ойықтар саны |
||||
Ені |
Биіктігі |
1 қабат |
2 қабат |
Барлығы |
|||
Т1 |
Бөлек екі жармалы |
885 |
1751 |
4 |
4 |
8 |
|
Т2 |
Бөлек екі жармалы |
1185 |
1751 |
2 |
2 |
4 |
|
Т3 |
Бөлек үш жармалы |
1760 |
2051 |
2 |
2 |
4 |
9 – 1 қасбеті бойынша терезе спецификациясы
Кесте 8
Сызбада Белгіленуі |
Терезе блоктарының Типтері |
Ойықтар өлшемі, мм |
Ойықтар саны |
||||
Ені |
Биіктігі |
1 қабат |
2 қабат |
Барлығы |
|||
Т1 |
Бөлек екі жармалы |
885 |
1751 |
2 |
2 |
4 |
|
Т2 |
Бөлек екі жармалы |
1185 |
1751 |
4 |
4 |
8 |
|
Т3 |
Бөлек үш жармалы |
1760 |
2051 |
4 |
4 |
8 |
1 – 9 қасбеті бойынша есік спецификациясы
Кесте 9
Сызбада Белгіленуі |
Есік блоктарының Типтері |
Ойықтар өлшемі, мм |
Ойықтар саны |
||||
Ені |
Биіктігі |
1 қабат |
2 қабат |
Барлығы |
|||
Е 4 |
Екі жақты ағаш |
1300 |
2000 |
2 |
0 |
2 |
А – Д қасбеті бойынша терезе спецификациясы
Кесте 10
Сызбада Белгіленуі |
Терезе блоктарының Типтері |
Ойықтар өлшемі, мм |
Ойықтар саны |
||||
Ені |
Биіктігі |
1 қабат |
2 қабат |
Барлығы |
|||
Т4 |
Бөлек үш жармалы |
1770 |
2059 |
2 |
2 |
4 |