
- •1.Тіл білімі оз алдына жеке ғылым болып кашан калыптасты?
- •2.Тіл мәселесіне байланысты жазылып сақталған,біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі кай елге тән?
- •3.Үнділердің веда жыры тілінің грамматикасын тұңғыш зерттеген ғалым кім?
- •4.Көне үнділіктердің лингвистикалық зерттеулері кай елдің ғалымдарына әсерін тигізген жоқ?
- •5.Көне дәуір лингвистьикасының екінші отаны кай ел?
- •6.Ертедегі Греция елінен біздің заманымызға жеткен жазба материалдар кай ғасырға тән?
- •7.Грамматистердің александриялық мектебін қалыптастырған кімдер?
- •8.Көне араб тіл білімінің өкілдері кімдер?
- •9.Еуропадағы орта ғасыр лингвистикасының өкілдері кімдер?
- •10.Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы кім?
- •11. Біздің елдегі тіл білімінің Еуропалық тіл білімінен басты өзгешелігі неде?
- •13.Дүние жүзіндегі тілдері түбір тіл,жалғамалы тіл,қопарылмалы тіл деп 3 ке бөлген алғашқы ғалым кім?
- •14.Тіл біліміндегі психологиялық көзқарасты қалыптастырушы кім?
- •15.Тіл тарихын зерттеу- тіл туралы ғылымның ең негізгі бірден-бір міндеті.Тіл білімі дегеніміз-тіл тарихы,-деушілер кімдер?
- •16.Сөздер мен заттар мектебінің корнекті окілі кім?
- •17.Эстетизм мектебінің корнекті өкілі кім?
- •18.Неолингвизм мектебінің корнекті окілдері кім?
- •19.Социологиялық мектептің корнекті окілі кім?
- •20.Женева Социологиялық мектептің корнекті окілі кім?
- •21.Франция Социологиялық мектептің корнекті окілі кім?
- •22.Структурализмнің Прага мектебін қалыптастырушылар кімдер?
- •23. Структурализмнің Копенгаген мектебін қалыптастырушылар кімдер?
- •24. Структурализмнің дескриптивтік мектебін қалыптастырушылар кімдер?
- •25.Американдык этнолингвистиканы қалыптастырушылар кімдкр?
- •26.Германия этнолингвистикалық мектебін қалыптастырушы кім?
21.Франция Социологиялық мектептің корнекті окілі кім?
Бұл мектептің ең көрнекті өкілдерінің бірі-француз тіл маманы,соссюрдың шәкірті,профессор Антуан Мейе 1866-1936.Ол өте коп еңбек жазған адам.солардың ішіндегі бастысы-Үндіеуропа тілдерін салыстыра зерттеуге кіріспе 1903 деген кітабы.мейе салыстырмалы-тарихи әдістің міндеті-ататілді іздеу емес,туыстас тілдер арасындағы ұқсастықты дәлелдеу,-дейді.
Француз социологтерінің А.Мейемен қатар еңьек еткен екінші корнекті өкілі-париж университетінің пофессоры Жозеф Вандриес 1875-1960.оның Тіл деп аталатын үлкен кітабы бар.ол 1937 жылы орыс тіліне аударылды.
22.Структурализмнің Прага мектебін қалыптастырушылар кімдер?
Бұл мектеп лингвистикалық үйірме ретінде 1926 ж құрылды.оны қалыптастырушы-чех ғалымы,профессор В:Матезиус 1882-1945.Үйірменің құрамында Р:Якобсон,Н.Трубецкойлар болды.Прага мектебінің өкілдері тілдік элементтердің функциялықжағына ерекше мән берді.Тіл дегеніміз – функционалдық жүйе.Тіл білімінің міндеті осы жүйені тілдің барлық қабаттарынан-фонологиядан да,морфологиядан да,синтаксистен де,лексикадан да табу және олардың әрқайсысының өзіндік сипаттарын айқындау,-деп санайды.фонология саласында әсіресе Н.С.Трубецкойдың 1890-1938 аткарган рөлі,ғылыми табысыерекше болды.ол өзінің Фонологияның негізі 1939 деген еңбегінде фонетика мен фонологияны екі боліп карайды д,бұлардың ішіндегі таза лингвистикалық пән болатыны фонология,-дейді.Бұл кітап 1960 жылы орыс тіліне аударылды.
23. Структурализмнің Копенгаген мектебін қалыптастырушылар кімдер?
Бұл мектеп гректің глосса деген сөзі негізінде глоссематика деп те аталады.Ол 20 ғасырдың 30 жылдарында қалыптасты.Оның басшысы-дания лингвисі Луи Ельмслев 1899-1965.Оның жалпы грамматиканың негіздері 1928,Тіл теориясына кіріспе 1943 деген кітаптары бар.
Тілдік байланысты шектен тыс дәріптеп,абсолюттендіру өзгелерден гқрі Ельмслев еңбектерінде тым анық корінеді.Ол лингвистерді тілдің дыбысталуы,мағыналық жақтарына мән бермеуге,бар назарды тілдік қатынасқа аударуға шаөырады.Копенгаген мектебінің өкілдеріне субъективизм тән.
24. Структурализмнің дескриптивтік мектебін қалыптастырушылар кімдер?
Бұл мектеп 20ғ-ң 30-50 жылдарында Америкада қалыптасты.Ол-структурализмнің бір тармағы болып табылады.Бірақ бұлар Соссюрдың концепциясына сүйенген жоқ.Дискриптивтік мектеп немесе сипаттамалы әдіс деп те аталады.Қалыптастырушылар-Леонард Блумфильд 1887-1949,эдуард Сепир 1884-1939,Ф.Боас 1858-1942,З:Харрис.
Дескриптивті әдіс бойынща тілдің белгілі бір дәуірдегі күйі,статикалық қалпы сипатталады.Тілдегі өзгерістер,даму дегендер онда ескерілмейді.
25.Американдык этнолингвистиканы қалыптастырушылар кімдкр?
Тіл білімі тарихында тіл мәселерін сол тілде сойлеуші халықтың мәдени өмірімен,салт-сана,әдет-ғұрпымен байланыстыра зерттеушілік те болды.
Америка этнолингвистикасын қалыптастырушылар –эдуард Сепир 1884-1939,мен Б.Уорф 1897-1941.Сепирдің Тіл 1921,ойлау және дүние деген еңбектері бар.Б.Уорф тілді асыра бағалады да,ал ойлау мен дүниенің рөлін шектен тыс кемітті.