
- •1.Тіл білімі оз алдына жеке ғылым болып кашан калыптасты?
- •2.Тіл мәселесіне байланысты жазылып сақталған,біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі кай елге тән?
- •3.Үнділердің веда жыры тілінің грамматикасын тұңғыш зерттеген ғалым кім?
- •4.Көне үнділіктердің лингвистикалық зерттеулері кай елдің ғалымдарына әсерін тигізген жоқ?
- •5.Көне дәуір лингвистьикасының екінші отаны кай ел?
- •6.Ертедегі Греция елінен біздің заманымызға жеткен жазба материалдар кай ғасырға тән?
- •7.Грамматистердің александриялық мектебін қалыптастырған кімдер?
- •8.Көне араб тіл білімінің өкілдері кімдер?
- •9.Еуропадағы орта ғасыр лингвистикасының өкілдері кімдер?
- •10.Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы кім?
- •11. Біздің елдегі тіл білімінің Еуропалық тіл білімінен басты өзгешелігі неде?
- •13.Дүние жүзіндегі тілдері түбір тіл,жалғамалы тіл,қопарылмалы тіл деп 3 ке бөлген алғашқы ғалым кім?
- •14.Тіл біліміндегі психологиялық көзқарасты қалыптастырушы кім?
- •15.Тіл тарихын зерттеу- тіл туралы ғылымның ең негізгі бірден-бір міндеті.Тіл білімі дегеніміз-тіл тарихы,-деушілер кімдер?
- •16.Сөздер мен заттар мектебінің корнекті окілі кім?
- •17.Эстетизм мектебінің корнекті өкілі кім?
- •18.Неолингвизм мектебінің корнекті окілдері кім?
- •19.Социологиялық мектептің корнекті окілі кім?
- •20.Женева Социологиялық мектептің корнекті окілі кім?
- •21.Франция Социологиялық мектептің корнекті окілі кім?
- •22.Структурализмнің Прага мектебін қалыптастырушылар кімдер?
- •23. Структурализмнің Копенгаген мектебін қалыптастырушылар кімдер?
- •24. Структурализмнің дескриптивтік мектебін қалыптастырушылар кімдер?
- •25.Американдык этнолингвистиканы қалыптастырушылар кімдкр?
- •26.Германия этнолингвистикалық мектебін қалыптастырушы кім?
15.Тіл тарихын зерттеу- тіл туралы ғылымның ең негізгі бірден-бір міндеті.Тіл білімі дегеніміз-тіл тарихы,-деушілер кімдер?
Жас грамматистер салыстырмалы-тарихи әдісті сынап,оның мақсаты-ататілді іздеу емес,мақсаты-тілдердің даму заңдылығын,тарихын ашу,-дегенді айтты.Олар?,тіл тарихын зерттеу-тіл туралы ғылымның ең негізгі,бірден-бір міндеті деп жариялады.жас грамматистер зерттеу ісінде жазба тілден гөрі қазіргі заман тілдері мәнбілеріне баса көңіл бөлу керек.өйткені қазіргі заман тілі тілдік құбылыстарды дұрыс түсінуге сенімді,мол материалдар бере алады,-деп қарады.
16.Сөздер мен заттар мектебінің корнекті окілі кім?
Бұл мектептің өкілдері 1909 жылдан бастап шыға бастаған Сөздер мен заттар деп аталатын журнал төңірегіне топтасқандықтан,мектеп сол журналдың атымен аталған.Оның корнекті өкілі-Австрия лингвисі Г.Шухард 1842-1927.Ол өзінің заттар мен сөздер деген еңбегінде;сөз затты білдіреді;зат-алғашқы;ол ештенеге тәуелсіз,өзі өмір сүреді.Ал сөз затқа қарағанда-соңғы,кейінгі;оның өмірі затқа байланысты.Затқа жоқ болса,сөз де жоқ.
17.Эстетизм мектебінің корнекті өкілі кім?
Жас грамматизм бағытына қарсы 20 ғ бас кезінде Батыс Еуропада пайда болған лингвистикалық
Мектептің тағы бір түрі-эстетизм.Оны қалыптастырушы неміс ғалымы Карл Фосслер 1872-1949.Эстетизм мектебінің негізгі принциптері К.Фосслердің Тіл білімінде позитивизм мен идиализм 1904,Тіл-творчество және даму 1906 деген еңбектерінде баяндалады.
Мектептің эстетизм деп аталған себебі-оның өкілдері Тіл-жеке адамның рухани творчествосы.Рухани творчество болғандықтан ол эстетикалық құбылыс болып табылады.Эстетистер тілді жеке адамдар жасайды дейді.
18.Неолингвизм мектебінің корнекті окілдері кім?
20 ғ бас кезінде қалыптасқан,жас грамматизм бағыта қарсы лингвистикалық мектеп.Бұл мектеп Италияда қалыптасты.Оның негізін салушылар – М.Бартоли,Дж.Бонфанте,Дж.Бартони.Бұлардың жазған еңбектері;Дж.Бартони мен М.бартоли Неолингвистиканың қысқаша очеркі 1925,ДЖ.Бонфанте Неолингвистиканың ұстаған позициясы 1947.неолингвистер тілдің,тіл элеметтерінің даму жолдарын зерттегенде тілдердің таралған орындарына,географиясына шешуші мән беріп,географиялық мәнбілерді шектен тыс дәріптеді.
19.Социологиялық мектептің корнекті окілі кім?
20ғ-ң тіл біліміндегі ең беделді және өте кең өріс алған мектеп.Тіл-қоғамдық,әлеуметтік құбылыс.ол тек адам қоғамы бар жерде ғана өмір сүре алады.Тілді дүниеге келтіргенде,оны ілгері дамытқан да – қоғамдасқан адамдар,-дейді.Тіл білімі үшін бұл пікір,шын мәнінде жаңалық еді.
Лингвистикалық әдебиеттерде социологиялық мектеп 1,женева социологиялық мектебі, 2,Франция социологиялық мектебі деп,екіге бөліп қарастырылды.Мұның біріншісінің құрамында Ф. Де Сщссюр,ш.Балли,А.Сеше болса,екіншісінің құрамында-А.Мейе,Ж.Вандриес,Э.Бенвенист бар.Социологиялық мектептердің өкілдерінің бәрі де соссюрдың қағидаларын басшылыққа алған.
20.Женева Социологиялық мектептің корнекті окілі кім?
Женева социологиялық мектебінің негізін салушы,әрі оның кқрнекті өкілі-Фердинант де Соссюр 1857-1913.ол-швейцария лингвисі,Женева,париж университтерінің профессоры.соссюрдың теориялық ой-өрісі өте кең,жан-жақты.оның теориялық тұжырымдары бірсыпыра елдердегі лингвистикалық ой-пікірлердің дамуына күшті әсер етті.соссюрдың тіл біліміне қосқан үлесі,көтерген проблемалары мен өзіндік концепцияларын танытатын еңбегі-Жалпы тіл білімінің курсы деген кітабы.