
- •1.Тіл білімі оз алдына жеке ғылым болып кашан калыптасты?
- •2.Тіл мәселесіне байланысты жазылып сақталған,біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі кай елге тән?
- •3.Үнділердің веда жыры тілінің грамматикасын тұңғыш зерттеген ғалым кім?
- •4.Көне үнділіктердің лингвистикалық зерттеулері кай елдің ғалымдарына әсерін тигізген жоқ?
- •5.Көне дәуір лингвистьикасының екінші отаны кай ел?
- •6.Ертедегі Греция елінен біздің заманымызға жеткен жазба материалдар кай ғасырға тән?
- •7.Грамматистердің александриялық мектебін қалыптастырған кімдер?
- •8.Көне араб тіл білімінің өкілдері кімдер?
- •9.Еуропадағы орта ғасыр лингвистикасының өкілдері кімдер?
- •10.Тіл білімі тарихында салыстырмалы-тарихи тіл білімінің негізін салушы кім?
- •11. Біздің елдегі тіл білімінің Еуропалық тіл білімінен басты өзгешелігі неде?
- •13.Дүние жүзіндегі тілдері түбір тіл,жалғамалы тіл,қопарылмалы тіл деп 3 ке бөлген алғашқы ғалым кім?
- •14.Тіл біліміндегі психологиялық көзқарасты қалыптастырушы кім?
- •15.Тіл тарихын зерттеу- тіл туралы ғылымның ең негізгі бірден-бір міндеті.Тіл білімі дегеніміз-тіл тарихы,-деушілер кімдер?
- •16.Сөздер мен заттар мектебінің корнекті окілі кім?
- •17.Эстетизм мектебінің корнекті өкілі кім?
- •18.Неолингвизм мектебінің корнекті окілдері кім?
- •19.Социологиялық мектептің корнекті окілі кім?
- •20.Женева Социологиялық мектептің корнекті окілі кім?
- •21.Франция Социологиялық мектептің корнекті окілі кім?
- •22.Структурализмнің Прага мектебін қалыптастырушылар кімдер?
- •23. Структурализмнің Копенгаген мектебін қалыптастырушылар кімдер?
- •24. Структурализмнің дескриптивтік мектебін қалыптастырушылар кімдер?
- •25.Американдык этнолингвистиканы қалыптастырушылар кімдкр?
- •26.Германия этнолингвистикалық мектебін қалыптастырушы кім?
1.Тіл білімі оз алдына жеке ғылым болып кашан калыптасты?
19 ғ-ң бас кезі-деп жауап беріледі.бұл арине шындық.бірак бұдан 19 ғ ға дейін тіл мәселесі сөз сөз болмады деген ұңым тумауға тиісті.дыбыс тілінің өзіндік сырын білуге адам баласы өте замандардың өзінде-ақ талпынган.Біздің жыл санауымыздан 5-6 мың жылдар бурынғы египеттіктердің,шумерлердің,бір созбен айтканда шығыс халықтарының жоғары мәдениетті ел болғандығын,өз жазулары болғандығын ескерсек,тіл мәселері жөніндегі ой-пікірлердің өте ұзақ тарихы болғандығын байкауга болады.
2.Тіл мәселесіне байланысты жазылып сақталған,біздің заманға жеткен деректердің ең көнесі кай елге тән?
Тіл мәселеріне байланысты жазылып сақталған сойтіп біздің заманымызға жеткен деректердің ең байырғысы – көне Үнді мен Греция және көне араб пен коне түркі елдеріне тән.сондықтан тіл білімі тарихы сөз болғанда ,оны осы елдерден бастайды.
3.Үнділердің веда жыры тілінің грамматикасын тұңғыш зерттеген ғалым кім?
Белгісіз сөздерді айқындау мақсатымен веданың тілін зерттейді.бұл зерттеу 4 түрлі бағытта жүргізілген 1,дыбыстық жүйесі мен айтылу мәнері.2,жеке создер мен создердің тіркесі және олардың мән-маңынасы. 3,грамматикасы.4,жыр құрылысы мен өлең өлшемдері.Мұны зерттеген-үндінің сол кездегі аса атақты лингвистері-ЯСКИ мен ПАНИНИ болатын.
Яски-Веда тілінің бес томдық сөздігін жасап,оған түсінік жазған адам.Панини болса веда жыры тілінің дыбыстық жүйесін,сөз туғызу,сөз өзгерту жолдарын жан-жакты зерттеген ғалым.
4.Көне үнділіктердің лингвистикалық зерттеулері кай елдің ғалымдарына әсерін тигізген жоқ?
Көне үнділіктер тіл білімінің дамуына зор үлес қосқан.Олардың зерттеулері парсылар арқылы байырғы Греция тіл біліміне әсерін тигізген.11 ғ. Араб лингвистері де үнділерді үлгі тұтқан.
5.Көне дәуір лингвистьикасының екінші отаны кай ел?
Көне дәуір тіл білімінің екінші отаны-Греция.Тіл мәселеріне байланысты жазба материалдар бұл елде біздің жыл санауымызға дейінгі 5ғ. Басталады.ғалымдардың айтуы бойынша греция тіл білімі Гомердің ИЛИЯДАСЫ мен ОДИССЕЯ жырының тілін зерттеуден басталыпты.Аталған жырдың тілі гректердің сөйлеу тілінен мейлінше алыстап, түсініксіз бола бастағанда,грек ғалымдары соны зерттеу ісімен айналыскан.бұл жағынан алғанда Грециядағы лингвистикалық ой-пікірдің туу себептері үнділерге өте ұксас.
6.Ертедегі Греция елінен біздің заманымызға жеткен жазба материалдар кай ғасырға тән?
Б.э.д 2 ғасыр
7.Грамматистердің александриялық мектебін қалыптастырған кімдер?
Бұл бағыттың өкілдері-Аристраах,Дионисий Фракийский,Аполлоний Дискол б.э.д 2ғ. Д.Фракийский грек тілінің грамматикасын жазды.
Александриялық мектептің атасы Аристрах тілдегі сөздерді есім,етістік,есімше,есімдікк,үстеу,жалғаулық,предлог және артикль деп,-сегіз топқа бөлген.
8.Көне араб тіл білімінің өкілдері кімдер?
Дүние жүзі ғылымы мен мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан халықтардың бірі-арабтар.
Араб тіл білімінің корнекті өкілдерінің бірі-Сибауайһ. Арабтар фонетика саласында дыбыс пен әріп арасындағы өзгешеліктерді айқындады.Әсіресе дыбыстардың физиологиялық сипатын ашуға көңіл бөлді.
Араб оқымыстыларының ерекше көңіл болген және зор табысқа жеткен саласы-лексикография.Арабтың бір гана Аль-Фирузабади деген линнгвисі 60 томдық сөздік жасаған.