
- •1 Дәріс конспектісі.
- •2 Дәріс конспектісі.
- •3 Дәріс конспектісі.
- •4 Дәріс конспектісі.
- •5 Дәріс конспектісі.
- •6 Дәріс конспектісі.
- •7 Дәріс конспектісі.
- •8 Дәріс конспектісі.
- •9 Дәріс конспектісі.
- •10 Дәріс конспектісі.
- •11 Дәріс конспектісі.
- •12 Дәріс конспектісі.
- •12.2 Сурет - Екі жақтан қоректенетін желілердің тізбегі
- •13 Дәріс конспектісі.
- •14 Дәріс конспектісі.
- •15 Дәріс конспектісі.
12.2 Сурет - Екі жақтан қоректенетін желілердің тізбегі
Уақыт ұстамасыз токкесер. Токтық қорғаныстың бірінші сатыдағы (келесіде біз оны токкесер деп атаймыз) талғаулылық әсері оның іске қосылудағы ҚТ-дың максималь тогынан жоғары қабылдау арқылы қол жеткізеді. Қысқа тұйықталу кезінде қорғаныстың әрекеті, тораптағы ҚТ-дың, сондай-ақ қорғаныстағы да қысқа тұйықталу тогының қорек көзіне жақындаған сайын өсуімен, қамтамасыз етіледі (12.3 сурет). 12.3,а суретте 1 және 2 қисықтар қысқа тұйықталу тогының максималь және минималь режімдегі өзгеруін көрсетеді. Кейбір кездерде бір трансформаторды қоректенетін радиалдық желілердегі токкесер арқылы бүкіл желіні қорғауға болады, егерде оның іске қосылуын трансформатордағы зақымдануларды ұйғарсақ (12.3,б сурет).
Сурет 12.3 - Іске қосу тогын таңдау және уақыт ұстамасыз токкесер қорғанысының қорғаныс аумағын анықтау
Негізгі әдебиеттер 1 [62-78, 140-248]
Қосымша әдебиеттер 2 [8-32]
Бақылау сұрақтары:
1. Токтық қорғаныс дегеніміз не?
2. Токтық бағытталған қорғаныс дегеніміз не?
3. Максималь токтық қорғанысын түсіндіріңіз.
4. Уақыт ұстамасымен токтық қорғаныс туралы түсінігіңіз.
5.Бейтараптама оқшауламаланған тораптағы бір фазалы жерге тұйықталуды түсіндіріңіз.
6.Жабдықтың асқын жүктемесі деген не?
7. Токтық дифференциалды қорғаныс дегеніміз не?
13 Дәріс конспектісі.
Дәріс тақырыбы: Апатқа қарсы автоматика көмегімен апаттық бүлінулердің дамуының алдын алу, апатқа қарсы автоматиканың қызметтік мақсаты. Апатқа қарсы автоматты басқару жүйесінің құрылымы. Апатқа қарсы автоматиканың техникасы.
АСДУ негізгі мақсаттарының бірі апаттардың алдын алу үшін апатқа қарсы басқару және ЭЭЖ немесе оның жеке бөліктерінің жұмыстарының апаттарының салдарын жою болып табылады.
Қазіргі уақытта мұндай басқару үшін апатқа қарсы автоматиканың бірқатар құрылғылары жобаланған. Бұл тапсырманы шешу үшін барлық энергожүйелерде апатқа қарсы автоматика жүйесі енгізілген. Оның схемасы 13.1. суретте көрсетілген. Апатқа қарсы жүйенің әр элементіне қойылатын талаптарға сай оның құрылымын үші ішкі жүйеге бөлуге болады:
ескертуші
локализациялаушы
қалпына келтіруші
Ескертуші ішкі жүйе апаттық жағдайларды анықтау мен олардың таралуына жол бермеу үшін керек. оның құрамына кіреді:
Релелік қорғаныс. Апаттық жағдайларды анықтайды, апатқа қарсы автоматиканың басқа құрылғыларына сигнал береді; жүйенің белгілі бір участогы үшін немесе белгілі бір апат түрі үшін жауап беретін көптеген элементтерден тұрады.
автоматты қайта қосу (АҚҚ); бұл құрылғы бір элементте апаттық жағдай орын алып, ол өшірілген соң сол құрылғыны қайта қосу арқылы энергожүйенің қалыпты жұмысын қалпына келтіруге тырысады.
синхронды генераторлар қозуын автоматты реттеу (ҚАР); бұл құрылғы генератордың қоздыру тоғына әсер ету арқылы энергожүйе параметрлерін мүмкін болатын шектерде ұстап тұрады.
энергожүйенің параллель жұмысының тұрақтылығының бұзылуын болдырмау автоматикасы (ТББА); құрылғы жүйеаралық байланыс режимі жұмысы мен энергожүйедегі жиілікті үздіксіз бақылап отырады. Бұл оған апаттық жағдай туындағанда турбина жылдамдығын реттегіштерге әсер ету арқылы электр станциялары аралығындағы жүктемені қайта таратады, энергожүйенің немесе оның жекелеген бөліктерінің жиіліктерін реттейді.
Өз кезегінде АНПУ құрамына келесі түрдегі автоматика кіреді. Олар мына жағдайларда жұмыс істейді:
бір немесе бірнеше ЛЭП сөнгенде, яғни белгілі себептерге байланысты жүйеаралық байланыс құрамына кіретін параллель істеп тұрған бір немесе екі ЛЭП сөнгенде; ЭЭЖ бір бөлігінде жиілік төмендеп, екінші бөлігінде жоғарылап, қалыпты режим бұзылғанда АПНУ жиілікті номиналды мәнге қайта келтіру үшін электр станцияларының жүктемелерен қайта таратады.
ЛЭП–ке статикалық артық салмақ түскенде (статикалық артық салмақ түскен кезде жүктемені азайту автоматикасы), бұл жағдайда АПНУ ЭЭЖ жұмысының статикалық тұрақтылығын сақтауға тырысады;
ЛЭП–ке динамикалық артық салмақ түскенде (статикалық артық салмақ түскен кезде жүктемені азайту автоматикасы), бұл жағдайда АПНУ ЭЭЖ жұмысының динамикалық тұрақтылығын сақтауға тырысады;
Генераторлар сөнгенде (генераторлар сөнгенде салмақты азайту автоматикасы), яғни белгілі себептерге байланысты генераторлар сөніп, ЭЭЖ жиілік төмендегенде АПНУ осы генераторлар жүктемені басқа электр станцияларына таратады;
Жақын немесе ұзақ қысқа тұйықталулар кезінде (қысқа тұйықталулар кезіндегі жүктемені азайту автоматикасы), бұл жағдайда АПНУ электр станцияларының генераторларына түсетін жүктемені азайту арқылы динамикалық тұрақтылықты сақтауға тырысады.
Өз мақсаттарын орындау барысында АПНУ әсер етуі мүмкін:
генераторларды сөндіруге;
қысқа (импульсті) немесе ұзақ уақытқа турбиналарға түсетін жүктемені азайтуға;
тұтынушыларға баратын жүктеменің бір бөлігін сөндіруге;
гидрогенераторлардың жиіліктік қосылуына және олардың синхронды компенсатор режимінен белсенді қуат генерациясы режиміне өтуіне;
гидро– және турбогенераторларды өндіруге;
агрегаттардың электрлі тежелуіне;
шунттаушы реакторлардың сөнуіне;
бойлық және ендік компенсация құрылғыларын жылдамдатуға;
генераторлар қозуын жылдамдатуға (форсировкалау);
генераторлар кернеуі бойынша АРВ құрылғысының өзгеруіне.
Егер ескертуші ішкі жүйенің автоматикасы апатты жоя алмаса ішкі жүйенің локализациялаушы және қалпына келтіруші автоматикасы пайдаланылады.
Локализациялаушы ішкі жүйе құрамына кіреді:
энергожүйенің немесе оның бір бөлігінің асинхронды режимін жою автоматикасы (АРЖА); бұл құрылғы тоқ немесе белсенді қуат бойынша ӘБЖ–дегі артық жүктемені қадағалайды, жүйеаралық ӘБЖ–ді шектейтін түйіндер арасындағы фазалар айырмашылығын бақылайды, генераторлар роторларының жылдамдығында, сәйкесінше ЭЭЖ жиіліктерінде үлкен ауытқулар болғанда АЛАР электр станцияларының генераторларына түсетін жүктемені азайтады;
кернеу төмендеуін шектеу автоматикасы; кернеу қалыпты шектен төмендеп кеткен жағдайда бұл құрылғы генераторлар қозуын автоматты реттегіштерге (АРВ), синхронды компенсаторларға, қуат ағымы аз болатын СВН, УВН ЛЭП–гі кернеуді төмендету үшін қосылатын шунттаушы реакторлардың сөнуіне де әсерін тигізеді;
кернеу жоғарылауын шектеу автоматикасы; кернеу қалыпты шектен жоғарылап кеткенде құрылғы генераторлар қозуын автоматты реттегіштерге (АРВ), синхронды компенсаторларға және шунттаушы реакторлардың қосылуына (АОСН–ға қарсы әрекет) әсер етеді;
1- кезектік автоматты жиілік салмағын азайту; бұл құрылғы жиілік қалыпты жағдайдан төмен түсіп кеткенде энергожүйе жүктеменің бір бөлігін сөндіреді (әдетте бұл электр энергиясымен жабдықтау сенімділігінің ІІІ санатына жататын тұтынушылар), яғни жиілікті реттеудің басқа мүмкіндіктері болмағанда.
Асинхронды режимді жою автоматикасына келесі функциялар жүктеледі:
ЭЭЖ бөлу;
Синхронды жұмыстан шығып қалған энергожүйе бөліктерін ресинхронизациялау;
Жеке жұмыс істейтін ЭЭЖ бөліктерін кейін ресинхронизациялау үшін ЭЭЖ–ні алдын ала бөлу.
Қалпына келтіруші ішкі жүйе құрамына кіреді:
2 - кезектік автоматты жиілік салмағын азайту, яғни 1- кезектік автоматты жиілік салмағын азайтудың энергожүйедегі жиіліктің төмендеуінің алдын алу мүмкіндігі болмаған кезде;
кернеу бойынша автоматты қайта қосылу; бұл құрылғы энергожүйенің АОСН өшірген элементтерінің жұмысын қалпына келтіреді;
жиілік бойынша автоматты қайта қосылу; бұл құрылғы АЧР сөндірген тұтынушыларды электр энергиясымен жабдықтауды қалпына келтіреді.
Сонымен қатар біріккен ЭЭЖ құрамында бар:
1. жиілік төмендеуін шектеуші автоматика, ол келесі функцияларды атқарады:
– автоматты жиілік салмағын азайту;
кернеу мен жиіліктің шектен тыс көп мөлшерін болдырмау үшін жергілікті жердегі үлкен дефициттер кезінде қосымша жүктемені азайту;
белсенді қуат резервтерін мобилизациялау;
балансталған жүктемені генераторлар немесе электр станцияларын бөлу, электр станциясының өз қажеттіліктерін қоректендіру үшін генераторлар бөлу;
жиілік қалпына келгенде электр энергиясынан ажыратылған тұтынушыларға қайта энергия беруді қалпына келтіру.
жиілік жоғарылауын шектеуші автоматика жиілік қалыпты деңгейден көтеріліп кеткенде электр станциясының генераторларын сөндіреді.
құрылымды салмақтан арылту автоматикасы бақылаудағы құрылымда салмақ артық болып кеткен жағдайда тоқ күшін төмендетеді; артық салмақ күшіне байланысты АРО:
турбинаға түсетін жүктемені азайтады, электр станциясының генераторларын сөндіреді;
жүктемені өндіреді;
желіні бөледі;
артық жүктемені түскен құрылымды сөндіреді.
Негізгі әдебиеттер 5 [402-489]
Қосымша әдебиеттер 2 [228-382]
Бақылау сұрақтары:
Апатқа қарсы автоматиканың техникасы?
Кернеу төмендеуін шектеу автоматикасы?
Асинхронды режимін жою автоматикасы?
Апатқа қарсы автоматиканың қандай түрлері болады?
Генераторлар қозуын жылдамдатуға не қолданады?
Жиілік жоғарылау мен төмендеуінен шектеуші автоматика?