Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
15 дәріс конспектісі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
502.24 Кб
Скачать

12 Дәріс конспектісі.

Дәріс тақырыбы: Тарату тораптарының релелік қорғанысының сұлбалары. Жоғары және асажоғары кернеудегі күштік және коммутациялық құралдардың конструкциялық ерекшеліктері. Жоғары жиілікті қорғаныстар туралы жалпы түсінік.

Токтық қорғаныстар. Электрэнергетикасы жүйелерінің элементтерінде – генераторларда, трансформаторларда, электр беріліс желілерінде және электр қозғалтқыштарында – токтық, токтық бағытталған, қашықтық, дифференциалды қорғаныстар, сонымен бірге кернеудің максималь және минималь қорғаныстары қолданылады. Осы элементтерде автоматиканың сәйкестендірілген құрылғылары қарастырылады. Релелік қорғаныс және автоматика тығыз байланыса отырып, бір-бірін толықтырады, схемадағы параметрдің таңдалуына әсер етіп, жалпы тізбек құрайды. Біріншіден, бұл релелік қорғаныс пен АПВ және АВР құрылғыларына тән.

Электр энергетикасы жүйесінің қорғалатын элементінің ерекшелігі сөзсіз, қорғаныс және автоматика схемаларына әсер етеді, олардың параметрлерінің таңдалуында, бірақта бұл құрылғылардың әрекет принциптері өзгеріссіз қалады. Сондықтан ең алдымен релелік қорғанысты және автоматиканың жеке элементімен оқып танысу үшін, осы құрылғылардың әрекет принциптерімен танысу қажет.

Токтық деп, қорғаныс элементі бойынша өтетін токпен шағылысатын, талдаулығы бар қорғаныстарды айтады.

Токтық бағытталған деп, талдаулығы бар, қорғаныстардың қосылған орнындағы ҚТ ток пен қуат бағытымен (белгісімен) шағылысатын, қорғаныстарды айтады. Сол себептен екінші қорғаныстың бірінші қорғаныстан айырмашылығы қосымша атқарушы органы (АО) бар, ол қуаттың бағыттаушы органы деп аталады. Токтық қорғаныстар кез келген электр энергетика жүйесінің элементтерінде қолданылуы мүмкін (желілерде, трансформаторларда, қозғалтқыштарда т.б.), токтың бағытталған - желілерде, трансформаторларда және т.б. жағдайларда. Кейбір кездерде, мысалы, желілерде, қорғаныстардың екі түрі де бір мезгілде қолданылады, бірақ қорғанылатын элементтерінің әр түрлі жақтарында. Берілген жағдайда, олардың жұмысы желілердің қорғаныстарына құпталған болып қарастырылады. Алдын ала орнатылған шамадан ток асқанда қорғаныстар іске қосылады (максималь қорғаныстары). Жалпы жағдайда, олар уақыт ұстамасы i=(l) саттылы, баяулы (тәуелді) немесе құрамалық сипаттамасымен орындалады, мұндағы 1 – қорғаныс қосылған орнынан ҚТ нүктесіне дейінгі ара қашықтық.

Uном≥ 35-110 кВ желілер үшін қорғанысы әдетте сатылы i=(l) сипаттамаға ие, кернеуі төмен желілерде көбінесе басқа сипаттамалар қолданылады, олар ток органын арнайы құру арқылы орындалады. Uном≥ 35 кВ жағдайда токтың АО үшін екі фазадағы толық токтары қолдынылады (мүмкіндігі болғанша бір жердегі зақымданудан қорғау үшін). Uном≥ 35-110 кВ желілер үшін қорғаныстар көбінесе жерге тұйықталуларды жою үшін арналады және де нөлдік реттегі қорғаныстар ретінде орындалады; АО-дағы Iр=ЗIо тогын алу үшін ток трансформаторлары үш фазада болуы тиіс. Кей кезде АО схемалары мен басқа да симметриялық құраушыларға қосылатын боп қолданылады, сонымен қатар кернеу қосымша АО-ы бар. Сатылы i=(l) сипаттамалары бар қорғаныстар типтік болып табылады.

Қорғаныстың немесе оның жеке сатыларының іске қосылуы IЗ тогы деп, әдетте желінің фазаларындағы минималь тогын атайды, егер қорғаныс іске қосылса.

Бірінші кезекте токтық қорғанысының әрекеті мысал ретінде оны бір жақтан қоректенетін радиалдық желіде қарастырылады (12.1, а суретте). Қорғаныс құрылғылары тек қана барлық элементтерінің қоректенетін жағынан қосылады және өздерінің сөндіргіштерін өшіруге әрекеттеуі мүмкін. Уақыт ұстамдылықтары мысалдық 1; 2 және 3 сипаттамалары 12.1, б суретінде көрсетілген.

Қорғаныстың ІІ және ІІІ сатыларының өз аумағы үшін резервтік ретінде үзікпен 12.1,б суретінде көрсетілген. Қуаттың бағыттау органы, төменде қарастырылғандай, тек қана сатылардың бөліктерінде қажет болуы мүмкін.

Сурет 12.1 - Бір жақтан қоректенетін радиалдық желідегі токтық қорғанысты орналастыру және олардың уақыт ұстамаларының сатылы сипаттамаларын мысалдық таңдау

Анықталуды талап ететін қорғаныстардың негізгі параметрлері болып, іске қосылуы токтары мен жеке сатылардың уақыт ұстамалары, табылады. Сонымен қатар қорғаныс зоналары және жеке сатылардың сезімталдық коэффициенттері анықталады. Қарастыруды соңғы (үшінші) сатыдан бастауы қажет, себебі олар дербестік қорғаныстар ретінде қолданылады. Толық ток фазаларына қосылған кезде олар токтық максималь қорғаныс деп, ал оны қуатты бағыттау органымен қосымшаласа – максималь токтық бағытталған қорғаныс деп атайды.

Бірінші кезекте токтық бағытталған қорғаныстың әрекетін екі жақтан қоректенетін бөлек желілердің тізбектерін қорғау үшін қарастырайық (12.2 сурет) 1—6 қорғаныстар, сөндіргіштер сияқты, қорек көздері бар, А және Г қосалқы станцияларды байланыстыратын участкелердің екі жағынан қосылуы қажет. Алғашқы екі сатысы участкенің барлық ұзындығын қорғау үшін қажет, ал үшіншісі – аралық участкелердегі ҚТ ажыратуды және алғашқы екі сатылардың аумақтарындағы әрекеттерін резервтеу үшін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]