Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13 лек-практика.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.42 Кб
Скачать

Қынаптық зерттеу

Қынаптық зерттеу қынапты гинекологиялық айна немесе басқа да құралдармен қарау арқылы, қынап қабырғаларын ішкі пальпациялау немесе зондылау арқылы жүргізіледі. Иттің қынабының анатомиялық құрылымының ерекшеліктеріне (ұзындығы бойынша тарлығы) және тұқымдық түрлерінің айырмашылықтарына байланысты қынаптық зерттеу үшін кәдімгі құрылымдық айнаның қажеті шамалы. Иттер үшін арнайы түтікті вагиноскоптар қолданылады. Сонымен қоса балаларға арналған медициналық ректоскоп қолданады. Вагиноскоптар мен ректоскоптарды кәдімгі әдістермен стерилдейді, енгізбес бұрын оларды жануар денесінің температурасына дейін қыздырады және стерилді вазелин жағады. Қынапты тексеру үшін итті тұрған күйінде бекітеді. Жыныс еріндерін қозғап, вагиноскопты (ректоскопты) бастапқыда тік бағытта енгізеді, себебі иттерде қынаптың кіреберісі шонданай ойығы арқылы төмен қарай майысады. Гименалды сақинадан өткен соң (бұл жерде аспап жеңіл кедергіге тап болады) вагиноскопты көлденең бағыттайды және ақырын, сақтықпен, жайлап айналдырып, алға қарай жылжытады. Осыдан кейін мандренді алып тастайды. Алдымен қынап күмбезін және жатыр мойнының қынаптық бөлігін қарайды, содан соң аспапты біртіндеп суыру арқылы қынап түтігін түгелімен қарайды (кілегейлі қабығының түсін, ылғалдылығын, цервикалды астаушаның ашылу дәрежесін бағалайды, патологиялық бөліндінің бар-жоқтығын және т.с.с. анықтайды).

Арнайы құралдардың болмауына байланысты мысықтарды қынаптық зерттеу қынаптың өткізгіштігін зонд ендіру арқылы тексерумен шектеледі. Мысалы, сиырларды ұрықтандыру үшін қолданылатын полистриролды пипетка.

Қосымша зерттеу әдістері

Зертханалық әдістер - бактериологиялық, цитологи­ялық, гормоналдық, гематологиялық және биохимиялық - диагнозды нақтылауға септігін тигізеді.

Бактериологиялық зерттеу. Цервикалды шырыш сынамаларын бактериологиялық зерттеу жатырдың зақымдалуына (іш тастау, эндометрит) күдік туған кезде ауру қоздырғышын және оның қолданылатын препараттарға сезімталдығын анықтау мақсатында жүргізіледі.

Цитологиялық зерттеу. Қынап немесе вестибулярлы жағындыны цитологиялық зерттеу иттер мен мысықтарда жыныс циклінің сатысын анықтауда және жұмыртқалықтар қызметінің гормоналды өзгерістерінде тиімді қосымша әдіс ретінде қолданылады.

Гормоналды зерттеу — қан плазмасындағы прогестеронның және басқа да гормондардың деңгейін анықтайтын жұмыртқалықтар қызметінің бұзылуын балаудың тиімді әдісі.

гематологиялық зерттеу – қанды морфологиялық және биохимиялық талдау алиментарлық, климаттық және эксплуатационды бедеулікте зат алмасудың бұзылуын, сонымен қатар кейбір жыныс мүшелері ауруларын (негізінен қабыну аурулары) анықтауға мүмкіндік береді.

Акушерлік – гинекологиялық аурулардың жіктелуі

  1. Буаздық патологиясы:

Қынаптың түсуі;

Жатырдан қан кету;

Іш тастау.

  1. Туу патологиясы:

Әлсіз толғақтар;

Жатыр мойнының, сарпай мен қынаптың тарлығы;

Туу жолдарының құрғақтығы мен ісінуі;

Аналықтың жамбасына кіру өлшемі мен іштегі ұрық мөлшерінің сәйкес келмеуі;

Іштегі ұрықтың дұрыс орналаспауы, позициясы және ұрықтың жағдайы.

  1. Туудан кейінгі кезең патологиясы;

Жатырдың айналуы (түсуі);

Туудан кейінгі эклампсия;

Туудан кейінгі жіті эндометрит.

  1. Гинекологиялық аурулар және бедеулік

Вульвит, вестибулит және вагинит;

Сыртқы жыныс мүшелері мен қынаптың ісіктері;

Цервицит, сальпингит;

Қабыну, атрофия және жұмыртқалықтар склерозы;

Туа біткен, жүре пайда болған, симптоматикалық, алиментарлық және т.б. бедеулік.

5. Сүт бездерінің аурулары

Желінсау.