Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
13 лек-практика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
66.42 Кб
Скачать

13 сабақ

4.3. Иттер мен мысықтардың акушерлік-гинекологиялық ауруларын балау және емдеу әдістері

Сабақтың мақсаты. Иттер мен мысықтарды гинекологиялық зерттеу әдістерін, акушерлік-гинекологиялық ауруларды балау және емдеу әдістерін, сонымен қатар иттер мен мысықтардың түрлік ерекшеліктерін ескере отырып алдын алу шараларын меңгеру.

Материалдар мен құрал-жабдықтар. Фонендоскоптар, стетоскоптар, ультрадыбыстық зерттеу құралы, ұсақ жануарларға арналған рентген аппараты.

Зертханалық зерттеулерге арналған реактивтер мен құралдар. Қарғыбаулар, тұмылдырықтар, арқандар және басқа да бекіту құралдары. Ауру иттер мен мысықтар, полиэтиленді пленка, асептикалық және антисептикалық заттар, новокаин ерітінділері (0,25%), калий перманганаты (1:5000), риванол (1:1000), йод тұнбасы, антибиотиктер және т.б.

Гинекологиялық зерттеу әдістері

Гинекологиялық зерттеу анемнез мәліметтерін жинаудан және жануарды клиникалық зерттеуден тұрады. Қажет болған жағдайда қосымша зерттеу әдістері қолданылады.

Анамнез

1. Иттің немесе мысықтың тұқымы мен жасын анықтау;

2. Қашаннан бастап ауырғанын және ауру қандай белгілермен байқалғанын; жануарды кім емдегенін және емдеу қалай жүргізілгенін, гормоналды препараттар қолданылды ма, жоқ па; туу санын, соңғы буаздық пен туудың өтуі, ұялас күшіктер санын және тіршілікке қабілеттілігін, туудан соң жыныс циклінің байқалуын, ұрықтану санын, соңғы ұрықтанған күнді анықтайды.

3. Рацион құрамы және азық сапасы.

4.Жануарды ұстау және күтіп-бағу тәртібі; күшіктеуді өткізудің ұйымдастырылуы мен санитарлық-гигиеналық жағдайлары.

Клиникалық зерттеу

  1. Сырттай қарау

  2. Ішін пальпациялау

  3. Қынаптық зерттеу

Сырттай қарау

1. Жануардың қоңдылығы, көрінетін кілегей қабықтарының, терісінің, түк жамылғысының жағдайы. Иттерде жұмыртқалықтардың гормоналды қызметі бұзылғанда симметриялық алопеция мен гиперкератоз, ал пиометрде жалпы күйзелу жиі байқалады.

2. Сыртқы жыныс мүшелерінің дұрыс жетілуі, сарпайдың үлкендігі мен пішіні, оның терісінің түсі.

3. Жыныс саңылауынан бөлінетін патологиялық бөліндінің (оның түсі, иісі, консистенциясы) терісінде және айналасындағы ұлпаларда кеуіп қалған экссудат қабықшаларының бар-жоқтығы.

4. Ұйығу кезеңінен тыс уақытта иттерде сарпайдың үлкеюі жұмыртқалықтар дисфункциясының патогномиялық белгісі болып табылады, ал артқы тесік пен сарпай аралығында түйіндердің, соның ішінде қанды бөлінділердің байқалуы қынаптағы жаңа түзілістерді білдіреді.

5. Жыныс еріндерін саусақпен қозғап, қынаптың кіреберісін қарайды (түсі, қан құйылулардың, жаралардың, қынаптан шығып тұратын жаңа түзілістердің бар-жоқтығын).

6. Сүт бездерін қарайды (жетілу деңгейін, үлкендігін, консистенциясын, сүттің пайда болуын).

Пальпация

Жануардың ішін пальпациялау жатырдағы патологиялық өзгерістерді (мөлшерінің үлкеюі, тығыздану, эндометрит, пиометр кезінде жатыр мүйізшелерінің флюктуациясы және т.б.), кей жағдайда жұмыртқалықтардағы өзгерістерді (жаңа түзілістер, ірі сары денелер) анықтауға мүмкіндік береді.