- •4.2. Ұрғашы және еркек жануарлардың жыныс мүшелерінің физиологиясы ұрғашы және еркек жануарлардың жыныстық және физиологиялық жетілуі
- •Жыныстық және физиологиялық жетілуі
- •Ұрғашы жануарлардың жыныстық циклі
- •Жыныстық циклдің кезеңдері
- •Мысықтар
- •Спермия (спермиогенез) мен аналық жыныс жасушасының (овогенез) пісіп – жетілуі
- •Овогенез
- •Жыныстық акт
- •Буаздықтық және оның ұзақтығы мен балау әдістері
- •Буаздықты балау әдістері
- •Бақылау сұрақтары:
- •Ұсынылған әдебиеттер
Овогенез
Овогенез – ұрғашы жыныс жасушасының дамуы мен пісіп – жетілуі (жұмыртқа, жұмыртқа жасушалары, гаметалар).
Ол төрт кезеңге бөлінеді: көбею, өсу, пісіп – жетілу, қалыптасу.
Көбею кезеңінде жасушалар овогония деп аталады.
Өсу кезеңінде жасушалар біріншілік овоцидтер деп аталады.
Пісіп – жетілу кезеңінде (мейоз) жасушалар екіншілік овоцидтер деп аталады.
Қалыптасу кезеңінде екіншілік овоцидтер митоз жолымен бөлініп, жетілген жұмыртқа жасушалары қалыптасады.
Жыныстық акт
Жыныстық акт – еркек малдың ұрғашы малға ерікті қатынасы, нәтижесінде ұрғашы малдың жыныстық жолына спермия жіберіледі. Ол күрделі кешенді жыныс рефлексін қамтиды, белсенділігі еркек және ұрғашы жануарлардың ағзасының күйіне, олардың жеке ерекшелігіне, жүйкелік әсеріне, сонымен қатар сыртқы факторға да байланысты болады.
Жыныстық акт келесідей рефлекстерден тұрады: жақындасу, эрекция, айқасу, бірігу, эякуляция.
Жақындасу рефлексі немесе жыныстық енгізу – қозу кезінде ұрғашы жануарлардың талпынысы, еркек малмен бір-бірін іздеп жақындасады.
Эрекция рефлексі – жыныс мүшелерінің бірігу алдындағы өзгерісі. Еркек жануарда жыныс мүшесінің қуысы қанға толып, қатаяды. Бұл өзгеріс жыныс мүшесінің ұрғашы жануарлардың қынабына кіруін жеңілдетеді. Ұрғашы жануарларда эрекция рефлексі кезінде жыныс жолдарының кілегейлі қабатында гиперемия болып, шүртекейдің қуысы қанға толады.
Айқасу рефлексі - бұл еркек жануарлардың ұрғашы жануарларға секіруімен және оның кеуде тұсынан ұстайды, ал ұрғашы жануар жыныстық актіге қарсыласпайды.
Бірігу рефлексі еркек жануарларда жамбасын итеріп қозғалумен көрінеді, ал ұрғашы жануарларда - жыныс мүшесінің қынаптық тереңіне дейін енуіне жағдай жасайды.
Эякуляция рефлексі – еркек жануарлардың жыныс мүшесінен сперманың бөлінуі. Бөл актіде бөлінген сперма санын – эякулят деп атайды. Ұрғашы жануарларда эякуляция рефлексі аналық және вестибулярлық безінен секрет бөлумен аяқталады.
Иттерде жыныстық акт 10-45 мин созылады. Төбеттерде қынапқа енген жыныстық мүше басының каверналық денесі қатты үлкейеді және қынап алдында сыздаған каверналық дене қысылады. Ұрғашы және еркек иттердің жыныс мүшелерінің арнайы жалғасуы «жабысқан» деген атау алады немесе «замок» деп аталады. Эякуляция біткенде қынаптан жыныстық мүшені шығарып алу барлық қуыстардан қан ағудан кейін жүреді, себебі жыныстық акт аяқталғанша жануарларды айыруға болмайды.
Мысықтарда жыныстық актіге дайындық 1-5 минутқа созылады. Еркек мысық ұрғашы мысықты тісімен желке терісінен тістеп, оны төмен басып, сол кезде еркек мысықтың арт жағы артқа қарай кең ашылып, жыныстық мүше қынапқа жоғарыдан 20-300 бұрыштап, горизанталды бағытта енгізеді. Қынапқа енгізу кезінде жыныстық мүшенің басындағы мүйізді тісшелер ұрғашы мысыққа ауыр болады. Сол себепті ұрғашы мысық өзіндік тесік шығарады, ал еркек мысық дыбыс береді. Жақындасу ұзақтығы қынапқа жыныс мүшесін енгізгеннен бастап, эякуляция соңына дейін 5-10 секунд болады.
Буаздықтық және оның ұзақтығы мен балау әдістері
Буаздық – аналық ағзаның тұқымдық кезеңінің физиологиялық күйі. Ол зиготаның түзілуінен басталып, туу үрдісі басталуы аралығымен сипатталады. Иттерде жүктілік орта есеппен 63 (59-67) күнге созылады. Мысықта 59 (55-62) күнге созылады.
