Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
12 лек-практика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25.7 Кб
Скачать

12 сабақ

4.2. Ұрғашы және еркек жануарлардың жыныс мүшелерінің физиологиясы ұрғашы және еркек жануарлардың жыныстық және физиологиялық жетілуі

Сабақтың мақсаты. Ұрғашы және еркек жануарлардың ағзасының жыныстық және физиологиялық жетілуін, балауын, жыныстық қозуын, ұрғашы ит пен мысықтың жыныстық қозуын зерттеу әдістерін меңгеру. Буаздықты балау әдісін меңгеру.

Материалдар мен құрал-жабдықтар. Жыныстық цикл көрсетілген сызбалар, суреттер, кестелер. Ультрадыбыстық зерттеу үшін құрылғылар, фонендоскоп, стетоскоп, ұсақ малдарға рентген аппараттары. Зертханалық зерттеу үшін реактивтер мен құрылғылар. Қарғыбау, тұмылдырық және т.б. бекемдеу құралдары. Жыныстық циклдің әр сатысындағы буаз және қысыр ұрғашы иттер мен мысықтар.

Жыныстық және физиологиялық жетілуі

Жыныстық жетілуді оқыған кезде жыныстық жүйе дамуының мынадай кезеңдерін түсіну керек: ұрғашы жануарлар буаз болады, ал еркек жануарлар ұрықтандырады.

Ұрғашы жануарларда жыныстық жетілудің көрінісі ретінде бірінші жыныстық цикл болады, ол овуляциямен аяқталады, ал еркек жануарларда ен шылауында ұрықтан жетіліп, толық жыныстық цикл қалыптасады.

Жыныстық жетілу бойы өсіп, ересек жануар болған соң ғана дамиды. Жыныстық жетілу жануарлардың түріне, жынысына, бағып-күтуіне байланысты. Ұрғашы иттердің кішкене тұқымдарында 6-8 ай, орташаларында 8-10 ай, ірілерінде 10-12 айда жыныстық жетіледі. Мысықтарда жыныстық жетілу 4-6 айлығында басталады. Еркек және ұрғашы жануарлардың бұл жасында ұрпақ алу барлығында бірдей сәтті бола бермейді.

Ұрғашы жануарлардың ерте ұрықтануы мен буаз болуы өсудің тежелуіне және ағзаның зақымдануына әкеліп соғады: туу үрдісі қиын жүреді, сол себепті әлсіз төл алынады; төлдеуден кейін олар ұзақ уақытқа ұрықсыздыққа ұшырайды. Еркек жануарларды жастай жыныстық қолдану олардың бойының өсуін тоқтатады, габитусы өзгеріп, шұғыл жағдайлар туады, белсіздікке әкеліп соғуы мүмкін.

Ағзаның физиологиялық жетілуі кезінде дененің өсуі мен дамуы күмәнді болып, жыныстық қызметі қалыптасады, бұл кезде олардан көп және сапалы ұрпақ алу, аналық малды өлімге ұшыратпау жағы қаралады.

Иттерде (ұрғашы және еркек) 11-18 айлығында, гигант тұқымдарының физиологиялық жетілу 18-24 айлығында толық аяқталады. Ал мысықтар 10-15 айлығында физиологиялық жетіледі.

Ұрғашы жануарлардың жыныстық циклі

Жыныстық цикл – жыныстық жүйеде буаз емес жануарлардың ағзасында бір овуляциядан келесісіне дейінгі кезеңдегі жүретін физиологиялық және морфологиялық үрдістердің бірігуі. Жыныстық цикл жыныстық жетілудің дамуынан басталып, белгілі бір кезең бойынша қайталанып отыратын үрдіс. Қартая келгенде жыныстық қызмет бұзылады. Мысықтар мен иттерде климакстық кезең 10-12 жаста басталады.

Жыныстық циклдің кезеңдері

Жыныстық цикл екі негізгі фазаға бөлінеді:

  1. Фолликулярлы; экстроген гармонын бөлетін, жұмыртқалықтағы фолликулалардың жетілу кезеңі;

  2. Лютеиндік; овуляциядан кейінгі сары дененің функциясы мен қалыптасуының басталуын сипаттайды;

Фолликулярлы фаза циклдары мынадай кезеңдерден тұрады: проэструс (жыныстық қозу алды) және эструс (жыныстық қозу), ал лютеиндік фазада – метэструс (жыныстық қозудан кейін) және анэструс (жыныстық қозу жоқ).

Жүйке үрдісіне қатысты жыныстық цикл үш кезеңге бөлінеді: қозу, тежелу және теңелу. (А.П. Студенцов, 1970).

Иттер

Иттердің жыныстық циклі тіршілік ету кезеңдерінен құралады. Оның жалғасуы көбінесе 5 – 8 айға созылады, бірақ түрі мен жыныс ерекшелігіне байланысты 3 айдан 13 ай арасында болуы мүмкін.Осы жағдайда 1 жыл ішінде екі, үш немесе бір жыныстық циклді байқауға болады (ди немесе моноциклді жануарлар). Күйлеу мен қозу жылдың кез келген уақытында басталуы мүмкін.

Жыныстық циклдің қозу сатысы (проэструс және эструс) иттерде «пустовка» деп аталады. Ол 2 – 3 аптаға созылады. Тежелу мен теңелу сатысы (сары дененің қалыптасу кезеңі) иттерде көбінесе мэтеструс сатысына байланысты, ол анэструс сатысынан кейін жүреді.

Проэструс – 9 (3 - 16) күнге созылады,күйлеу және қозу белгілері байқалады. Күйлеу ісінумен, жыныс ернеуінің үлкеюімен, одан қан ағумен сипатталады. Иттің несебінде және сарпайдан аққан бөліндіде арнайы зат-феромон болады, оның иісі еркек төбеттердің көңілін аударады.

Жыныстық қозу тынышсызданумен, жиі несеп шығарумен, сарпайдың сулануы, қозған иттердің әлсіреуі мен бұзылуы байқалады. Ұрғашы ит төбеттермен ойнайды, өзге иттерге үреді, олардың өзіне секіруіне мүмкіндік береді.

Эструс – жыныстық қозудың 6 (3-12) күнге созылатын кезеңі.

Басты белгілері: Еркек жанауарлардың ұрғашы жануарларға асылуы, жақындау кезінде ұрғашы ит құйрығын бір жағына қисайтып, жыныстық актіге дайындалады.

Овуляция тәртіп бойынша күйлеуден кейін 1 – 3 күн аралығында болады. Барлық фолликулалар 12 – 24 сағат ішінде овуляцияға түседі. Иттерде жұмыртқа жасушалары жұмыртқалықтан шыққан соң 2 – 3 күннен кейін ұрықтануға белсенді болады, ал төбет спермасы өзінің ұрықтандырғыш қабілетін сол жерде 7 күнге дейін сақтай алады. Мұны суперфекундация деп түсіндіруге болады (әртүрлі еркек жануарлардың көптеп ұрықтандыруы).

Метэструс – жыныстық циклдің лютеалды фазасы. Мэтеструс басталған соң ұрғашы ит төбетке жақындауды тоқтатады, қынап кіреберісінен ағынды азаяды немесе бөлінді тоқтайды. Метэструс 60 – 90 күнге созылады.

Анэструс - бұл лютеалды кезеңнен кейін жүретін жұмыртқалықтың депрессиясымен байланысты саты. Ішкі жыныстық мүшелердегі өзгерістер мен ұрғашы иттің тәртібі, мінез – құлқы байқалмайды. Анэструстың ұзақтығы орта есеппен 125 күн және 15 күннен 265 күнге дейін, ол барлық иттердегі жеке жыныстық цикл ұзақтығы.