Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
мой сборник 2014-2015.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.45 Mб
Скачать

Тапсырмалар:

1-деңгей

  1. Тіктөртбұрыштың ауданын есептеуге қажетті айнымалыларды анықтаңыз.

  2. Дөңгелектің ауданын есептеуге қажетті айнымалыларды анықтаңыз.

  3. Цилиндр көлемін есептеуге қажетті айнымалыларды анықтаңыз.

  4. Бірнеше дәптер мен бірнеше қарындаштың жалпы сомасын анықтауға қажетті айнымалыларды анықтаңыз.

  5. функциясының шамасын анықтайтын формуланы меншіктеу инструкциясы түрінде жазыңыз.

  6. Екі санның қосындасын табу программасын құру керек.

  7. Екі санның бөліндісін табу программасын құру керек.

  8. a/b:c/d=m/n есебін шығарудың програмасын құрайық.

2-деңгей

  1. Үшбұрыштың ауданын есептейтін формуланы меншіктеу инструкциясы түрінде жазыңыз:

, мұндағы – ұзындық, - үшбұрыш биіктігі.

  1. Трапеция ауданын есептейтін формуланы меншіктеу инструкциясы түрінде жазыңыз:

, мұндағы – ұзындықтары, - трапецияның биіктігі.

  1. Тіктөртбұрыш ауданын есептейтін формуланы меншіктеу инструкциясы түрінде жазыңыз.

  2. Дөңгелектің ауданын есептейтін формуланы меншіктеу инструкциясы түрінде жазыңыз.

  3. Параллепипед көлемін есептейтін формуланы меншіктеу инструкциясы түрінде жазыңыз.

  4. Екі санның қосындысының квадраттарын және көбейтіндісін табу программасын құру керек. х = (a+ b)2,

  5. k =(x2 + y2) * x+y, мұндағы функциясының мәнін есептейтін программа құру керек.

3-деңгей

  1. Экранға сіздің аты-жөніңізді шығаратын бағдарлама құру қажет (әрбір бөлік жаңа жолдан басталады).

  2. h =(2x3 + y2) * x+y, мұндағы функциясының мәнін есептейтін программа құру керек.

  3. Экранға кез-келген өлеңнің бір шумағын жазып, соңына авторын көрсететін бағдарлама құру қажет, өлеңнің ақырғы жолы мен автор атының арасында бірбос жол болуы керек.

  4. Тіктөртбұрыштың ауданын есептейтін бағдарлама құру қажет. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Тіктөртбұрыш ауданын есептеу

Берілгендерді енгізіңіз:

Ұзындығы (см) -> 9

Ені (см) -> 7.5

Тік төртбұрыш ауданы: 67.50 кв.см

  1. Параллепипед көлемін есептейтін бағдарлама құру қажет. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Параллепипед көлемін есептеу

Берілгендерді енгізіңіз:

Ұзындығы (см) -> 9

Ені (см) -> 7.5

Биіктігі (см) -> 5

Көлем:337.50 куб.см

  1. Бірнеше дәптер мен қарындаштың жалпы сомасын есептейтін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Жалпы соманы есептеу

Берілгендерді енгізіңіз:

Дәптер бағасы (теңге) -> 20

Дәптер саны -> 5

Қарындаш бағасы (теңге) -> 50

Қарындаш саны -> 2

Жалпы сомасы:200 теңге

  1. Электрлік тізбектің параллель жалғанған кедергілерін есептейтін бағдарлама құрыңыз. Бағдарлама экранының түрі төмендегідей болады(қолданушымен енгізілетін мәліметтер қалың қаріппен көрсетілген):

Параллель жалғанған кездегі электрлік тізбектің кедергісін есептеу

Берілгендерді енгізіңіз:

Бірінші кедергінің шамасы (Ом) -> 15

Екінші кедергінің шамасы (Ом)-> 20

Тізбек кедергісі: 8.57 Ом

1 бөлім. С++ тілінде бағдарламалау негіздері

    1. тақырып. Тармақталу, таңдау операторлары

Зертханалық жұмыстар №4,5,6

Тарамақталуды бағдарламалау. If шартты оператор. Көптік таңдау, switch және break операторлары. Тармақталуды, көптік таңдауды бағдарламалау.

If шартты оператор

If шартты оператор таңдау үшін қажет.

Жазылу форматы:

if (шарт) оператор1;

else оператор2;

Мысалы: if(x>y) max=x;

else max=y;

Егер оператор1 немесе оператор2 екі және одан да көп оператордан тұрса, онда ол {} алынады , яғни құрамдылық оператор қолданылады. If операторы шыңдықты немесе жалғандықты тексереді. Егер (0 тен болмаса), онда оператор1 орындалады, ал шарт 0 тен болса, онда оператор2.

Жалпы түрі: if (шарт1) оператор1;

else if (шарт2) оператор2;

else оператор3;

мысалы: максималды санды табу

if (x>y)

if (x>z) max=x;

else max=z;

else if(y>z) max=y;

else max=z;

Return – қайтып оралу операторы.

return [<өрнек>];

return - өзі ішінде тұрған функцияның орындалуын тоқтатады да, программаның орындалу ретін, яғни басқаруды шақыратын функцияға береді.

Мысалы:

main ( )

{

void drow (int, int);

long sg (int);

:

:

y=sg ( );

draw

:

:

}

long sg ( );

int x;

{

return (x*x);

}

void draw (x,y);

int x,y;

{……….

return;

}

Функция main sg және draw2 функцияны шақырады.

sg функциясы х у кеменшіктеледі.Егер return функция денесінде жоқ болса онда функцияның соңғы операторы орындалып болған соң басқару шақыратын функцияға береді.

Таңдау операторы switch.

Switch операторы әр түрлі бірнеше нұсқалардың бірін таңдау үшін пайдаланылады. Оператор форматы:

switch ( өрнек )

{ [жариялау]

:

[ case констаталық-өрнек1]: [ операторлар тізімі1]

[ case констаталық-өрнек2]: [операторлар тізімі2]

:

:

[ default: [ операторлар тізімі ]]

}

Switch сөзінен кейінгі дөңгелек жақшадағы өрнек кез келген кілттік сөз бола алады. Оның мәні бүтін болуы тиіс.

Switch операторының денесі case кілттік сөзімен басталатын бірнеше оператордан тұрады.

Switch опеаторындағы барлық константалық өрнек уникалды болуы керек. Case кілттік сөзінен басталатын сөдерден басқа, тағы да default кілттік сөзінен басталатын тағы бір болуы мүмкін. Бірақ оның болуы міндетті емес.

Операторлар тізімі бос немесе бір не бірнеше операторлардан тұруы мүмкін.

Switch оператрының орындалу сызбасы келесідегідей:

- дөңгелек жақшадағы өрнектер есептеледі;

- есептелген мәндер case кілттік сөзінен кейінгі констаталық өрнектермен кезегімен салыстырылады;

- егер константалық өрнектердің бірі өрнектің мәнімен сәйкес келсе, онда басқару сәйкесінше операторға беріледі.

- егер константалық өрнектің ешқайсысы өрнекке тең болмаса, онда басқару default кілттік сөзімен белгіленген операторға беріледі.

Мысал:

int i=2;

switch (i)

{

case 1: i += 2;

case 2: i *= 3;

case 0: i /= 2;

case 4: i -= 5;

default: ;

}

Switch операторының орындалуы case 2-мен белгіленген оператордан басталады. Осылай ша, і айнымалысының мәні 6-ға тең болады. Одан әрі case 0 кілттік сөзімен белгіленген оператор орындалады. Бұдан соң case 4-те оның мәні 3-ке тең болады, одан кейін мәні -2 болады. Default кілттік сөзімен белгіленген оператор айнымалының мәнін өзгертпейді.