- •Студенттердің пәндік
- •«Жөндеу кәсіпорындарын жобалау негіздері»
- •5В072400 – Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – Syllabus
- •1.1 Оқытушы жөнінде мәліметтер
- •1.4 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және олардың орындау мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бағалау және бақылау
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •2.3. Тәжірибелік сабақтардың жоспары
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ (сөж) жоспары
- •2.6. Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глосарий
- •Жөндеу кәсіпорнын жобалау негіздері
- •5В072400 – «Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» мамандығы үшін
2.3. Тәжірибелік сабақтардың жоспары
Тәжірибелік сабақ №1. «Кәсіпорынның жылдық өндірістік бағдарламасын есептеу»
Жұмыстың мақсаты: жөндеу кәсіпорнының жылдық өндірістік бағдарламасын есептеудің қолданыстағы әдістерімен студенттерді таныстыру және есептеулерді жүргізуге тәжірибелік дағды алу.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Бұрғылау және мұнай өндіру жабдықтарына арналған ЖЕЖ жүйесінің нормативтерін оқып-үйрену.
2. Тапсырмаға сәйкес жөндеу базасының жылдық жылдық өндірістік бағдарламасын есептеу
3. жабдықтың жөндеу аралық циклін есептуе ерекшеліктерін оқып-үйрену.
4. Жұмыс түрлері бойынша жылдық бағдарламаның еңбексыйымдылығының бөлінуін оқып-үйрену.
Әдебиет: 3 нег. .
Бақылау сұрақтары:
1. Жылдық бағдарлама ненің негізінде есептеледі?
2. Станоктық жұмыстардың еңбексыйымдылығы қалай есептеледі?
3. Нақты машинаны немесе жабдықты жөндеу еңбексыйымдылығы қалай есептеледі?
4. Жылдық бағдарламақандай түрде берілуі мүмкін?
Тәжірибелік сабақ №2. «Жұмысшылар мен жабдықтар санын есептеу»
Жұмыстың мақсаты: кәсіпорындағы жұмысшылар саны мен жұмыстарды жүргізуге арналған жабдықтардың қажетті санын анықтау әдісімен танысу, сондай-ақ есептеулерді жүргізу бойынша тәжірибелік дағдылар алу.
Әдістемелік ұсыныстар: жөндеу кәсіпорындарын жобалау кезінде жұмысшылар мен жабдықтар санын есептеуді жүргізу әдістерін оқып-үйрену. Есептеік мәліметтерді негіздеу және нақты тапсырма негізінде есептеу процедурасы бойынша тәжірибелік дағдыларды игеру.
Әдебиет: 3 нег. .
Бақылау сұрақтары:
1. Кәсіпорынның өндірістік жұмысшыларының саны қалай есептеледі?
2. Кәсіпорынның жұмысрежимі қалай есептеледі?
3. Жабдықтар санын есептеу қалай жүргізіледі?
4. Станоктық жұмыстардың сомалық еңбексыйымдылығы қалай анықталады?
5. Жұмысшылардың ісжүзіндегі жылдық уақыт қоры қалай анықталады?
Тәжірибелік сабақ №3. «Кәсіпорын құнын жуықтап есептеу»
Жұмыстың мақсаты: құрылыстың және жөндеу кәсіпорны жабдықтарының құнын, машиналар мен жабдықтарды жөндеу құнын есептеумен және соның негізінде технико-экономикалық көрсеткіштері бойынша технологиялық процестің және бүкіл жобаның экономикалық тиімділігін анықтаумен танысу.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Жөндеу кәсіпорнының негізгі қоры неден тұратынымен танысу.
2. Құрылысқа шығын неден тұратынымен танысу.
3. Жөндеу кәсіпорны өнімінің құныные нелер кіретінімен танысу.
4. Жобаның технико-экономикалық көрсеткіштерінің құрамына нелер кіретінін оқып-үйрену.
Әдебиет: 3 нег. .
Бақылау сұрақтары:
1. Құрылыс құнына әсер етуші факторларды атаңыз.
2. Тұрмыстық бөлменің 1 м2 құрылысының шығыны қандай?
3. Кәсіпорын жабдықтарын монтаждаудың шығыны қандай?
4. Санитарлық-техникалық құрылымдарға кететін шығын қандай?
5. Құралдарға, айлабұйымдарға және инвентарьға кететін шығын қалай жоспарланады?
Тәжірибелік сабақ №4. «Бөлшектеу бөлімін есептеу әдістемесі»
Жұмыстың мақсаты: оқушыларды жобаланатын жөндеу кәсіпорнының бөлшектеу бөлімін есептеу әдістемесімен таныстыру және оларды есептеуді жүргізудің тәжірибелік тәсілдеріне үйрету.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Бөлімнің жылдық өндірістік бағдарламасын есептеу тәсілдерін оқып-үйрену.
2. Жөндеу кәсіпорнының бөлшектеу бөлімінің технологиялық процесін оқып-үйрену.
3. Жабдықтарды есептеу және таңдау әдісімен танысу және игеру.
4. Бөлімнің ауданын есептеу әдісімен танысу және игеру.
Әдебиет: 3 нег. .
Бақылау сұрақтары:
1. Бөлшектеу жұмыстары қандай элементтерден тұрады?
2. Бөлшектеу жұмыстарының түрлері бойынша еңбексыйымдылықтарының пайыздық қатынастары қандай?
3. Бөлшектеу процестері кезінде машиналар мен жабдықтарды бір жұмысорнынан екіншісіне жылжыту қалай жүргізіледі?
4. Жабдықтар мен жұмысшылар санын есептеу қалай жүргізіледі?
5. Кәсіпорын бөлшектеу бөлімінің ауданын қалай анықтайды?
Тәжірибелік сабақ №5. «Бақылау-сұрыптау бөлімін есептеу әдістемесі»
Жұмыстың мақсаты: оқушыларды жобаланатын жөндеу кәсіпорнының бақылау-сұрыптау бөлімін есептеу әдістемесімен таныстыру және оларды есептеуді жүргізудің тәжірибелік тәсілдеріне үйрету.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Бөлімнің жылдық өндірістік бағдарламасын есептеу тәсілдерін оқып-үйрену.
2. Жөндеу кәсіпорнының бақылау-сұрыптау бөлімінің технологиялық процесін оқып-үйрену.
3. Жабдықтарды есептеу және таңдау әдісімен танысу және игеру.
4. Бөлімнің ауданын есептеу әдісімен танысу және игеру.
Әдебиет: 3 нег. .
Бақылау сұрақтары:
1. Бақылау-сұрыптау жұмыстары қандай элементтерден тұрады?
2. Бақылау-сұрыптау жұмыстарының түрлері бойынша еңбексыйымдылықтарының пайыздық қатынастары қандай?
3. Жабдықтар мен жұмысшылар санын есептеу қалай жүргізіледі?
4. Кәсіпорын бақылау-сұрыптау бөлімінің ауданын қалай анықтайды?
Тәжірибелік сабақ №6. «Комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімін есептеу әдістемесі»
Жұмыстың мақсаты: оқушыларды жобаланатын жөндеу кәсіпорнының комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімін есептеу әдістемесімен таныстыру және оларды есептеуді жүргізудің тәжірибелік тәсілдеріне үйрету.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Бөлімнің жылдық өндірістік бағдарламасын есептеу тәсілдерін оқып-үйрену.
2. Жөндеу кәсіпорнының комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімінің техноло-гиялық процесін оқып-үйрену.
3. Жабдықтарды есептеу және таңдау әдісімен танысу және игеру.
4. Бөлімнің ауданын есептеу әдісімен танысу және игеру.
Әдебиет: 3 нег. .
Бақылау сұрақтары:
1. Комплектілеу және слесарьлық-келтіру жұмыстары қандай элементтерден тұрады?
2. Комплектілеу және слесарьлық-келтіру жұмыстарының түрлері бойынша еңбексыйымдылықтарының пайыздық қатынастары қандай?
3. Жабдықтар мен жұмысшылар санын есептеу қалай жүргізіледі?
4. Кәсіпорын комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімінің ауданын қалай анықтайды?
Тәжірибелік сабақ №7. «Жабдықтарды жинау бөлімін есептеу әдістемесі»
Жұмыстың мақсаты: оқушыларды жобаланатын жөндеу кәсіпорнының жабдықтарды жинау бөлімін есептеу әдістемесімен таныстыру және оларды есептеуді жүргізудің тәжірибелік тәсілдеріне үйрету.
Әдістемелік ұсыныстар:
1. Жабдықтарды жинау бөлімінің жылдық өндірістік бағдарламасын есептеу тәсілдерін оқып-үйрену.
2. Жөндеу кәсіпорнының жабдықтарды жинау бөлімінің технологиялық процесін оқып-үйрену.
3. Жинау бөлімінің жабдықтарды есептеу және таңдау әдісімен танысу және игеру.
4. Бөлімнің ауданын есептеу әдісімен танысу және игеру.
Әдебиет: 3 нег. .
Бақылау сұрақтары:
1. Жинау жұмыстары қандай элементтерден тұрады?
2. Жинау жұмыстарының түрлері бойынша еңбексыйымдылықтарының пайыздық қатынастары қандай?
3. Жинау процестері кезінде машиналар мен жабдықтарды бір жұмысорнынан екіншісіне жылжыту қалай жүргізіледі?
4. Жабдықтар мен жұмысшылар санын есептеу қалай жүргізіледі?
5. Кәсіпорын жинау бөлімінің ауданын қалай анықтайды?
2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың (СОӨЖ) жоспары
Рет№ |
Тақырыптың атауы |
Тақырыптың мазмұны |
Жүргізу түрі |
Әдебиет |
1. |
Жабдықтың сыртын жуу цехын есептеу әдістемесі |
Жылдық жалпы өндірістік бағдарламаны анықтау. Жуғыштарды, жұмысшылар санын есептеу және жабдықтарды таңдау.
|
Есептер шығару |
3 нег. [33-113], 7 қос. [173-174] |
2. |
Пісіру цехын есептеу әдістемесі |
Цехтың жылдық бағдарла-масы. Цехтың ауданын, жұмысшылар санын есептеу және жөндеу жарақтарымен комплектілеу.
|
Есептер шығару |
3 нег.[33-153], 7 қос. [173-174]
|
3. |
Электржабдықтарын жөндеу цехын есептеу әдістемесі |
Технологиялық процесті негіздеу. Қажетті құралдар мен жабдықтарды есептеу. Қолданылатын технологиялық жарақтар және айлабұйымдар. |
Есептер шығару |
3 нег. [33-116]
|
4. |
Қазандық бөлімін есептеу әдістемесі |
Қазандық бөлімінің жұмыс көлемі. Қолданылатын қазандық агрегаттар. Ауданды жайластыру, жұмысшылар санын есептуе. Пайдаланылатын техникалық құралдардың мүмкін нұсқалары.
|
Есептер шығару |
3 нег. [33-116]
|
5. |
Агрегаттық бөлімді есептеу әдістемесі |
Технологиялық процесс. Агрегаттық бөлімнің ауданын және қажетті жұмысшылар санын есептеу |
Есептер шығару |
3 нег. [33-119]
|
6. |
Мыстау-жездеу бөлімін есептеу әдістемесі |
Жобалауға тапсырма. Жыл ішінде жөнделетін бұйымдар санын анықтау. Негізгі технологиялық жабдықтар.
|
Есептер шығару |
3 нег. [33-119]
|
7. |
Ағаш өңдеу бөлімін есептеу әдістемесі |
Ағаштарды механикалық өңдеу, ұсталық-жинау жұмыстарының көлемін белгідеу. Жөндеу кәсіпорнының өзінің қажетін есептуе.
|
Есептер шығару |
3 нег. [33-119]
|
8. |
Отын аппаратурасы бөлімін есептеу әдістемесі |
Жылдық өндірістік бағдарлама. Технологиялық процесс. Ауданын, жұмысшылар санын есептеу және жабдықтарды таңдау. Қолданылатын технологиялық жарақтар және айлабұйымдар.
|
Есептер шығару |
3 нег. [33-119]
|
9. |
Қозғалтқыштарды жөндеу бөлімін есептеу әдістемесі |
Бөлшектерді жөндеуге арналған жабдықтарды есептеу. Жөндеуден шығатын агрегаттар саны. Жинау жұмыстарының көлемін, жабдықтар мен құралдар және жұмысшылар санын анықтау. |
Есептер шығару |
3 нег. [33-178]
|
10. |
Сынау станциясын есептеу әдістемесі |
Технологиялық жарақтарды таңдау. Жылыны сыналатын қозғалтқыштардың және басқа жабдықтардың саны. Сынлатын агрегаттар мен машиналардың түйіндерінің орнығу графигі. |
Есептер шығару |
3 нег. [33-178]
|
11. |
Слесарлық-механикалық бөлімді есептеу әдістемесі |
Бұрғылау және мұнай өндіру жабдықтарының бөлшектерін жөндеуге арналған жөнделетін және жасалатын жарақтарды механикалық және слесарьлық өңдеудің жоспар-графигін жасау. |
Есептер шығару |
3 нег. [33-178]
|
12. |
Ұсталық бөлімді есептеу әдістемесі |
Тозған бөлшектерді қысымдау, тоқпақтау және штамптау тәсілдерімен жөндеу бағдарламасын негіздеу. Негізгі өндірісті және құралдар цехының қажетін қамтамасыз ету.
|
Есептер шығару |
3 нег. [33-178]
|
13. |
Термиялық бөлімді есептеу әдістемесі |
Негізгі өндіріс бөлшектерін және бас механик бөлімінің тапсырмасын жөндеу және жасау бойынша термиялық жұмыстарды орындауды есептеу. |
Есептер шығару |
3 нег. [33-178]
|
14. |
Гальваникалық бөлімді есептеу әдістемесі |
Бөлшектердің беттерін тозуға төзімді жаппалармен (хромдаумен, болаттаумен), сондай-ақ мырыш пен мыс қорғаушы жаппалармен қайта қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарының көлемін анықтау. |
Есептер шығару |
3 нег. [33-178]
|
15. |
Пісіру бөлімін есептеу әдістемесі |
Пісіру жұмыстарының бағдарламасы. Жарықтарды пісірудің, газбен кесудің, зақымданған металл құрылымдарын пісірудің технологиялық процесін негіздеу. Бөлімнің ауданын, пісірушілер санын есептуе және жабдықтарды таңдау. Технологиялық жарақтар және айлабұйымдар |
Есептер шығару |
3 нег. [33-178]
|
