- •Студенттердің пәндік
- •«Жөндеу кәсіпорындарын жобалау негіздері»
- •5В072400 – Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – Syllabus
- •1.1 Оқытушы жөнінде мәліметтер
- •1.4 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және олардың орындау мерзімі
- •1.7 Әдебиеттер тізімі
- •1.8 Білімді бағалау және бақылау
- •1.9. Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі
- •2.3. Тәжірибелік сабақтардың жоспары
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ (сөж) жоспары
- •2.6. Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.7 Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глосарий
- •Жөндеу кәсіпорнын жобалау негіздері
- •5В072400 – «Мұнай және газ өндірісінің технологиялық машиналары мен жабдықтары» мамандығы үшін
1.9. Курстың саясаты мен процедурасы
1. Жұмыстарды көрсетілген уақытта тапсыру.
2. Жұмыстарды тапсырмаған студенттер емтиханға жіберілмейді.
3. Оқу материалдарын игеру дәрежесі тестермен тексеріледі.
4. Сабаққа кешікпеу.
5. Сабақтан қалмау.
6. Оқу процесіне белсенді қатысу.
7. Үй тапсырмасын өз бетінше орындау.
2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Рет № |
Тақырыптың атауы |
Академиялық сағаттар саны |
||||
Дәріс |
Тәжір. |
СОӨЖ |
СӨЖ |
|||
1. |
Кіріспе. Жобалау кезеңдері |
2 |
|
3 |
3 |
|
2. |
Жобалау әдістемесі |
2 |
2 |
3 |
3 |
|
3 |
Кәсіпорынның ұйымдастырулық құрылымы және штаттық ведомостысы. |
2 |
2 |
3 |
3 |
|
4. |
Жөндеу кәсіпорынның жайласуы мен бас жоспарының сұлбасы |
2 |
4 |
3 |
3 |
|
5. |
Жөндеу кәсіпорнының құрамы |
2 |
|
3 |
3 |
|
6. |
Цехтар мен қызметтерді орналастыру |
2 |
|
3 |
3 |
|
7. |
Жобаланатын кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері |
2 |
|
3 |
3 |
|
8. |
Жуу, бөлшектеу бөлімдерін жобалау |
2 |
2 |
3 |
3 |
|
9. |
Гальваникалық және металдау бөлімдерді жобалау |
2 |
|
3 |
3 |
|
10. |
Пісіру бөлімін жобалау және материалдар мен энергетиканы есептеу |
2 |
|
3 |
3 |
|
11. |
Комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімдерін жобалау |
2 |
2 |
3 |
3 |
|
12. |
Машиналар мен жабдықтарды жинау бөлімін жобалау |
2 |
3 |
3 |
3 |
|
13. |
Сынау станциясы |
2 |
|
3 |
3 |
|
14. |
Құралдық бөлім |
2 |
|
3 |
3 |
|
15. |
Қойма шаруашылығы мен зертханаларды жобалау |
2 |
|
3 |
3 |
|
|
Барлығы (сағат) |
30 |
15 |
45 |
45 |
|
2.2 Дәрістік сабақтардың конспектісі
Дәріс №1. Кіріспе. Жобалау кезеңдері
Жоба – заводтар салу және жабдықтау орындалатын, құрылыс және монтаж жұмыстарына қаражат шығындалатын, алғашқы кездерде заводта өндіріс ұйымдастырылатын және жүргізілетін конструкторлық, технологиялық және сметалық құжаттардың комплектісі.
Жоба негізіне, өнімнің ең төмен өзіндік құны кезінде оның жоғарғы сапасын қамтамасыз ететін, алдыңғы қатарлы құрылыс, технология және ұйымдастыру шешімдері қалануы керек. Жобалық шешімдердің озықтығы мен дұрыстығы ақыр соңында, өндірістері ұқсас, сол кездегі алдыңғы қатарлы өндірістік әрекеттегі кәсіпорындармен салыстырылатын, технико-экономикалық көрсеткіштермен (ТЭК) бағаланады.
Жобалау үшін негізгі нормативтік құжат қызметін өндірістік құрылысқа арналған жобалар мен сметталар жасау бойынша нұсқама атқарады.
Қазіргі кезде құрылыстың типтік жобаларын жасау және тәжірибеге енгізу кең таралу алған. Кәсіпорындарды типтік жоба бойынша салу, жұмысты индистрализациялау – ғимараттар мен құрылыстардың негізгі ірі блоктарын заводтарда жасау және оларды құрылыс алаңында жинау – есебінен, жобалау жұмыстарының көлемін қысқартып, құрылысты азандатып және мерзімін қысқартып, маңызды халықшарушылық тиімділігін береді. Кәсіпорынды жарақтандыру үшін технологиялық жабдықтар мен жарақтардың – пештердің, ванналардың, стендтердің, сөрелердің, жабдықтар іргетастарінің, цех көлігі құралдарының, технологиялық жарақтардың және тс.с. – оңтайлы стандарттық емес құрылымдары сталып алынуы мүмкін.
Жобалау кезеңдері. Жөндеу заводтары мен ірі жөндеу базаларын жобалау тәртібін қарастырамыз.
Жобалауға тапсырма – жаңа немесе қайтадан құрылымдалатын кәсіпорын бойынша тапсырыс берушінің талаптары негізінде қалыптасады және жобалау үшін қажетті алға шарттар беріледі. Тапсырма кәсіпорынның құрылысын салудың немесе қайта құрылымдаудың тиімділігінің технико-экономикалық негіздеулері (ТЭН) негізінде жасалады.
Тапсырмада кәсіпорынның атауы, құрылыс ауданы немесе бекеті, кәсіпорынның жылдық бағдарламасы, жөндеу қоры келетін көздер, яғни жөндеу заводы қандай ұйымдар мен кәсіпорындарға қызмет ететіні, оның жұмыс режимі, негізгі технологиялық процестері, заводты материалдармен, энергияның барлық түрлерімен, отынмен, сумен, қамтамасыз ететін көздер, заводтың кооперациялану мнмкіндіктері, құрылыстың аяқталу уақыты және завод цехтарының пайдаланылуға берілу кезектері, күрделі салымдардың жуықталған шамасы және басқа мәліметтер көрсетіледі. Құрылыстың технико-экономикалық негіздеулерін және жобалауға тапсырма жасау көбіне заводты жобалайтын ұйымға жүктеледі. Жобалауға тапсырма тапсырыс берушінің жоғарғы ұйымдарымен бекітіледі және жобалау жұмыстарын бастаудың негізі болып табылады.
Жөндеу заводтарын жобалау әдетте екі кезеңмен орындалады:
1. техникалық жоба (сметалық-қаржылық есептеуімен);
2. жұмысшы сызбалар.
Кейбір жағдайларда, әдетте техникалық жобада орындалатын, бағалау жұмыстарын, ТЭН немесе жобалауға тапсырма кезінде орындап, бір кезеңдік жобалауды (техно-жұмыстық жобаны) қолданады.
Техникалық жобада жобаланатын кәсіпорынның ұйымдастыру және технологиялық шешімдері беріледі.
Жобалаудың бұл кезеңінде кәсіпорынды жөндеу қорымен, шикізатпен, материалдармен, энергияның барлық түрлерімен және суменқамтамасыз ету мәселелері, еңбектің жоғарғы өнімділігін қамтамасыз ететін, өндірісті мамандандыру және кооперациялау, жоғарғы әсерлі технологиялық процестер мен жабдықтарды қолдану, өндірісті механикаландыру және автоматтандыру мәселелері шешіледі.Сонымен қатар құрылысқа бөлінген, территорияны оңтайлы пайдалану, кәсіпорынды мамандармен комплектілеу, қажетті тұрғын-тұрмыстық шартарды жасау және т.б. мәселелер шешіледі.
Негізгі жобалау шешімдері қала немесе аудан архитекторымен, жоспарлаушы ұйымдармен, Мемсанқадағалаумен және Мемөртқадағалаумен талқыланған және келісілген болуы керек.
Әсіресе, табиғат пен адамдарға зиян келтіретін өндіріс шығарулары мен қалдықтарынан қоршаған ортаны қорғауға арналып жобада қарастырылған іс-шаралардың барлығы жергілікті ұйымдармен ерекше талқылануы және келісілуі керек. Жобаның бұл бөліміне ерекше көңіл аударылуы керек.
Техникалық жобаның технологиялық бөлігінде келесі жұмыстар орындалады:
1. Заводтың жылдық бағдарламасы бойынша қол және станок жұмыстарының технологиялық процестері жасалады және еңбексыйымдылықтары бағаланады. Егер завод бағдарламасы әмбебап болса (әртүрлі машиналарды жөндеу жоспарланатын болса), онда технологиялық процестер жасалатын және жұмыстың еңбексыйымдылығы бағаланатын бұйым-өкіл анықталады, ал қалған бұйымдар бұйым-өкілге келтіріледі. Пайдалану орындарындағы машиналардың ағымдағы және ортаңғы жөндеулерін қамтамасыз етуге сыздандыруға арналған қосалқы бөлшектердің атуларының тізімі мен оларды дайындаудың жылдық көлемі анықталады. Заводта мұнай-газ өндіруші кәсіпорындардың тапсырысы бойынша стандаттық емес жабдықтар мен жарақтарды дайындау бойынша жұмыстардың көлемі дәлденіп анықталады және еңбексыйымдылығы бағаланады.
2. машиналар мен агрегаттарды жөндеудің және бөлшектерді жасаудың өндірістік процесінің сұлбасы (тәртібі) жасалады, көлік ағынының сұлбасы есептеледі.
3. Жөндеу кәсіпорнының құрамы - өндірісті дұрыс жүргізу үшін қажетті цехтар мен қызметтердің тізімі, цехтар мен бөлімдердің өзара байланысы және оларды ұйымдастыру принциптері анықталады.
4. Заводтың жетекші цехтары мен қызметтері – жұмысшылардың құрамы мен саны, қажетті жабдықтар, аудан, материалдар мен энергия шығыны есептеледі.
5. Негізгі цехтарға жабдықтары мен жұмыс орындары жайғастырылып заводтың барлық цехтары мен қызметтерінің жоспары жасалады.
6. Заводтың бас жоспары жасалады.
Жобаның негізгі бөлігінде негізгі үйлер мен ғимараттардың архитектуралық және конструкторлық шешімдері, құрылыс материалдары, құрылысты ұйымдастыру және мерзімі беріледі.
Экономикалық бөлімде бас смета жасалады және завод құрылысы мен жабдықтарының құны анықталады, жобаның технико-экономикалық көрсеткіштері есептеледі.
Жөндеу базасы үшін, кәсіпорын пайдаланатын және де сол базада күтімнен өтетін, машиналар паркіне тәуелді бағдарламасы мен қуатын есептеудің маңызы зор. Бұндай әдістеме бойынша машиналар паркін пайдалану қарқынына тәуелді оларға жөндеудің барлық түрінен қажеттілік толық ескерілуі мүмкін. Бұдан басқа, пайдаланушы кәсіпорындармен жасалған, жабдықтарды жөндеудің жоспар-графигі нақтылы қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда бағдарламаны есептеу негізіне ЖЕЖ жүйесінің пайдаланулық нормативтері алынады.
Техникалық жобада завод шаруашылығының жекелеген элементтері (үйлер, ғимараттар, стандаттық емес жабдықтар) үшін типтік жобаларды қолдану мүмкіншіліктері анықталады, бұл жобалардың төлқұжаттары келтіріледі.
Техникалық жоба тапсырыс берушімен қаралады және бекітіледі, оның негізінде жұмыс сызбалары орындалады, жұмысты қаржыландыру басталады, жабдықтардың негізгі бөлігіне тапсырыстар беріледі.
Жұмыс сызбалары құрылысты пен монтаждауды және заводты пайдаланудың алғашқы кезеңдерінде барлық жұмыс құжаттарымен қамтамасыз етуге қажет. Жұмыс сызбаларын жасау кезінде жобада қабылданған шешімдер нақтыланады.
Блоктылық принципі өндірісті салыстырмалы ұзындықтары үлкен емес көп аралықты (многопролетный) үйлерде жайластыруға негізделген. Үй жоспарында квадрат немесе қысқа тіктөртбұрышқа жақын болулары керек, сонда аудандары бірдей кездерде үйлердің периметрлері ең кіші болып шығады (негізінен үйдің периметрі оның құрылысы мен пайдалану құнын анықтайды). Өндірістік корпустағы аралықтар саны мен олардың өлшемдері жоғарыда қарастырылған цехтар мен қызметтердің сомалық ауданы бойынша анықталады.Аралықтардың ұзындығы бағана (колонна) қадамына еселікте болуы керек.жөндеудің өндірістік ағынының сұлбасын тік ағынды (қарсы және қиылысатын жүк ағынысыз) етіп қабылдаған жөн.жөндеу кәсіпорнының барлық цехтары мен қызметтері төрт топқа (аймаққа) бөлінеді:
- бөлшектеу цехы жалпы жуу, бөліктер мен агрегаттарға бөлшектеу, агрегаттарды бөлшектеу және бөлшектерді жуу, бақылау-сұрыптау бөлімдерімен және бөлшектер қоймасымен;
- жинау цехы комплектілеу, слесарьлық-келтіру, түйінге және жалпы жинау, сырлау бөлімдерімен, реттеу-сынау станциясымен;
- бөлшектерді жөндеу және жасау цехтары мен бөлімдері – механикалық, қазандық-пісіру, ұсталық-престік, термиялық;
- қызметтің гальваникалық және көмекші цехтары – құрал-саймандық, жөндеу, құрал қоймасы, қайрау бөлімі, компрессорлық станция, трансформаторлық станция, қоймалар және әкімшілік-тұрмыстық бөлмелер.
Өндіріс сұлбасына сәйкес бұл аймақтар өндірістік корпус жоспарына енгізіледі, ал сонан соң сәйкес цехтар, бөлімдер және қызметтер жайластырылады.
Енді барлық цехтар мен қызметтерді жөндеудің типтік технологиялық процесіне сәйкес тиімді орналастыру қажет.
Цех ішілік көлік – екі көпірлік кран (жүк көтергіштіктері 10 т), арбалар және қоймадағы жөнделетін машиналарды корпусқа енгізуге және дайын өнімдерді шығаруға арналған арбасы бар рельсті жол. Зиянды шығарындылары бар цехтар мен бөлімдерді (сырлау, галваникалық, термиялық, ұсталық-престік) жобалаған кездежобада техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария, сондай-ақ табиғатты зиянды шығарындылардан қорғау шаралары бойынша арнайы іс-шараларқарастырылуы керек.
Әдебиет:
1 нег.
,
2 нег.
[
28-41].
Бақылау сұрақтары:
1. Жоба дегеніміз не?
2. Жобалауға арналған негізгі нормативтік құжат не?
3. Жобалау кезеңдері.
4. Жобалауға тапсырмада не көрсетіледі?
5. Жобаның қай бөлігінде жөндеудің өндірістік процесінің сұлбасы (тәртібі) қарастырылады?
Дәріс №2. Жобалау әдістемесі
Жылдық бағдарлама машиналар мен жабдықтарды ортаңғы және күрделі жөндеулердің тізімі және саны түрінде берілуі мүмкін.
Жөндеу базасы үшін, кәсіпорын пайдаланатын және де сол базада күтімнен өтетін, машиналар мен жабдықтар паркіне тәуелді бағдарламасы мен қуатын есептен тиімді. Бұндай әдістеме бойынша машиналар паркін пайдалану қарқынына тәуелді оларға жөндеудің барлық түрінен қажеттілік толық ескерілуі мүмкін. Бұдан басқа, пайдаланушы кәсіпорындармен жасалған, жабдықтарды жөндеудің жоспар-графигі нақтылы қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда бағдарламаны есептеу негізіне жоспарлы-ескертулік жөндеу (ЖЕЖ) жүйесінің пайдаланулық нормативтері алынады.
Жөндеу
базасы әрекеттегі 15 бұрғылау қондырғысын
жөндеудің барлық түрімен қамтамасыз
етуге арналған деп алайық. Компрессорлық
қондырғыларды, іштен жану қозғалтқышын
(ІЖҚ), электрқозғалтқышын, электржабдықтарын,
бұрғы кілттерін жөндеу жиі саланың
мамандандырылған кәсіпорындарындарында
орындалады. Қарастырылып жатқан мысалда,
жеткілікті әмбебап жөндеу кәсіпорнының
мүмкін ұйымдастырулық және технологиялық
шешімдерін көрсету мақсатында,
компрессорлар мен ІЖҚ жөндеу база
бағдарламасына енгізілген. Бұрғылау
жабдықтарын жөндеуден басқа база
бұрғылау жұмыстары басқармасының (БЖБ)
стандарттық емес жабдықтарға тапсырыссын
да орындайтын болады. Бұл үшін база
қуатының бір бөлігі резервтеледі. Жөндеу
базасының жылдық бағдарламасын бұрғылау
және мұнай өндіру жабдықтарының ЖЕЖ
жүйесінің нормативтерінен алынған
мәліметтер көмегімен есептейді
.
Ыңғайлы болуы үшін жөндеу аралық циклді
жабдық жұмысының машина-сағатымен
есептеуге өткен тиімді. Бағдарламаны
есептеуде жабдықтың ағымдағы жөндеулері,
сондай-ақ пайдалану орындарындағы
ортаңғы жөндеуді орындалу кезінде және
де агрегаттарды ауыстыру жұмыстары да
ескеріоген. Бұл кезде жөндеу базасының
құрамында жылжымалы жөнжеу құралдары
қарастырылуы керек. есептеу қорытындысында
жөндеу базасының жылдық бағдарламасы
натураль өрнекпен – агрегаттардың,
бұрғылау қондырғыларын комплектеуші
бұйымдыардың ағымдағы, ортаңғы және
күрделі жөндеулер саны түрінде алынады.
Базаның қуатын есептеу үшін жөндеулер санынан олардың бірыңғайландырылған бағасына өту, яғни ЖЕЖ жүйесінің нормативтерінде қарастырылған әртүрлі машиналарды жөндеудің еңбексыйымдылығын пайдалану қажет. Сол нормативтер бойынша жалпы еңбексыйымдылықты жұмыс түрлеріне – станоктыққа, слесарьлық-жинақтыққа, ұсталық-престікке, пісіруге және т.б. – бөлуге болады.
Еңбексыйымдылығының жылдық бағдарламасын есептеуді қарапайымдандыру үшін жұмыс түрлеріне бөлуді абсолюттік шамамен (сағатпен) емес, -де көрсетілгендей, жалпы еңбексыйымдылығының % түрінде көрсеткен ыңғайлы. Егер нормативте жұмысты түрлері бойынша бөлу жоқ болса, онда келесі жуықтау қатынастарын (%) пайдалану ұсынылады:
Механикалық өңдеу ..............................................................................40-50
Монтаж-демонтаждау және слесарьлық жұмыстар ...........................30-35
Ұсталық-престік жұмыстар ....................................................................3-10
Термиялықтар ..........................................................................................5-10
Пісіруліктер .............................................................................................5-10
Сырлаушы жұмыстары ............................................................................1-3
Жуу, бақылау, комплектілеу ...................................................................5-6
Стандартық емес жабдықтарды жасауға қуат резервін ескере отырып (50% қабылданған) есептеулер қол және станок жұмыстарының еңбексыйымдылығымен жөндеу базасының жылдық бағдарламасының бағасын береді. Осындай түрде бағдарлама жөндеу кәсіпорны элементтерінің барлығын есептеу үшін пайдаланылуы мүмкін.
Жылдық бағдарламаны есептеу кезінде күрделі жағдайлар болуы мүмкін. Мысалы, база батырмалы штангалы сораптарды жөндеуге арналған деп алайық. Сораптар диаметрлері мен плунжер жүрісі бойынша ерекшеленіп, шамамен елу типөлшемде шығарылады. Бұндай сораптардың массалары 18-364 кг. Батырмалы электр ортадан тепкіш сораптардың да номенклатурасы кең. Әлбетте, сораптарды жөндеу еңбексыйымдылығы да әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ, сораптың бір түрін жөндеу еңбексыйымдылығы белгілі болса (мысалы, НГН-2-нің), онда сол сорапты құрылымы бойынша бүкіл бір типті батырмалы сораптар сериясының бұйым-өкіл ретінде алып, массалық қатынасы бойынша әрқайсысының жөндеу еңбексыйымдылығын бағалауға болады. Станоктық жұмыстардың еңбексыйымдылығы келесі формуламен есептеледі:
,
(1)
мұнда,
-
есептелінуі керек еңбексыйымдылығы,
сағ;
-
бұйым-өкілді жөндеу еңбексыйымдылығы,
сағ;
-
жөндеу еңбексыйымдылығы анықталуы
керек бұйымның массасы, кг;
-
бұйым-өкілдің массасы, кг.
Слесарьлық-жинау жұмыстарының еңбексыйымдылығы:
.
(2)
Егер құрылымы бойынша ұқсас машиналарды жөндеу еңбексыйымдылығы белгісіз болса, онда бір типөлшемдегі машиналарды жөндеудің технологиялық процесін жасап және номалап, жоғарыда келтірілген формулалармен әрбір машинаны жөндеу еңбексыйымдылығын анықтауға болады. Егер кәсіпорын бағдарламасында әртүрлі типтегі машиналар болса, онда оларды жөндеу еңбексыйымдылығын бағалау үшін бөлшек-өкіл әдісін қолдануға болады. Барлық машиналар бір типті бөлшектер тобына - әртүрлі күрделіліктегі біліктерге, төлкелерге, дискілік бөлшектерге, атап айтқанда, тісті және шығыр дөңгелектеріне, корпустық бөлшектерге және т.с.с. – бөлінеді. Әрбір топтың өкіліне жөндеу технологиясы жасалады және нормаланады, сонан соң масса қатынастары бойынша топтағы басқа бөлшектердің жөндеу еңбексыйымдылықтары анықталады. Бұйым-өкіл немесе бөлшек-өкіл ретінде жылдық бағдарламасы жеткілікті үлкен өлшемдері орташа нысандарды таңдаған жөн. Осылай жөндеу жұмыстарының жалпы еңбексыйымдылықтарын анықтауға болады.
Жөндеу кәсіпорнының құрамы. Өндірістің қалыпты жүруін қамтамасыз ету үшінжөндеу кәсіпорны ең аз мөлшердегі негізгі және көмекші цехтармен және қызметтермен қамтамасыз етілуі керек. Кәсіпорынның құрамы негізінен шығаруларды ұйымдастырылуымен, технологиялық процесімен және көлемімен (номенклатурасымен және жылдық шығарылуымен), кәіспорынның мамандану дәрежесімен және оның басқа заводтармен кооперациялану мүмкіндіктерімен анықталады.
Мұнай және газ кәсіпшілігінің жөндеі кәсіпорнын ұйымдастыруға маңызды әсер етеді:
1) пайдаланудағы күрделі машиналар мен жабдықтардың номенклатурасының көп болуы;
2) машиналар паркінің салыстырмалы көп емес саны және шашыратылмауы;
3) пайдалну шарттарының ауырлығы;
4) машиналар паркінің тұрақсыздығы – мұнай немесе газ кенорнын игеру нәтижесінде қолданылатын жабдықтардың номенклатурасы қатты өзгереді:
игерудің бірінші кезең – кенорнын қуатты бұрғылау қондырғыларымен шапщаңдатып бұрғылау;
екінші кезең – салыстырмалы қарапайым жабдықтармен атқылаты өндіру және жер асты қысымын қуатты сораптармен немесе компрессорлармен ұстау жүйесін ұйымдастыру;
үшінші кезең – мұнайды сораптармен өндіру;
5) кенорындарында пайдалануға қажетті әртүрлі стандартық емес жабдықтарды жөндеу кәсіпорнынды жасау қажеттігі. Осыларға байланысты мұнай және газ кәсіпшілігінің ірі жөндеу базалары, замануи машинажасау өндірісінің барлық элементтері бар жеткілікті әмбебап кәсіпорын болуы керек. Онда ірі дайындамалық цехтары ғана болмайтын, өйткені ауыр иленген мен штамповкаларды, әдетте жөндеу кәсіпорны басқа жақтардан алады.
Сонымен жөндуе кәсіпорнының құрамында бүкіл өңдеуші цехтер мен бөлімшелер – механикалық, металлқұрылымдық және пісіру, термиялық, кіші ұсталық-престік, металл қаптау, жууы, бақылау-сынау бөлімшелерімен монтаж-демонтаждау, электротехникалық, автомат құралдар, отын аппаратурасы бөлімшелері, барлық көмекші цехтар мен қызметтер: құралдық, компрессор станциясы, қоймалар және т.б. – болуы керек.
Кәсіпорынның жұмыс режимі және жабдықтардың және жұмысшылардың уақыт қоры. Кәсіпорынның жылдық бағдарламасын есептеп, оны орындауға қажетті өндірістік жұмысшылар мен жабдықтар санын анықтауға болады. Бұл үшін кәсіпорынның жұмыс режимін белгілеп, жабдықтар бірлігі мен жұмысшылардың өзіндік мүмкіншіліктерін есептеу керек. Қазіргі кездегі өндірістік кәсіпорындардың жұмыс режимдері екі күн демалысымен бес күндік жұмыс аптасы. Жұмыс аптасының ұзақтығы 41 сағат, жұмыс күнінікі – 8,2 сағат. Жөндеу кәсіпорындары үшін екі ауысымдық жұмысты белгілеген жөн.
Аптасына екі күн демалысты және жыл бойы болатын сегіз күн мейрамды ескере отырып, жыл ішіндегі жұмыс күні санын анықтауға болады:
күн.
Бір ауысымның номиналь жылдық уақыт қоры:
сағат,
(есептеуде мейрам алдындағы күндердің жұмыс уақыты 1 сағатқа қысқаратыны ескерілген).
Әдебиет:
1
нег.
,
2 нег. [
41-60].
Бақылау сұрақтары:
1. Жобалау тәртәбі.
2. Жылдық өндірістік бағдарлама.
3. Жұмыс түрлері бойынша еңбексыйымдылығының бөлінуі қалай жүргізіледі?
4. Жөндеу кәсіпорнының құрамы.
5. Кәсіпорынның жұмыс режимі.
6. Жабдықтардың және жұмысшылардың уақыт қоры.
Дәріс №3. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы және штаттық ведомоствосы
Кәсіпорын қуатына, өндірістік процестің сипатына және мамандану дәрежесіне тәуелді кәсіпорынның ұйымдық құрылымының жекелеген құраушылары өзгеруі мүмкін. Негізгі өндіріс цехсыз және цехтық құрылым бойынша құрылуы мүмкін. Цехтық құрылымда жекелеген өндірістік телімдер дербес әкімшілік бірлікке бірігеді. Бұл кезде әрбір цехта жалпы саны 100-ден кем емес өндірістік жұмысшыларды жұмыспен қамтамасыз ететіндей жұмыс көлемі қарастырылады. Жұмысшыларының саны 1000-ға дейінгі өндірістік кәсіпорындар үшін цехсыз басқару жүйесі ұсынылады. Цехсыз құрылымда барлық өндірістік телімдер шеберлермен басқарылады және тікелей завод жетекшілеріне бағынады. Бұл кезде әкімшілік функциялар завод басқармасымен орындалады. Өндірісті басқарудың цехсыз құрылымын пайдалану қамтамасыз етеді: өндірістің негізгі жетекшісі ретінде шебердің рөлін арттыруды, өндірісті басқаруды жетілдіруді және қысқартуға мүмкіншілікті, демек өндірісті басқару аппаратын азандатуды.
Өндірістің негізгі және көмекші жұмысшыларының саны есептеу жолымен анықталады. Инженер-техник жұмысшылар, есептеу-бақылау мамандары, кіші қызмет көрсетуші мамандар мен көмекші жұмысшылардың саны завод бойынша жалпы өндірістік жұмысшылар санының пайыздық қатынасымен анықталады.
Көмекші жұмысшылардың жалпы саны, құрал телімін және БМБ (ОГМ) қоса есептегенде, өндірістік жұмысшылардың 35-40%-нан аспауы керек. Осы мәліметтердің негізінде өндірістік телімдер бойынша жұмыс істейтіндер құрамының тізімі мен өндірісті басқарудың штаттық ведомоствосы құрастырылады.
Жабдықтар санын есептеу. Жөндеу кәсіпорнының негізгі өндірістік жабдықтарының саны мына формуламен анықталады:
,
(3)
мұнда, Ср – станоктардың есептелетін саны; Тс – станоктық жұмыстардың сомалық еңбексыйымдылығы, сағ.; Ғд - ауыссымдықты ескергендегі жабдықтың іс жүзіндегі жылдық уақыт қоры, сағ.; k – уақыт нормасының орындалу коэффициенті (орташа станоктық жұмыс бойынша).
Осындай есептеумен жабдықтардың жалпы саны, мысалы механикалық цехтың, алынуы мүмкін. Механикалық цехтың станоктарының жалпы есептік санын жабдықтар түрі бойынша бөлу, машинажасау кәсіпорны жөндеу-механикалық цехтарына арналған технологиялық жабдықтардың ЖЕЖ жүйесі ұсынған, нормасы аясында орныдалуы мүмкін. –кестеден көретініміздей, есептеумен алынған станоктардың азғана саны механикалық цех үшін кең таңдау жасауға мүмкіндік бермейді. Бірақ таңдаудың негізгі тенденциясы көрсететіндей – токарь станоктарына басымдық беріледі. Есептеу жолымен алынған станоктардың бөлшектік саны есептік Ср және қабылданған Сп арасындағы қатынас механикалық цех бойынша орта есептеп жүктеу коэффициентінің kз=0,80-0,85құрайтындай етіліп, үлкен жағына қарай дөңгелектенеді.
Нормалармен ұсынылған жүктеу коэффициентінің салыстырмалы аз мөлшері орындайтын жұмысы әртүрлі кішкентай механикалық цех шартында жабдықты толық пайдалану мүмкін еместігімен түсіндіріледі. Механикалық цех үшін қабылданған станоктар саны бойынша, жабдықтарды мамандандыру тізімі жасалады. Станоктардың типтері олардың сипаттамалары өңдеу түріне және сол станоктарда жөнделетін немесе жасалатын, машина бөлшектерінің өлшемдеріне сәйкес келетіндей етіліп таңдалады.
6-кесте
Жабдықтың іс жүзіндегі жылдық уақыт қоры Ғд (жөндеуге кететін уақыт шығыны ескерілуімен)
Жабдық және жұмыс орны
|
Бір ауысым |
Екі ауысым |
Үш ауысым |
|||
Уақыт шығыны, % |
Уақыт қоры, сағ. |
Уақыт шығыны, % |
Уақыт қоры, сағ. |
Уақыт шығыны, % |
Уақыт қоры, сағ. |
|
Металлкесуші және ағашөңдеуші |
2
|
2030
|
3
|
4015
|
4
|
5960
|
Сондай, бірақ бірегей (жөндеу күрделілігі 30 санаттан жоғары) |
- |
- |
6 |
3890 |
10 |
55901
|
Ұсталық-престік |
4 |
1990 |
5 |
3930 |
7 |
3850 |
Суықтай өңдеуге арналған престер мен қайшылар |
2
|
2030
|
3
|
4015
|
4
|
5960
|
Жабдықсыз жұмыс орны |
0 |
2070 |
0 |
4140 |
0 |
6210
|
Еңбексыйымдылғы бойынша осығын ұқсас, басқа цехтардың (пісіру, ұсталық-престік, термиялық) жабдықтарын да есептеуді.
Бөлшектеу-жинау цехтары үшін верстактар мен стендтер (жұмыс орындарының) саны ауыссымдағы жұмысшылар санының ең көп кезеңі (әдетте бұл бірінші ауысым) бойынша есептелуі мүмкін. Бұл кезде ірі стендтерде (бөлшектеу және жинау) бір мезгілде бірнеше жұмысшы жұмыс істей алатынын да ескеру қажет.
Өңдеу цехтарының екі ауысымдық жұмысында кейде бөлшектеу-жинау цехтарының жұмысын бір ауысымда ұйымдастырған жөн.
Бөлшектеу-жинау жұмыстарын механикаландыру үшін, верстактар мен стендтерден басқа, комплектісі ескерілмей есептеумен (минимальдық қажетті) бұрғылау станоктары, бөлшектерді итеріп кіргізу мен шығаруға арналған механикалық және гидравликалық престер, үйкелеу станоктары, теңгеру (балансировочные) станоктары және механикаландырылған құралдардың (қол бұрғының, гайкабұрағыштың, пневмоегеулердің және т.б.) әртүрлі комплектілері қолданылады.
7-кесте
Механикалық цех станоктарының түрі бойынша бөлінуі
Станоктар |
Бөлінуі (нормасы), % |
Есептік саны Ср |
Қабылданған саны, Сп |
Жүктеу коэффициенті, к3 =Ср/Сп |
Токарьлық және револьверные |
35-45 |
5,0 |
6 |
0,83 |
Карусель (айналма) |
4-5 |
|
|
|
Қырнау (расточные) |
3-4 |
1,0 |
1 |
1,00 |
Вертикаль-бұрғылау
|
3-7 |
|
|
|
Радиаль- бұрғылау |
5-4 |
1.3 |
2 |
0,65 |
Фрезерлік |
8-10 |
2,0 |
|
|
Жонғыштау (строгальный) |
7-8 |
|
2 |
1,00 |
Тегістеу (шлифовальный) |
11-15 |
1,8 |
2 |
0,9 |
Тіс шығару (зуборезный) |
6-7 |
0,9 |
1 |
0,9 |
Барлығы |
— |
12 |
14 |
0,86 |
Нормалармен ұсынылған жүктеу коэффициентінің салыстырмалы аз мөлшері орындайтын жұмысы әртүрлі кішкентай механикалық цех шартында жабдықты толық пайдалану мүмкін еместігімен түсіндіріледі. Қабылданған станоктар санына, механикалық цехтар үшін қажетті, жабдықтардың мамандау тізімін жасайды. Станоктардың типтері олардың сипаттамалары өңдеу түріне және сол станоктарда жөнделетін немесе жасалатын, машина бөлшектерінің өлшемдеріне сәйкес келетіндей етіліп таңдалады.
Кәсіпорын жұмысшылары санын есептеу. Негізгі жұмысшылардың саны мамандығы бойынша, жүмыс түріне тәуелді жылдық бағдарламадан еңбексыйымдылығы ескеріле есептеледі:
,
(4)
мұнда,
-
берілген жұмыс түрі бойынша жылдық
бағдарламаның сомалық еңбексыйымдылығы,
сағ.; Fд.р
– бір жұмысшының іс жүзіндегі уақыт
қоры, сағ.; k
– норманың орындалу коэффициенті.
Жөндеу базасы цехтарының машиналары мен станоктарының саны көп болғанда жұмысшылар санын станоктардың қабылданған саны бойынша таңдаған жөн. Көмекші жұмысшылар – бақылаушылар, құрал-сацманшылар, электромонтерлер, жөндеушілер, қоймашылар, реттеушілер көлік жұмысшыларының – саны әдетте есептелен өндірістік жұмысшылар санының 25-30% құрайтындай етіліп қабылданады. ИТЖ (ИТР) санын әдетте өндірістік жұмысшылар санының 13-15% тең етіп қабылданады, олардың шамамен жартысы цехтарда, ал қалғандары кәсіпорын басқармасында жұмыс істейді. Есептеу-бақылау мамандары (ЕБМ) өндірістік жұмысшылар санының 10-12% тең етіп қабылданады, олардың шамамен 1/3 кәсіпорын цехтарында, ал қалғандары завод басқармасында жұмыс істейді. Кіші қызмет көрсетуші мамандар (КҚКМ) – сыпырушылар, гардеровшылар - өндірістік жұмысшылар санының 2-3% тең етіп қабылданады.
Әдебиет: 1 нег. , 2 нег. [ 60-68].
Бақылау сұрақтары:
1. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы.
2. Кәсіпорынның штаттық ведомоствосы.
3. Жабдықтар санын есептеу.
4. Жабдықтартың іс жүзіндегі жылдық уақыт қоры.
5. механикалық цех станоктарының түрлері бойынша бөлінуі.
6. кәсіпорын жұмысшылары санын есептеу.
Дәріс №4. Жөндеу кәсіпорнының бас жоспарының жайласуы және сұлбасы
Жөндеу кәсіпорнының бас жоспары. Бас жоспар (1-сурет) деп құрылысқа арналған теліиде үйлердің, ғимараттардың, жолдардың, алаңшалардың, жасал желектердің және қоршаулардың жайласу жоспарын айтады.
Бас жоспарды жобалау кезінде келесі негізгі ережелерді басшылыққа алу керек:
1. Цехтар мен қызметтерді блоктық жайластыру: жөндеу кәсіпорнының барлық негізгі цехтары мен бөлімшелері салыстырмалы ұзындығы үлкен емес көпаралықты бір үйде жайласуы мүмкін; мысалы, негізгі өндірісі ауданы 100000 м2 бір корпуста жайласқан вагон жөндеу заводы бар екені белгілі.
2. Бас жоспарда бүкіл үйлер мен ғимараттарды өндірістік процеске сәйкес тіке ағын приципі бойынша жайластыру.
3. Үйлер мен ғимараттар арасы бүкіл коммуникациялар мен телім аудандарын қысқарту үшін минимальды болуы керек; үйлер мен ғимараттардың өзара жайласуы және олардың арасындағы бөлектену қашықтықтары құрылысты жобалау ережелері мен нормаларын қанағаттандыруы керек.
1- сынапты аспаптарды жөндеу бөлімі;
2-комперссорлық станция; 3-кабель жөндеу
бөлімі; 4-кабельге сіңіру бөлімі; 5-майды
қалпына келтіру бөлімі; 6-гальваникалық
бөлім; 7-жуу бөлімі; 8-қазандық-пісіру
бөлімі; 9-ұсталық-термиялық бөлім;
10-кәсіпшілік жабдықтарды жөндеу бөлімі;
11-электрлік жөндеу бөлімі; 12-батырмалы
ортадан тепкіш сораптарды жөндеу
бөлімі; 13-механикалық цех; 14-сынау
станциясы; 15-трансформаторлы станция;
16-құрал-тарату қоймасы; 17-материалдар
қоймасы; 18-тұрмыстық бөлмелер және
әкімшілік-техникалық қызмет (жоғарғы
қабатта); 19-машиналарды жуу бөлімі;
20-сырлаушылар бөлімі; 21-тұсқағаздық;
22-ІЖҚ сынау; 23-арнайы машиналар мен
тракторларға қызмет көрсету және жеңіл
жөндеу цехы; 24- қосалқы бөлшектер
қоймасы.
1-сурет. Мұнайкәсіпшілігі кәсіпорны жөндеу базасының бас жоспары
4. Шаруашылықтың бас жоспарда жайласуы болашақта бас жоспарды бұзбай және саланған үйлерді де бұзғызбай кеңейтуге мүмкіншілік беоуі керек, егер кәсіпорынды кеңейту болашақта технико-экономикалық тиімді және тапсырмада қарастырылған болса.
5. Бас жоспар жақын орналасқан тұрғын аудандармен және көрші кәсіпорындармен байланысқан және қолданыстағы көлік жолдарын барынша толық пайдалануды қарастырған болуы керек.
6. Бас жоспарда үйлер мен ғимараттардың жайласуы табиғи жарықтану, желдету және өндірістік шығарындылардың зиянды әсерін болдырмау үшін ең жақсы жағдай жасауы керек.
Бұрғылау және мұнайкәсіпшілігі жабдықтары мен машиналарын жөндеу базасы бас жоспарының мүмкін нұсқасының сұлбасы 2-суретте көрсетілген.
1-материалдар қоймасы; 2-жөндеуді күтуші
машиналар қоймасы; 3-сыртын жуу орны;
4-ыстық цехтардың қосымша аймағы; 5-бас
корпус; 6-әкімшілік-техникалық қызмет;
7-гараж; 8-жөнделген машиналар қоймасы;
9-көмекші қоймалар аймағы; 10-қазандық;
11-өрт резервуары.
2-сурет. Жөндеу базасы жоспарының нұсқасы
Жобаның экономикалық бөлімі. Жобаның бұл бөлімінде жөндеу кәсіпорны құрылысының жіне жабдықтарының (негізгі қордың) құнын, машиналарды жөндеу құнын есептейді, соның негізінде технико-экономикалық көрсеткіштер (ТЭК) бойынша технологиялық процестің және жалпы жобаның эконмикалық тиімділігін анықтайды.
Жөндеу кәсіпорнының негізгі қоры үйлер мен ғимараттардың, өндірістік және кқмекші жабдықтардың, құралдардың, айлабұйымдардың және инвентарьлардың құндарыннан тұрады.
Кейбір жобалау ұйымдарының мәліметтері бойынша өндірістік үйлердің 1 м3 құрылысының шығыны құрылыс көлеміне тәуелді 1000-2000 теңгені құрайды.
Тұрмыстық бөлмелердің 1 м3 салу шығыны (қабат санына тәуелді) 20000-25000 теңгені құрайды. Бұл құнға 1 м3 500-600 тенге деп алынған санитарлық-техникалық құрылымдар мен бүкіл коммуникациялардың құны да кіреді. Жабдықтарға шығын мен олардығ құны жабдық ведомостысы бойынша (каталогтан) анықталады. Жабдықтарды монтаждау, іргетасын қоса есептегенде, қабылданған: шамамен 4-5% станоктық жабдықтар үшін, 6-8% кқтері-тасымалдау жабдықтары үшін, ал орау, тасымалдау және қосымша шығын қосындылары жабдық құнының 4-5% құрайды. Энергожабдықтардық құны жобалап есептеулерде, монтаждауын, орауын және тасымалдауын қоса есептегенде, 1 кВт орнатылған қуат үшін 45000-50000 теңгн көлемінде қабылданған. Қымбат (50000 теңгеден артық) және бір жылдан көп қызмет ететін бастапқы қордың – құралдардың, айлабұйымдардың және штамптардың – құны өндірістік жабдықтар құнының 10-15% тең деп қабылданады. Өндірістік және шаруашылық инвентарьларының құны бүкіл жабдықтар құнының 2-3% құрайды.Кәсіпорын қнімінің – машиналар жөндеу мен стандарттық емес жабдықтарды жасау – құны келесі құраушылардан тұрады:
1) негізгі материалдардың құнынан – материалдарды шығындау нормасы және бағалары негізінде анықталады;
2) шығындау нормасы мен бағасы бойынша сатып алынатын бұйымдардың құнынан;
3) көмекші материалдардың (отынның, жағар майлардың, химикаттардың және т.б.) құнынан. Оларды жуықтап есептеулер үшін негізгі материалдар құнының 2-5% тең етіп қабылдайды. Бүкіл материалдардың құнына олардың құнының 4-5% тең тасымалдау шығыны қосылады;
4) өндірістік жұмысшылардың жалақысынан – жұмыс еңбексыйымдылығы, жұмысшылардың орташа разряды және таифтік ставка бойынша анықталады;
5) қосымша шығындардан – өндірістік жұмысшылар жалақысының 250-300% құрайды. Қосымша шығындардың өзіндік шамасының үлкен болуы оның құрамына өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы және оларға қосымша есептеулер, көмекші жқмысшылардың, ИТЖ, СКП және ККМ жалақысы, үйлер мен жабдықтардың амортизациясы, құралдар мен инвентарьлардың тозу құндарының,сондай-ақ кәсіпорынның негізгі қорын жарамды жағдайда ұстау шығындарының кіруімен түсіндіріледі.
Осы мәліметтер негізінде өнімнің өзіндік құнын және бүкіл жылдық бағдарламаның құнын анықтауға болады, ал сонан соң басқа ұқсас кәсіпорындардың көрсеткіштерімен салыстырылатын, жобаның технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтауға болады.Бқл көрсеткіштер бойынша жоба тиімділігінің бағасы беріледі.
Технико-экономикалық көрсеткіштерге кіреді:
1. бастапқы көрсеткіштер - өнімнің жылдық шығарылуы, кәсіпорынның негізгі қорының құны, кәсіпорындағы жұмысшылар саны (оның ішінде өндірістік және көмекші жұмысшылар саны), өндірістік жабдықтар бірлігі саны, жабдыққа белгіленген қуат және кәсіпорын ауданы;
2. өндірістік көрсеткіштер – теңгемен есептелген өнімнің жылдық шығарылуы (1 теңгеге келетін негізгі қор, яғни бір өндірістік жұмысшының, бір жұмыс істеушінің, өндірістік жабдықтардың бір станогінің, 1 м2 өндірістік ауданның қор қайтарылымы (фондоотдача)) және бір жұмысшының кВт/адам алынған энегоқарулануы.
Әдебиет:
1
нег.
,
2 нег. [
68-75].,
3 нег.
.
Бақылау сұрақтары:
1. Жөндеу кәсіпорны бас жоспарын жайлаустыру.
2. Жөндеу кәсіпорны бас жоспарының сұлбасы.
3. Кәсіпорын құнын жуықтап есептеу.
4. Жобаның экономикалық бөлімі.
5. Технико-экономикалық көрсеткіштер.
Дәріс №5. Жөндеу кәсіпорнының құрамы
Өндірістің қалыпты жүрісін қамтамасыз ету үшін жөндеу кәсіпорынына минималь қажетті негізгі және көмекші цехтар мен қызметтер бөлінуі керек. Кәсіпорын құрамы негізінен ұйымдастырумен, технологиялық процестермен, өндіріс көлемімен (атаулары мен жылдық шығарылымы), кәсіпорынның мамандану дәрежесімен және басқа заводтармен кооперативтенуімен анықталады.
Мұнай және газ кәсіпшілігінің жөндеу кәсіпорнын ұйымдастыруға маңызды әсер ететіндер:
1) пайдаланылатын күрделі машианлар мен жабдықтардың тізімінің үлкендігі;
2) жабдықтар мен машиналар паркінің салыстырмалы саны аз болуы жіне шашырап жатуы;
3) пайдалану жағдайының ауырлығы;
4) жабдықтар мен машиналар паркінің тұрақты болмауы – мұнай немесе газ кенорнын меңгеру жағдайына қарай қолданылатын жабдықтар атаулары қатты өзгереді:
- меңгерудің бірінші кезеңі – кенорнын қуатты бұрғылау қондырғыларымен қарқынды бұрғылау;
- меңгерудің екінші кезеңі – салыстырмалы қарапайым жабдықтармен атқылата өндіру және қуатты сорғылармен немесе компрессорлармен жер асты қысымын ұстап тұру жүйесін ұйымдастыру;
- меңгерудің үшінші кезеңі – мұнай сорғыларымен өндіру;
5) кенорны қажеттілігі үшін жөндеу кәсіпорындарында әртүрлі стандартты емес жабдықтарды жасау қажеттілігі.
Бұлардан мұнай және газ кәсіпшілігінің ірі жөндеу базалары, ірі дайындамалық цехтардан басқа (өйткені құймаларды, ауыр шыңдалған темірлерді және штамптарды жөндеу кәсіпорны әдетте басқа жақтан алады), қазіргі заманғы машинажасау өндірісінің элементтерінің түгелге жуығы бар, жеткілікті әмбебап кәсіпорындар болулары керек.
Сонымен, жөндеу кәсіпорнының құрамында негізгі өңдеуші цехтар мен бөлімдер – механикалық, металлоконструкциялық және пісіру, термиялық, кішігірім ұсталық-престеу, металмен жабу, жуатын орынды монтаждық-демонтаждық, автоматтық құралдар, компрессорлық станциялар, қоймалар және т.б. – болулары керек. Жөндеу кәсіпорнының жылдық бағдарламасының еңбек сыйымдылығын есептеп, оны орындауға қажетті өндірістік жұмысшылар мен жабдықтар бірлігін анықтауға болады. Бұл үшін кәсіпорынның жұмыс режимін белгілеп, бір жұмысшыға келетін жабдық бірлігінің меншікті мүмкіндігін есептейді.
Жұмыс режимі кәсіпшілік кәсіпорындардың көпшілігінде қазіргі кезде екі күні демалыс бес күндік жұмыс аптасы. Жұмыс аптасының ұзақтығы 41 сағат, жұмыс күнінікі – 8,2 сағат.
Жөндеу кәсіпорындары үшін екі ауысымды жұмысты белгілеген ұтымды. Қазақстанда бір жылдағы аптасына екі күн демалыс пен мейрамдарды ескергенде жүмыс күндерінің саны:
365-52•2-8═253 күн.
Бір ауысым үшін жұмыс уақытының кесімді жылдық қоры:
247•41∕5+6•7═2070 сағат,
(есептеуде мейрам алдындағы күндері жұмыс күні ұзақтығы 1 сағатқа қысқарады деп алынған).
Жабдықтар санын есептеу. Жөндеу кәсіпорнының негізгі өндірістік жабдықтарының саны мына формуламен анықталады:
Ср = ΣТс / Fд *k, ( 3 )
Мұнда, Ср – станоктардың есептелетін саны;;
ΣTc – станоктық жұмыстардың қосынды еңбек сыйымдылығы, сағ.;
Fд – ауысым ескерілген іс жүзіндегі жылдық уақыт қоры, (кесте);
k – уақыт нормасының орындалу коэффициенті, станоктық жұмыстар бойынша орташа).
Осылай жабдықтардың жалпы жалпы саны табылуы мүмкін, мысалы механикалық цех үшін (8-кесте).
8-кесте
Жабдықтың іс жүзіндегі жылдық уақыт қоры
Жабдықтар және жұмыс орны |
Бір ауысым |
Екі ауысым |
Үш ауысым |
|||
Уақыт шығыны % |
Уақыт қоры, сағ. |
Уақыт шығыны % |
Уақыт қоры, сағ. |
Уақыт шығыны % |
Уақыт қоры, сағ. |
|
Металл кесуші және и ағаш өңдеуші |
2 |
2030 |
3 |
4015 |
4 |
5960 |
Сондай,бірақ бірегей (жұмыс күрделілігі санаты 30 астам) |
- |
- |
6 |
3890 |
10 |
5590 |
Ұсталық-престік |
4 |
1990 |
5 |
3930 |
7 |
3850 |
Суықтай өңдеуге арналған престер және қайшылар
|
2 |
2030 |
3 |
4015 |
4 |
5960 |
Жабдықсыз жұмыс орны |
0 |
2070 |
0 |
4140 |
0 |
6210 |
Механикалық цех станоктарының жалпы есептік саны, жөндеу механикалық цехтары үшін машинажасау кәсіпорындарының технологиялық жабдықтарының ЖЕЖ жүйесі ұсынатын нормаларға сәйкес, жабдық түрлері бойынша бөлінуі мүмкін (кесте).
Кестеден көретініміздей, есептеумен алынған станоктардың азғантай саны механикалық цех ұшін станоктардан кеңірек таңдау жасауға мүмкіндік бермейді. Бірақ таңдаудың негізгі тенденциясы көрсетілген – басымдық токарь станоктарында. Есептеу жолымен алынған станоктардың бөлшектік саны, станоктардың есептік Ср және қабылданған сандары арасындаңы қатынас жүктеу коэффициентінің орташа шамасы механикалық цех үшін kз = 0,80 - 0,85 болатындай етіп, үлкен сан жағына қарай дөңгелектенеді. Норма ұсынған жүктеу коэффициентінің kз шамасы салыстармалы алғанда үлкен болмауы атқаратын жұмысы әртүрлі үлкен емес механикалық цех жағдайында оларды толық пайдалану мүмкіндігі жоқ екендігімен түсіндіріледі.
9-кесте
Механикалық цех станоктарының түрлері бойынша бөлінуі
Станоктар |
Бөлінуі (норма), % |
Станоктар саны |
Жүктеу коэффи-циенті, Kз= Ср/ Сп |
|
Есептелген Ср |
Қабылданған Сп |
|||
Токарь және револьвер |
35-45 |
5,0 |
6 |
083 |
Айналдырғы |
4-5 |
|
|
|
Жону |
3-4 |
1,0 |
1 |
1,00 |
Вертикаль бұрғылау |
3-7 |
|
|
|
Радиаль бұрғылау |
5-4 |
1,3 |
2 |
0,65 |
Фрезер |
8-10 |
|
|
|
Жонғыш |
7-8 |
2,0 |
2 |
1,00 |
Ажарлау |
11-15 |
1,8 |
2 |
0,9 |
Тіс кесетін |
6-7 |
0,9 |
1 |
0,9 |
Барлығы |
- |
12 |
14 |
0,86 |
Станоктардың қабылданған саны бойынша механикалық цехқа қажетті жабдықтардың арнамасы жасалады. Станоктар типін олардың сипаттамалары жасалатын жұмыс түріне және өлшемдері сол станоктарда жөнделетін немесе жасалатын бөлшекке сәйкес болатындай етіп таңдайды.
Осығае ұқсас еңбек сыйымдылықтары бойынша басқа цехтардың да жабдықтарын есептейді.
Бөлшектеу және жинау цехтары үшін верстактар мен стендтер (жұмыс орындары) саны ең үлкен ауысым (әдетте бірінші ауысым) слесарьлар саны бойынша есептелуі мүмкін. Бұл кезде ірі стендтерде (бөлшектеу және жинау) бір мезгілде бірнеше жұмысшы жұмыс істеуі мүмкін екенін де ескеру қажет.
Өңдеу цехтарының екі ауысымды жұмысы кезінде бөлшектеу-жинау цехтарының жұмысын бір ауысымды ұйымдастырған ұтымды.
Бөлшектеу-жинау жұмыстарын механикаландыру үшін, верстактар мен стендтерден басқа, есептемей-ақ бұрғылау станоктарының комплектісін (минималь қажетті), бөлшектерді қысыммен алу және салу үшін механикалық және гидравликалық престерді,қажап отырғызу станоктарын, теңгеруге арналған станок және әртүрлі механикаландырылғын құралдар комплектісін (бәрбі, гайка бұрағыш, пневмоегеу және басқалар) қолданылады.
Кәсіпорындағы жұмысшылар санын есептеу. Негізгі жұмысшылар санын мамандануы бойынша есептейді. Оларды жұмыс түрлері бойынша еңбек сыйымдылықтың жылдық бағдарламасынан келесі өрнекпен табады:
R = ΣT/ F д. р k ; (4)
Мұнда, ΣT – берілген жұмыс түрі бойынша жылдық бағдарламаның жиынтық еңбек сыйымдылығы, сағ.;
Fд. р – бір жұмысшының іс жүзіндегі уақыт қоры, сағ.;
k – норманы орындау коэффициенті.
10-кесте
Жұмысшылардың іс жүзіндегі уақыт қоры
-
Аптадағы жұмыс сағаттарының саны
Кесімді жылдық қор, сағ.
Жылдық еңбек демалысы, күн
Уақыт шығыны,%
Іс жүзіндегі уақыт қоры, сағ.
41
2070
15
10
1860
41
2070
18
11
1840
41
2070
24
12
1820
36*
1830
24
12
1610
*- залалды жағдайларда жұмыс істегенде.
Жөндеу базасының цехтарында станоктар мен машиналар саны көп болғанда жұмысшылар санын станоктардың қабылданған санына сәйкес таңдаған ұтымды, яғни:
R = F д Сп / F д.р k ; (5)
Мұнда, Fд - бір станоктың іс жүзіндегі уақыт қоры, сағ.
Әдебиет : 1, нег. / 236-239/, 2 нег., 3 нег. /24-28/.
Бақылау сұрақтары:
1. Жабдықтар санын есептуе.
2. Жабдықтың іс жүзіндегі жылдық уақыт қор.
3. Механикалық цех станоктарының түрлері бойынша бөлінуі.
4. Кәсіпорындағы жұмысшылар санын есептеу.
Дәріс №6. Цехтар мен қызметтерді орналастыру
Өзімізге белгілі болғандай, блоктық принцип салыстырмалы ұзындығы үлкен емес көп аралықты ғимараттарда өндірісті жайғастыруға негізделген. Ғимарат жоспарында квадратқа немесе қысқа тіктөртбұрышқа ұқсас болуы керек, сонда ғимараттардың бірдей аудандарында периметрлері ең кіші болып шығады (негізінен ғимарат периметрі оның құрылысы мен пайдалану құнын анықтайды). Өндірістік корпустың аралықтар саны мен олардың өлшемдері цехтер мен қызметтердің есептелген аудандарының қосындысымен анықталады. Аралықтар ұзындығы колонналар қадамына еселікте болуы керек. Өндіріс ағыны сұлбасын тік жүрісті (қарсы және қиылысатын жүк ағыны болмайтын) етіп қабылдау керек.
Жөндеу кәсіпорнының барлық цехтары мен қызметтері төрт топқа (аймаққа) бөлінеді:
- бөлшектеу цех жалпы жуу, бөліктер мен агрегаттарға бөлшектеу, агрегаттарды бөлшектеу және бөлшектерін жуу, бақылау-сұрыптау, бөлшектер қоймалары бөлімдерімен;
- жинақтау цех комплектілеу, сласарьлық-қиюластыру, түйіндік және жалпы жинау, реттеу-сынау станциясы, сырлау бөлімдерімен;
- бөлшектерді жөндеу және дайындау цехтары мен бөлімдері – механикалық, қазандық-пісіру, ұсталық-прессті, термиялық, гальваникалық;
- көмекші цехтар мен қызметтер – құралдар сақтайтын, жөндеу, құралдар қоймасы және зат сақтайтын бөлім, қайрау бөлімі, компрессорлық станция, трансформаторлық аралық станция, қоймалар және әкімшілік-тұрмыстық бөлмелер. Өндіріс сұлбасына сәйкес бұл аймақтар өндірістік корпус жоспарына салынады, сонан соң әрбір аймаққа сәйкес цехтерды, бөлімдерді және қызметтерді жайғастырады. Мұнай-газ өндіруге арналған жөндеу кәсіпорнының жоспарлану нұсқасын қарастырайық.
Авто- және тракторжөндеу кәсіпорындарын ұйымдастыру тәжірибесі бойынша ағындардың келесі принциптік технологиялы, сұлбаларын – тікелей, П-тәрізді және Г-тәрізді – ұсынуға болады (4-сурет).
Тікелей ағынды (3-сурет, а) салыстырмалы жылдық бағдарламасы азғантай, бірақ жөндеутін машиналар тізімі кеңқндіріс үшін ұтымды. Екінші және үшінші сұлбалар (4-сурет, б, в) өндіріс ағыны технологиялық элементтімамандандырылған кәсіпорындарға – демонтаждау және жинақтау цехтарының ұзындығы бөлшектеу-жинақтау конвейері немесе посталық мамандандырылған жинақтау үшін жеткілікті – ұсынылады. Жөндеу базасының жобаланатын корпусы үшін колнналар торын 18х12 (м) етіп қабылдаймыз, яғни аудандары F=18x12= 216 м2 тік төртбұрыштар. Демек корпус 1930/216 = 8,9 қалыпты төртбұрыштардан тұруы керек. Мысыл үшін корпус сұлбасын төрт қалыпты төртбұрышты екі аралықты деп алсақ, онда:
2 х 4 х 216 = 1730 м2
Есептелген ауданның кемшіліктері көмекші өызметер үстінде екінші қабатты ұйымдастырумен қайтарымданады. Ғимараттың алынған биіктігі 8,4 м бұған артығымен жетеді.
Енді жөндеудің типтік технологиялыұ процесіне сәйкес сұлба бойынша барлық цехтер мен қызметтерді ұтымды жайластыру керек.
Ұсынылып отырған сұлба әмбебап – жөнделетін машиналардың тізімдерінің өзгеруі негізгі корпусты жоспарлауға аз әсер етеді.Қабырғалар саны мен тұйық қалқалар корпус ішінде мейлінше аз болуы керек. Ыстық цехтар аймағы брандмауэр қабырғасымен бөлінуі керек. Санитарлық-гигиеналық ұғынымнан жуу, сырлау, гальваникалық бөлімдер және сынау станциясы оқшаулану керек. Сондай-ақ компрессорлық бөлме мен трансформаторлық аралық станция да толығымен оқшауланады. Қоймлар тор қалқалармен бөлекшеленеді. Қалған барлық цехтарда қалқалар болмауы керек (сұлбада олар орналасқан аймақ үзік сызықпен белгіленген).
Корпус ішінде ұзыа бойына негізгі өту жолын және жұмыс орындарын қамсыздандыру үшін жіне де қажетті жағдайларда мамандарлы жедел эвакуациялау үшін бір-екі кеселенген өтпелер ұйымдастырылады. Сол жақтағы маңдайлық беттін орталық дүкеннің жартысынан басқа, екі қабатқа бөліп (биіктіктерін 4,8 және 3,6 м етіп), екінші қабатқа әкімшідік-техникалық қызметті орналастыру ұсынылады.
Ішкі көлік – екі көпірлі кран (жүккөтергіштіктері 10 т), қоймадан жөндеулетін машиналарды корпусқа әкелуге және дайын өнімдерді әкетуге арналған арбалар мен арбалы рельс жолы.Зиянды шығарылымды цехтар мен бөлімдерді (сырлау, гальваникалық, термиялық, ұсталық-престі) жобалаған кезде жобада техника қауіпсіздігі және өндірістік санитария іс-шаралары, сонымен қатар зиянды шығарылымдардан табиғатты қорғау шаралары қарастырылуы керек.
1-трансформаторлы аралық станция; 2- компрессорлы станция; 3-гардероб; 4-қолжуғыш; 5-душ бөлмесі; 6-туалет; 7-құралдар бөлімі; 8-құралдық-тарату қоймасы; 9-жуу бөлімі; 10-демонтаждау цехы; 11-бақылау-сұрыптау бөлімі; 12-қазандық-пісіру бөлімі; 13-қсталық-престі бөлім; 14-термиялық бөлім; 15-гальваникалық бөлім; 16-сырлау бөлімі; 17-сынау станциясы; 18-жинақтау цехы; 19-механикалық цех; 20-қозғалтқыштар мен компрессорлар жөндеу цехы; 21-орталық дүкен; 22-электромеханикалық бөлім.
3-сурет. Бұрғылау қондырғыларын жөндеуге арналған база (корпустың бас жоспарының нұсқасы)
Ғимараттардың сұлбалары мен өлшемдерін таңдау. Машинажасау кәсіпорындарының өндірістік ғимаратының құрылымы мен өлшемдері бірегей және МЕМСт нормаларымен регламенттеледі.Бұл нормаларды жөндеу кәсіпорындарын жобалағанда да қолдану керек. Бірегейленген ғимарат бір кқп аралықты ғимаратта цехтар мен қызметтерді блоктық жайластыруды қарсатырады. Кең аралықты көп аралықты ғимаратта цехтарды блоктық жайластыру ғимараттың құрылыс және пайдалану құнынмағызды төмендетеді, өндірісті қайта жоспарлау кезінде маневр жасау жағдайын жақсартады. Соңғы шарт мұнай-газ өндіру кәсіпшілігінің жөндеу кәсіпорнын жобалағанда өте маңызды, өйткені мұнай кенорнын меңгеру дәрежесіне қарай жөндеуделетін машиналардың тізімі өзгереді, кенорнын бұрғылау аяқталады, негізгі жөндеу қоры мұнай өндіру жабдықтары болып қалады.
Ғимараттың негізгі өлшемдері мен элементтері (колонналар, арқалықтар, жаппалар, фермалар, іргетас тақталары, қабырға, терезе, есік элементтерң және басқалар) стандартталған. Бұл оларды завод жағдайында жасауға мүмкіндік береді, ал құрылыс алаңындағы жұмыс негізінен ғимаратты осы элементтерден монтаждау болып қалады.Ғимарат аралығының негізгі элементтері (5-сурет): аралық ені L; колонна қадамы t (араалықтың бойлық осі бағытымен ) ; колонна торы L х t; кран асты жолдарына дейінгі биіктік Н 1; аралық биіктігі (еденнен жаппа тасушы конструкциясының төменгі бөлігіне дейін) Н = Н 1 + h; құрылыс биіктігі Нс = Н + а (мұнда, а-ферма биіктігі).
4-сурет. Өндірістік ғимарат аралығының негізгі өлшемдері
Әдебиет : 1, нег. / 236-239/, 2 нег., 3 нег. /24-28/.
Бақылау сұрақтары:
1. Жөндеу кәсіпорнының принциптік технологиялық сұлбасы.
2. Қандай жағдайда жөндеуді тіке ағынды сұлба бойынша ұйымдастырған орынды?
3. Жөндеу кәсіпорны ғимаратының сұлбалары мен өлшемдерін таңдауды қалай жүргізеді?
Дәріс №7. Жобаланатын кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері
Жобаның экономикалық бөлімі.
Жобаның бұл бөлімінде жөндеу кәсіпорнының құрылысының және жабдықтарының (негізгі қор) құнын, машинаны жөндеу құнын, және солардың негізінде технико-экономикалық көрсеткіштер бойынша технологиялық процестің және жалпы жобаның тиімділігін анықтайды.
Жөндеу кәсіпорнының негізгі қоры үйлер мен ғимараттар, өндірістік және көмекші жабдықтар, құралдар, аспаптар және инвентарь құндарынан құралады.
Кез-келген кісңпорын құны ғимараттың, монтаждауымен жабдықтың, қымбат аспаптардың және құралдарлың, өндірістік инвентарь құндарынан жиналады.Үйлер мен ғимараттар құнын жуықтап есептеуде олардың құны ғимарат көлемінің 1 мз іріленген құнымен анықталады.
Ғимараттың кубатурасын анықтау үшін пайдалы ауданын біліп, бөлменің орташа биіктігін беру керек.жөндеу кәсіпорындары үшін ол 6,0-дан 8,5-ға дейін (кіші шеберханалар, үлкен шамасы жөндеу заводтары үшін). Әкімшілі-тұрмыстық бөлмелер биіктігін 3,3 м етіп қабылдайды.
Ғимараттың 1 мз көлемінің құнын қабылдайды:
а) өндірістік ғимараттар …………………........…5 000-7000 тенге
б) әкімшілік-тұрмыстық ғимараттар …………..12000-15000 тенге
Жөндеу кәсіпорнының жабдықтарының құнын арнамадан анықтайды немесе ғимарат құнынан пайыздық өлшеммен алады. Сол сияқты ғимарат құнынан пайыздық өлшеммен аспаптардың, құралдардың, өндісістік инвентарь құндарын есептейді. Жөндеу кәсіпорнының жобаны игеру кезіндегі жуықтаған құны:
Ср.п = Сзд + α Сзд + δСзд +_ γСзд, (6)
Мұнда, Ср.п – жөндеу кәсіпорнының құны;
Сзд – үйлер мен ғимараттар құны;
α – монтаждаумен жабдық құнын ғимарат құнынан көрсететін коэффициент (α =0,65-0,80);
δ – құралдар мен аспаптар құнын ғимарат құнынан көрсететін коэффициент (δ = 0,06-0,1);
γ - өндірістік инвентарь құнын ғимарат құнынан көрсететін коэффициент (γ=0,03-0,05).
Технико-экономикалық көрсеткіштер.
Жөндеу кәсіпорнының технико-экономикалық көрсеткіштері жалпы және өзіндік болып бөлінеді.
Жалпысына жататындар:
1. Өндірістің жылдық бағдарламасы.
2. Телім ауданы.
3. Құрылыс ауданы.
4. Құрылыс пайызы.
5. Телімді пайдалану пайызы.
6. Токқабылдағыштардың белгіленген қуаты.
7. Норма-сағатпен алынған жұмыстың жалпы жылдық көлемі.
8. Жалпы пайдалы аудан (оның ішінде өндірістік, көмекші, қойма, әкімшілік, санитарлық-тұрмыстық).
9. кәсіпорындағы жұмысшылар саны (оның ішінде өндірістік, көмекші, ИТЖ, БАМ).
10. Өндірістік қорлар құны (негізгі өндірістік қорлар және нормаланатын айналымдағы құралдар).
11. Сатылған өнімдердің толық өзіндік құны.
12. Сатудан түскен пайда.
13. рентабельділік.
Өзіндік көрсеткіштерге жататындар:
1. Келтірілген бір күрделі жөндеуге келетін пайдалы аудан.
2. Бір өндірістік жұмысшыға келетін жалпы аудан.
3. Бір өндірістік жұмысшыға келетін өндірістік аудан.
4. Өнім бірлігінің еңбек сыйымдылығы.
5. 1 м3 өндірістік ауданнан алынған өнім көлемі.
6. негізгі қордың 1 теңгесіне шаққандағы өнім шығарылымы.
Кейбір жобалау орындарының соңғы мәліметтері бойынша өндірістік ғимараттың 1 м3 құрылысына кететін шығын құрылыс көлеміне тәуелді 10000-20000 теңгені құрайды.
Тұрмыстыұ бөлмелердің 1 м3 құрылысына кететін шығын (қабат санына тәуелді) 20000-25000 теңгені құрайды. Бұл құнның ішіне 1 м3 500-600 теңге деп есептелген санитарлық-техникалық құрылымдар мен барлық коммуникациялар құны кіреді. Жабдықтарға шығындар жабдықтар ведомоствосы және олардың құны (каталог бойынша) анықталады. Жабдықтарды монтаждауға шығындар, іргетастарын қоса есептегенде, қабылданады: станоктық жабдықтар құнынан 4-5%, көтеру-тасымалдау жабдығының 6-8%, ал қаптауға, тасымалдауға, үстеме шығындарға жабдық құнынан 4-5% алынады. Жуықтап есептеулерде энергожабдықтар құны, қаптауымен, монтаждауымен және тасымалдауымен, 1 кВт белгіленген қуат үшін 45000-50000 теңге деп қабылданады.
Қымбат бастапқы қордың (50000 теңгеден жоғары) және бір жылдан көп пайдаланылмаған құрал, аспап және штамптар құны өндірістік жабдық құнының шамамен 10-15% деп қабылданады.Өндірістік және шаруашылқ инвентарьлар құны барлық жабдықтар құнының 2-3% құрайды.
Кәсіпорын өнімінің – машиналар жөндеу және стандартты емес жабдықтар дайындау – құнының құрамы:
1) негізгі материалдар құны – материалдар шығыны нормасы және бағалары негізінде анықталады;
2) шығын нормасы және бағасы бойынша сатылып алынатын бұйымдар құны;
3) көмекші материалдар (отын, майлау материалдары, химикаттар және басқалар) құны – жуықтап есептеулер үшін негізгі материалдар құнының 2-5% шамасында қабылдануы мүмкін. Барлық материалдар құнына материалдар құнының 4-5% мөлшерінде тасымалдау шығыны қосылады;
4) өндірістік жұмысшылардың жалақысы –жқмыс еңбексыйымдылығы, жқмысшылардығ орташа разряды эәне тарифтік мөлшерлеме бойынша анықталады;
5) үстеме шығындар - өндірістік жұмысшылар жалақыысының 250-300% мөлшерінде. Үстеме шығынның көп болуы оған өндірістік жұмысшылардың қосымша жалақысы мен оған үстемелер, көмекші жқмысшылардың, ИТЖ, СКП және БАМ жалақысы, ғимарат және жабдықтар амортизациясы, құралдар мен инвентарь тозуы құны, сонымен қатар кәсіпорынның негізгі қорын күтіп ұстау құндарының кіруімен түсіндіріледі.
Осы мәліметтер негізінде өнімнің өзіндік құнын және бүкіл жылдық бағдарлама құнын есептеуге, сонан соң басқа ұқсас кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстырылатын, жобаның технико-экономикалық көрсеткіштерін анықтауға болады.
Технико-экономикалық көрсеткіштерге кіретіндер:
1) бастапқы көрсеткіштер - өнімнің жылдық шығымы, кәсіпорынның негізгі қорларының құны, кәсіпорындағы жұмысшылар саны (өндірістік және кқмекші), өндірістік жабдықтар бірлігінің саны, жабдықтардың белгіленген қуаты және кәсіпорын ауданы;
2) өндірістік көрсеткіштер – теңгемен алынған өнімнің жылдық шығымы (негізгі қорлардың 1 теңгесңне, яғни қор қайтарымы,бір өндірістік жұмысшыға, бңр жқмысшыға, өндірістік жабдықтардың бір станогіне, өндіріс ауданының 1 м2-на) кВт/адам алынған бір жқмысшыға тиесілі энегоқарулануы.
Жөндеудің жоғарғы сапасын қамтамасыз еткен кезде, үйлер мен ғимараттарлы салу шығыны көп жағдайларда қабыланатын жобалық шешімдермен (барлық бөлмелер аудандарының қолайлылығы, қолданылатые құрылыс конструкциялары мен материалдары, оның қатарында арзан жергілікті материалдар да бар және т.с.с.) анықталады.
Жобаны жасау процесінденегізгі қорлардың белсенді және енжар бөліктері арасындағы шығындардың оңтайлы қатынасы мәселесі шешіледі, өйткені, бұл күрделі салымның жалпы азаюына және өндірістік қорларды пайдалануды жақсартуға әсер етеді.
Жобаланатын жөндеу кәсіпорнын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін болжау өте күрделі мәселе болып табылады, өйткені, жұмыс сапасы факторлар санының көбіне, көбісі жобалау кезінде қабылданатын инженерлік шешімдермен анықталатын, тәуелді.
Әдебиет : 1, нег. / 240-249/, 2 нег., 3 нег. /31-38/.
Бақылау сұрақтары:
1. Технико-экономикалық көрсеткіштерге не кіреді?
2. Жабдық құны қалай есептеледі?
3. Жөндеу кәсіпорнының құны жуықтап қалай есептеледі?
4. Технико-экономикалық көрсеткіштер қандай негізгі бөліктерге бөлінеді?
Дәріс №8. Жуу, бөлшектеу бөлімдерін жобалау
Сырттын жуу бөлімі. Бұл бөлім жөндеуге келетін машиналардың сыртын жууды және тазалауды орындауға арналған.
Бөлімнің жылдық өндірістік бағдарламасы жыл ішінде жууға әкелінетін машиналар мен агрегаттардың санымен анықталады.
Технологиялық процесс. Машиналар мен агрегаттарды жөндеу қоры алаңшасынан әкелу тартқыштардың, электрокардың, автотиеуіштердің көмегімен іске асырылады. Жуу бөлімінде жөнделетін нысандарды жылжыту үшін шығырлар немесе тарту шынжырлары қарастырылған. Жуу процесінде машина бетінің кірі жуылады және қозғалтқыш пен трансмиссия картерлерінен жұмыс істеп шыққан майлар құйылып алынады. Әрі қарай сапалы тазалау үшін агреагт картердері ыстық бумен буланады. Жуу операцияларын орындау сапасына бөлшектеу кезіндегі жұмыс өнімділігі және жұмыс орнының тазалығы тәуелді. Машиналар мен агрегаттардың сыртын жууды арнайы жуу камераларында немесе қысымы 6-7 кг/см2 болып шлангадан шығатын су ағынымен жүргізеді. Кірден тазалау үшін қол немесе механикаландырылған щеткалар мен қырғыштар қолданылады. Сыртын жууға арналған камералы машинаны электршығырмен және тарту шынжырымен, жоғарғы қысым сорабымен және гидрантты құбырлар жүйесімен жабдықтайды. Камерада жуу тәсілі сапалы және өнімді, бірақ жуу камерасын жарақтандыру шығыны жөндеу кәсіпорнының жылдық бағдарламасы үлкен болғанда ғана ақталады. Кішігірім жөндеу кәсіпорындарында шлангадан ағатын сумен жуу қолданылады. Оның камерада жуумен салыстырғанды өнімділігі төмен және үлкен қол еңбегін талап етеді.
Жабдықтарды есептеу және таңдау. Жабдықтар мен жұмыс орындарының санын есептеу машиналар мен агрегаттардың сыртын жуу нормасы бойынша жүргізіледі. Жуу машиналарының немесе қондырғыларының саны мына формуламен есептеледі:
,
(5)
мұнда, Х0 – жуу машиналарының (қондырғыларының) саны;
t – бір машинаны (агрегатты) жуудың уақыт нормасы, сағ.;
N – бөлімнің жылдық өндірістік бағдарламасы, дана;
Тф.н – бір ауысымдық жұмыс кезінде жабдық жұмысының номиналь жылдық уақыт қоры, сағ.;
у – ауысым саны;
η0 – уақыт бойынша жабдықты пайдалану коэффициенті. Шлангамен жуатын жуу қондырғылары үшін η0 = 0,92 - 0,95 ал камералы жуу қондырғылары үшін - η0 = 0,8 - 0,85.
8-кестеде және келесі кестелерде негізгі технологиялық жабдықтар мен инвентарьлар тізімін келтіреміз. Оны әрбір бөлімде орындалатын жұмыстардың сипаты мен көлеміне тәуелді анықтайды.
Бөлімнің ауданы жабдықтар алып тұрған еденнің ауданымен және жұмыс аймағы, жүру және өту жолдары ескерілетін, өтпелік коэффициент бойынша анықталады.
Сыртын жуу бөлімінің едені цементпен беті тегыстеліп бетоннан құйылады және су кәрізге (канализацияға) ағатындай еңістікпен және сатымен жасалады.
Сыртын жуу бөлімінің мысалдық жоспарлануы 3 суретте көрсетілген.
Бөлшектеу бөлімі. Бұл бөлім машиналарды агрегаттар мен түйіндерге, ал агрегаттар мен түйіндерді бөлшектерге бөлшектеуге арналған.
Бөлімнің жылдық өндірістік бағдарламасы жыл ішінде жууға әкелінетін машиналар мен агрегаттардың санымен анықталады.
8-кесте
Негізгі технологиялық жабдықтар мен инвентарьлар тізімі
-
Жабдықтың атауы
Моделі немесе типі
Қысқаша сипаттамасы
Жоспардағы габариттік өлшемдері, мм
Жабдықтың қуаты,
квт
Тракторлардың сыртын жууға арналған машина
Машиналардың сыртын жууға арналған қондырғы
Машиналардың сыртын жууға арналған машина
Тарту шығыры
Сүрту материалдарына арналған ларь
Жұмыс істеп шыққан майлар жинайтын шанақ
АКТБ119
1НВЗС-1500
5ВСМ-1500
АКТБ119
2249
-
Жоғарғы сүзгілеумен
50-60 л/мин
75-80 л/мин
Жылжыту жылдамдығы
v = 7,65 м/мин
6200Х Х4700
850 X
Х260
1100x590
-
1000x500
800X600
63,0
2,8
7,0
2,8
-
-
1- жұмыс істеп шыққан майлар
жинайтын шанақ ; 2- сүрту материалдарына
арналған ларь;
3- машиналардың сыртын жууға арналған
қондырғы; 4-тар колеялы жол.
5-сурет. Сыртын жуу бөлімінің мысалдық жоспарлануы
Технологиялық процесс. Машиналар мен агрегаттар бөлшектеу бөліміне сыртын жуу бөлімінен әкелінеді. Бөлшектеу операциялары сәйкес типтегі машиналарға арналған технологиялық картада қарастырлыған тәртіппен орындалады. Бөлшектеу операцияларының тәртібін қатаң сақтау бөлшектеу операциясын жеңілдетеді және бөлшектерді сынудан сақтандырады. Машиналарды агрегаттар мен түйіндерге бөлшектеу кезінде бүкіл жұмыстың 80-85% жуығы тікелей машинада, ал қалған 15-20% сласерь верстактары мен стендтерде орындалады.жұмыстарды арнайы жұмыс орындарында (постыларда) немесе ағында ұйымдастырған кезде бөлшектеудің жалпы тактісінен немесе жұмыс орнының тактісін ескеру қажет.
Бөлшектеу жұмыстары негізгі және көмекші элементтерден тұрады. Негізгіге бұрандалы қосылыстарды, мойынтіректі түйіндерді және престеліп және өтпелі отырғызылатын қосылыстарды тікелей бөлшектеу жатады. Көмекшіге бөлшектенетін агрегаттар мен түйіндерді жылжыту, орнату және бекіту жатады.
Бөлшектеу механикаландырылған құралдар кең қолданылып, арнайы айлабұйымдарда және стендтерде жүргізілуі керек. Жабдықтар мен машиналарды бір жұмыс орнынан екіншісіне жылжыту шығырлар мен тарту шынжырларымен, ал агрегаттарды бөлшектеуге дайындау және бөлшектеу орындарына дейін жеткізу аспалы итерме немесе жүктасушы конвейерлермен жүргізіледі. Бөлініп алынған бөлшектерді жылжыту үшін еден транспортерлері, рольгангтер мен сырғытпалар, сондай-ақ арбалы транспортерлер, өздігінен жүретін эстакадалар және жылжымалы стендтер пайдаланылады. Әрі қарай шынжыр табан тракторды мысалға ала отырып, бөлшектеу жұмыстарының түрі бойынша еңбексыйымдылықтарының пайыздық қатынасы келтірілген.
Агрегаттар мен түйіндерді бөлшектеу ………………………….……….26
Қозғалтқышты бөлшектеу ……………………………….……….……….21
Берілістер қорабын бөлшектеу ……………………………..………….…..7
Төмендеткішті бөлшектеу ……………………….………...…....…………4
Бас беріліс пен борттық фрикциондарды бөлшектеу ……......……....…..4
Рульдік тізбекті бөлшектеу ………………………………….........………..2
Тарту механизмді арбаларды бөлшектеу ……………………..………….20
Шынжыр табан төсемдерін бөлшектеу …………………………………..16
Барлығы………………………………………….......……………………..100
Әдебиет:
3
нег.
.
Бақылау сұрақтары:
1. Жуу бөлімін жобалау.
2. Бөлшектеу бөлімін жобалау.
3. Жуу, бөлшектеу бөлімдерінің жылдық өндірістік бағдарламасы.
4. Жуу, бөлшектеу бөлімдерінің технологиялық процестері.
5. Жуу бөлімінің негізгі технологиялық жабдықтары мен инвентарьларының тізімі.
6. Жуу бөлімінің ауданы.
7. Бөлшектеу бөлімінің мысалдық жоспары.
Дәріс №9. Гальваникалық және металдау бөлімдерді жобалау
Жөндеу кісіпорнының гальваникалық бөлімі бөлшектердің бетін тозуға төзімді жабулармен (хромдаумен, болаттаумен) қалпына келтіруге, сондай-ақ мырыш пен мыстан қорғаушы бетпен жабуға арналған.
Жылдық өндірістік бағдарлама. Бөлімнің өндірістік бағдарламасын белгілеуге арналған бастапқы мәліметтер болып жөндеу коэффициенті ескерілген бөлшектер тізімі мен саны, гальваникалық өсіруді қажет ететін бөлшектер өлшемдері мен беттері табылады. Жылдық өндірістік бағдарламаны жиынтық ведомость түрінде құрастырады. Гальваникалық жабуға көмекші цехтардың (құралдық және бас механик бөлімдерінің) қажеттіктерін қанағаттандыру үшін беттерді хромдау мен болаттаудың жылдық өндірісітік бағдарламасынасының қомысша 10% қабылдайды.
Жуықтап есептеу әдісі кезінде бөлімнің өндірістік бағдарламасын анықтауға бастапқы мәліметтер болып жекелеген жабулар бойынша беттер болып табылады.
Технологиялық процесс. Хромдау мен болаттаумен қалпына келтірілетін бөлшектер жөндеуді күтуші бөлшектер қоймасынан олардың беттеріне дұрыс геометриялық пішіндер беру үшін слесарьлық-механикалық бөлімге әкелінеді. Механикалық өңдеулерден кейін бөлшектер сәйкес гальваникалық өсіру түрін орындау үшін гальваникалық бөлімге жіберіледі.Соңғы механикалық өңдеу – ажарлау – слесарьлық-механикалық бөлімде жасалады. Қатты тегіс хромдаудың технологиялық процесі келесі операциялардан тұрады:
1) ажарлаумен бөлшек бетін механикалық өңдеу;
2) ілу аспабына бөлшекті орнату;
3) электролиттік майдан тазарту;
4) жылы ағын суда жуу;
5) суық ағын суда жуу;
6) жабу керек емес жерлерді оқшаулау;
7) анодтық қопсыту;
8) хромдау;
9) ванна-электролит қармаушыда жуу;
10) суық ағын суда жуу;
11) жылы ағын суда жуу;
12) кептіру шкафында бөлшектерді кептіру;
13) оқшауларты алып, ілу аспабынан түсіру;
14) сутекті кетіру үшін 180-2000С температураға дейін беөлшектерді қыздыру;
15) механикалық өңдеу – хромдаудан кейінгі ажарлау.
Кеуекті хромдаудың технологиялық процесі кәдімгіден хромдаудан кейінгі өосымша операциямен – анодтық өідеумен ерекшеленеді.Бұл кезде бөлшек қопсытудағы сияқты анодқа қосылады, бірақ ұзақ уақытқа.Хромды кеуектендіру сипаты (арналық немес нүктелік) анодтық өідеу шартарына және оның режиміне тәуелді.
Болаттаудың технологиялық процесі келесі операциялардан тұрады:
1) кір пен майдан тазалау;
2) ажарлаумен бөлшек бетін механикалық өңдеу;
3) бензинмен жуу;
4) егу терімен бетті тазалау;
5) ілу аспабына бөлшекті орнату, жабу керек емес жерлерді оқшаулау;
6) вена әгімен бөлшек бетін майдан тазарту;
7) анодтық өідеу;
8) ыстық сумен жуу;
9) болаттау;
10) ыстық сумен жуу;
11) кальцийлі сода ерітіндісінде бөлшектң бейтараптандыру;
12) ыстық сумен жуу және бөлшектерді кептіру;
13) бөлшекте ілу аспабынан түсіріп, оқшаулауларын алу;
14) болаттаудан кейінгі механикалық өңдеу.
Қола төлкелерді қалпына келтіру үшін мыстау, цементеуді қажет етпейтін бөлшектің кейбір телімдерін қорғау үшін, төлкенің ішкі диаметрі қысымдау тәсілімен (сығымдаумен) қалпына келтірілген жағдайда, олардың сыртқы даиметрі бойынша қалпына келтіру үшін қолданылады.
Жөндеу кәсіпорны тәжірибесінде бөлшектерді мыстауды күкірт қышқылды ерітінділерде жүргізеді, оның негізгі кемшілігі – болат бөлшектерден темірдің электролитте реуінен контактілік мыстың бөлінуі. Контактілік мыстың негізгі металмен ұстасуы темен. Сондықтан күкірт қышқылды электролиттерде болаттан жасалған бөлшектерді мыстаудан бұрын жұқа никель қабатымен жабады. Болаттан жасалған бөлшектерді тікелей мыстау үшін процесті әдетте цианды электролиттерде жүргізеді, оны қолданудың денсаулыққа үлкен зияны болғандықтан қажеті шамалы.
Болаттан жасалған бөлшектерді күкірт қышқылды ерітіндіде мыстаудың технологиялық процесі келесі операциялардан тұрады:
1) киіз дөңгелекпен бөлшектерді ажарлау;
2) ілу аспаптарына бөлшектерді бекіту;
3) бөлшектерді майсыздандыру;
4) ыстық және суық суда жуу;
5) күкірт қышқылының әлсіз еритіндісінде қопсыту;
6) суық ағын суда жуу;
7) никельдеу;
8) суық суда жуу;
9) мыстау;
10) суық және ыстық суда жуу;
11) ілу аспаптарынан бөлшектерді түсіру;
12) бөлшектерді жуу және кептіру.
Электролиттік мырыштау машиналар бөлшектерін жегіден қорғау үшін кең қолданылады.Машиналарды жөндеуде аспаптар бөлшектері, электржабдықтары агрегаттары бөлшектері және бекітуші бөлшеутер мырышталады. Мырыштаудың технологиялық процесі келесі операциялардан тұрады:
1) ілу аспаптарына бөлшектерді бекіту;
2) бөлшектерді майсыздандыру;
3) ыстық және суық суда жуу;
4) күкірт қышқылының әлсіз еритіндісінде қопсыту;
5) суық ағын суда жуу;
6) мырыштау;
7) суық ағын суда жуу;
8) жабулардың жегіге қарсылық қасиеттерін арттыру үшін оларды енжарландыру;
9) суық және ыстық суда жуу;
10) кептіру;
11) ілу аспаптарынан бөлшектерді түсіру.
Майда бекітуші бөлшектерді (гайкаларды, болттарды, винттерді) мырыштауды, қатты аұаш түрлерінен немесе болаттан жасалып, іші резеңкемен, винипластпен немесе целлулоидпен қапталған, қоңырау ванналарда жүргізеді.
Ток көзі ретінде селенді ток түзейткіштер немесе тұрақты ток мотор-генераторы пайдаланылады. Ток түзеткіштердің мотор-генератордан артықшылығы оларды тікелей ваннада орналастыруға болады, ал мотор-генераторды бұл кезде жеке бөлмеде орналастыру керек.
Гальваникалық бөлім тәжірибесінде жекелеген ванналарды бөлек өоректендіру жіне параллель қосылған бірнеше ваннаны бір мезгілде қоректендіру қолданылады. Бөлек қореектендіру электролиз процессі кезінде ток күшін реттеуге ыңғайлы. Бірнеше гальваникалық ванналарды бір ток көзіне қосу жекелеген ванналарға пайдаланылатын ток салыстырмалы азғантай болғанда іске асырылады. Бір ток көзіне бірнеше ваннаны параллель қосқандаолар кернеулері мен режимдері бойынша бір-бірінен аі ерекшеленетіндей етіп топтау керек. Бұл жағдайда ванналардағы ток күшін реттеу оңайлайды. Тозуға төзімді хромдауда әдетте әрбір ваннаға жеке ток көзі пайдаланылады.
Металдау бөлімі.
Бөлім тозған бөлшектерді өсіруге және корпустық бөлшектер жарықтарын бітеуге немесе қозғалтқыш басы жейделерінің немесе цилиндрлер блогынығ жарықтарын пісіріп өңдегеннен кейін бітеуге арналған.
Жылдық өндірістік бағдарламасы. Бөлімнің жылдық бағдарламасын белгілеуге арналған бастапқы мәліметтер жөндеу коэффициенті ескерілген бөлшектердің және бөлшектің металданатын беттерінің тізімі, саны болып табылады. Жылдық өндірістік бағдарламаны жиынтық ведомость түрінде жасайды.
Технологиялық процесс. Металдаумен қалпына келтірілетін бөлшектер жөндеуді күтуші бөлшектер металдау бөліміне әкелінеді. Технологиялық процесс бөлшектерді металдауға дайындаудан, металдау процесінің өзінен және одан кейінгі механикалық өңдеуден тұрады. Ең жауапты және процеске әсері күштісі бөлшектерді дайындау болып табылады. Бөлшектерді дайындауды, яғни беттерде кеді-бұдірлық жасауды, құммен немесе бытырамен өңдеп, «үзік» бұранда салып, ізінше дөңгелете өңдеумен, кескішпен кертумен,электрұшқынмен немесе анодты-механикалық өңдеумен іске асыруға болады.құм ағынымен немесе бытыра ағынымен өңдеуді жалпақ беттерге немесе қаттылығы жоғары беттерге кедір-бұдыр жасау үшін пайдаланады. Шынықтырылған бөлшектер кедір-бұдырлық тор жасайтын электрұшқындық немесе электрконтактылық өңдеуге ұшырайды. Ондай бөлшектерге анодты-механикалық әдісті де пайдалануға болады. Дайындаудан кейін 2 сағаттан көп кешіктірмей металдауды жасау керек, өйткені металдарға конденсация отырады, қышқылданады эәне кірлейді.металданбайтын телімдерді экрандаумен қорғау керек.жалпақ беттерді металдау қол металдаушы көмегімен әске асырылады.
Айналу денесі пішінді бөлшектерді токарь станогінің орталығына немес патронына, ал металдаушыны супортқа орнатады. Металдау кезінде айналу жылдамдығы әдетте 5-15 м/мин, металдаушы аппараттығ бойлық берілуі 1,5-5,0 мм/айн. Металдау кезіндегі ток шамасы қоданылатын сымның қалығдығына тәуелді және 25-30 В кернеу кезінде 70-150 А арлығында болады.металдаудан кейін слесарьлық-механикалық бөлімде механикалық өңделеді.
Әдебиет : 3 нег. /127-137/.
Бақылау сұрақтары:
1. Гальваникалық жабу.
2. металдау процесі.
3. құм ағынымен және бытыра ағынымен өңдеу не үшін қоданылады?
Дәріс №10. Пісіру бөлімін жобалау және материалдар мен энергетиканы есептеу
Пісіру бөлімі тозған бөлшектерге балқыма құюға, жарықтарды бітеуге, зақымданған металл конструкцияларды пісіруге, металдарды газбен кесу жолымен бөлшектер дайындауға, сонымен қатар бас механик бөлімі мен құралдар цехының қажеттілігі бойынша жұмыстар орындауға арналған.
Жылдық өндірістік бағдарламасы. Өндірістік бағдарламаны белгілеуге арналған бастапқы мәліметтер жөндеу коэффициенті ескерілген бөлшектер саны, тізімі, ақау орны мен пісіру тәсілі көрсетілген,тізім, пісіру немесе балқыма құю бетінің ауданы, дм2. Жылдық өндірістік бағдарламаны жиынтық ведомость түрінде жасайды.
Көмекші цехтар қажеттігі үшін қосымша 10% көлем қосылады.Жуықтап есептеу әдісі кезінде бөлімнің өндірістік бағдарламасын анықтайтын бастапқы мәлімет ретінде жекелеген машиналар мен агрегаттардың жабу ауданы болып табылады.
Аудан бірлігіне уақыт нормасын жапсырылған металл салмағынан анықтайды, ол қабат қалығдығына, балқыма құю коэффициентіне және пісіру мен балқыма құю жұмыстарының әрбір түріне арналған ток күшіне тәуелді.жуықтап есептеулер кезінде машиналар мен агрегаттардың жабу ауданының қосындысы бойынша пісіру жұмыстарының бөлінуін келесі пайыздық қатынаста жүргізеді:
Пісіру бойынша дайындық жұмыстары ..................................................10
Газбен пісіру және кесу . . . . . . . . …………………..........…………….15
Қолдан электрдоғалық пісіру және балқыма құю …………………….20
Электроимпульстік балқыма құю …………………………....…………20
Флюс астында автоматтандырылған балқыма құю ……………………35
Технологиялық процесі,Бұрғылау және мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеуде пісіру мен балқыма құю бөлшектерді қалпына келтірудің ең кең тарған тәсілі. Жөндеу тәжірибесінде пісіру мен балқыма құюмен бөлшектердің 55% қалпына келтіріледі.пісіру жарылуды, тесілуді, бөлінуді, сынып түсуды жөндейді, ал балқыма құю бөлшектердің тозған беттерін өсіреді.Бөлшектерді балқыма құюмен қалпына келтіру қажет өлшемге жеткізеді және балқытылып құйылған металдығ қасиетін кең аумақта өзгертуге мүмкіншілік береді.
Пісіру мен балқыма құюмен қалпына келтірілетін бөлшектер жөндеу күтетін қоймадан немесе тікелей бөлшектеу бөлімінен жуу мен ақаулауудан кейін әкелінеді. Пісіру бөлімінде бөлшектер сөрелерге қойылады, ал сонан соң оларды пісіруге дайындаудан кейін пісірудің әрқалай түрлерін орындау үшін бөлімнің сәйкес телімдеріне жіберіледі.Бөлшектің жұмысшы беттеріне жоғары тозуға төзімділік беру үшін балқыма құю кезінде арнайы электродтар мен қатты қорытпалар қолданылады.
Шойын бөлшектерді ыстықтай пісіру әдетте ацетилені асқын ацетилен-оттекті жалынмен жүргізіледі. Шойынды суықтай пісіруді диаметрлері бірдей екі мыс және бір көміртегі аз болатсырықтан тұратынэлектродтар шоғын қолданумен, электрдоғалық тәсілмен орындайды.шойыннан жасалған бөлшектерді суықтай электрдоғалық пісіру үшін ЦЧ-1 электродын пайдалану ұсынылады, оның құрамында табылуы қат түсты металдар (никель, мыс) жоқ және ол жақсы өңделеді, жақсы пісіру қосылысының тығыздығын және балқытылып құйылған және негізгі металдардың бірдей беріктігін қамтамасыз етеді.Жарықтарды бітеуге дайындау кезінде олардың шекарасын алдымен анықтайды, сонан соң жарықтар шетінде диаметрлері 4-5 мм тесіктер жасайды. Жарықтарды өңдеудң кескішпен шабумен, бұрғылаумен немесе ажарлау дөңгелегімен жөндеумен жүргізеді. Құйма қалыңдығы 5 мм артық болса 60-700 бұрыш жасай V-тәрізділеп өңдейді. Құйма қалыңдығы 15 мм артық болса екі жағынан да қол жетімді пісіруде Х-тәрізді өңдеу жұргізеді.Пісіру орнына жақын бөлшек бетін 15-25 мм ендікте ажарлау дөңгелегімен емесе щеткамен тазалайды.Пісіруді кәдімгі пісірулік өзгерткіштермен тұрақты токпен жүргізеді.Пісіру бөлімінде тозған беттерді автоматты тәсілмен жөндеу де кең тараған. Оларға электримпульстік балқыма құю мен флюс астында балқыма құюлар жатады. Электримпульстік балқыма құюмен көміртекті және төмен қоспаланған конструктивтік болаттардан жасалған, шыныққан және шынықпаған бөлшектерді, сонмен қатар сұр жіне иленген шойыннан жасалған бөлшектерді қалпына келтіреді.Балқыма құюды цилиндрлік сыртқы және ішкі беттерде, шлицада, бұрандада және жазықтарда іске асырады.
Балқыма құюды сұйық ағынында, атмосфера ауасында және қорғауша газ ортасында іске асыруға болады. Балқыма құюмен жоғары тозуға төзімділігі талап етілмейтңн, азғана қайталанатын айнымалы күшсалмақта жұмыс істейтін бөлшектер қалпына келтіріледі.
Жөндеуген бөлшектер пісіру және балқыма құю сапасы тексерілгеннен кейін қалпына келтірілу үшін аралық қоймаға немесе оларды әрі қарай өңдеуді жалғастыру үшін тікелей слесарьлық-механикалық немесе термиялық бөлімдерге жөнелтіледі.
Барлық көмекші жабдықтар және өнтірістік инвентарь есептеусіз қажетті технологиялық комплектілер және жұмысшылар саны бойынша таңдалады (7-сурет).
1-бір постылық пісіру өзгерткіші; 2-тарату құрылымы; 3-жазық бөлшектерге флюс астында балқыма құюға арналған пісіру жартылай автоматы; 4-пісіру трансформаторының реттегіші; 5-электримпульстік балқыма құюға арналған токарь станогі; 6-селенді түзейткіш; 7- флюс астында балқыма құюға арналған токарь станогі; 8- пісіруші орындығы; 9-газбен пісіру жұмыстарына арналған үстел; 10-секциялы сөре; 11-электрпісіру жұмыстарына арналған үстел; 12-жылжымалы пісіру өзгерткіші; 13-бір постылық пісіру трансформаторы; 14-иілме білікті жылжымалы сыдыру-ажарлау станогі; 15-бөлшектерді суытатын шоғырландырғыш; 16-слесарь верстагі; 17-электр тәлі; 18-консольды кран; 19-пісіру стендісі; 20-арба; 21-екі муфельді қыздыру пеші; 22-түпқоймаға арналған үстел; 23-құмға арналған жәшік; 24-рельсті жол.
6-сурет. Пісіру бөлімінің үлгілік жоспарлануы
Атмосфера ауасында және қорғаушы газ ортасында жоғары тозуға төзімділік талап етілмейтін, үлкен қайталанатын айнымалы жүксалмақта жұмыс істейтін бөлшектер қайта қалпына келтіріледі.Флюс астында автоматты балқыма құюды қолдану электрдоғалыққа қарағанда жоғары өнімділігімен (5-6 есе артық) және балқытылып құйылған жіктің сапасының жоғарылығымен түсіндіріледі. Балқытылып құйылған металл сапасы бөлшек бетінің таза болуына да тәуелді, сондықтан балқыма құярдан бұрын бөлшек кірден, майдан және тоттан тазартылуы керек.Бұрынырақ тұрақтандырылатын электрод қолданылып қолдан балқыма құйылып қалпына келтірілген бөлшектер, автоматты балқыма құяр алдында ескі балқұмадан толығымен тазартылуы керек, өйткені балқытылған қабат өте кеуекті болып шығуы мүмкін.Өнімділікті одан да арттыру үшін жалпақ таспа элкетродпен флюс астында автоматты балқыма құю қолданылады. Қажетті жұмысшылар саны жылдық жұмыс көлемімен және пісірушілердің іс жүзіндегі жылдық уақыт қорымен анықталады.есептеу пісіру жұмыстарының әр түріне жеке жүргізіледі, ал алынған нәтиже қосылады.Бөлім ауданы еден ауданымен, жұмыс аймағын, жүру жолдары мен өтпелерді ескеретін ауыстыру коэффициентімен анықталады:
F = foK (К = 4,5 - 5,0).
Пісіру бөлімінің жабдықтары бөлшектерді жөндеудің технологиялық поцестеріне сәйкес жайғастырылады. Электрдоғалық қолмен пісіруге арналған жұмыс орындары көлеңкелі қабырға жанында жайластырылады және металл экрандармен қоршалады. Газбен пісіру постылары қоршалмайды, қабырғаны бойлай қатарласа орналасады.Бөлім еденін кірпіштен жасау ұсынылады.Бөлмелерді желдету жалпы және жергілікті, соңғы жағдайда электр- жіне газбен пісіру үстелденінен ауаны сру біркелкі сору панелі түрінде орындалады және үстелден 400 мм биіктікте орналасалы.
Бөлмедегі температура 14-17°С төмен, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 % төмен болмауы керек.
Әдебиет : 3 нег. /33-49/.
Бақылау сұрақтары:
1. Пісіру бөлімінің өндірістік бағдарламасын белгілеу үшін керекті бастапқы мәліметтер.
2. пісіру бөлімінің технологиялық процесі.
3. Балқыма құю процесі қалай жүргізіледі?
4. Пісіру цехында жабдықтарды жайластыру.
Дәріс №11. Комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімдерін жобалау
Комплектілеу, слесарьлық-келтіру агрегаттық бөлімдер. Бөлімдер бөлшектерден түйіндер мен агрегаттарды комплектілеуге, сондай-ақ агрегаттар мен машиналардың жинауын жеңілдету мақсатында бөлнектрек қосылыстарын келтіруге арналған.
Бөлімнің жылдық өндірістік бағдарламасы жыл ішінде комплектілнеуі керек агрегаттар мен машиналар санымен анықталады.
Технологиялық процесс. Комплектілеу бөліміне, әдетте комплектілеу қоймасымен бірге жайласатын, бақылау-сұрыптау бөлімінен жарамды, жөндеу цехынан жөнделген бөлшектер және қосалқы бөлшектер қоймасынан қосалқы бөлшектер келтіріледі.
Комплектілеу бөліміне соқпай, тікелей жинауға жіберілетін базалық және корпустық бөлшектерден басқа бүкіл бөлшектер жинаудан бұрын комплектілеуден өтеді. Комплектілеудің мақсаты түйіннің немесе агрегаттың құрамына кіретін бөлшектердітолық комплектіленгенше таңдау және келтіру болып табылады. Бөлшектер, түйінді жинаудың технологиялық картасында келтірілген, арнайы тізім (спецификация) бойынша, олардың салмақтары, өлшемдері мен басқа да көрсеткіштері бойынша топтастыру ескеріліп, комплектіленеді.
Түйіндер мен агрегаттарды комплектілеу жұмыс орнында (үстелде) жүргізіледі. Комплектіленген түйін немесе агрегат бөлшектері арнайы жәшіктерге немесе жылжымалы сөрелерге салынып, жинау цехының сәйкес жұмыс орнына тасымалданады. Қосылысатын бөлшектерді алдын-ала келтіру мен комплектілеу жинау жұмыстарының еңбек өнімділігін маңызды дәрежеде арттырады және жинау сапасын жақсартады.
Жұмыс орындарының санын есептеу және жабдықтарды таңдау. Жұмыс орындарының (бөлшектерді комплектілеуге арналған үстелдер) саны мына формуламен анықталады:
,
(6)
мұнда, Хрм – жұмыс орындарының саны;
t – түйін, агрегат немесе машина бөлшектерін комплектілеуге және келтіруге берілген уақыт нормасы, сағ.;
N- бөлімнің жылдық өндірістік бағдарламасы, дана;
Тф.н - бір ауысымдық жұмыс кезінде жабдық жұмысының номиналь жылдық уақыт қоры, сағ.;
у – ауысым саны;
m – жұмыс орнында бір мезгілде жұмыс істеушілер саны, адам.
Қалған жабдықтар технологиялық процеске сәйкес таңдалады. 9-кестеде бұл бөлімнің негізгі технологиялық жабдықтарының тізімі келтірілген.
Бөлімнің ауданы жабдықтар алып тұрған еденнің ауданымен және жұмыс аймағы, жүру және өту жолдары ескерілетін, өтпелік коэффициент бойынша мына формуламен анықталады:
,
(7)
мұнда, f0 – жабдықтар алатын орын, м2;
k - жұмыс аймағы, жүру және өту жолдары ескерілетін, өтпелік коэффициент, k=3,0-3,5.
Бөлімнің еденін беьоннан құйып, бетін цементпен тегістейді. Желдету жалпыалмасулық, өйткені комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімінің жабдықтары қосымша желдеткіштерді талап етпейді. Бөлмелердегі температура – 15-160С төмен болмауы, ал салыстырмалы ылғалдылық 60% артық болмауы керек.
9-кесте
Негізгі технологиялық жабдықтар мен инвентарьлардың мысалдық тізімі
Жабдықтың атауы |
Моделі немесе типі |
Қысқаша сипаттамасы |
Жоспардағы габариттік өлшемдері, мм |
Жабдықтың қуаты, квт |
1. Бөлшектерді комплектілеуге арналған үстел 2. Гидравликалық пресс 3. Түзету тақтасы 4. Бұрандадан өткізуге арналған станок 5. Вертикаль-бұрғылау станогі 6.Токарь-винткескіш станок 7. Слесарь верстагі 8. Үстелдік-бұрғылау станогі 9. Рейкалы қол пресі 10. Үстелдік жабдықтардың астына қоятын бұйым 11. Екі жақты қайрау станогі
12. Сөрелі стеллаж 13. Секциялы стеллаж |
2288 ГАРО-2135-1М ОСТ 20149-39
2219 2118А 1611 2280 НС-12 А -
2282 332А
2242 2247 |
- 40 т -
- Ǿ 18 125x500 - Ǿ 12 3 т
- Ǿ 250 дөңгелек - - |
3000x800 1560x640 1500x1000
820X580 900x600 2010X850 1400x800 760x460 370x200
800x600 530x630
3060X600 1400X450 |
- 1,7 -
1,0 1,0 4,5 - 0,5 -
- 1,7
- - |
Комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімі қоймаларымен тікелей жинау телімінің жанында орналасады және оның жанында қосымша бөлшектер және материалдар қоймасы орналасады. Бөлімнің мысалдық жоспарлануы 7-суретте көрсетілген.
Агрегаттық бөлім. Агрегаттық бөлім қозғалтқыштан басқа, бүкіл агрегаттарды жөндеумен, жинаумен және сынаумен байланысты жұмыстарды орындауға арналған. Бөлімнің жылдық өндірістік бағдарламасы жыл ішінде жиналатын агрегаттар санымен анықталады.
Технологиялық процесс. Түйіндер мен агрегаттардың бөлшектері комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімдерінен жинау жұмысорындарына жеткізіледі. Негізгі агрегаттар, атап айтқанда, берілістер қораптары, машиналардың жұмыс органдарының төмендеткіштері және гидрожетектер, жиналып болған соң арнайы стендтерде сыналады, ал сонан соң сырланады. Бұл бөлімнің өнімдері машиналарды жалпы жинау желісіне немесе дайын тауарлық агрегаттар қоймасына әкетіледі.
1 және 2- секциялы стеллаждар;
3- сөрелі стеллаж; 4-
бөлшектерді комплектілеуге арналған
үстел; 5-рольганг; 6-слесарь
верстагі; 7-
үстелдік-бұрғылау станогі;
8- рейкалы қол пресі; 9-
үстелдік жабдықтардың астына қоятын
бұйым; 10-тексеру тақтасы; 11- тексеру
тақтасы астына қоятын бұйым; 12- бұрандадан
өткізуге арналған станок; 13-қайрау
станогі; 14-вертикаль-бұрғылау
станогі; 15-түзету тақтасы; 16-түзету
тақтасы астына қоятын бұйым;
17-гидравликалық пресс.
7-сурет - Комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімінің мысалдық жоспарлануы.
Жабдықтарды есептеу және таңдау. Жабдықтарды және жұмыс орындарын есептеуагрегаттың немесе түйіннің әрбір атаулары бойынша жинау, сынау және басқа жұмыстардың сәйкес түрлеріне уақыт нормасына сай жүргізіледі. Әмбебап жұмыс орындарында жұмыс ұйымдастыруда агрегаттарды жинауға арналған жұмыс орындарының саны былай анықталады:
, (8)
мұнда, Хрм – жұмыс орындарының (жабдықтың) саны;
t – түйінді немесе агрегатты жинауға берілген уақыт нормасы, сағ.;
N- бөлімнің жылдық өндірістік бағдарламасы, дана;
Тф.н - бір ауысымдық жұмыс кезінде жабдық жұмысының номиналь жылдық уақыт қоры, сағ.;
у – ауысым саны;
m – жұмыс орнында бір мезгілде жұмыс істеушілер саны, адам.
Жұмыс орнында бір мезгілде жұмыс істеушлер саны жұмысты орындау сипатымен және шарттарымен анықталады және агрегаттық бөлім үшін т=1-2 адам болып қабылдануы мүмкін. Агрегаттарды сынауға арналған стендтер саны техникалық шарттармен регламенттелген сынау ұзақтығымен анықталады:
,
(9)
мұнда, Хи.с – агрегаттарды сынауға арналған стендтер саны;
t1 – техникалық шарттар бойынша агрегаттарды сынау ұзақтығы, сағ.;
t2 – агрегаттарды стендке орнату және одан түсіру уақыты, сағ.;
N – бөлімнің жылдық өндірістік бағдарламасындағы аттас агрегаттар сан, дана;
Тф.н – бір ауысымдық жұмыс кезінде жабдық жұмысының номиналь жылдық уақыт қоры, сағ.;
у – ауысым саны;
η0 – уақыт бойынша стндті пайдалану коэффициенті, η0=0,9-0,95.
Қалған жабдықтар есептелмей-ақ технологиялық комплектіге қажеттігіне қарай таңдалады.
Бөлімнің ауданы жабдықтар алып тұрған еденнің ауданымен және жұмыс аймағы, жүру және өту жолдары ескерілетін, өтпелік коэффициент бойынша мына формуламен анықталады:
, (10)
мұнда, k=4,5-5,0.
Агрегаттық бөлімнің едені ірі габаритті керамика тақтадан қаластырылады немесе бетоннан құйылып цементпен тегістеледі. Бөлімде жалпыалмасулық тарту-шығару желдеткіш құрылымы қарастырылған. Бөлмелердегі температура 13-160С төмен болмауы, ал ылғалдылық 6060% артық болмауы керек.
Әдебиет:
3
нег.
.
Бақылау сұрақтары:
1. Комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімдерін жобалау.
2. Комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімдерінің жылдық өндірістік бағдарламасы.
3. Комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімдерінің технологиялық процестері.
4. Комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімдерінің негізгі технологиялық жабдықтары мен инвентарьларының тізімі.
5. Комплектілеу және слесарьлық-келтіру бөлімдерінің ауданы.
6. Агрегаттық бөлімді жобалау.
Дәріс №12. Машиналар мен жабдықтарды жинау бөлімін жобалау
Бөлім дайын агрегаттар мен түйіндерден машинаның жалпы жинауын орындауға арналған.
Бөлімнің жылдық өндірстік бағдарламасы жыл ішінде жиналатын машиналар санымен анықталады.
Технологиялық процесс. Машиналарды жалпы жинауды өндіріс көлемі кішкентай және жөнделетін машиналар әртүрлі маркалы болған кезде әмбебап жұмыс орындарында жүргізеді, ал егер өндіріс көлемі маңызды болатын мамандандырылған кәсіпорындарда ағын әдісімен жүргізеді. Жөндеуден кейін машинаны жалпы жинау жаға машинаны жинағандай тәртіппен және ұқыптылықпен жүргізілуі керек.
Машиналар мен жабдықтарды жинаудың технологиялық процесі операцияларының деференциациялану дәрежесі жөндеу кәсіпорнының қуатына маңызды шамада тәуелді. Жинау процесі, әдетте, әмбебап жұмыс орындарында жүргізгенде, машина рамасын тұғырыққа қоюдан, егер бірнеше жұмыс орнында ағын әдісімен жинауда жылжымалы арбаға қоюдан басталады. Сонан соң базалық түйінге – рамаға технологиялық тіртіпті қатаң сақтап барлық негізіг түйіндер мен агрегаттарды, кабинасын және аспа жабдықтарын қоса алғанда, орнатады. Жабдықтарды жинау кезінде бірінші кезекте рамаға базалық бөлшектерді өою керек, сонда раманы тұғырыққа немесе жылжымалы арбаға бекіту мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, ал сонан соң жұмысшы органдарды басқару түйіндерімен жалғау жүргізіледі. өздігінен жүретін машиналарды жинау рамаға трансмиссия агрегаттарын орнатудан басталады, сонан кейін қозғалтқыш, ең соңғы кезекте дөңгелектік немесе шынжыр табандық қозғағыштарды орнатады. Жина упроцесі кезінде агрегаттардың бір-біріне қатысты қатаң центрленуіне көңіл аудару керек, өйткені бұл шартты сақтамау жекелеген агрегаттардың шамадан тыс тозуына және уақытынан бұрын істен шығуына әкеледі.
Жұмыс орындарының санын есептеу және жабдықтарды таңдау. Жұмыс орны мен жабдықтарды есептеу технологиялық процестерге сәйкес әртүрлі жинау операцияларының уақыт нормасына сай жүргізіледі. Жұмысты әмбебап жұмыс орындарында жүргізген кезде машина жинауға арналған жұмыс орындарының саны мына формуламен анықталады:
,
(11)
мұнда, Хп.с – жұмыс орындарының саны;
t – бір машинаны жинауға берілген уақыт нормасы, сағ.;
N- жыл бойына жиналатын машиналар саны, дана;
Тф.н - жұмысшының номиналь жылдық уақыт қоры, сағ.;
у – ауысым саны;
m – жұмыс орнында бір мезгілде жұмыс істеушілер саны, адам.
Ағын желісінің жұмыс орындарын есептеуде технологиялық процестің негізгі жинау операцияларынорындауды үйлестіру (синхрондау) негізге алынуы керек. Технологиялық процестің үйлесімділігі тәуелді боатын негізгі шама ағын желісінің тактісі (ритмі) болып табылады.
,
(12)
мұнда,
-
жинау ағыны желісінің жалпы тактісі
(ритмі), сағ.;
Тф.л – жинау ағыны желісі жұмысының жылдық уақыт қоры, сағ.;
у – ауысым саны;
N- жыл бойына жиналатын машиналар саны, дана.
Ағын желісінің жинау жұмыс орындарының саны:
,
(13)
мұнда, Хі – ағын желісіндегі жинау жұмыс орындарының саны;
t – ағын желісінде алдын-ала жиналған түйіндер мен агрегаттардан бір машинаны жинауға кететін уақыт, сағ.;
- жинау ағыны желісінің жалпы тактісі (ритмі), сағ.;
m – жұмыс орнында бір мезгілде жұмыс істеушілер саны, адам. (Әдетте т=3-4 адам).
Жинау жұмыс орындарының жалпы санын анықтағаннан кейінтехнологиялық процеске сәйкес оларды жекелеген операциялар мен өтулерге мамандандыруды тағайындайды. Әрбір жұмыс орнының жеке тактісі мына формуламен анықталады:
,
(14)
мұнда, t1, t2, …tn – сәйкес жұмыс орындарында орындалатын жұмыстардың уақыт нормасы, адам-сағ.;
m1, m2, …mn – сәйкес жұмыс орындарында бір мезгілде жұмыс істейтін жұмысшылар саны, адам.
Жұмыс орындарының қабылданған жеке тактілері теңдестіріліп, жалпы тактіге тең болуы керек. Бұл ағын үздіксіздігін сақтау үшін қажет. Жеке тактілерді теңестіру жекелеген жұмыстарды бір жұмыс орнынан екіншісіне берумен және жеке жұмыс орындарына бастапқы болжанған жұмысшылар санын өзгертумен іске асырылады. Жалпы және жеке тактілерді теңестіру жекелеген операциялар мен өтулерді бір жұмыс кешеніне біріктерудің технологиялық тиімділігі үшін қажет. Бқл көп уақытты шығындайды және нысанды жинаудың технологиялық процесін толық білуді талап етеді. Осындай әрекеттердің нәтижесінде барлық жұмыс орындарында жуықтап келтірілген жеке жұмыс орындарының бірдей тактісі алынуы мүмкін:
.
(15)
Егер келтірілген жеке такт жинаудың жалпы тактісінен үлкен болса, онда ағын желілерінің саны мына формуламен анықталады:
.
(16)
Есептелген жұмыс орындарының санына резерв есебінде пайдалану үшін тағы қосымша 20-25% жұмыс орны қарастырылады. Сонда қабылданатын жұмыс орындарының саны.
.
(17)
Метрмен алынған конвейердің жұмыстық ұзындығы:
,
(18)
мұнда, А – машинаның габариттік ұзындығы, м;
l – конвейердегі машиналар арақашықтығы, м (l=1,0-1,2 м);
Х – конвейердегі жұмыс орындарының саны.
Конвейердің жұмыстық ұзындығына жетектік және тарту станцияларының ұзындығы қосылады. Сонда конвейердің жалпы ұзындығы:
,
(19)
мұнда, lп – конвейердің жетектік станциясының ұзындығы, м;
lн - конвейердің тарту станциясының ұзындығы, м.
Жөндеу өндірісін ағын түрінде ұйымдастырудың артықшылығы, ол жұмысшылардың жоғарғы біліктілігін талап етпейді, өнімділігі жоғары мамандандырылған құралдарды, айлабұйымдарды және жабдықтарды қолдануға мүмкіндік береді. Бұл мағызды түрде жұмыстың еңбексыйымдылығын тқмендетеді және жөндеу циклінің уақытын қысқартады.
Бөлімнің ауданы жабдықтар алып тұрған еденнің ауданымен және жұмыс аймағы, жүру және өту жолдары ескерілетін, өтпелік коэффициент бойынша мына формуламен анықталады:
, (20)
мұнда, k=4,5-5,0.
Машина жинау бөлімінің едені бетоннан құйылып, цементпен тегістеледі. Бөлімде жалпыалмасулық тарту-шығару желдеткіш құрылымы қарастырылған. Бөлмелердегі температура 13-160С төмен болмауы, ал ылғалдылық 6060% артық болмауы керек. Бөлмелердің биіктігі жөнделетін машиналардың габариттерімен және көтеру-тасымалдау қондырғыларының өлшемдерімен анықталады.
Әдебиет: 3 нег. .
Бақылау сұрақтары:
1. Машиналар мен жабдықтарды жинау бөлімін жобалау.
2. Машиналар мен жабдықтарды жинау бөлімінің жылдық өндірістік бағдарламасы.
3. Машиналар мен жабдықтарды жинау бөлімінің технологиялық процестері.
4. Жинау жұмыс орындарының санын есептеу.
5. Жинау тактісі шамасын есептеу.
6. конвейердің ұзындығын есептеу.
Дәріс №13. Сынау станциясы
Сынау станцияларында машиналар мен агрегаттардың берілген типі үшін бекітілген техникалық шарттарға сәйкес, жөндеуден шығатын қозғалтқыштардың және басқа агрегаттардың бөлшектерінің жайласуы және сынау жүргізіледі. Бөлшектердің жайласуы мен сынауды оларды жөндеу процесінің аяқтаушы кезеңі деп қарастыруға болады. Сынау кезінде үйкелісетін беттердің қиюласуы, қозғалтқышты пайдалану күшсалмағына дайындау және жүргізілген жөндеу бойынша жұмыстар сапасын ақырғы тексеру іске асырылады. Сынау станциясы құрылымы бойынша агрегаттық цехтың құрамына кіреді.
Сынау станциясының жылдық өндірістік бағдарламасы жобалау тапсырмасына сәйкес анықталады және жыл бойына сыналатын агрегаттар санымен көрсетіледі.
Технологиялық процесі. Сынау станциясына, мысалы қозғалтқыштар жөндеу жіне жинақтау бөлімдерінен әкеоінеді. Қозғалтқыш бөлшектерінің қиюласуы және сынауы кезіндегі жұмыстардың, әдеттеә үш принциптік ерекшеленетін кезеңдері болады.
Бірінші кезең – салқындай қиюласу, бұл процесс кезінде иінді білік арнайы жетектік құрылыммен айналысқа келтіріледі. Қозғалтқыш таза маймен толықтырылады цилиндрлер, мойынтіректер және басқа бөлшектер молынан майланыпбұріккіштер мен шамдары орнатылмай қиюластыру жүргізіледі. Бұл кезде ақырындап иінді біліктің айналым саны арттырылады.
Екінші кезең – қозғалтқыш өзі жұмыс істеп, айналдыру үшін энергия шығындалмайтын ыстықтай сынау.бұл кезде сыналатын қозғалтқыштан энергия берілмейді. Бұл кезеңді кейде зая жүрісті қиюласу деп те атайды. Бұл кезеңде клапандарды, отын жүйесін реттеу және басқа реттеу жұмыстары жүргізіледі.
Үшінші кезең – қозғалтқыштан алынатын энергия тежеу қондырғыларымен жұтылатын, жүктемелі қиюласу және сынау. Жүктемелі ыстықтай қиюласу әртүрлі тежеу қондырғыларымен қозғалтқышты ақырындап жүктеуден тұрады. Жүктемелі қиюласудан өтіп жатқан қозғалтқыштың картеріндегі май температурасы 80°С-ден аспауы керек. Суытатын су әкетілетін қозғалтқыш құбырөткізгіштеріндегі су температурасы 85-90°С шамасында болуы керек. Қозғалтқыштар қиюласуы мен сынауы кезінде ақаулар байқалуы мүмкін. Бұндай қозғалтқыштарды бөлшектейді, ақауын жояды, жинақтайды эәне қайта сынақтан өткізеді.
Қозғалтқыштарды сынау кезінде анықтайды:
- қозғалтқыштың айналдырушы моменті мен қуатын;
- иінді біліктің айналым санын;
- сағаттық және өзіндік отын шығынын;
- май қысымын;
- су мен май температурасын;
- картердегі газдар қысымын;
- отын қысымын;
- май шығынын.
Қозғалтқышты сынау техникалық шарттармен белгіленген режимдерде жүргізіледі.
Есептеу жолымен анықталатын сынау станцияларының негізгі жабдығы қозғалтқыштарды сынау стендтері болып табылады. Әртүрлі маркалы бағдарлама кезінде қозғалтқыштардың әр маркасы бойынша жеке есептеулер жүргізіледі, ал алынған нәтиже әмбебап стендтер қолданылсы қосылады.
Сынаудың жалпы ұзақтығы әртүрліқозғалтқыштар үшін техникалық шарттарына сәйкес әртүрлі.
Станцияның қалған жабдықтары есептелмейді, қуаттылықтары әртүрлі сынау станциялары үшін оны қолдану жағдайдарының ұтымдылығынан комплектілі қабылданады.
Техникалық жоба кезеңінде сыналатын қозғалтқышты отынмен, маймен, суытатын сумен, қамтамасыз ету және пайдаланылған газды шығару толық меңгеріледі.
Қозғалтқышты отынмен қоректендіру жүйесі өртке қарсы талаптар нормасына сәйкес меңгеріледі, оған сәйкес бензинге де, дизель отынына да арналған резервуарлар сынау станциясы бөлмесінен басқа жерде орналастырылады. Отын сынау станциясына өздігінен ағып келуі керек болғандықтан, олардың резервуарлары енденнен 2,5-3 м биіктікте орналасады. Дизельдердің конструкциялық ерекшеліктері ескеріліп, мысалы, ЯМЗ – артық отынның үздіксіз кері айналуы керектігінен – төтеншелік түрінде бөлмеден бөлек жерде орналасқан резервуардан мезгіл-мезгіл толтырылып тұраты, сыйымдылығы 50 л аспайтын бакты бөлмеге орналастыруға болады.
Отын шығынын есептеу үшін сынау станциясы комплектісіне кіретін салмақ және көлем өлшеу приборлары қолданылады.
Отынды магистральдан айыру үшін газ құбырлары қолданылады. Отынды пульттен стендке жеткізу үшін диаметрлері 6 мм кем емес болат немесе мыс түтіктер қолданылады. Магистральдық отын айырғыштарды суыту жүйесі мен майлау жүйесінің құбырқткізгіштерімен берге бір арнада 0,01 кем емес еңістікпен орналастырады. Отынөткізгіштерді электрөткізгіштермен және пайдаланған газ құбырөткізгіштерімен бірге бір арнада орналастыруға болмайды.
Қозғалтқыштардың қоректендіру жүйесі жекеленіп те, май айырумен ағындық-айналымдық болып та жобаланады. Ең жетілгені қозғалтқышты ағындық-айналымдық маймен қоректендіру жүйесі, ол майды сапалы және үздіксіз тазалауды қамтамасыз етеді.Сорғыларды таңдағанда олар өнімділігі бойынша да, қысымы бойынша да қиюласатын агрегаттарға қажетті майды қамтамасыз етуін ескеру керек.
Ағындық-айналымдық майлау жүйесі үшін ең қолайлы сорғылар типтері тістегершікті сорғылар, олардың сипаттамалары әртүрлі әдебиеттерде келтіріледі [2, 3, 5].
Құбырларды сұрыптары бойынша таңдауда магистральдық құбырқткізгіштің көлденең қимасы айырушылардың көлденең қималарының қосындысынан артық болуы керек.
Сынау станцияларының майөткізгіштерін монтаждау кезінде қысыммен жұмыс істейтіндердің көлбеу шамасы 0,008-0,01, ал өздігінен ағатындардың көлбеулігі 0,02 кем емес қабылданады. Орталықтандырылған ағындық-айналымдық майлау жүйесінде резервуар сыйымдылығы бүкіл қосылған май жүйесінің сыйымдылығынан, қозғалтқыштарды, сүзгілерді және құбырөткізгіштерді қоса есептегенде, үш есе артыұ болу керек.
Қозғалтқыштардың суыту жүйесі сынау кезінде талап етілген жылулық режимді ұстауды қамтамасыз етуі керек. Ең қолайлы жылулық режим қозғалтқышқа кіретін су температурасы 65-70°С, ал шығатын – 85-90°С аралығында жататын режим. Жөндеу кәсіпорындарының сынау станцияларында екі суыту жүйесін қолданады: жекелеп жіне орталықтандырып.
Жекелеген жүйеде әрбір сынау станциясында өзінің суыту жүйесі болады, бұл кезде араластыру багінен қиюласатын қозғалтқышқа келетін су температурасы желдеткіштер көмегімен қолдан реттеледі. Жекелеу жүйесі үш стендтен артық орналастырылмаған станцияларда қолданылады. Стендтер саны көп болсаорталықтандырылған қозғалтқыштарды суыту жүйесін пайдалану ұсынылады, су айналымы бұл кезде арнайы сорғылық қондырғы көмегімен іске асырылады.
Пайдаланылған газдарды шығару жүйесі сынау станцияларында жекелеп те, орталықтандырылып та жобалануы мүмкін. Жекелеу жүйесі жағдайында пайдаланылған газдар әр стендтен құбырөткізгіштер көмегімен бөлмеден тыс жерге шығарылады. Сынау станциялары көп кезде қоданылатын орталықтандыру жүйесінде әр стендтің құбырөткізгіштері бір коллекторға жалғанып, желдету қондырғылары көмегімен газдар атмосфераға шығарылады.
Коллектордан газды желдету жүйесімен тікелей сорып алу газдар температурасының жоғарылығынан және олардың желдеткіш бөлшектеріне жегілік әсерінен қиындау және ұтымды емес. Бұл жағдайда ең тиімдісі пайдаланылған газдарды шығарудың эжекциялық тәсілі. Газөткізгіштер үшін әдетте диаметрлері 75 мм кем емес құбырлар пайдаланылады, арнайы арналарда да, алдын ала құм төселіп дайындалған грунтқа да салынады. Газөткізгіштер қозғалтқыш құбырқткізгіштеріне иілетін металл шлангтармен жалғанады.Пайдаланылған газдарға арналған құбырөткізгіштердің сыртқы ауызы төбе карнизінен немесе үй фонарынан 1 м кем емес биіктікте болуы керек. Сынау станциясының ауданы еден ауданымен, жұмыс аймағын, жүру жолдары мен өтпелерді ескеретін ауыстыру коэффициентімен анықталады:
F = foK ( К = 3,5 - 4,О.
Коэффициентің кіші шамасын стендтер саны көп сынау станциясыүшін алу керек. Жуықтаған көрсеткіштермен есептеу қажетті аудан шамасын шамамен анықтау үшін қоданылады. Сынау станциясын есептеу кезінде жуықтаған көрсеткіштер ретінде бір стендке тиесілі аудан қабылданады. Бұл шама бір жағынан жоспарлау шешімін қабылдау оңтайлылығын сипаттайтын бақылау цифры болып та табылады. Сынау станцияларында бір стендке келетін өзіндік аудан 25-35 м2, бұл жерде кіші шама стендтер саны кқп станцияларға алынады. Сынау стендтері осьтері арасындағы 2,5-3,0 м , стендтер қатары арасындағы өтпе жол ені 2,0-2,5 м кем емес.
Ғимарат конструкциясы элементтерінің дірілін болдырмау үшін сынау стендтері әдетте жеке іргетастарға отырғызылады.Бөлме биіктігі қиюласатын қозғалтқыш габариттерімен және көтеру-тасымалдау қондырғысының өлшемдерімен анықталады. Бөлме едені мен қабырғасы 2,2 м биіктікке дейінкерамика тақталармен жабылуы керек.Қозғалтқыштардың суыту жүйесінің, майлау жүйесінің , кейде отынмен қамтамасыз ету жүйесінің құбырөткізгіштері беті алынатын бетон тақталармен жабылған қимасы 400х400 арнайы арналарға салынады.
Егер сынау станциясының ауданы 200 м2 кем болмаса, онда екі эвакуациялық шығуларды қарастырады. Шулар мен дірілдерді шектеу мақсатында, қуаты 220-250 а.к. қозғалтқыштарды (Д-12А, ЯМЗ-238 және басқалар) сынау кезінде, сынау стендтерін қабырғалары дыбысты шығыртпайтын материалдардан жасалған арнайы бөлмелерге (бокстарға) орналастырады.
Бөлмедегі температура 14-17°С төмен, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 % төмен болмауы керек.
Әдебиет : 3 нег. /83-91/.
Бақылау сұрақтары:
1. Сынау станциясы не үшін қажет?
2. Қозғалтқыштар қалай сыналады?
3. Қозғалтқыштардың әртүрлі модельдерін сынаудың жалпы ұзақтығы қандай?
4. Жабдықтарды сынауға арналған бөлменің ауданы қалай есептеледі?
5. Жабдықтарды сынауға арналған бөлменің температурасы қандай болуы керек?
Дәріс №14. Құралдық бөлім
Бұрғылау және мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын жөндеу кәсіпорнының құралдық бөлімі бұл кәсіпорынның құралдық шаруашылығының құрамдық бөлімі болып табылады.
Құралдық бөлім негізінен құралдарды жөндеуге және қайрауға, сонымен қатар саймандарды жөндеуге және жасауға арналған. Қалыпты және арнайы құралдармен кәсіпорын, әдетте, құралдар заводымен орталықтандырылған тәртіппен қамтамасыз етіледі.
Бұл заводтардан әкелінбейтін, бірақ машиналар жөндеуге қажетті құраддар мен саймандар жөндеу заводтарының өзінде құралдық бөлімде дайындалады.
Құралдық бөлімнің осы міндеттерімен байланысты әрқашан да оларда қажетті технологиялық жабдықтардың ең минимум саны ғана болады.
Жөндеу кәсіпорындарын жобалау кезінде құралдық бөлімнің мұқиат есептеуін жүргізбейді, ал жеткілікті қанағаттанарлық нәтижемен қамтамасыз ететін, әдетте жуықтау мәліметтерін пайдаланады.
Жобалау институттары жүргізген, жобалау материалдары мен әрекетті жөндеу заводтарының жұмысына анализ құралдық бөлімнің станоктар саны жөндеу кәсіпорнының өндірістік қуатына тікелей тәуелділікте екенін көрсетеді.
Жөндеу кәсіпорнының өндірістік қуатына тәуелді құралдық бөлімдер үш топқа – I, II және III – бөлінеді.
I топқа өндірістік қуаты жылына 250 дейін күрделі жөндеулерді, II топқа – 500 дейінгі, III топқа – 1000 дейінгі құралдық бөлімдер жатады.
Кәсіпорынның мұндай қуатында құралдық жұмыстар көлемі маңызсыз, сондықтан құралдық бөлімдерді онда ұйымдастыру тиімсіз деп есептеледі. Бұл жағдайда құралдық бөлімнің жабдықтары мен штаты кәсіпорынның өзінің слесарьлық-механикалық бөлімімен немесе бас механик бөлімінің жөндеу-механикалыө бөліммімен біріктіріледі.
Егер жөндеу кәсіпорнының қуаты жылына 1000 және одан да көп күрделі жөндеулерді құраса, онда өз бетінше құралдық бөлім ұйымдастырылады. Ол мына қызметтерге арналған:
а) әртүрлі түрдегі құралдарды жөндеу және қайрау үшін;
ә) құралдық заводтардан орталықтандырып әкелінбейтін стандарттық емес құралдарды дайындау үшін;
б) жөндеуге қажетті саймандарды жөндеу және дайындау үшін.
Құралдық бөлімде жұмыстарды ұйымдастырудың мағынасы келесідей.
Орталықтандырылған тәртіппен заводқа әкелінетін құралдар, өлшеу зертханаларында немесе бақылау-тексеру бекетінде тексеруден өткеннен кейін, орталық құралдар қоймасында сақталады.бұл құралды және саймандарды өндіріске беру құралдық-тарату сақтау жері арқылы жүргізіледі.
Жөндеуге құралдар мен саймандар құралдық-тарату сақтау арқылы мерзімдік тексеру графигі немесе жөндеу қажеттігі бойынша әкетіледі.
Құралдық бөлімде орындалатын негізгі жұмыстар келесідей:
а) ескірген кесуші құралдарды (тарқыштарды, бұрғыны, жайманы және т.б.), сондай-ақ өлшеу құралдарын келесі өлшемге дейін қайта ажарлау;
ә) сынған құралды пісіру және кесуші құралға балқыма (кескіштерге, фрезаларға және т.б.) құю;
б) құралдардың тозған беттерін хромдау және оларды басқа технологиялық тәсілдермен қалпына келтіру.
Құралдар мен саймандарды дайындау кезінде де, жөндеу кезінде де бүкіл қажетті көмекші жұмыстар – ұсталық, термиялық, гальваникалық және басқа қатарлары - өндірістің негізгі цехтарында орындалады.
Құралдық бөлімде дайындалатын құрал , әдетте, сол жерде алғашқы қайралады. Ал келесі қайраулар, өндірісте бұл іс қалай қойылғанына тәуелді, орталықтандырылып немесе жұмыс орнында жұмычшының өзі орындауы мүмкін.
Құралдар мен саймандар дайындалғаннан немесе жөнделгеннен кейін бақылаудан өтеді (ТББ), сонан соң тиісті құжаттарымен – жөндеугендер құралдық-тарату сақтауына (ҚТС), ал дайындалғандар орталық құрал қоймасына (ОҚС) жіберіледі.
Жөндеу кәсіпорнының құралдық бөлімі құрамы:
а) слесарьлық-механикалық телім;
ә) қайрау телімі;
б) аралық қойма;
в) қызметтік бөлмелер.
Слесарьлық-механикалық телім құралдар мен саймандарды жөндеу және дайындау бойынша слесарьлық және станоктық жұмыстарды жүргізуге арналған.Берілген телімнің станоктар санын кәсіпорында орнатылған негізгі станоктық және басқа жабдықтардың 15% тең етіп қабылдап, келесі формула бойынша анықтау ұсынылады:
хо = O,15Xo,
мұнда, хо - құралдық бөлімнің станоктар саны;
Хо – кәсіпорында орнатылған негізгі станоктық және басқа жабдықтар саны.
Құралдық бөлімнің анықталған станоктар саны төмендегі мәліметтерге сәйкес типтері бойынша бөлінеді:
Станоктар типі бойынша бөлінуі:
Токарьлық . …………………………………….40
Фрезерлік …………..………………………… .15
Ажарлау . . . . . . ……….............……………….15
Жону және илеу………...................…………...10
Бұрғылау . . ………………........……………….7
Қайрау және келтіру . …….....………………..13
Жұмысшы-станокшылар саны станоктар саны және олардың жұмыс режимдері бойынша анықталады, бұл кезде мамандақтар қосарласуы мүмкін. Жұмысшы-слесарьлар саны құралдық бөлімдегі жұмысшы-станокшылар санының 30% тең деп қабылданады. 13-кестеде бұл бөлімнің технологиялық жабдықтары көрсетілген.
Қайрау телімі бөліммен дайындалатын, сонымен қатар пайдаланудағы кесуші құралдарды қайрауға және бкбына келтіруге арналған.
Аралық қойма жөндеуді қажет ететін құралдар мен саймандарды сақтауға, сонымен қатар құралдық жұмыстарға арналған қажетті материалдарды сақтауға арналған.
Құралдық-тарату сақтау (ҚТС) саймандарды, өлшеуші және кесуші құралдарды сақтауға және беруге арналған.
Құралдық бөлімнің өндірістік телімдерінің ауданы жабдақтар мен өндіріс инвентары іс жүзінде алатын ауданын жабдық алдындағы жұмыс орнын, жүру жолдары мен өтпелерді ескеретін ауыстыру коэффициентіне көбейтумен анықталады.
Ауыстыру коэффициентін жөндеу кәсіпорны құралдық бөліміің өндірістік телімдері үшін 3,5 тең деп қабылдайды.
Аралық қойма ауданы берілген бөлімнің негізгі өндірістік телімдері ауданының 10-12% деп қабылданады.
Құралдык-тарату салуының (ҚТС) ауданы екі ауысымда жұмыс істейтін заводтағы бір металл кесуші станокқа қатысты 0,40-0,50 м2 есепте деп қабылданады. Құралдық бөлімнің қызметтік бөлмелерінің ауданы сол бөлімде жұмыс істейтін бір адамға қатысты есептеледі. Бір адамға өзіндік аудан 3,25 м2 деп қабылданады.Құралдық бөлім бөлмелері келесі талаптарды қанағаттандыру керек:
1) өндірістік кәсіпорындарды жобалаудың санитарлық нормаларына сәйкес құралдық бөлім бөлмелерінің биіктігі шығыңқы құрылыс конструкцияларына дейін 3,2 м төмен болмауы керек;
2) бөлімнің барлық бөлмелерінің едені асфальт-бетон болув керек;
3) қабырғалар 1,5-2 м биіктікке дейін сырланған, қалған бөлігі мен төбесі әктелген болуы керек;
4) бөлмедегі температура 15-16°С төмен, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60 % төмен болмауы керек.
Әдебиет : 3 нег. /149-157/.
Бақылау сұрақтары:
1. Құралдық бөлім қандай мақсаттарға арналған?
2. Құралдық бөлімнің құрамына не кіреді?
3. Құралдық-тарату сақтауы қандай мақсаттарға арналған?
4. Құралдық бөлімнің ауданы қалай анықталады?
Дәріс №15. Қойма шаруашылығын және зертханаларды жобалау
Мұнай жабдықтарын күрделі жөндеуге арналған заводтакелесідей жалпызаводтық қоймалар болады: қосалқы бөлшектер, негізгі және көмекші материалдар, метелдар, химикаттар, лак-бояу, жағар майлар мен отындар, өтілдер мен өндіріс қалдықтары, дайын өнімдер, жөндеу қоры, ағаш материалдар, карбид, кальций және оттегі.
Кәсіпорынның өндірістік қуатына тәуелді қоймалар саны маңызды қысқаруы мүмкін.
Қоймаларды жобалауға қажетті негізгі мәліметтер мыналар: кәсіпорынның өндірістік бағдарламасы, бір күрделі жөндеуге кететін бөлшектер мен материалдар шығынының нормасы және кәсіпорынның берілген типіне белгіленген қосалқы материалдар нормасы. Бөлшектер, материалдар, дайын өнімдер шығыны мен қорының және дайын өнімдерді сақтаудың бұл нормалары негізінен заводты қамтамасыз еті және дайын өнімді өткізу шартарына тәуелді.
Төменде жөндеу кәсіпорнының қойма бөлмелерінде материалдарды және бұйымдарды сақтау нормасы (күнмен есептегенде) келтірілген:
Қосалқы бөлшектер ……………………………….....….…........……..30—45
Металл метиз және құбырлар ………………………..…….…....….…20—30
Материалдар………………………………………………..............…...20—40
Жағар материалдар, мазут, отын және ағашматериалдар…................20—І0
Жөндеу қоры (машинлар және агрегаттар)……………………………10—15
Дайын өнім (жөнделген машинлар және агрегаттар)....................….…4—6
Қосалқы бөлшектерді, материалдарды, маталдарды сақтаудың қажетті қоры мөлшерін 10-кестеде көрсетілген пішінде есептеу ұсынылады.
10-кесте
Қоймалар үшін қорды есептеу
Жөндеу обеъктысының атауы |
Жылдық бағдарлама |
Материалдын немесе бөлшектердың атауы |
Бір күрделі жөндеуге шығынның нормасы |
Жылдық шығыны |
Күндік сақтау қоры |
|
|
|
|
|
|
10-кестедегі мәліметтерді пайдаланып қоймада сақталатын қажетті қор мөлшерін мына формуламен анықтайды:
,
(21)
мұнда, G – сақталатын материалдар (бөлшектер) қоры, т;
А – бір күрделі жөндеуге кететін материалдар (бөлшектер) шығынының нормасы, т;
N – жылдық өндірістік бағдарлама; дана;
а – қордың есептік нормасы, күн;
Др – жыл ішіндегі жұмыс күндер саны, күн.
Бір күрделі жөндеуге кететін материалдар (бөлшектер) шығынының нормасын жуықтап есептеулер үшін мынадай шамамен қабылдайды: қосалқы бөлшектер қоймасы үшін жөнделетін машинаның немесе агрегаттың салмағының – 15-18%, негізгі және көмекші материалдар қоймасы үшін – 5-8%, жөндеуді күтуші бөлшектер қоймасы үшін - 6%, комплектілеу қоймасы үшін - 8%, металдар қоймасы үшін – 3-5%.
Қойманың ауданы мына формуламен есептеледі:
,
(22)
мұнда, Fск – қойманың есептелетін ауданы, м2;
G – материалдардың (бөлшектердің) сақталатын қоры, т;
q – сақталатын материал алатын ауданның 1 м2 түсетін рауалы өзіндік күшсалмақ, т/м2;
i – материалдарды (бөлшектерді) сақтау қабатының саны;
k – стеллаждар, ларьлар және сақталатын материалдар алатын ауданнан қойманың жалпы ауданына өту коэффициенті.
11-кестеде әртүрлі қоймалар үшін q және k шамаларынының мәндері көрсетілген.
Қосалқы бөлшектер және жөнделген бөлшектер қоймасы әдетте ауа температурасы 12-160С кем болмайтын жылытылатын бөлмелерде жайласады. Оларды өлшемдеріне тәуелді сөрелерде немесе секциялы стеллаждарда сақтау қажет.
Стеллажсыз, еденде ауырсалмақта базалық бөлшектер - қозғалтқыш цилиндрінің блоктары, әртүрлі картерлер, шынжыр табанды жүрістің жетектік және жетектегі дөңгелектері, аунақ (каток) білігі, нығыздаушы тақталар және т.б.- сақталады.
11-кесте
Өзіндік күшсалмақ пен өту коэффициентінің мәндері
-
Қойманың атауы
Сақтау шарты
Рауалы өзіндік күшсалмақ q,
т /м2
Өту
Коэффициенті, К
Қосалқы бөлшектер қоймасы
стеллаждарда
0,6-1,0
2,5-3,0
еденде
(ірі бөлшектерді)
1,2-,5
1,7-2,5
2,5-3,0
2,0-2,5
Негізгі және көмекші материалдар қоймасы
стеллаждарда
0,3-0,4
1,5-2,0
0,5-0,8
Металдар қоймасы
стеллаждарда (сортты болат)
стеллаждарда (түсті металдар)
—
қат-қатар (жалпақ болат)
4,5-6,0
—
2,0-2,5
Лак-бояу және химикаттар қоймасы
стеллаждарда
0,4-0,6
Жағар материалдар, мазут және керосин қоймасы
бөшкеде
0,3-0,4
1,7-2,0
Негізгі және көмекші материалдар қоймаларын жылытылатын бөлмелерде жайластыру қажет, өйткені резеңке-асбест бұйымдар, текстиль, электротехникалық материалдар ауа температурасы 12-160С кем емес жерлерде сақталуы керек. Металдар қоймасы жабық бөлмелерден де, сондай-ақ жабық емес бөлмелерде – бастырмалардан да тұрады. Жылытылатын бөлмелерде әдетте түсті металдар мен қоспаланған (легирленген) болаттар, ал бастырма астында - әртүрлі меьалдар, құбырлар және т.б. сақталады.
Зертхана. Қазіргі кезде жөндеу кәсіпорындарының зертханаларын жобалауға және әсіресе олардың бөлімдеріне, жабдықтарына, штатына және аудандарына қатысты талаптар әлі де қойылмаған.
Жөндеу кәсіпорындарының зертханалары технологиялық процесті үздіксіз жетілдіруге, өндіріске алдыңғы қатарлы техниканы енгізуге, шығарылатын өнімдердің сапасын арттыруға көмектесуі керек.
Жөндеу кәсіпорындарында жобаланатын зертханалар негізінен келесі функцияларды орындауы керек:
1) металдардың, жартылай дайын өнімдердің, химикаттардың, лактардың, бояулардың, отындардың және басқа материалдардың стандарттарда бекітілген шарттарға сәйкестігіе анықтай, оларға сынау мен бақылаулар жүргізу;
2) өндірістік жұмыс процесінде пайда болатын техникалық және технологиялық мәселелерді шешу бойынша цехтар мен өндірістікқызметтерге көмектесу;
3) технологиялық процестерді жетілдіру бойынша жұмыстарға қатысу, бөлшектерді қайта қалпына келтірудің жаңа алдыңғы қатарлы тәсілдерін жасау және оларды енгізу, бақылау мен сынаудың жаңа әдістерін жасау;
4) өлшеу аспаптары мен басқа өлшеу құралдарына тексеру мен мерзімдік бақылауды жүргізу;
5) өндірістік брактың себептерін анықтауға қатысу және оларды болдырмау іс-шараларын жасау;
6) түйіндер мен агрегаттардың, заводта жөнделген машиналардың тозу себептерін анықтау бойынша экспериментальдық жұмыстар жүргізу.
Завод зертханасының жұмысы неғұрлым табысты болады, егер ол өндіріс жаңашылдарымен, алдыңғы қатарлы конструкторлармен және технологтармен, сондай-ақ басқа да зертханалармен және ғылыми-зерттеу институттарымен соғұрлым тығыз байланыста болса және олардың жетістіктерін өз жұмыс тәжірибесіне және жалпы завод жұмысына енгізсе.
Зертхананың құрамы. Зертхананың жұмыс көлемі және оның жекелеген бөлімдерінің құрамы жөндеу заводының өндірістік қуатына тәуелді.
Өндірістік қуаты, өндірістік процестерді ұйымдастыруы және техникалық жарақтануы бойынша жөндеу кәсіпорындары үш санатқа бөлінеді: кіші, орташа және ірі.
Машиналарды күрделі жөндеу бойынша кіші жөндеу заводы болып жылына 500 дейінгі күрделі жөндеу жасайтындар табылады, орташаларға – жылына 1000 күрделі жөндеу жасайтындар, ірілерге - өндірістік қуаты жылына 1500 және одан да артық күрделі жөндеу жасайтындар жатады. Жөндеу заводтарының осылай бөлінуіне сәйкес зертханалар да кіші, орташа және ірі болып бөлінеді.
Ірі және орташа зертханаларда технологиялық және экспериментальдық жұмыстарды орындау үшін азғана станоктық жабдықтары бар технологиялық бөлім ұйымдастырған тиімді. Ал пісіру, термиялық, гальваникалық және басқа жұмыстарды алатын болсақ, оларды негізгі өндірістік цехтарда орындауға болады.
Күрделі жабдақтар мен жарақтарды талап ететін, арнайы зерттеулерді институттар мен жоғарғы оқу орындарының зертханаларында жүргізген тиімді.
Әдебиет:
3
нег.
.
Бақылау сұрақтары:
1. Қоймаларды жобалауға қажетті негізгі мәліметтер.
2. Бөлшектерді, материалдарда және бұйымдарды сақтау кезіндегі өор нормасы.
3. Зертханаларды жобалау.
