Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Осн проек. каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.01 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті

Қ. Тұрысов атындағы геология және мұнайгаз ісі институты

«Мұнайгаз кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасы

Студенттердің пәндік

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Татаева Жанар Құрмашевна

Нұғыманов Халел Қалқашевич

«Жөндеу кәсіпорындарын жобалау негіздері»

5В072400 – Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық

машиналары мен жабдықтары мамандығына арналған

пәннің оқу әдістемелік кешені

Алматы 2012

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Татаева Ж.Қ., Нұғыманов Х.Қ. Жөндеу кәсіпорындарын жобалау негіздері. 5В072400 – Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтары мамандығына арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені – Алматы: Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012. – 81 б.

Аңдатпа: «Жөндеу кәсіпорындарын жобалау негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ОӘД кредиттік жүйе бойынша оқитын студенттерге арналған пәндердің оқу-әдістемелік кешенін құрастыру және рәсімдеу туралы әдістемелік нұсқау негізінде құрастырылған.

Бұған ереже бойынша қажетті материалдар: пәннің оқу бағдарламасы – SYLLABUS және белсенді тарату материалының толық мазмұны кірген.

Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны студенттерге жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, жөндеу кәсіпорындарын жобалау әдістемесі және өндірістік цехтар мен басқа да бөлімшелердің жабдықтарын таңдауды есептеу жөнінде толық мағлұмат береді.Жөндеу өндірісінің технологиясына тәуелді өндірістік бөлмелерді жайластыру бойынша мәселелер қарастырылған. ОӘК келтірілген материалдар қажет болған жағдайда пәннің сұрақтарын өз бетінше оқып-үренуге студенттерге мүмкіндік береді және өз бетінше орындауға арналған тапсырмаларды орындау кезінде қажетті қосымша болып табылады.

Өзін бақылауға арналған тестік тапсырмалар кез-келген кезеңде пән бойынша өзінің білім деңгейін өз бетінше анықтауға және сәйкес тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді.

© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2012

П і к і р

«Жөндеу кәсіпорындарын жобалау негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешеніне 5В072400-Мұнай және газ өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтар мамандығына арналған

Авторлар: Татаева Ж.Қ., Нұғыманов Х.Қ.

«Жөндеу кәсіпорындарын жобалау негіздері» пәнінен оқу-әдістемелік кешенінде жобалау кезеңдері мен әдістеріне, мұнай және газ өндірісіндегі жөндеу кәсіпорындарының түрлеріне және олардың жылдық өндірістік бағдарламамен байланысына, жөндеу кәсіпорнында жүргізілетін негізгі жөндеу жұмыстарының түрлеріне және технологиялық процестеріне, өндіріс пен жұмыс орындарын ұйымдастыруға, ұйымдастыру жұмыстарының тиімділігін арттыруға кеңінен көңіл бөлінген.

Осы пәнді оқып-үйрену барысында бакалаврлар жөндек жұмыстарын жоспарлау мен ұйымдастырудан, әртүрлі жұмыстардың жылдық бағдарламасын есептеуден, соған тәуелді жқмыс шылар санын есептеу мен технологиялық жабдықтарды таңдаудан, жөндеу кәсіпорнынның түгелдеә және әрбір бөлімдермен цехтардың жекелей аудандарын есептеуден білімдер алады.

Оқу-әдістемелік кешеннің артықшылығы ретінде осы пәнді оқып-үйренуде сөзсіз сәтті мүмкіндік беретін дәрістік мәліметтермен практикалық сабақтардың өзара тізбекті байланысын, оларды өздік жұмыстар мен әдістемелік нұсқаулардың логикалық толықтыруларын айтуға болады.

Оқу-әдістемелік кешен қойылған талаптарға толық сәйкес келеді және оқу-әдістемелік құрал ретінде басылымға ұсынылады