Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК ИТиОНП каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.83 Mб
Скачать

2.3. Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары

1 Практикалық сабақ. «Мұнайгаз саласының инновациялық дамыту жүйедегi техникалық маманның инновациялық қызметi»

Тапсырма:

Білім алушылармен танысу, олардың кәсіби дағдысының бағытын анықтау, «Мұнайгаз саласының инновациялық техника мен технологиясы» бағдарламасының мәселелерінен қаншалықты харбардар екендігін тексеру.

Әдістемелік ұсыныс:

Қазақстандағы инновациялық жобаларды қалыптастыру және орнату жағдайының сипаттамасы. Сабақтың бірінші күнінде бағдарлама бойынша жұмыстың жеке жоспарын жасау, шығармашылық қызығушылыққа байланысты ұсынылған оқытушылармен жолығу, бағдарламамен қатар жүретін ғылыми-әдістемелік және ғылыми-зерттеу шараларына қатысу.

Әдебиеттер: қос. 2 (14-16)

Бақылау сұрақтары:

  1. Инновация дегенді қалай түсінесіз?

  2. Салалардың қазіргі мамандарының сипаттамасының қандай көрсеткіштері бар?

  3. Мұнайгаз экономика сферасының техникалық жұмысшыларының алдына қандай негізгі мақсат тұр?

  4. Еліміздің мұнайгаз экономика секторінде техника мен технологияны жетілдіру перспективалары?

2 Практикалық сбақ. «Зерттелетiн мерзiмге техника және технологияның деңгейiнiң күйiн зерттеу бойынша зерттеулердi өткiзу әдiстемесiн игеру»

Тапсырма:

1. Қазіргі кездегі технологиялар мен жабдықтарға зертеу жүргізу әдістемесін меңгеру: негізгі категориялар, идеялар, инновация заңдылықтары, техникалық заттар салаларының жүйелік және құрылымдық сипаттамалары.

2. Берілген техникалық зат пен жабдықтың инновациялық даму процесінің негізгі бағытын қарастыру.

Әдістемелік нұсқаулар:

Материалдарды жеткілікті меңгеру үшін дәріс сабақтары үлкен көмек көрсетеді. Электронды презентациялар материалдарды жүйелендіруге және акценттерін бөліуге көмектеседі. Бұл тақырыпта әсіресе мұнайгаз саласында нақты тәжірибеде аналитикалық және патенттік зерттеулер жүргізген ғылыми және ғылыми-әдістемелік баспалар мақалаларын қолдану керек.

Әдебиеттер: қос.: 2(144-146); Доп11 (185-195).

Бақылау сұрақтары:

  1. Зерттеліп отырған сұрақтың жағдайын анықтау үшін қандай аналитикалық зерттеулер жүргізу керек?

  2. Паттенттік зерттеу дегеніміз не?

  3. Техниканың даму бағыты мен деңгейі қалай тағайындалады?

3 Практикалық сбақ. «Тиiмдi техникалық шешiмдердiң аналогтары мен түп тұлғаларын таңдаудың әдiстемесiн зерттеу»

Тапсырма:

1. Инновация дамуындағы, әсіресе патенттік зерттеулер мазмұнындағы техникалық зерттеулердің алатын орнымен танысу.

2. Техникалық шешімдердің түп тұлғаларының мазмұны мен мақсатын игеру.

3. Инновациялық техникалық қызметті осы әдісте тәжірибелік қолдануды игеру.

Әдістемелік ұсыныстар:

Техника мен технологияны жетілдіруде конструктивтік техникалық шешімдерді анықтаудың негізгі әдістерін үйрену. Мұнайгаз саласының өндірістік сферасының маңызды проблемаларына қатысты материалдарды игеру.

Әдебиеттер: нег.: 1 (103-105); қос. 1(58-64, 72-82); қос. 2(85-90).

Бақылау сұрақтары:

  1. Патент деген не?

  2. Өзіңнің авторлық құқығыңды қалай қорғау керек?

  3. Өзіңніңтехникалық идеяңды тәжірибеде қалай іске асыруға болады?

4 Практикалық сбақ. «Технологиялардағы ұсынылатын иннновацияларды енгiзуде құрастыру есептеулерiн өткiзу әдiстемесiмен танысу»

Тапсырма:

1. Инновация дамуындағы, жүйелік кешенді есептеулер жүргізумен, технологияларды жетілдіруде алатын орнымен танысу.

2. Кәсіби-техникалық дайындықтың тәжірибесін үйрену.

Әдістемелік ұсыныс:

Техникалық тапсырмалардың алдын ала есептеу және жинақтаудың негізгі жетілдіру әдістерін инновациялық қызметте дамуын игеру.