
- •Мұнайгаз өнеркәсібінің инновациялық технологиялары мен жабдықтары
- •1 Пәннің оқу бағдарламасы – Syllabus
- •1.1 Оқытушы жөнінде мәліметтер
- •1.2 Алдыңғы реквизит
- •1.3 Соңғы реквезит
- •1.4 Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.5 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері және олардың орындау мерзімі
- •1.7 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- •1.8 Білімді бақылау және бағалау.
- •1.9 Курстың саясаты мен процедурасы
- •2 Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.2 Дәріс сабағының конспектілері
- •2.3. Практикалық (семинарлық) сабақтың жоспары
- •Әдебиеттер: қос.: 8. [44-81], 9. [12-19] Бақылау сұрақтары:
- •Әдебиеттер.: қос.: 8. [44-81], 9. [12-19]
- •Әдебиеттер: нег.: 2. [20-23], 9. [14-17]
- •2.5 Оқытушының нұсқауымен студенттің өзіндік жұмысы шеңберінде сабақтар жоспары (соөж)
- •2.7 Тест сұрақтары
- •Тест сұрақтарының жауаптарының паспорты
- •2.8. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •Глоссарий
- •Мазмұны
- •Мұнайгаз өнеркәсібінің инновациялық технологиялары мен жабдықтары
КАЗАХСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті
Қ. Тұрысов атындағы геология және мұнайгаз ісі институты
«Мұнайгаз кәсіпшілігінің машиналары мен жабдықтары» кафедрасы
Айтөреева Гүлзия Қалдыбайқызы
Нұғұманов Қалел Қалқашұлы
Мұнайгаз өнеркәсібінің инновациялық технологиялары мен жабдықтары
Пәннің оқу әдістемелік кешені
(5В072400 – Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық
машиналары мен жабдықтары мамандығына арналған)
Алматы 2012
ҚҰРАСТЫРУШЫ: Айтөреева Г.Қ., Нұғұманов Қ.Қ. Мұнайгаз өнеркәсібінің инновациялық технологиялары мен жабдықтары. 5В072400 – Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтары мамандығына арналған пәннің оқу-әдістемелік кешені – Алматы: Қ.И.Сатбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012. – 91 бет.
Аңдатпа. Бұл ОӘК «Мұнайгаз өнеркәсібінің инновациялық технологиялары мен жабдықтары» пәні бойынша 5В072400 – Мұнай және газ өнеркәсібінің технологиялық машиналары мен жабдықтары мамандығында кредиттік жүйемен білім алушыларға арналған. Оқу-әдістемелік кешен – пәннің оқу бағдарламасынан (syllabus), глоссариден, қысқаша дәрістер конспектілерінен, зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаудан, студенттердің өзіндік жұмыстарға арналған оқу-әдістемелік мәліметтерден, пән бойынша есептік жұмыстардың орындалуы туралы кестеден, өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмаларынан, ұсынылатын әдебиеттер мен емтихан сұрақтарының тізімінен тұрады.
Пікір беруші – Касенов А.К., техн. ғыл. кандидаты.
© Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ, 2012
1 Пәннің оқу бағдарламасы – Syllabus
1.1 Оқытушы жөнінде мәліметтер
Дәріс жүргізетін оқытушы: ______________________________________
толық аты-жөні
__________________________________________________________________
қызметі, оқу дәрежесі
Байланыс мәліметі: тел 8- 7272-577-159
Кафедрада болатын уақыты: МҒ, 702 аудитория.
Пән жөнінде мәліметтер:
Пәннің атауы: «Мұнайгаз өнеркәсібінің инновациялық технологиялары мен жабдықтары».
Кредит саны: 4
Өтетін орны: сабақ кестесі бойынша.
1-кесте
Оқу жоспарынан алынған жазба
курс |
семестр |
кредиттер |
1 аптадағы академиялық сағаттар |
|||||
Дәрістер |
Тәжірибелік сабақтар |
СӨЖ |
СОӨЖ |
Аптадағы барлық академиялық сабақтар |
Бақылау түрі |
|||
4 |
7 |
3 |
2 |
1 |
3 |
3 |
9 |
емтихан |
1.2 Алдыңғы реквизит
Бұрғылау жабдықтарын есептеу және конструкциялау;
Мұнайгазкәсіпшілігінің жабдықтарын есептеу және конструкциялау.
1.3 Соңғы реквезит
Диплом жобасын қорғау
1.4 Пәннің қысқаша мазмұны
Пәнді оқыту мақсаты
«Мұнайгаз өнеркәсібінің инновациялық технологиялары мен жабдықтары» пәніне арналған курсты оқудың нәтижесінде студенттер мұнайгаз машиналары мен жабдықтарының жаңа құрылымдық және технологиялық ғылыми ерекшеліктерін тереңдетіп оқуға, сонымен бірге әлемдік фирмалармен игерілген, қолданылып жүрген жабдықтар негізінде жаңа мұнайгаз жабдықтарын жобалауға мүмкіндік алады. Механизмдер жұмысын ұзақ мерзімділікпен және беріктікпен қамтамасыз ететін, бөлшектер мен тораптардың өзара күштік әсерін және есептеу әдістерін, жабдықтар жұмысын теория саласында инжинер-механиктердің білімін тереңдетіп зерттеу пәннің мақсаты болып табылады.
Пәнді оқыту міндеті
«Мұнайгаз өнеркәсібінің инновациялық технологиялары мен жабдықтары» 5В072400 – Технологиялық машиналар мен жабдықтар мамандығы студенттерінің кәсіптік білімін қалайтын арнайы пән. Жер қойнауынан мұнай мен газды өндіруге арналған бұрғылау ұңғыларын қамтамасыз ететін бұрғылау машиналары мен механизмдерін пайдалануға дайындау, сонымен қатар жаңа ғылым мен техникалық жетістіктердің негізінде жаңа жабдықтарды конструкциялау және игеруді оқыту пәнінің міндеті болып табылады.
Студент пәнді оқу барысында білу керек:
әлемдік техникалық жетістктер тенденциясына сәйкес бұрғылау машиналары мен қондырғыларының әрі қарай дамуының негізгі бағыттары мен құрылымын, теориясын;
бұрғылау машиналары мен қондырғыларына қойылатын технологиялық және нормативті – техникалық талаптарын;
ғылым мен техниканың ортақ саласындағы жаңа жетістіктерін;
мұнай-газ ісінің жаңа ғылыми проблемаларын;
оқыту әдісін;
жоғарғы мектеп психологиясын.
іскерлік болу керек:
технологиялық талаптар бойынша бұрғылау машиналары мен қондырғыларының техникалық параметрлерін есептеуге;
бұрғылау машиналарының күшке беріктігін, киниматикалық және басқа да инженерлі-техникалық есептерді жаңа техникалық дәрежеде орындауға;
танымал және жобаланушы бұрғылау машиналары мен қондырғыларының техника-экономикалық көрсеткіштерін және конструкциясын талдауға;
бұрғылау машиналары мен қондырғыларын әртүрлі табиғи – климаттық және таулы – геологиялық шарттарда бұрғылауға тиімді пайдалануды.