Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
BS_lektsia3.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
115.2 Кб
Скачать

Табиғи эксперимент.

Жұқпалы аурулармен сырқаттанушылықтың көбеюі немесе әртүрлі себептерге байланысты тоқтауы мақсаттық талдау кезінде жаңадан болжау (кейде ғылыми болжау) жасауға негіз болдады. Мысалы, жіті ішек инфекциялармен, вирустық гепатиттермен, кейбір гельминтоздармен сырқаттанушылықтың өсуі (немесе төмендеуі) табиғи апаттармен (су тасу, құрғақшылық, т.б.) байланысты болады. Мысалы, Қазақстанның бір өңірінде (Жамбыл облысының Сарықұм ауданы) қырым геморрагиялық қызба ауру бұрқ ете түсті (аз уақыттың аралығында жүзден артық адам аурады). Мұңдай жағдай көктемнің ерте басталуына байланысты табиғи ошақтағы вирустың резервуары болып саналатын кененің көп мөлшерде өніп-өсуі себебінен болдады.

Осы табиғи ошақтағы қой-ешкінің ерекше кенеленуі салдарынан, осы жерде тұратын халықтың (малшылардың) малмен тығыз байланысы әсерінен (қойды кенеден тазалау әрекеттері) және ауырған адамдардың өте жұқтырғыш келетінін білмегендіктен медицина қызметкерлерінің науқасты емдеу, тексеру барысындағы жіберген қателіктерінің салдарынан үлкен эпидемия пайда болады.

Ертеректе тұрғылықты халық кененің тіршілік ететін ошақтағы белсенділігі басталмай тұрып, малдарын басқа жаққа (жайлау) алып кету керек екендігін білген. Бірақ дәл осы жылы мұңдай сақтық шаралар ұмыт қалған, осының салдарынан жоғарыда айтылған эпидемия болады.

Осы жағдайда «табиғи» эксперимент іске асты: адамдар ауырды, олардың арасында өлімжітім аз болған жоқ. Бұл эпидемияның болу себебін болжау онша қиындыққа соққан жоқ.

Эпидемиялық процесті «физикалық» үлгілеу кезінде жұқпалы ауруды зерттеу барысында табиғи жағдайды эпидемиялық процеске ұқсас жасанды құбылысты іске асыру мүмкіншілігін пайдалануға болады. Эпидемиологиядағы эксперименттің осы түрін физикалық үлгілеу деп атайды. Мысал ретінде адам организміне ішек таяқшасын немесе бактериофагты енгізу арқылы ішек инфекциялары қоздырғыштарының таралуын зерттеуді айтуға болады.

Тарихта көп жағдайда зертеушілер экспериментті өздеріне жасаған, осындай эксперимент жасап, әртүрлі жұқпалы аурулардың қоздырғышын жұқтырған адамдар аз емес. Мысалы, О.О.Мочутовский бөртпе сүзек қоздырғышы бар қанды өзіне енгізген; Г.Н.Минх қайталама сүзек қоздырғышын өзіне егізген; И.Г.Савченко тырысқақ вибрионын өз денесіне енгізіп, бациллтсымалдаушылықты көрсеткен.

Экспериментальды эпизоотология.

Бұл әдіс арқылы зерттеуші эпизоотиялық процестің дамуын байқай алады. Мұңда қоздырғыштың қабылдағыш, сондай-ақ иммунды организмде болғаннан кейінгі жағдайын байқау мүмкіндігі туады және эпидемия аралығындағы қоздырғыштың сақталу мүмкіндігін немесе паразит пен ие популяциясының өзара әрекеттестігінің әртүрлі жақтарын зерттеуге болады. Эпизоотологиялық эксперименттің айқын мысалы ретінде лабораториялық жануарлар организіміндегі бруцеллез инфекциясының әрқилы патогенезін зерттеуді айтаға болдады.

Математикалық үлгілеу.

Эпидемиологиялық әдістің барлық түрлерін қолданғанда эпидемиологиялық процестің көрінісін байқауды математикалық үлгілеу әдісімен бірге атқаруға болады.

Аналитикалық эпидемиологиялық әдістерді пайдалану барысында эпидемиялық процестің даму механизмі ойша елестету арқылы жүзеге асады, ал үлгі қисынының дұрыстығы экспериментальдық әдістері және «физикалық» үлгілеуді қолдану арқылы дәлелденеді.

Эпидемиялық процестің даму механизмінің тек жеткілікті байқалуына қарай математикалық үлгілеуге мүмкіндік туады. Мұның алдын алу шараларын ұйымдастыру кеінде мәні зор.

Эпидемиологияда математикалық үлгілеудің екі әдісі бар:

  1. Нысанды-математикалық үлгілеу – бұл нақты эпидемиялық процестің сипаттайтын сандық материалдарды есептеу арқылы математикалық формулаларды пайдалану негізінде эпидемиялық процестің болашақтағы көрінісін болжау болып табылады. Нысанды-математикалық үлгілеу (болжау) элементтері ретроспективтік эпидемиологиялық талдауды жасауға пайдаланылады. Қазіргі кезде осы мақсат үшін арнаулы компьютерлік бағдарламалар қолданылады. Бағдарламалар сандық көрсеткіш түрінде, графикалық түрде болжамдар жасауға мүмкіндік береді. Бұл әдістің болашағы зор, өйткені эпидемиялық процестің жан-жақты көрінісін көп факторлы талдау арқылы зерттеуге болады.

  2. Сандық үлгілеу дегеніміз – математикалық формулалардың параметрлері ретінде нақты қауіп-қатер факторларын пайдалану. Бұл әдіс ғылыми зерттеуде пайдаланылады. Соңғы кезде осы екі әдісті қатар пайдалануға арналған жетілдірілген компьютерлік бағдарламалар жасалады. Болашақта бұл әдіс күнделікті эпидемиологиялық тәжірибеде қолданылады деген үміт бар.

Иллюстрациялы материалдар: слайдтар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]