- •Ақшаның пайда болуы және қажеттiгi
- •1.2 Ақша теориясының дамуы және ондағы металл ақша айналысы
- •2.1 Металл ақшалардан қағаз ақшаларға өту барысы мен себептері
- •2.2 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары
- •2.3 Бүгінгі таңдағы ақша формаларының дамуы
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
2.2 Қағаз ақшалар және олардың айналыс заңдылықтары
Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. тарихта олар айналыста жүрген алтын және күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болған. Бұл қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты пайда болды.
Алғашқы қағаз ақшалар б.э. XII ғ. Қытайда 1690 ж. Ұлыбритания отарыболған Солтүстiк америкада, 1762 ж. Авсрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды. Бiрiншi дүниежүзiлiк соғыс жылдары қағаз ақшалар барлық елдерде шығарылды.
Сонымен қағаз ақшалар – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгiлеген өзiндiк номиналы бар құнның белгiлерi.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметiн атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Олардың құнсыздану себептерiне:
айналысқа артық ақша эмиссиялау,
эмитентке деген сенiнiң төмендеуiн;
төлем балансының қолайсыздық жағдайы.
Қазiргi уақытта алтын тауарға тiкелей айырбасталмайды және бағалар алтынмен көрсетiлмейдi. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып тастау жағдайында ақшалы тауар тiкелей массасына емес, алтын нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргiзугеқарсы тұрады. Осыдан алтын қағаз және несие ақшалардың құнын өлшеу ретiнде көрiнедi. Несие ақшалар тауардың құның өлшемейдi, өлшенген құнды көрсетедi, өйткенi өзiнiң құны жоқ. Сонымен алтын белгiлерiнiң, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып келедi.
Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ мемлекет белгiлеген өзiндiк номинал құны бар құнның белгiлерi.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметiн атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттiң қаржы жетiспеушiлiгiне байланысты шығарумен түсiндiрiледi. Қағаз ақшалар өзiнiң табиғаты жағынан тұрақсыз және құнсыздануға тез икемдi. Олардың құнсыздану себептерiне: айналысқа артық ақша эмиссиялау, эмитентке деген сенiмнiң төмендеуiн және төлем балансының қолайсыздық жағдайын жатқызады.
Қағаз ақшалардың айналысы жалпы ақша айналысының заңдылығын көрсетеді. Өйткені экономикада айналыста жүретін негізгі ақша түрлерін қағаз ақшалар құрайды және оның айналысының бұзылуы экономкаға тікелей әсер етеді.
Ақша айналысы - шаруашылықтағы тауарларды өткiзуде, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша айналысының объективтiк негiзiнде де тауар өндiрiсi жатады. Ақшаның қолма-қол және қолма-қолсыз формаларының көмегiмен тауарлар айналысы, сондай-ақ несиелiк және жалған капиталдың қозғалысы жүзеге асырылады.
Ақшаның өмiр сүруiндегi объективтiк қажеттiлiк ол тауар өндiрiсi мен тауар айналысының болуына негiзделедi. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бiр-бiрiнен бөлiнбейдi. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Қайта құру кезеiне дейiн “ақша айналымы” мен “ақша айналасы” ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендiктен ол қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Қазір бұл арадағы айырмашылық жойылды және ол барлық ақша формалары бірдей қызмет етеді.
Ақша айналысы шаруашылықтағы тауарларды өткiзуге, сондай-ақ тауарлы емес төлемдердi және есеп айырысуларды жүзеге асыруға қызмет ететiн қолма-қол және қолма-қолсыз ақша формаларындағы ақшалардың қозғалысы.
Ақша белгiлерi әр түрлi жағдайда қамтамасыз етiледi. Қолма-қол ақша тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етiлсе, қолма- қолсыз ақшалар – бөлуге арналған өндiрiс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етiледi.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкiн болады, себебi ол уақытта кәсiпорындар мен халықтың қолында ақша қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгiлi болған. КСРО-ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншiктiң мемлекет иелiгiнен алынуына және т.б. байланысты жүзеге асыру асыру мүмкiн емес болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасында шек жойылды. Тауар айналысы процесiндегi қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезiнде қызмет көрсету, сонымен бiрге кәсiпорындар мен қаржы несие мекемелерiнiң арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективтi негiзi – тауар өндiрiсi мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасыныңөзгерiп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшiн қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкiндiк жасайды.
Бiрақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екi процесс бiр-бiрiнен жекешеленiп жүредi. Тауарлар, оларды сатып алғанан кейiн, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүредi.
Айналыста жүре отырып ақша әрi айналыс құралы, әрi төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкiн. Өз кезегiнде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшiн қолданылуы мүмкiн.
Жалпы ақша айналысының көлемi тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық болады. Ақшаның қызмет көрсетуi тек сатып алу – сатумен шектелмейтiнi түсiндiрiледi. Ақша еңбекақы, зейнетақы төлеу үшiн, бюджетке төлемдер аударку үшiн, банктен қарыз алу үшiн және т.б. мақсаттар үшiн қолданылады.
Ақша айналысың реттеудiң маңызды элементi – қолма-қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келедi. Бұл мәселе бiздiң елiмiзде кәсiпорындар арасындағы есеп айырысулардан қолма-қол ақшаның шектеу, есеп айырысу чектерiн ендiру арқылы ғана шешiледi.
Бұл екеуi өзара тығыз байланыста, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма – қолдан қолма қолсыз ақшаға (және керiсiнше) өтедi. Мысалы, кәсiпорынның бөлшек саудасынан түскен түсiм банкке түскеннен соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражатарына айналады да, ол бұдан өз жiктеулерiне ақша аударуы мүмкiн.
Сонымен, бүкiл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып бөлiнедi. Сондай-ақ:
өнiмдi өндiру және сату процесiн, яғни тауарлы сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
тауалы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
ақша айналысы бiрнеше тарихи кезеңдерден өттi және металл, қағаз, несие ақшалар көмегiмен жүзеге асырылады.
Жалпы мемлекеттiк заңдармен реттелген елдегi ақша айналысың ұйымдастыру ақша жүйесi болып табылады. Қазақстан Республикасында ақша жүйесi 1995 жылы 30 наурыздағы “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкi туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысының ұйымдастыру негiзiн және формаларын белгiлейдi, онда ресми ақша бiрлiгi, ақша белгiлерiнiң эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртiбi, ақша айналысын ұйымдастыру және реттеу тәртiптерi қамтылады. Ал мұның алдында тұнғыш рет 1993 жылы ұлттық валютамыз теңгенi айналысқа шығарып, экономикада жаппай етек алған инфляцияға төтеп бердiк. Ұлттық валютаның тиiмдi жолға түскенiн және ұлттық экономика дамуына тиiмдi жол ашып отырғандығын көруге болады.
Бүгінде еліміздің ақша айналысындағы қағаз ақшалардың құрамы келесідей көрініс табуда. Елімізде бүгінде қағаз ақшалардың айналысында: 10000, 5000, 2000, 1000, 500, 200 теңгелік банктік билеттер және 100, 50, 20, 10, 5, 2, 1 теңгелік металл монеталар айналыста жүр.
Ал 1999 жылы ұлттық валютамызды ұлттық және әлемдiк валюталық қатынастарды еркiн рыноктық түрде дамыту үшiн еркiн айналымға жiбердiк. Бүгiнгi таңда ұлттық валютамыз күннен-күнге нығайып, елiмiздiң тұрақты экономикалық өсуiне даңғыл жол ашуда.
Қағаз ақшамыз теңге толық қанды даму барысында. Бұл ұлттық валютаны кең көлемде қаржы секторында реформалауды 1993 жылы 15 қарашада енгізілгеннен бастап іске асты. Бұл салада әлемдік стандарттарға қол жеткізу Қазақстанның қаржы жүйесінің жоғары деңгейге жеткендігін көрсетеді. ТМД елдері бойынша қаржы жүйеміз неғұрлым рыноктық талаптарға сай дамыған, мемлекеттік араласудан өзара арылып шыққан жүйелердің бірі болып табылады.
Сонымен қатар еліміздегі қағаз ақшалардың ақшалардың құрамы жылдан жылға экономика салаларының дамуымен бірге өсіп келе жатыр. Оны келесі 2001-2005 жылдарға арналған талдау көрсеткіштерінен көре аламыз. (Сурет-1)
Сонымен қатар елде қолма-қол ақшалармен қатар қолма-қолсыз ақшалар да жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Оның басты себебіне соңғы жылдардағы экспорттық қызметтердің көлемінің ақшалай сипатының тым жоғары өсіп кетуі, елдегі әлеуметтік сала бойынша халыққа айлықтардың өсуі және жалпы экономиканың өсуімен тікелей байланысты болып. Осы аталған барлық ақшаларды елдің ақша массасы деп те атасақ болады. Осы ақша массасындағы қолма-қол ақшалардың үлесін келесі 2-ші суреттен көре аламыз. Егер ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесі артық болатын болса, онда елде инфляциялық тоқулар басталады.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сурет-1 – Қолма-қол ақшалардың үлесі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сурет-2 – Айналыстағы қолма-қол ақшалар мен жалпы ақша массасының арасалмағы
Жоғарыдағы суреттерден көріп отырғанымыздай ұлттық экономикада қағаз ақшалар және онымен қоса ақша массасы да жылдан жылға жоғарғы қарқынмен өсіп бара жатыр. Ал бұл өз кезегінде экономиканың қаржы дағдарысына, инфляциялық толқуларға алып келуі мүмкін. Алайда елдің Қаржы жүйесінің және Ұлттық банктің соңғы жылдардағы Еуропалық стандарттар негізінде ақша-несие саясатының басты мақсатын бағалардың тұрақтылығына қарай бұруының, осының негізінде алдағы үш жылға ақша-несиесаясаттарының көрсеткіштерін белгілеп қоюды, яғни инфляциялық таргеттеу саясатына өтуінің нәтижесінде ақша массасы өскенімен елде инфляция деңгейі тұрақты күйінде сақталып қалуда.
