
- •1. Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі.
- •1.1 Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі.
- •1.2 Мемлекеттік қызметтің негізгі қағидалары
- •1.3 Мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайы.
- •2. Мемлекеттік қызметті басқарудың дамуы және жетілдіру жолдары.
- •2.1 Мемлекеттік қызметті басқаруды жетілдіру жолдары.
- •2.2 Қазақстандық мемлекеттік қызметтің жаңа моделі.
- •Пайдаланылған әдебиеттер:
Кіріспе
Мемлекеттік қызмет деп белгілі бір іс - әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп – еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметінің тар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқару үшін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан – жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атра алатынын анықтайды.
Мемлекеттік қызметтердің азаматтардың еңбек іс - әрекетінің бірі болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан да мем лекеттік қызмет жалпы ұйымдастыруға тән барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті қажет және басқару персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамыз.
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңартуға бағытталған әкімшілік реформаны тереңдету мақсатында ҚР Президенті 2007 қаңтар айының 13 жұлдызында қол қойған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту жөніндегі шаралар туралы» Жарлықтың ережелерін іске асыру мақсатында Үкімет «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік рәсімдерді жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын жедел түрде әзірлеп, Мәжілістің қарауына енгізді.
Заң жобасын әзірлеудің орындылығы азаматтар үшін ақпаратқа қол жетімділік, әкімшілік органдардың қызметінде жариялылық қағидатын мемлекеттік әкімшілік жүйесіне енгізуді көздейтін әкімшілік реформаны одан әрі іске асыру қажеттілігіне негізделген.
Әкімшілік рәсімдерді жетілдіруді қамтамасыз ету мақсатында ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің қол жетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету және олардың функцияларды жүзеге асыру арқылы әрбір мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын қабылдауын болжайды.
Сондай-ақ, көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасын және мемлекеттк қызмет көрсету жөніндегі қызмет тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік мекемлер мен кәсіпорындардың мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі барлық іс-әрекетін мемлекеттік қызмет көрсету регламентінде нақты регламенттеу болжанады.
Мемлекеттік басқаруды, оның ішінде мемлекеттік қызметті басқару рәсімдерін жетілдіру қажеттігіне байланысты осы түсінікті заңнамалық тұрғыда айқындау көзделеді.
Заң жобасында мемлекеттік органдар азаматтарға мемлекеттік органның қызметіне байланысты ақпараттық қызметтерді ұсыну үшін веб – сайттар құратындығы туралы номаны айқындау, веб – сайтқа орналастыруға тиіс мәліметтер тізбегін бекіту ұсынылады.
Осылайша бұл заң жобасының мақсаты азаматтардың басқарушылық қызметті ұйымдастыруға бағытталған әкімшілік ету рәсімдерісаласында ақпарат алуға арналған құқықтарға кепілдік беру және оларды қамтамасыз ету тетігін жетілдіру, мемлекеттк орган дардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады.
Заң жобасын іске асыру теріс әлеуметтік – экономикалық, құқықтық салдарға әкеп соқпайды және мемлекеттік бюджеттен қосымша қаржы шығындарын талап етпейді.
Меритократия, тиімділік, нәтижелілік, транспаренттік және қоғамға есептілік қағидаттарына негізделген мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіру мемлекеттік басқару жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін және халыққа сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз етудің аса маңызды факторы болып табылады. Осы Тұжырымдамада мемлекеттік қызмет жүйесіндегі ағымдағы ахуалды талдау ұсынылған, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін қалыптастырудың негізгі бағыттары мен оны іске асырудың түйінді тетіктері айқындалған. Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметінің жаңа моделін рәсімдеуге және оны әрі қарай кәсібилендіруге бағытталған заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу үшін негіз болады.
1. Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі.
1.1 Мемлекеттік қызметтің түсінігі мен ерекшелігі.
Әкімшілік құқықтың құрамдас бір бөлігі мемлекеттік қызмет болып табылады.Мемлекеттік қызмет – мемлекет қызметінің бір саласы және мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдардағы биліктің міндеттері маптен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттілігін атқару жөніндегі қызметі болып табылады. Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайларын Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы реттейді.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: “Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: “Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы.
Қағида талаптардың бірі бойынша, мемлекеттік қызметті мемлекеттік шенеунікке «өз қызметтік парызын адал атқаруға кедергі болатын қандай да бір жеке немесе өзге де қаржылық мүдделерден» тыс қарастырылатын қызмет саласы.
Мемлекеттік қызметкерлер жеке мүдде мақсатында жабық үкіметті ақпаратты немесе сол тектес ақпаратты қолданылу көзделетін қаржылық операцияларға қатыспау керек.
Қызметкерлерге «олардың қандай да бір ресми әрекеттенуіне итермелейтін, олармен қандай да бір ортақ істері бар немесе осы қызметкерлер қызмет істейтін мемлекеттік органмен реттелетін қызметті жүзеге асыратын» кез келген тұлға немесе тұлғалар тобынан сыйлықтар алуға немесе қандай да бір нысанда болмасын олардың іс әрекетін көтермелеуге тыйым салынады. Сонымен қатар, мүдделері белгілі бір деңгейде сол қызметкерлердің қызметтік міндеттерін жүзеге асырумен немесе асырмауымен байланысты болатын тұлғалардан да сыйлықтар алуға тыйым салынады.
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi — мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
мемлекеттiк лауазым — мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі;
мемлекеттiк қызмет — мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi;
мемлекеттiк қызметшi — мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
лауазымды адам — ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам;
лауазымдық өкiлеттiк — заңдарда белгіленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнін, нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген өкiлеттiк;
мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты — мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;
бiлiктiлiк талаптары — мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтi атқаруға үмiткер азаматтарға оның кәсiби даярлығының, деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк қызметке сәйкес келуiн анықтау мақсатында қойылатын талаптар;
мемлекеттiк саяси қызметшi — тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi;
ротация — мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық ауыстыру.
Мемлекеттік механизм қызметіндегі кәсібиліктің маңызының жоғарылығы сонша, халықаралық қоғамдастық лауазымды тұлғалардың жұріс-тұрыс ережелері, қойылатын талаптары және т.б. бекітілген бірқатар құжаттарды қабылдады. Бұл құқықтық тәртіпті сақтауда қамтамасыз етуге тиіс қызметтерге қатысты, мұнда адам құқығының бұзылуы жоғары, сондықтан осы қызметкерлердің кәсіби қызметі ерекше басқарылуы тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер әкімшілік құқықтық субьектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын басқару, қазақстан мемлекеттілігінің нығайту және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарады. Елімізде қоғам мен мемлекет өмірінің барлық аяларында жүргізіліп жатқан қайта құруға байланысты түбегейлі өзгерістер мемлекеттік қызметшілерге қойылатын жаңа талаптар туғызды. Нарықтық қатынастарға көшу жағдайында мемлекеттік аппараттың — қызметі нарықтық реформаларды жүзеге асырудың міндеттеріне толығынан сай келмейтін болғандықтан мемлекеттік қызметті реформалаудың қажеттілігі пайда болды. Реформалаудың мақсаты қазіргі және келешектегі саяси және экономикалық жағдайларда жұмыс істей алатын қабілеті жаңа үлгідегі мемлекеттік аппарат, жоғары кәсіби білікті, құзыретті, тиімді және тәртіпті аппарат құру. Бұл міндетті шешу мемлекеттік қызметшілердің тиісті әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеуді де қамтиды.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің ұйымдастырылуы мен атқарылуы келесі принциптермен негіз алады: заңдылық, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы, азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдылығын; Республика азаматтарының мемлекеттік қызметке қол жеткізуге және өз қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бойынша жоғарылатуға тең құқығы және Заңның 3-ші бабында айтылған тағы басқа принциптері.
Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының құрамына мемлекеттік қызметшілердің саяси және әкімшілік лауазымдары кіреді. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке тағайындау, не сайлау негізінде кіруі, ал мемлекеттік әкімшілік қызметке орналасуы конкурстық негізде жүргізіледі. Мемлекеттік қызметке кіретін адамдарға мынадай талаптар қойылады: олар Қазақстан Республикасының азаматтары болу, жасы 18-ден кем болмауы, қажетті білімі, кәсіби даярлық деңгейі болуы керек және т.б.
Ерікті еңбек ету құқығы. Қазақстан Республикасы Конституцияның 24-бабына сәйкес: «Әркімнің еңбек ету бостандығына, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауынақұқығы бар”. Бұл Қазақстан Республикасының әрбір азаматы өз қалауынша жұмысқа тұра алады және одан өз еркімен шығып кете алады дегенді білдіреді. Жұмыспен айналысқысы келетінін, қанша жұмыс істегісі келетінін азамат өзі шешеді. Конституцияның келтірілген бабында: «Еріксіз еңбекке соттың үкімі бойынша, не төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі” делінген. Бұл егер адам қылмыс жасаса еріксіз еңбек ету қолданылуымүмкін дегенді білдіреді. Сондай-ақ жағдай қоғам мен адам қауіпсіздігіне қауіп төндірсе олар құтқару жұмыстарына еріксіз тартылуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті түрде таңдау мынаны білдіреді. Азамта қайда жұмыс істегісі келсе, сонда істей алады. Ол мемлекеттік ұйым немесе жеке меншік болуы мүмкін немесе үйінде отырып, үй жұмысымен айналысуы мүмкін. Сондай-ақ ол кітап жаза алады, сурет сала алады және де басқа еңбекпен айналыса алады. Ол кәсіпкерлікпен, мал өсірумен, бақташылықпен, т.б. айналысуы мүмкін.
Қызмет түрін ерікті таңдауға қойылатын шектеудің мәні мынада, адам сауда жасауға заңды тыйым салынған заттарды ста алмайды, адамдарды заңсыз емдеуді жүзеге асыра алмайды. Мысалы, есірткі заттарын сатумен айналысу және т.б.
Еңбек шарты. Қазіргі жағдайларда еңбек қатынастарына тұру үшін еңбек шартын жасау керек. Оның қарастырылған «Азаматтық құқық” тарауындағы азаматтық құқық шартынан айырмашылығы мынада: еңбек шартының міндеті – қызметкердің және жұмыс берушінің құқықтары мен міндеттерін белгілеу. Еңбек шарты қызметкер мен жұмыс берушінің арасында заңнамаға сәйкес жасалуы керек. Еңбек шартының мерзімі. Еңбек шарты әрқашан уақытша шеңберде әрекет етеді. Бірқатар жағдайларда уақытша шеңберлер шарттың әрекет етуі мерзіміне байланысты болады. Шартқа отырған тараптар оның әрекет ету мерзімін түрліше белгілеуі мүмкін. Дәлірек айтқанда, екі ұшты мерзім қояды. Ол қызметкер жұмысқа тұрақты мерзімге қабылданады деген сөз. Бұл жағдайда қызметкер шарттың мерзімі өтуіне байланысты жұмыстан шығарылмайды.
Жұмысқа қабылдау кезеңіндегі сынақ мерзімі. Қызметкердің тапсырылған жұмысқа сай келетінін тексеру үшін сынақ белгіленуі мүмкін. Сынақ мерзімі туралы қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде ескертіледі. Сынақ мерзімі үш айдан аспауы тиіс. Ол қызметкердің ауырып қалуына, басқа да дәлелді себептерге байланысты тоқтатылуы мүмкін. Олар «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы” заңның 30-бабында көрсетілген. Қызметкер әскери қызметке шақырылуы мүмкін. Бұл жағдайда қызметкер шақыру туралы құжатын көрсеткен соң үш күндік мерзім ішінде жұмыстан босатылады.
Егер қызметкер қылмысы үшін сотталса, шарт бұзылады және қолданылған жаза бұрынғы жұмысын одан әрі жалғастыруға мүмкіндік бермейді. Еңбек жағдайларында жұмыс беруші, қызметкерге оның атқаратынынан артық талап қоя алмайды. Қызметкер еңбек шарты бойынша өзіне алған міндеттерді орындаудан жалтара алмайды.
Еңбек жағдайлары қызметкердің өмірі мен денмаулығы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, гигиена талаптарға сай болуы тиіс.Қызметкердің толық қанды демалуға, қажетті материалдық қажеттіктерін қанағаттандыруға мүмкіндігі болуға тиіс. Оның білім алуға(жалғастыруға), т.б. мүмкіндігі болуы керек. Еңбек жағдайлары бойынша заңнамалық талаптар азаматтардың табиғи, әлеуметтік мұқтаждарына(сұранымдарына) сәйкес белгіленеді.
Жұмыс уақыты. Қызметкердің денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және басқа себептермен шаршап шалдыңуына жол бермес үшін жұмыс уақытының нормалары қойылады. Оларды белгілеудің зор тәжірибелік маңызы бар. Айтылғандардан байқалғандай, қызметкердің денсаулығы қорғалады.