Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Дип. Р банктік несиелеу жйесі.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
428.54 Кб
Скачать

Халықаралық қаржылық ұйымдар

Банктік жүйе

Даму банкі

Заңды және жеке тұлғалар

Салымдар блогы

Мемлекеттік инвестициялық бағдарлама, мемлекеттік даму бағдарламасы

Көздері

Нақты экономика секторы

Население

Несиелеу блогы

Сызба 1

Банктік жүйенің активтерін толтыру көздері болып жеке және заңды тұлғалардың депозиттері табылады. Оларды ұлғайту үшін салымдарды кепілдендіру жүйесін жетілдіру қажет. Маңызды болып әрекет етуші ережелердің, есеп беру үрдістерінің, ссуданы бағалаудың, аудиттің, бақылаудың халықаралық стандартқа сәйкестігі табылады.

Мұнда ерекше орынды банк қызметі туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз етуіне бөлу керек, ол клиенттерге өзінің мүдделерін қорғауға және банктерді нарықтық тртіпке бағынуға мүмкіндік береді. Меншік құқығына қатысты депозиттерді қорғаудың заңнамалық базасының анықтылығы, банкротқа ұшыраған банктердің жабылғандығы туралы анықтылығы және Орталық банктан бақыланатын ведомость тәуелсіздігінің анықтылығы өте маңызды. Бөлінбес құрамдас бөлігі болып банктік депозиттерді сақтандыру жүйесін қажетті қаржыландырумен және маманданған персоналмен қамтамасыз ету табылады. Салымдарды кепілдендірудің тиімді жүйесі дефолттің қалыптасуына шек қояды (Көмірбанк зейнетақы қорының салымдарымен болғандай).

Несиелеу блогы үшін негізгі мақсат салымшылардың қаражатын аккумулирленетін банктік жүйенің активтерін басқару болып табылады. Берілген блокта экономиканың өндірістік секторын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын және инвестициялық бағдарламасын ескеретін несиелеу ұсынылады.

Мәселені шешу үшін банктік және банктік емес ұйымдар желісін кеңейту ұсынылады. Мемлекеттік несиелік ұйымдарды құрудан басқа жергілікті басқару органдарының, сонымен қатар, Қазақстанның даму Банкінің аймақтарындағы несиелік ұйымдардың кеңеюіне белсенді қол сұғушылығы мақсатты болар еді. Бүгінде Қазақстанда әрбір филиал мен есеп айырысушы-кассалық бөлімге 10 мың тұрғын келді. Салыстыру үшін, Еуропаның әрбір еліндегі, Жапонияның, және АҚШ банктерінің әрбір филиалына 700-2200 тұрғын келеді. Ресейде - 3000 тұрғын келеді. Мұнымен қоса, банктер санының қысқаруы мемлекеттегі аймақтар бойынша банктердің біркелкі дамуын қиындатады. Бүгінде 33 банктің 24-і 7 облыста орналасқан, сонымен қоса оның біреуі ғана активтердің мөлшері бойынша 10 ірі банктің құрамына кіреді. Республиканың қалған облыстарында банктер алматы банктерінің филиалдары ретінде ұсынылған.

Мұндай жағдайда, аймақтық банктер облыстың экономикасын көтеру құралының бірі болып табылады.

Аймақтық банктердің қатысушылары болып жергілікті басқарудың аймақтық органы, Қазақстанның даму Банкісі, сонымен қатар Алматы мен Астана қалаларынан басқа территорияның аймағында өздерінің қызметін кеңейтетін, қазақстандық аймақтарға үлкен қызығушылықпен қарайтын шетел институционалдық инвесторлар мен халықаралық қаржылық ұйымдар табылады.

Аймақтық мемлекеттік банктерге ірі инвестициялық жобаларды несиелеуге белсенді қатысуына болады.

Аймақтық банктерден басқа Германиядағы кооперативтердің несиелік жүйесін үш деңгейлі ұйымдастыру мысалы бойынша несиелік кооперативтер жүйесін дамытқан жөн.

Несиені қайтаруды кепілдендіру жүйесінің толыққанды қызметі үшін кепілді операцияларды жүргізуге жауапкершілік, қызметті ұйымдастыру, рөлін, орнын, статусын айқындайтын нормативтік-құқықтық базасын құру қажет. Мұнымен қоса, кепілді қорды құру үлкен шығындарды қажет етпейді. Батыс елдеріндегі кепілді қорды функциялау тәжірибесі салымдардың бастапқы сипаттамасын көрсетеді, және ол құрал-жабдықтарды сатып алу мен бекітуге, бөлмені жалдауға және тағы басқалары біріктіріледі. Содан соң, қорлар өздерінің қызметінің дамуына байланысты берілген кепілдер бойынша комиссиялық салымдар есебінен толтырылады.

Потенциалды несие алушының қаржылық жағдайын таладудың әдістемесі мақсатты түрде және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға банк қатысқан жағдайында толық қолданыла алмайды.

Банкпен қолданылатын несиеқабілеттілікті бағалаудағы берілген әдістеменің негізгі жетіспеушілігі болып әрбір фактордың сандық өлшем бірлігінің және оның көрсеткіштер жүйесіндегі рөлінің жоқтығы табылады. Әрбір фактордың маңыздылығы көзбен бағаланады, ал бұл клиенттің несиеқабілеттілігін талдауына барлық бөлімдер үшін бір тәсілді қолдануға мүмкіндік бермейді. Бұл көрсеткіштердің салыстырмалы мәнін дұрыс бағаламаудың тәуекеліне және несиелеу мүмкіндігі туралы қорытындыны бағалау тәуекеліне әкеледі. Сондықтан несие алушының несиеқабілеттілігінің рейтингтік бағалауын қолданған жөн, ол берілген коммерциялық банктің саясатына, клиенттің ерекшелігіне, оның балансының өтімділігіне ссудалық нарықтағы жағдайына байланысты әрбір жеке несие алушы көрсеткіштің мәнін анықтауға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, несие алушының тиесілі кешендік айналым қаражаттарының құрылымын, дебиторлық және кредиторлық қарызының жағдайын ескерген жөн.

Несиені қамтамасыз ету несиелеу жүйесінің бөлінбес элементі болып табылады. Несиені қамтамасыз етудің және тәуелсіз жағдайды қалыптастырудың ең кең тараған түрі болып кепіл табылады. Кепіл ретінде банкпен кез келген мүлік алынады. Бірақ, өкінішке орай, банктің меншігінде кепіл құралдары көп емес, ал қолда барларының көбі төмен өтімділікті болып табылады немесе олардың мемлекеттік тіркелуі болмайды.

Несиені қамтамасыз ету мәселесі - банктер үшін ғана емес, сонымен қатар өндірістік кәсіпорын клиенттері үшін де маңызды болып табылады. Осылайша, талдау жүргізушілермен несиені алу бойынша сұрау жүргізілді, оған 20 шағын және орта бизнестің жетекшілері мен 10 ірі кәсіпорынның басшылары қатысты. Сұраудың нәтижесі несиені қамтамасыз етудің, бизнес-жоспарды құрудың және жоғары деңгейлі пайыздық ставканың мәселелігін дәлелдеді. Сұрау әрекет етуші ірі кәсіпорындардың шығындарға қарағанда несиені алу мүмкіндігі жоғары екендігін көрсетті. Ал «қалқып жүрген» немес банкротқа ұшырауға таяп қалған ірі кәсіпорындарға тек сырттан қандай да бір көмек келеді деген өмітте болуы керек.

Экономиканың нақты секторын несиелей отырып, банктер жеткіліксіз кепіл мен жоғары пайыздық ставка кезінде несиені қайтармау мүмкіндігінен шығынға ұшырауы мүмкін, ал нақты сектор болса, қаражатсыз қалады. Яғни, банктердің несиені бере алу жағдайы экономиканың нақты секторы үшін тиімсіз.

Үшінші блок салынған қаражаттар бойынша сыйақыны төлеуді білдіреді.

Соңғы жылдары несиелеу деңгейін көтеруде, шешуші рөлді несие бойынша пайыздық ставкалардың деңгейінің төмендеуі ойнады. Бүгінгі күнге қайта қаржыландыру ставкасы Ұлттық Банкпен 9% құрады. Айта кеткен жөн, ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда қайта қаржыландырудың ең төменгі ставкасы, бірақ егер дамыған елдермен салыстырсақ Жапониядағы ең төменгі ставка - 0,1%, АҚШ - 1,25%, Канадада - 2,25%.

Бірақ егер әр түрлі елдер бойынша несие мен депозиттің сыйақылары бойынша ставкалары, арасындағы айырмашылықты алсақ, онда келесіні айқындауға болады: маржа орта есеппен Канадада - 1,48% құрайды; АҚШ - 2,94%, Жапонияда - 1,85, Германияда - 7,06%, Ресейде - 12,3%, Украинада - 16,8%, Беллоруссияда - 10,2% құрайды, Қазақстанда минималды деңгейі - 8%, максималды деңгейі - 14% құрайды. Көріп отырғанымыздай Қазақстанда маржа - қалыпты жоғары. Демек, банктердің қор базасын үлкейту үшін депозиттер бойынша сыйақы ставкаларын көтеруге және экономиканың нақты секторына тартылған қаражаттарды инвестициялау үшін несие бойынша сыйақы ставкаларын төмендетуге мүмкіндік туып отыр.

Экономиканың нақты секторын несиелеу үрдісіне мемлекеттің қол сұғушылығы ұсынылғандықтан, мұнда пайыздық саясатты қолдану керек.

Дифференциацияланған ставкалардың айрықша ерекшелігі болып өндірістің әртүрлі көлеміндегі біркелкі еместігі табылады. Жоғарыда айтылғандай, қазақстандық экономиканың ерекшелігі болып оның шикізаты табылады, сондықтан соңғы өнімді өндірудің дамыту саясатын жүргізу қажет. Төмендетілген пайыздық ставканы Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін дамуының стратегиялық жоспарында перспективті деп айқындалғандарды несиелеу кезінде қолдануға болады, олар: импорт-айырбастаушы, жоғары технологиялық кешендер, ауылшаруашылық, ақпараттық және ғарыштық технологиялар, биология, химия, медицина. Ерекше көңілді ауылшаруашылық өндірісіне бөлген жөн.

Жоғарлатылған ставкаларды барлау кешендерін несиелеу кезінде қолдануға болады.

Несие үшін сыйақы ставкалардың дифференциациасы несиені сақтандыру жүйесінің дамуына әсер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта мұндай механизм дамымаған, өйткені несие үшін пайызды төлеуден басқа, оны сақтандыру - сақтандыру салымын жүйелі енгізуін талап етеді, ал бұл несие құнын бірден өсіреді. Ал несие үшін сыйақы ставкаларын төмендеткен кезде ғана кейбір жағдайларда берілген қамтамасыз ету көзін қолдану мүмкін болады. Айта кеткен жөн, несиені сақтандыру кезінде сақтандыру компаниясы клиенттің техникалық, қаржылық жағдайы, нарықтағы орны, маркетинг деңгейі, яғни несие алушы екі жақты тексерістен өтеді.

Сөйтіп, несиені ұйымдастырудың ұсынылған сызбасы кезінде банктер тікелей қаржыландыру мен инвестициялық делдалдылықтың келесідей негізгі механизмдерін белсенді қолдана алады: мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларға қатысу, құралжабдықтарды сатып алуды ұзақ мерзімді несиелеу, лизингтік операцияларды қаржыландыру, жобалық қаржыландыруға қатысу, делдалдық, ақпараттық, кеңестік қызмет көрсету, есеп беру, басқару бойынша агенттік қызмет көрсетулер.

Белсенді несиелік саясат арқылы екінші деңгейлі банктер шағын бизнестің субъектілеріне тұтынушылық және ипотекалық несиелерді беру арқылы несие көлемінің едәуір өсуіне жетті.

Ипотекалық несиелеу жүйесі мемлекеттің төменшығынды тұрғын үй жобаларды төмен пайызбен ұзақ мерзімге қаржыландыруға қатысуын қарастыру керек. Мемлекет тұрғын үйді несиелеу жүйесінің реформалау кепілі мен бастамашысы болып табылады.

Қазақстанда екінші деңгейлі банктерде халықтың депозиттерін кепілдендіру жүйесінің жағымды тәжірибесін ескере отырып, банктерде ипотекалық несиелерді қайтармау тәуекелін төмендету мақсатында, олардың ұсынысын көтеріп, құнын төмендету мақсатында сақтандыру бағдарламасы іске асырыла бастады. Хеджирлеу тәсілін қолдана отырып, мемлекет «Ипотекалық несиелерді кепілдендірудің қазақстандық қоры» АҚ құрады. Ипотекалық кепілдендіру несие алушының несиеқабілеттілігімен байланысты несиелік тәуекелді төмендетуді қарастырады, көп жағдайда ол тәуекелді толығымен жоққа шығарады. Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры берілген несиелік тәуекелді өзіне алу салдарынан, банктер несие алушының кең шеңберіне бағытталған ипотекалық несиелік қоржынды ұсына алады.

Қор кепілі, ең біріншіден, үйді бірінші рет алып тұрып, оның алғашқы салымын төлеуге қажетті жинағы жоқ, бірақ тұрақты табысы бар жас мамандар мен отбасылардың тұрғын үй мәселесін шешудің мүмкіндігі болып табылады. Талап етілетін алғашқы салымның сомасын төмендету несие алушыға ипотекалық несиелерді алу үшін тұрғын үй жинағын жүзеге асыруға көмектеседі. Несие мерзімін ұзарту әр айлық төлемге қол жетерлікке және сәйкесінше несие мөлшеріне жағымды әсер етеді.

Ипотекалық несиелеу жүйесінің артықшылығы мен кемшілігін және халықтың қаржылық ресурстарын тартуды салыстырмалы талдай отырып, келесілерді айқындауға болады: ипотека элементтерінің банктік емес, инвестициялық-құрылыстық салада пайда болуы - әлемдегі кең таралған құбылыс. Көбінесе, Англия мен Францияда қазірде ипотекалық ассоциациялар мен компаниялар ретінде жұмыс істеп тұрған көптеген ұйымдар инвестициялық-хабарланған құрылым ретінде пайда болды. Қазақстанда тұрғын үй нарығының қанығу деңгейі мен тұрғын үйге төлемқабілеттілік сұранысының төмендеуінен девелоперлік компаниялар төлемі ұзартылған немесе ипотекалық ссудаларды ұсынумен тұрғын үйді жүзеге асырудың әртүрлі түрлеріне көп көңіл бөледі.

Қазіргі уақытта мемлекете екінші деңгейлі банктермен және Қазақстан Ипотекалық компаниясымен кепілге берілген мүліктің құнын бағалау жүйесін реформалайды және стандарттайды. Бұл экономиканың жағдайына байланысты жылжымайтын мүлік объектілерінің құнында болатын тербелістерге байланысты. Жылжымайтын мүлік объектілерінің құны оған берілетін несиеден төмен болатын жағдайлар да болған. Физикалық амортизация мен моральді тозу салдарынан объект құнының төмендеуі - ипотекалық несиені беру кезіндегі банк тәуекелінің бір түрі. Сондықтан, келісім-шартта мазмұнына талаптар мен жылжымайтын мүлік объектісінің пайдалануы жайында келіседі.

Ипотекалық несиелеу жүйесін дамытудың қажетті жағдайы болып жылжымайтын мүлік объектісін қажетті жағдайда мәжбүрлік сатудың заңнамалық нормасы табылады. Егер несие алушы қарызды өтемесе, мәжбүрлік сату механизмі несие берушіге меншікті иемденуіне мүмкіндік береді. Әдетте, ипотекалық банк жылжымайтын мүлікті мамандандырылған құрылымдарға сату үшін бірден береді.

Мемлекет орташа және аз қамсызданған халыққа ипотекалық несиенің бір бөлігін жабу үшін немесе үйді жалға алып, оны келешекте сатып алуға құқығы бар мүмкіндікті жүзеге асыру үшін субсидиялар береді. Сонымен қатар несие алудың алдында берілген соманы бірітіндеп жинау шараларын қолдануға және жүзеге асыруға субсидиялар беріледі. Халықтың жоғары емес белсенділігін ескере отырып, азаматтар үшін неғұрлым жағымды жағдай қалыптастыруда келесідей бағыттар ұсынылады:

  1. мемлекетпен салым сомасын 200-250 айлық есеп айырысушылық көрсеткішке дейін көтеру қолпаштайды, ал бұл әрекет етуші заңнамаға өзгерістер енгізуді талап етеді;

  2. аймақтарда салымшыларды тарту үшін жеңіл ұзақ мерзімді бюджеттік

несиелерді ұсыну;

  1. тұрғын үй құрылыстық банкінде қажетті жинақтың мөлшерін

иемденетін үйдің құнынан 20-25% төмендету;

  1. жеке мақсатта қолданылатын салынып жатқан тұрғын үй қорын кепілге

беру құқығы туралы нормаларды заңнамалық актіге енгізу.

Халықты ипотекалық несиелеу жүйесіндегі берілген шаралар төлемқабілеттілік сұранысының мерзімінен ерте өсіп кетуін болдырмау мақсатында, сонымен қатар бағалылық және уақыттылық дисбалансты болдырмау мақсатында тұрғын үйдің құнын төмендету шараларымен бірге жүзеге асырылуы керек.