
“Астана Медицина Университеті” АҚ
Эпидемиология және жұқпалы аурулар кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Паразиттік жұқпалы аурулар кезіндегі жүргізілетін шаралардың стандарттары мен алгоритмдері
Орындаған: Избасаров А. Тексерген: Мусин Б.
Топ:316 ЖМ
Астана 2014 ж.
Жоспар
Паразитизм туралы түсінік
Паразиттік аурулар
Осы салаға жататын терминдер
Антипаразиттік іс шаралар
Эхинококкоздың және альвеококкоздың алдын алу
Аскаридоз бен трихоцефалездің алдын алу іс-шаралары
Энтеробиоздың, гименолепидоздың, стронгилоидоздың алдын алу
Церкариоздың алдын алу
Пайданылған әдебиеттер
Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) — белгілі бір организмнің (паразиттің) екінші бір организмді (иені) тіршілік ортасы ретінде пайдаланып, сонда өсіп дамуы, қоректенуі.
Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразитдеп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар. Мысалы, қарапайымдардан споровиктер, жалпақ құрттардан трематодалар, моногенеялар, цестодалар, жәндіктердің ішінде бүргелер мен биттер, т.б
Жалпы бір организмде паразиттің бірнеше түрі тіршілік етеді, олар әр түрлі органдар мен тіндерде (ұлпаларда) орнығады да, өзгеше қауымдастық — паразитоценоз құрады. Паразиттің даму сатысының бір кезеңі иесі организмінде (мысалы, тек қоректену кезінде) өтетін болса, оны «уақытша паразитизм» деп, ал дамуының көпшілік уақыты иесі организмінде өтетін болса «тұрақты паразитизм» деп атайды.
Паразиттер облигатты (міндетті) және факультативті (міндетті емес) деп бөлінеді. Паразиттерге тән ерекшелік — тіршілік ету жағдайына байланысты оларда бір органдары (мысалы, ас қорыту, сезім жүйесінің, т.б.) жойылса, керісінше екінші бір органдары (мысалы, көбею, бекіну, т.б.) күрделілене түседі. Паразитизм процесі кезінде паразиттердің дамуы бір ғана емес, бірнеше иеде өтуі мүмкін. Мысалы, безгек қоздырғышының иелері — адам мен анофелес туысына жататын маса; эхинококк ауруы қоздырғышының иелері — адам мен ит, т.б.
Ит бүргелері ішек құрт жұмыртқаларын тасымалдайды. Ал ит болса, жұмыртқаларын жұтып, өзінің ылғалды дем алысы арқылы оларды 5 м-ге дейінгі қашықтыққа таратады (мысық 3 м-ге дейін).
Мысалы: бөсір жұмыртқасы 6 айға дейін өмірге қабілеттілігін сақтайды және шаң-тозаң, ойыншықтар, кілемдер, киім және төсек жаймалары, қол арқылы ауызға түседі. Сырқаттану ондаған жылдарға созылуы мүмкін.
Аскарида жұмыртқалары (жылына 100 млн. сырқаттану жағдайлары) дұрыс жуылмаған құлпынай, көк, кір қолдар арқылы жұғады, шыбындармен таралады).
Ал кәуап пен шошқа майында 95% -нда трихинеллезб жұққан.
Ал тұздалған балық, «строганина» немесе уылдырық – адамдағы гельминит анакондасындай. Үлкен дарағының ұзындығы 10 метрге дейін жетеді және ұзақ өмір сүреді - 25 жылға дейін.
Адамның сырқаттануы жиі түрде ауыр созылмалы уланудың, соның ішінде паразитарлы инфекциялардың көрінісі болып табылады. Ауыр созылмалы аурулардың артында қандайда бір паразитарлы инвазия тұр, олар аурудың себебі немесе себептерінің бірі болып табылады.
Олар – бізге ең қажетті және пайдалы нәрлі заттардың «бағалаушылары». Құнды заттарды сіңіре отыра, олар біздің ағзаны уландырушы заттармен «алғыстарын білдіреді». Адам ағзасында гельминиттердің 150-ге дейін түрі болуы мүмкін, ал паразиттердің жұққанын анықтау өте қиын.
Сіздің ағзаңызда паразиттердің болуын анықтаудың қандай айқын белгілері бар:
Олардың белгілерінің саны шектеусіз деуге болады. Бұл «ақылды» мақұлықтар өте айлакер болып келеді, белгілерін ең кең тараған аурулардың белгілерімен жасыруы мүмкін. Сондықтан мамандар «танымал» аурулармен сырқаттанған және дәстүрлі дәрі-дәрмектер көмектеспейтіндерге паразиттерден тазартуды ұсынады.
Кең таралған аурулар: іш қату, іш өтуі, желдер және іш кебуі, буындар мен бұлшық еттердің сырқырауы, анемия, аллергия, реңсіз тері, жүйкенің қозуы, ұйқының бұзылуы, тістерді қайрауы, созылмалы шаршағандық, иммунды бұзылулар. Сондай-ақ салмақтың артуы, шектен тыс ашығу, салмақ жоғалту, демікпе, эпилепсия және бас сақинасының ауруыпа
Паразитарлы инвазияның себептері:
1. Жеке гигиенаның бұзылуы
2. Ішек құрттары жұмыртқасының қабығын бұзатын асқазан сөлі секрециясының бұзылуы
3. Иммунитеттің әлсізденуі
4. Қалыпты ішек микробиоценозының бұзылуы
5. Дұрыс тамақтанбау
6. Өт қозғалысының бұзылуы және оның бактериостатитті қасиеттерінің жоғалуы
7. Ілеспелі таз жұқпасы
8. Ферменттер белсенділігінің жоғалуы
Паразиттік аурулар
Аскарида (Ascarіdae) – жұмырқұрттар класына жататын дара жынысты құрт; нематод тұқымдасына жатады. Омыртқалы жануарларының ішек тоғышарлары.
Организмде бірден бірнеше жүзге дейін Аскаридалар кездеседі. Соның нәтижесінде адамның орталық жүйке жүйесі зақымданады, мазасыздық пайда болады, зат алмасу процесі бұзылады. Әсіресе дернәсілдерінің зақымдау әрекеті басым келеді. Олар алғашқы өсу кезінде қан түйіршіктерін, бауыр тінін, өкпе альвеоларынтеседі, аллергиялық қоздыру тудырады. Адамда Аскарида әсерінен пайда болған ауруды қазақ бөсір деп атайды.
ГЕЛЬМИНТТЕР (грек. helmіnthos – құрт) – адамның, жануарлардың, өсімдіктердің ауруларын қоздыратын құрттар. Қазір Гельминттердің 12 мыңнан астам түрі белгілі.
Гельминттердің адамды, малды құрт ауруына шалдықтыратын аскарида, эхинококк, трихинелла, миқұрт сияқты түрлері, ал өсімдіктерді гетеродероз, мелоидигиноз, дитиленхозға шалдықтыратын түрлері өте қауіпті және олар жиі кездеседі.
Бит (Anoplura) — адамның және сүтқоректілердің қанын сорып тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды. Қылтанақты түтікшенің ішінде орналасқан ауыз мүшесі шаншып-соруға бейімделіп тұмсықшаға айналған. Қылтанақтарының жәрдемімен, тұмсықша жабын қабықты тесіп, теріге енеді. Басы мен көкірегі кішкене, құрсақбөлімі жалпақтау. Көкірегінде үш жұп келте аяқтары бар, олардың ұшында матаға немесе шашқа жабысуға бейімделген имек тырнақтары жақсы жетілген. Биттіңжануарлардың түгіне немесе адамның киіміне, шашына жабысқан жұмыртқасынан (сіркесінен) дернәсіл шығып, ол 3 рет түлеп, ересек Битке айналады.
Бүрге(Aphanіptera)[1] –буынаяқтылар типіне жататын, масылдық тіршілік ететін ұсақ жәндіктер отряды.
Қазақстанда ең зиянды адам Бүргесі (Pulex іrrіtans) адамның және жылқының, мысықтың, т.б. жануарлардың қанын сорады, сондай-ақ, алақұрт Бүргесі (Vermіpsylla alacurt) оба қоздырғышын ауру адамнан сау адамға, ауру малдан сау малға таратады. Тұрғын үйлердегі Бүргені құрту үшін инсектицидтер қолданады және тұрғын үй, қора-жай таза ұсталуы тиіс.
Паразиттік ауруларға қатысты терминдер
1) биогельминттер - инвазиялану қабілетіне ие болмас бұрын организмінде бір немесе бірнеше аралық иелер дамитын гельминттер; 2) гельминтоздар - әр түрлі гельминттер түрлерінен туындайтын инвазиялық аурулар; 3) геогельминттер - адам организмінде иелерін ауыстырмай паразиттенетін және олардың бастапқы даму сатысы қоршаған ортада (топырақта) жүзеге асырылатын гельминттер; 4) дефинитивті ие - онда ересек, ұрықтану сатысына жеткен паразит тіршілік ететін ие (организм); 5) инвазия - организмге қандай да бір жануарлар паразиттерінің жұғуы; 6) инсектицидтер - зиянды жәндіктермен күресуге арналған пестицидтер; 7) имаго - ересек жәндіктер; 8) жарамсыз өнім - азық-түлік шикізат ретінде пайдалануға рұқсат етілмейтін және кәдеге жаратуға жататын ет және балық өнімдері; 9) паразиттік аурулар - паразиттердің сан алуан түрлерінен туындайтын аурулар; 10) паразитті тасымалдаушы - аурудың клиникалық белгілерісіз паразиттік аурулар қоздырғыштарын тасымалдаушылар; 11) протозооздар - қоздырғыштары патогенді қарапайымдылар болып табылатын паразиттік аурулар тобы; 12) репелленттер - жәндіктерді үркітетін препараттар; 13) тұздық - балықты, уылдырықты тұздауға арналған ас тұзының ерітіндісі; 14) шартты түрде жарамды өнім - зарарсыздандырылғаннан кейін азық-түлік шикізаты ретінде пайдалануға рұқсат етілген ет және балық өнімдері; 15) химиялық алдын алу - химиялық алдын алу құралдарының көмегімен аурудан қорғау немесе оны болдырмау; 16) эндемиялық аумақ - адамдарға қарамастан, ауруды таратушы, ал көптеген жағдайларда жылуқанды жануарлар мен буынаяқтылар болғанда жұқпаны ұзақ уақыт сақтайтын паразиттік аурулардың ошақтары болатын аумақтар; 17) энтомолог - буынаяқтыларды зерделейтін маман;
Антипаразитарлы бағдарламаның құрылымы
1. Жеке гигена ережелерін сақтаймыз:
2. Асқорту трактатының жұмысын оңтайландыру қажет: Өт қозғалысын қалыпқа келтіру, ішек жиырылуын және оның пайдалы микрофлорасын қалыпына келтіру, ферменттер жұмысын арттыру, гельминиттердің құрт сатысының дамуына қолайсыз жағдай жасау.
3. Ағзаны улану белгілерінсіз паразиттерден арылтуды қамтамасыз ететін мақсатты антипаризтарлы қызметке ие қауіпсіз құралдарды пайдалану қажет. Осы жағдайда жанама нәтижелері бар химиялық антипаразитарлы препараттармен бауыр мен бүйрекке токсинді әрекет ету қауіпі жоққа шығарылады.
4. Бағдарламада ферменттер мен пайдалы бактериялардың теңгерімді үйлесімдік фонында фитонцидті, бактерияға қарсы, микробқа қарсы және паразиттерге қарсы қасиеттері бар препараттар дегельминтизациясын қолдану өте өзекті.
5. Судың жеткілікті мөлшерін (кемінде 1.5-2 литр сапалы, басқалардан гөрі сілтілі суды) ішу және тазалау кезеңінде тамақтану рационынан ұннан жасалған, тәтті және ет өнімдерін алып тастау ұсынылады.
Эхинококкоздың және альвеококкоздың алдын алу
Эхинококкоздың табиғи ошақтарындағы санитарлық-гельминтологиялық зерттеу аңшылық маусымының басталуына және аяқталуына орайластырылады, бұл ретте аңшылардың, бақташылардың уақытша болатын орындары (қыстақтар, үйшіктер), олардың маңындағы аумақтар, аңшылық учаскелерінің кеңселері, тері шеберханалары зерттеледі.
Қалалар мен аудандарда иттердің ветеринарлық есебі мен тіркеу жүргізіледі, босқын иттер мен мысықтар жойылады. Отардағы, күзеттегі аңшылық иттер жануарларды өріске айдардың және аңшылардың аң аулауға шығар алдында 5-10 күн бойы алдын ала дегельминтизацияланады.
Зарарсыздандырылмаған (шикі, термиялық өңделмеген) ауылшаруашылығы жануарларын сою қалдықтарымен иттерді тамақтандыруға болмайды.
Мүйізді ірі қара малды, қойды, шошқаны, бұғыларды сою ветеринарлық-санитарлық ережелердің талаптарына сай жүргізіледі. Эхинококкпен зақымдалған барлық сою өнімдері мал көмілетін жерге апарып көміледі, ол болмаған кезде арнайы пеште жағылады.
Бағалы терісі бар аңдар ауланатын орындарда (елді мекендерде, аңшы қыстақтарында) аң терілерін сыпыруға және бастапқы өңдеуге, зақымдалған тұшаларды жинау мен оларды кәдеге жаратуға арналған арнайы үй-жайлармен жабдықталады. Үй-жайлар санитарлық және өндірістік қажеттілікке арналған судың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етіледі. Еден, қабырғалар мен жабдықтар тегіс болуы тиіс. Үй-жайдың қабырғалары мен жабдықтары қатты қайнаған сумен немесе Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат берілген дезинфекциялық құралдармен өңделеді, ал терілерді өңдеудің қалдықтары жағылады. Мұндай үй-жайлара тамақ ішуге, тамақ өнімдерін сақтауға және темекі шегуге болмайды.
Терісі бағалы аңдарды (қара-күміс түсті түлкілер, песецтер) вольерлік ұстау ветеринарлық-санитарлық ережелерге сәйкес келуі тиіс. Оларды альвеококкпен, су тышқандар мен басқа да кеміргіштердің тұшашығымен зақымдалған жануарлардың дайын өнімдерімен тамақтандыруға болмайды. Жылына екі рет бағалы терісі бар аңдарды копровоскопиялық ішінара бақылаулық тексеру жүргізіледі. Инвазияланған жануарлар табылған кезде оларды 3 сағат ішінде 10% хлорлы ізбес ерітіндісімен өңдеу жолымен кейіннен экскременттерін зарарсыздандыра отырып, барлық мал басын дегельминтизациялайды. Аң аулау орындарында су тышқандар мен басқа да кеміргіштердің тұшашықтары жағылады.
Эхинококкозға және альвекоккозға мынадай контингенттерді тексеру жүргізіледі: 1) мектепке дейінгі ұйымдардың, балалар үйлерінің, сәбилер үйлерінің, санаторийлердің балалары, жалпы білім беру және интернат ұйымдарының бастауыш сынып оқушылары; 2) көкөністерді, жемістерді, асхана көктерін өсірумен айналысатын фермалардың, шаруа қожалықтары мен жеке шаруашылықтарының жұмыскерлері; 3) эпидемиологиялық көрсеткіштер (ауру көрсеткіші 100 000 халыққа шаққанда 1,0-ден астам болған елді мекендер) болған кезде қауіп тобының адамдары: малшаруашылық фермаларының, ет өңдейтін ұйымдардың, мал сою пункттерінің, аңшылық фермаларының, қорықтардың, хайуанаттар парктерінің, үлпек жүнді-тері шикізаттарын қайта өңдеу жөніндегі шеберханалардың жұмыскерлері, шопандар, аңшылар, жануарларды кәдеге жарату мен көму объектілерінің жұмыскерлері, аталған кәсіп иелерінің отбасы мүшелері, ветеринарлық қызметкерлер, иттердің иелері; 4) эхинококкоз бойынша бұрын операция жасалған немесе диспансерлік есепте тұрған адамдар; 5) медициналық айғақтар бойынша стационарлық және амбулаториялық науқастар.
Ошақты эпидемиологиялық тексеру кезінде контактіде болған адамдарды копроовоскопиялық тексеру және көкөністер, топырақ, сарқынды сулар, тұрмыстық заттар шайындылары сынамаларын санитарлық-гельминтологиялық зерттеу жүргізіледі. Ошақ отбасы мүшелерін және қоршаған орта объектілерін жыл сайын зертханалық тексере отырып, екі жыл бойы қадағаланады.
Шағын ошақтарды есептен шығару өлшемдері мыналар болып табылады: қадағалау мерзімінің ішінде қайта анықталған науқастар мен берілу факторларында гельминтоздар қоздырғыштарының тіршілік етуі.
Ошақты эпидемиологиялық тексеру кезінде контактіде болғандарды серологиялық (иммунологиялық) тексеру және көкөністер, топырақ, сарқынды сулар сынамаларын санитарлық-гельминтологиялық зерттеу жүргізіледі.