Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лекция-13. Вопросы хир.инфекции. Сепсис.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
181.76 Кб
Скачать

Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП № 6 УМС при КазГМА

от 14 июня 2007 г.

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ

ЕДШ және физиотерапия курсымен әскери-далалық хирургиясы бар

№1 хирургиялық аурулар кафедрасы

Дәріс «Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары. Хирургиялық инфекцияның жіктелуі, себептері мен патогенезі. Жергілікті мен жалпы емі. Сепсис, даму себептері, жіктелуі, патогенезі, клиникасы, емі» тақырыбы

Жалпы хирургия пәні

051301 - Жалпы медицина мамандығы үшін

3 Курс

Уақыты (ұзақтығы) 1 сағат

Қарағанды 2009 ж.

Кафедраның әдістемелік жиналысында бекітілген

«____»_________________ 2009 ж. № ____ Хаттама

Кафедра меңгерушісі, профессор ________________ Ержанов О.Н.

  • Тақырыбы: «Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары. Хирургиялық инфекцияның жіктелуі, себептері мен патогенезі. Жергілікті мен жалпы емі. Сепсис, даму себептері, жіктелуі, патогенезі, клиникасы, емі»

  • Мақсаты: студенттерді хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтарымен, сепсиспен түрлерімен, емдеу принциптері, жаралық процесс, жараның жазылуы, негізгі техника, нәтижелер, іріңді күйікті емдеумен таныстыру.

  • Дәріс жоспары:

1. Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары.

2. Хирургиялық инфекцияның ауру көріністері.

3. Хирургиялық инфекцияның ерекшеліктері.

4. Хирургиялық инфекцияның клиникалары

5. Алғашқы хирургиялық өндеу. АХО.

6. Тігістер бірінші – кейін тірілген, екінші ретті.

7. Хирургиялық инфекцияның асқынуы. Хирургиялық инфекцияның емдеудегі сұрақтар.

8. Хирургиялық инфекциясымен науқастарға мед бикенің күтім ерекшеліктері

9. Сепсис. Паталогиялық анатомиясы

10. Сепсистің жіктелуі.

11. Клиникасы.

12. Сепсисті емдеу жолдары.

  • Дәріс тезистері

Хирургиялық инфекцияның жалпы сұрақтары

Жедел іріңді инфекция туралы түсінік. Жіктелуі, дамуы, қалыптасуы, клиникасы, емдеудің негізгі заңдылықтары және сақтандыру шаралары.

Іріңді инфекция - ағзаға залалды микробтардың еніп, көбейіп және ірің түзеуін түсіндіретін кең мағынадағы ұғым. Іріңді инфекцияның дамуына тек бір ғана залалды қоздырғыштардың еніп, көбеюі жеткіліксіз. Бір жағынан ағзалардың қорғаныш қабілеттілігі және екінші жағынан енген қоздырғышқа дененің сезімталдығы мен әсерлілігі болуы қажет. Биологиялық құбылыс ретінде іріңді инфекция жануарлар әлемінде де кең тараған. Іріңді құбылыста инфекция қоздырғышы мен күрделі орта және ағза бір біріне қарама-қарсы қойылып, онда микробтың өсіп-өну тіршілігі жүзеге асады.

Хирургиялық инфекция туралы айта отырып бүгінгі күннің антибиотиктерімен байланысты кейбір қайшылықтарды айтпай кетуге болмайды. Бір жағынан антибиотиктердің ашылуы көптеген жедел іріңді хирургиялық ауруларды емдеуде жаңалық болып табылады. Ал екінші жағынан, антибиотиктерді қолдану хирургтар үшін әдеттегі көптеген жедел іріңді хирургиялық аурулардың клиникалық көріністерін және олардың асқынуын әжептәуір өзгертті. Қазір олар белгісіз белгілермен қалыптасып, аурулардың қазіргі уақыттағы анықталуын бірталай қиындатты. Мұнымен қоса антибиотиктерді жүйесіз кеңінен қолдану оларға қарсы тұрақты қоздырғыштардың пайда болуына әкеліп соқты.

Жіктелуі:

а) Хирургиялық іріңді инфекция ағымына қарай былай бөлінеді:

А.Жедел іріңді инфекция түрлері:

а) жедел іріңді инфекция (стафилакокк және т.б.);

б) жедел іріңді инфекция (протеа, ішек таяқшасы);

в) жедел анаэробты газды инфекция (бейбіт уақытта сирек кездеседі, өлім саны 50-60%):

г) жедел өзгеше дамитын (специфическая) инфекция (сіреспе-столбняк, күйдіргі-сібір

жарасы):

Б. Созылмалы хирургиялық инфекция түрлері:

а) созылмалы өзгеше емес инфекция (неспецифическая, Е.соli, т.б. төменгі уытты

(вирулентность) қоздырғыштар);

б) созылмалы өзгеше дамитын (специфическая) инфекция (туберкулез, сифилис,

актиномикоз).

Жедел іріңді инфекция тез бастау алып, тез дамуы мүмкін. Оның тез жазылуы да немесе науқасты өлімге соқтыруы да немесе созылмалы түрге айналуы да мүмкін. Кейбір авторлар инфекцияның найзағай тәрізді жедел дамитын түрін ерекше бөліп айтады. Ол өте шұғыл пайда болады да, өте қысқа мерзім ішінде ауруды өлімге мәжбүр етеді. Ал созылмалы түрі жедел түрінен қалыптасып жалғасуы мүмкін, ол өте ұзақ өтеді, сонымен қатар созылмалы түрі де бар. Онда науқас бастапқы кезеңінде-ақ тосыннан ешбір көрініс белгілерсіз-ақ пайда болады. Жедел және созылмалы инфекцияның өзара мынадай түрлері бар:

а) жергілікті хирургиялық инфекция:

б) жалпы хирургиялық инфекция.

Мұның жалпы көріністері сепсистік ағымда өтеді.

Инфекцияның жергілікті және жалпы түрлерге бөлінуі шарт, өйткені ағзалардың жалпы әсерінсіз оқшауланған жергілікті инфекция жоқ. Сондай-ақ, жалпы инфекция негізінен жергілікті қалыптасуынан басталады.

Таралуы бойынша: