Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТМ УМК каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ (сөж) жоспары

Тақырыптардың атаулары мен мазмұны

Әдебиет

1.

Машиналар мен агрегаттарды жуу және тазалау әдістері

Құрылымдары әртүрлі машиналарда бөлшектерді жуу (тазалау). Ванналарда жуу. Камераларда сығылған ауамен тазалау. Түрпілермен, механикалық құралдармен тазалау. Ультрадыбысты пайдаланып бөлшектерді тазалау. Бөлшектерді жегіден тазалау әдістері. Жуу мен тазалаудың химиялық және химия-жылулық әдістері. Жуу-тазалау жұмыстарын орындау кезіндегі қауіпсіздік шаралары, санитарлық талаптар және т.с.с.

3нег.[90-94], 7қос.[18-21]

2.

Бөлшектердің күйін бақылау

Бөлшектерден табылатын ақаулардың сыныптамасы. Бөлшектердің физикалық, термомеханикалық және термохимиялық зақымдануы. Бөлшектердің тозуын анықтау тәсілдері: жанаспа құралдармен, салмағын өлшеумен, жасанды базалар әдісімен, тозу өнімдерімен майдың ластану дәрежесімен, радиометриялық интегральдық әдістермен, профилограммалар бойынша және т.б.

2 нег. [20-29], 3нег. [30-58], 7 қос. [28-31].

3.

Жағылатын материалдар

Жағармайлардың гидродинамикалық теориясы. Машиналар мен агрегаттардың негізгі түйіндерін майлау картасы, жағармай шығыны нормасы. Майлау кезеңдері. Кәсіпорынның жағармайға қажеттілігін анықтау. Жағар материалдарды сақтау және беру ерекшеліктері.

1 нег. [91-103], 7 қос. [13-18].

4.

Электр машиналарын жинау және сынау

Электрқозғалтқыштар мен генераторларды жинауға қойылатын негізгі талаптар. Полюстар мен якорь өзекшесі арасындағы саңылауды коллекторлар мен полюстарға қатысты щеткаұстағыштардың қалпын, якорлердің өстік жылжуын реттеу, якорьлық мойынтіректер мен мойынтіректік қалқанды монтаждау ерекшеліктері.Бос жүрісте жинау сапасын тексеру. Жөндеуден кейінгі электр машиналарын стенділік сынау.

2 нег. [139-141], 13 қос. [52-61].

5.

Аккумулятор батареяларын техникалық күту және жөндеу

Қышқылдық және негіздік батареялардық негізгі зақымдары. Жекелеген батареяларды ауыстыру. Банкаларын жөндеу. Батареяларды техникалық күтуде және жөндеуде өолданылатын құрал-жабдықтар. Жөндеу кезіедегі санитарлық-гигиеналық талаптар. Пайдалану кезіндегі профилактикалық және бақылаулық талаптар. Батареялардың қалпына келтіруші заряды және «емдеулік» қайта зарядтау. Батареяларды сақтау ережесі.

1 нег. [85-88], 8 қос. [55-59].

6.

Сырғанау мойынтіректі түйіндерді жөндеу.

Бөлінетін және бөлінбейтін сырғанау мойынтіректерінің негізгі типтері. Оларға тән ақаулар. Мойынтіректердігі саңылауларды (бөлшектегенге дейін және кейін) өлшеу тәсілдері. Мойынтіректерді жөндеу. Ішпектердің тартылымын қалпына келтіру. Жинауға қойылатын жалпы талаптар. Көп тіректі біліктің мойынтіректерінің (немесе төсемдерінің) сатылануы және өстеспеуі, оларды өлшеу және дұрыстау. Үйкеліске қарсы қабатын қайта құйып, сырғанау мойынтіректерін жөндеу технологиясы.

2 нег. [81-87], 3 нег. [204-208].

7.

Бұрандалы қосылымдарды жөндеу

Бұрандалы қосылымдардың негізгі зақымданулары және олардың себептері. Күйін бақылау, бөлшектеу және жөндеу (мысалға типтік бұрандалы қосылымды алып).

2 нег. [60-63], 7 қос. [52-56].

8.

Шлицелі және кілтекті қосылымдарды жөндеу

Шлицелердің, кілтектердің және кілтектік паздардың негәзгә зақымданулары және оларды туындатытын себептер. Күйлерін бақылау және жұмыс көлемін анықтау.

2 нег. [63-66], 3 нег. [200-204].

9.

Тербелу мойынтіректі түйіндерді жөндеу

Бөлшектердің зақымдануы және оған әкелетін себептер. Тербелу мойынтіректерінің күйін бақылау және жөндеу. Жинауға қойылатын жалпы талаптар. Роликті мойынтіректі жөндеудің технологиялық процесі. Тербелу мойынтіректерін алып-салуға арналған технологиялық құрал-жабдықтар.

2 нег. [87-94], 7 қос. [71-75].

10.

Поршеньді компрессорларды жөндеу

Поршеньді компрессорлардың құрылымы, әрекет принципі және ағымдағы жөндеуінің ерекшеліктері. Бқлшектеу, жуу, бақылау жәнежөндеу жұмыстарының көлемін анықтау технологиясы. Компрессорлардың бөліктеріне тән зақымданулар, тозулар және олардың себептері. Компрессордың бөліктерін жөндеу жіне жинау технологиясы. Компрессорды жинау сапасына техникалық талаптар, тексеру және сынау. Поршеньді компрессорларды жөндеудің ірілендірілген тораптық графигі.

2 нег. [148-153],13 қос. [12-50].

11.

Дизельдердің блоктарын жөндеу

Техникалық күтім мен жөндеу кезінде орындалатын негізгі жұмыстардың көлемі. Дизельдердің блоктарына тән ақаулар және оларға әкелетін себептер. Ақауларды айқындау тәсілдері. Жарықтарды және басқа зақымдануларды дұрыстау. Түптік мойынтіректердің төсектерінің бұзылуы және оларды дұрыстау.

3 нег. [210-215], 5 нег. [350-365], 7 қос. [80-82].

12.

Дизельдер цилиндрлерінің төлкелерін (гильзаларын) жөндеу.

Цилиндрлер төлкелерін (гильзаларын) тексеру және олардың жұмысшы беттерін өлшеу. Тозуы мен сопақтығын өлшеу және анықтау кестесі. Блоктан гильзаны шығарып алу, тазалау , жуу. Гильзаларға тән тозулар мен зақымданулар, олардың пайда болу себептері және ақауларды анықтау әдістері. Цилиндрлер гильзаларын жөндеу.Нығыздау сақиналарын ауыстыру. Гильзаны орналастыру, таңбалау және белгілер. Қажеттң құралдар мен жабдықтар. Қысыммен тексергенге дейінгі қойылу сапасын тексеру. Цилиндрлер гильзалары орналастырылғаннан кейін дизельдің суыту жүйесін қысыммен тексеру.

2 нег. [111-116], 3 нег. [204-208].

13.

Дизельдердің иінді біліктері мен мойынтіректерін (ішпектерін) жөндеу

Бөлшектеу алдындағы жұмыстарды ескере иінді біліктер мен мойынтіректерді демонтаждаудың тәртібі мен технологиялық әдістері. Иінді біліктер мен мойынтіректерге (ішпектерге) тән ақаулар, олардың олардың себептері. Ақауларды анықтау тәсілдері (тексеру, өлшеу, дефектоскопиф және т.б.). Білік мойындарының цилиндрлік пішіні мен номиналь өлшемдерін қалпына келтіру. Иінді біліктердің шаршауға беріктігін және тозуға төзімділігін арттыру әдістері.Мойынтірек ішпектерін жөндеу. Ішпектерді таңдауға (тартуға, сатылыққа), саңылауларды «майға», «мұртшаларға» реттеугебекіту қақпағыныі гайкаларын тартуға негізгі шарттар және оларды бақылау.Жаңа мойынтіректерге (ішпектерге) иінді білікті жатқызу тәртібі, техникалық шарттары және әдістері. Жатқызу сапасын тексеру.

2 нег. [72-81], 3 нег. [200-204].

14.

Дизельдер мен компрессорлардың поршеньдық топтарын жөндеу

Пайдалану кезінде бұлғақ-поршень түйінінің күйін бағалау тәсілдері. Бұлғақ-поршень түйінін демонтаждау тәртібі және әдістері. Бұлғақ-поршень түйініне тән зақымданулар мен тозулар, олардың пайда болу себептері. Поршеньдердің және олардың бөліктерінің ақауларын (жарықтар, тозулар, сақиналар серпімділігі және т.с.с.) анықтаудың қолданылып жүрген тәсілдері. Поршеньдерді және олардың бөлшектерін жөндеу технологиясы (тазалау , өлшек,бақылау, жөндеу көлемін анықтау, поршеньдер мен бөлшектерді тексеру). Поршень сақиналарын дайындау технологиясының негіздері. Бұлғақ-поршень түйінін жинау және оларды тексеру. Жөндеу ережелеріне сәйкес бұлғақ-поршень түйінін жинауға техникалық талаптар.

2 нег. [111-116], 7 қос. [52-61].

15.

Сальниктік нығыздағыштарды және резинка бөлшекті қосылымдарды жөндеу

Нығыздағыштардың негізгі түрлері. Ныдағышсақиналардың, манжеттердің және резинка бөлшектерге тән зақымданулар. Өздігінен нығыздалатын және тығындалатын сальниктерді, резинка сақиналарды және мажеттерді түйінге жинауға қойылатын негізгі талаптар. Өздігінен нығыздалатын сальникті түйінді су сорабын жөндеудің технологиялық процесі.

5 нег. [408-415].