Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТМ УМК каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

2.3. Тәжірибелік сабақтардың жоспары Тәжірибелік сабақ №1. «Бүріккіштерді тексеру және сынау»

Жұмыстың мақсаты: Студенттерді қолданылатын аппаратурамен, сынау әдісімен таныстыру және бүріккіштерді бөлшектеу, жинау, реттеуден тәжірибелік дағдылар алу.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Бүріккіштердің атқаратын қызметі мен оларға қойылатын талаптарлы оқып-үйрену.

2. Әртүрлі қозғалтқыштардың бүріккіштерінің құрылымы мен жұмыссын оқып-үйрену.

3. Бүріккіштерді жинау-бөлшектеу және техникалық баптау ережелерін түсіну.

4. Бүріккіштің негізгі ақауларын оқып-үйрену.

Әдебиеттер: 1 нег. [177-183], 2 нег. [125-139], 7 қос. [28-37].

Бақылау сұрақтары:

1.Бүріккішті бөлшектеп, бөлшектерін атаіыздар және қайтадан жинауды жүргізіңіздер.

2. Бүріккіштердің қандай түрлерін білесіздер?

3. Шашырату сапасы қозғалтқыштың индикаторлық көрсеткіштеріне қалай әсер етеді?

4. Соплолық тесіктердің кокстенуінің себелтері неден?

5. Бүріккішке тән ақауларды атаңыздар.

Тәжірибелік сабақ №2: «Бөлшектердің ультрадыбыстық дефектоскопиясы»

Жұмыстың мақсаты: ультрадыбыстық дефектоскопия аппаратымен, сондай-ақ бөлшектердің денесінде тереңде орналасқан кемшіндер мен жарықтарды табу дағдысын игеру және олардың шифрларын табу.

Әдістемелік нұсқаулар:

1. Бөлшектерді дефектоскопиялау әдістерін оқып-үйрену.

2. Ультрадыбыстық дефектоскопиялау аппаратының жұмысымен танысу.

3. Бөлшектің денесінің ішінде орналасқан кемтіктер мен жарықтарды іздеу мен оларды танудың практикалық дағдыларын игеру.

Әдебиеттер: 1 нег. [252-254], 3 нег. [96-101], 7 қос. [24-28].

Бақылау сұрақтары:

1. Ультрадыбыстың көмегімен дефектоскоптау әдісі неге негізделген?

2. Қандай жағдайларда көлбеулік, ал қандай жағдайларда тікше іздеуші бастарды қолданады?

3. Қандай жиіліктер ультрадыбыстық деп аталады?

4. Аспаптағы УДТ көзі не?

5. Ультрадыбыстық дефектоскоптаудан басқа қандай әдістерді білесіздер?

Тәжірибелік сабақ №3: «Материалдарды үйкеліс пен тозуға сынау»

Жұмыстың мақсаты: Әртүрлі орталарда материалдардың, қорытпалардың, құрылымдық қатты пластмассалардың үйкеліс және тозу процестерін тәжірибеде зерттеу (оқып-үйрену).

Әдістемелік нұсқаулар:

1.Үйкелістің түрлері мен бөлшектердің тозуына әсер ететің факторларды оқып-үйрену.

2. Материалдарды үйкеліс пен тозуға сынайтын МТ-2 машинасының жұмысымен танысу.

3.Майлау ортасына тәуелді әртүрлі материалдардың үйкеліс коэффициенті мен қажалу жылдамдығын анықтау.

4. Нәтижелерді талдап, сәйкес тұжырым жасау..

5. Орындалған жұмыс бойынша есеп беру.

Әдебиеттер: 2 нег. [20-29], 3 нег. [20-58].

Бақылау сұрақтары:

1. Бөлшектердің тозуына әсер ететін факторларды атаңыздар.

2. Бөлшектердің тозуын өлшеудің қандай әдістерін білесіздер?

3. Тозудың түрлерін атаңыздар.

4. Үйкелісетін беттерді абразивтік тозудан қорғауға бағытталған қандай конструктивтік іс-шараларды білесіздер?

5. а) поршеньді компрессор; б) газтурбинасы; в) іштен жану қозғалтқыштары жағдайларында жұмыс істеуге арналған жағар майларға қойылатын негізгі талаптарды атаңыздар.