Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТМ УМК каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

Дәріс №7. Жабдықтарды күрделі жөндеуді (кж) ұйымдастыру

КЖ технологиялық процесінің құрылымы. КЖ технологиялық процесі машиналар мен жабдықтардың жұмыс қабілетін қалпына келтірудің технологиялық және көмекші жұмыстардың кешені болып табылады. Ол өз құрамына жөндеуге қабылдауды, жуу-тазалау операцияларын, агрегаттарға, бөлшектерге және жинау бірліктеріне бөлшектеуді, бөлшектерді тексеруді, сұрыптауды және жөндеуді, оларды комплектілеуді, жинау бірліктерін, агрегаттарын және бүтіндей жабдықты жинауды, жүргізіп көруді, сынауды, сырлауды және жөндеуден кейінгі жабдықты тапсыруды кіргізеді.

Күрделі жөндеудің екі әдісі - жекелей және агрегаттық бар.

Жекелей жөндеу әдісінде машинадан алынған барлық бөлшектер қалпына келтіріліп, қайтадан орнына қойылады (7.1-сурет).

Сұлбада көрсетілгендей жөндеуден шыққан базалық бөлшек басқа бөлшектердің жөнделіп бітуін күтіп тұрады, сонан соң жинау басталады. Бұл кезде:

(7.1)

бұл жерде, базалық бөлшектерді жөндеуге кеткен уақыт, тәулік;

агрегаттарды жөндеуге кеткен уақыт, тәулік;

біртекті агрегаттардың саны.

Базалық бөлшекті күтіп тұру уақыты:

(7.2)

Жекелей әдіс жөндеу мекемелеріне бір типті агрегаттар аз келетін жағдайларда қолданылады. Жөндеуді жоғарғы квалификациялы жұмысшылардан тұратын бір бригада жүргізеді.

Бұл әдістің кемшіліктері:

- жұмысты мамандандыру және механикаландыру шектеулі;

- жабдық жөндеуде ұзақ уақыт тұрады;

- жоғарғы білгірлікті жұмысшылар керек.

Ерекшелігі – машинаны қандай жабдықтарымен тапсырса, өзгертілмей сол жабдықтарымен жөндеуден алады.

7.2-суретте жабдықтарды күрделі жөндеудің агрегаттық әдісінің технологиялық процесі көрсетілген. Бұл әдісте базалық бөлшектерден басқа бөлшектер жалпыланады (жалпыға бірдей болып, атсыздандырылады). Қоймада үнемі толықтырылып отыратын жөндеулі атсыздандырылған айналымдық бөлшектердің болуы жөндеуге алынған машинаның базалық бөлшектері жөнделгеннен кейін-ақ тез арада оны жинауды бастауға мүмкіндік береді.

Бұл жерде .

Бұл әдістің артықшылықтары:

- жұмыстың мамандандырылған, ол жұмыс өнімділігін арттыруға септігін тигізеді;

- арнаулы технологиялық жабдықтар мен жарақтарды пайдаланып жөндеу технологиясын жетілдіру мүмкіншілігі;

- механикаландыру мүмкіншілігінің молдығы;

- жұмыс сапасының артуы және өзіндік құнының төмендеуі;

- жөндеу мерзімнің қысқаруы.

Ең қажетті шарт бұл әдісті пайдаланғанда агрегаттардың айналымда қоры болуы. Қажетті агрегаттар саны:

(7.3)

бұл жерде, жөндеу мекемесінің машиналар шығаруының тәуліктік бағдарламасы, дана.

Агрегаттар мен жинау бірліктерін

бөлшектерге бөлу

Базалық бөлшекті жөндеу

Бөлшектерді тазалау

және жуу

Бөлшектерді тексеру және сұрыптау

Жарамды

бөлшектер

Жөнделетін

бөлшектер

Алмастыратын

бөлшектер

Бөлшектерді

жөндеу

Қосалқы

бөлшектер

қоймасы

Комплектлеу

қоймасы

Жинау бірлігін және агрегаттарды жинақтау

Агрегаттарды сынау

Жабдықты жинау

Жабдықты сынау

Иесіне жабдықты

тапсыру

7.1-сурет – Жабдықтарды жекелей күрделі жөндеудің әдісінің сұлбасы

Жөндеуге қабылдау

Жабдықтың

сыртын жуу

Агрегаттарға,

бірліктерге бөлу

Агрегаттарды

бөлшектерге бөлу

Бөлшектерді

тазалау және жуу

Негізгі бөлшекті

жөндеу

Жабдықты

жинау

Жарамды бөлшектер

Алмастыратын бөлшектер

Бақылау, сұрыптау

Сынау

Жабдықты

иесіне

тапсыру

Қосалқы бөлшектер қоймасы

Дайын бірліктер және агрегаттар қоймасы

7.2-сурет. Машиналарды жөндеудің агрегаттық әдісі.

Жабдықты жөндеуге тапсыруға арналған дайындық жұмыстары. Жабдықты жұмысшылар ЖЕЖ кестесіне байланысты жөндеуге дайындайды. Дайындау жұмыстарына: майларды отынды және сұйықтарды агрегаттардан төгу, сондай-ақ жабдықты алдын ала жуу мен тазалау жатады.

Жабдықты жөндеуге тапсыруға қажетті құжаттар:

1) жөндеу түрі, оның орындалу уақыты пайдалану және жөндеу деректері көрсетілген, сондай-ақ пайдалану және жөндеу процесінде алмастырылған бөлшектер, агрегаттар (жинау бірліктері) жөнінде мәліметтері, жұмыс істеген уақыты және орындаған жұмыс көлемі жөнінде деректері бар заводтың төлқұжаты;

2) жабдықтың техникалық жағдай жөніндегі акт, апаттық жағдайда болса – апаты жөніндегі акт.

Жабдықты қабылдау нәтижесінде қабылдау–тапсыру актісі жасалады.

Әдебиеттер: 3 нег. [86-89], 13 қос. [40-58].

Бақылау сұрақтары:

1. Жекелей және агрегаттық күрделі жөндеу әдістерінің айырмашылықтары қандай?

2. Жабдықтарды КЖ алдында қандай дайындық жұмыстары жүргізіледі?

3. Жабдықты күрделі жөндеуге тапсырғанда қандай құжаттары болуы керек?