
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И.СәТбАев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті
- •Студенттің пәндік
- •Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:
- •1.2. Пәндер туралы мәліметтер:
- •Оқу жоспарынан көшірме
- •1.3. Алдыңғы реквизиттер
- •1.4. Пәннің қысқаша мазмұны
- •1.5. Тапсырмалардың түрі және оларды орындау мерзімі
- •1.6. Әдебиет тізімі
- •Оқу сабақтарының нақты түрін жүргізу бойынша көрнекі құралдардың, әдістемелік нұсқаулардың және оқу үдерісінде пайдаланылатын әдістемелік материалдардың тізімі
- •1.7. Білімді бақылау және бағалау
- •Оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі «Технологиялық машиналарды жөндеу» пәні боынша
- •Модульдік және аралық аттестациялау бойынша бақылау жүргізуге арналған сұрақтар тізімі
- •1.8. Курстың саясаты мен процедурасы
- •2. Негізгі таратылатын материалдар мазмұны
- •2.1. Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2. Дәрістік сабақ конспектілері Дәріс №1. Сенімділік туралы мәліметтер
- •Дәріс №2. Жабдықтардың сенімділіктерін бағалау
- •Дәріс №3. Бөлшектердің бұзылуының түрлері
- •Дәріс №4. Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру
- •Дәріс №5. Майлау шаруашылығы
- •Дәріс №6. Машина мен жабдықтардың техникалық диагностикасы
- •Дәріс №7. Жабдықтарды күрделі жөндеуді (кж) ұйымдастыру
- •Дәріс №8. Күрделі жөндеуді жүргізудің технологиясы
- •Дәріс №9. Бөлшектерді жөндеу тәсілдері
- •Дәріс №10. Бөлшектерді пісірумен және балқыма құюмен жөндеу
- •Дәріс №11. Бөлшектерді өсірумен жөндеу
- •Дәріс №12. Бөлшектерді беттік беріктендіру әдістері
- •Дәріс №13. Беттік пластикалық деформациямен беріктендіруші өңдеу
- •Дәріс №14. Тозуға төзімді материалдар балқымасымен беріктендіруші өңдеу
- •Дәріс №15. Типтік машина бөлшектерін жөндеу
- •2.3. Тәжірибелік сабақтардың жоспары Тәжірибелік сабақ №1. «Бүріккіштерді тексеру және сынау»
- •Тәжірибелік сабақ №2: «Бөлшектердің ультрадыбыстық дефектоскопиясы»
- •Тәжірибелік сабақ №3: «Материалдарды үйкеліс пен тозуға сынау»
- •Тәжірибелік сабақ №4: «Агрегаттарды монтаждауды бақылау тәсілдері»
- •Тәжірибелік сабақ №5: «Типтік бөлшектердің тозуын анықтау»
- •Тәжірибелік сабақ №6: «Бөлшектерді тазалау тәсілдері»
- •Тәжірибелік сабақ №7: «Майлау материалдары және жабдықтарды майлау»
- •2.4. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың (соөж) жоспары
- •2.5 Студенттердің өздік жұмыстары бойынша сабақ (сөж) жоспары
- •2.6. Өздік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.7. Курс бойынша емтихан сұрақтары
- •050724 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығына арналған
Дәріс №5. Майлау шаруашылығы
Майлар мен арнайы сұйықтар. Жабдықты тиімді пайдалану мен күтудің маңызды шарттарының бірі – оңтайлы ұйымдастырылған майлау шаруашылығы.
Технологиялық жабдықтарды пайдалану кезіндегі майлау материалдарын пайдалану мен сақтауды ұйымдастыруға мыналар кіреді:
- майланатын жабдықтарды есепке алу;
- қажетті майлау материалдарының шамасын анықтау;
- майлау материалдарын дұрыс сақтау және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзбау;
- арнайы нұсқаманың талаптарына сәйкес майлау материалдарын қабылдау және беру;
- жабдықтарды майлау графигін бұзбау;
- жұмыс орындарын майлау материалдарымен қамтамасыз ету;
- майлау материалдарына зертханалық талдау жүргізу;
- жұмыс істеп шыққан майларды қайта өңдеу (регенерация);
- майлау шаруашылығының жұмысшыларын сайлап алу, жұмыс орындарына бөлу және жұмсау.
Жанар-жағар материалдар (ЖЖМ) базадан пайдалану орнына орталықтандырылған тәртіппен жеткізіледі. Базада қабылдап алғанда цистернада пломбаның болуын және ЖЖМ әрбір сортында төлқұжаты болуын талап ету керек, төлқұжатта толық талдау жасалған күні және оның нәтижелері көрсетілуі керек. Цистернаның пломбасы, майдың төлқұжаты болмаса және сапасыз ЖЖМ әкелінгенде орталық ғылыми-техникалық зертханаға тексеруге азғандай материал жіберіледі. Бұл ЖЖМ-на толық талдау жасап біткенше пайдалануға қатаң тыйым салынады. Базада құрамы дұрыс емес ЖЖМ құйып алуға арналып ыдыстар қарастырылған.
Қойманың күйі, майлау материалдарын қабылдау, сақтау және беру майлау шаруашылығында маңызды буын болып табылады.
Әрбір мекемелерде майлау шаруашылығының ұйымдастыру деңгейін мына факторлар сипаттайды:
- жабдықтарды баптаған кезде технологиялық тәртіпті бұзбау;
- жабдықтарды майлауға арналған құралдар болуы;
- машиналарды майлаумен дер кезін баптау (бір майдың орнына басқасын қолдануға, сүзгі арқылы өтпеген майды қолдануға және т.б. тыйым салынады);
- майлау өнімдерінің шығынын дұрыс есепке алу және т.б.
Жұмыс істеп шыққан майларды жинау және оларды қайта өңдеу. Механизм жұмыс істеген кезде май біртіндеп кірлейді, тотығады, өзінің майлау қасиеттерін жоғалтады, ал оған түскен қатты бөлшектер тісті берілістердің, тербеліс мойынтіректерінің үйкелісетін беттерінің тез тозуына әсер етеді, мойынтіректер қызып кете береді, ол механизмді жиі тоқтатып, механизмнің уақытынан ерте істен шығуына әкеліп соғады.
Жағар майлар қозғалтқыш ішінде де жұмыс істегеннен кейін белгілі бір уақыттардан соң өзінің физика-химиялық және майлау қасиеттерін жоғалтады. Бұған жоғарғы температура, ауадағы оттегі, металдардың, олардың қорытпаларының және тозу өнімдерінің әсері зор.
Майлау материалдарының тез
және күшті тотығуы
жоғары температурада жүреді, және
алғашқы кезеңдердің өзінде-ақ металдардың
тотығуына, кетпейтін смола қосындыларын
жасауға әкелетін аз молекулалы суда
еритін қышқылдардың картерде, клапандарда,
поршень сақиналарында және машиналар
мен механизмдердің басқа да бөліктерінде
жабысып қалатын майда ерімейтін
қосылымдардың түзілуіне әкеледі.
Белгілі уақыт жұмыс істеген, алғашқы сапасын жоғалтқан жұмыс істеп шыққан майлар майлау жүйесінен төгіледі. Бұл майларды майлаушылар бригадасы жинайды. Жұмыс істеп шыққан майлар ЖЖМ базасына, сонан соң майларды қайта өңдейтін арнайы мекемеге тапсырылады. Бұл майларды қайта өңдеуге тапсыру және өңделген майларды қабылап алу жаңа майларды қабылдағандай рәсімделеді. Майларды жинайтын ыдыстар саны майдың сорттарының түрінен кем болмауы керек. Бір ыдысқа зығыр майларының барлық түрлерін; тазаланған және негізденген, тұтқырлығы бойынша жақын машина майларын; негіздері бірдей жұмыс істеп шыққанн майларды жинауға рұқсат етіледі.
Майларды қайта өңдеу келес операциялардан тұрады:
- майларды ағартатын балшықпен және сумен сумайлы эмульсия алу үшін өңдеу;
- ауа 13,3-20 кПа сиретілген
буландырғышта (кеште
дейін қыздырылған) су мен отынды майдан
айыру, бұл кезде де майдың ағартатын
балшықпен қосымша жанасуы болады;
- майларды сүзгіден өткізу және ВНИИНП-360 (МЕСТ 9899-78) қоспаларымен қайта өңделген майларды араластыру.
Әрбір кәсіпорында жұмыс істеп шыққан майларды жинау жинақтап, өңдеу пунктеріне жөнелту іске асырылуы керек. Жұмыс істеп шыққан майларды жинау және қайта өңдеу жақсы жолға қойылса, материал үнемделіп, жаңа майлар шығыны 15-20% кемиді.
Жұмыс істеп шыққан майларды міндетті түрде жинау сәйкес құжаттармен реттелген.
5.1-кесте - Өндірісте қолданылатын майлау материалдары
Майлаушы материалдар |
Маркасы |
МЕСТ нөмірі |
1 |
2 |
3 |
Майлы солидол (еруі орташа жағармай) |
УС-1 (пресс-солидол) УС-2 УС-3 |
1033-79 1033-79 1033-79 |
Синтетикалық солидол |
С (пресс-солидол) С |
4366-76 4366-76 |
Авиациялық май |
МС-14 МС-20 МК-22 |
21743-76 21743-76 21743-76 |
Цилиндрлік май |
11 (цилиндрлік2) 24 (вискозин) |
6411-76 6411-76 |
Индустриальдық май |
12 20 30 45 50 |
20799-75 20799-75 20799-75 20799-75 20799-75 |
Іріктеліп тазаланған индус-триальдық май |
ИСТ-11 ИС-50 |
20799-75 20799-75 |
Турбиналық май |
Т-22 |
9972-74 |
Компрессорлық май |
К-12 К-19 |
1861-73 1861-73 |
Дизельдік май |
Зимнее |
8581-78 |
Трансформаторлық май |
АМГ-10 |
6794-75 |
Автомобиль майы |
АС-8 |
10541-78 |
Индустриальдық жағармай |
ИП-1-З (қыстық) ИП-1-Л (жаздық) |
23510-79 23510-79 |
Нығыздаушы жағармай |
ЛЗ-31 ЛЗ-162 |
24300-80 24300-80 |
Еруі нашар әмбебап жағармай (майлы консталин) |
УТ-1 УТ-2 |
1957-73 1957-73 |
Графиттік жағармай |
УСсА |
3333-80 |
Консервацииялық жағармай (талшықты техникалық вазелин) |
ВТВ-1 |
ТУ 38-101-180-76 |
Майлы жағармай |
1-13 |
1033-79 |
Төменгі температурлық жағармай |
ЦИАНИМ-201 ЦИАНИМ-203 ГОИ-54п |
6267-74 8773-73 3276-74 |
Трансмиссиялық жағармай |
ЦИАНИМ-208 |
16422-79 |
Жоғары температурлық жағармай |
ЦИАНИМ-221 |
9433-80 |
Жоғары температурлық автомобиль жағармайы |
ЯНЗ-2 |
9432-60 |
Жағармай |
ПГ-1-3 |
23510-79 |
Жағармай |
Мазут |
10585-75 |
Жабдықтарды майлауға ұсыныстар. Кәсіпорынға әкелінетін жабдықтарды майлайтын майдың түрлері шығаратын заводтың беретін құжатында көрсетіледі.
Бас механиктің басқармасымен және май шығаратын заводтармен келісіп химиялық құрамы жақын майларды ауыстырып қолдануға рұқсат етіледі.
Заводта ұсынылмаған майларды қолдану жабдықтың п.ә.к. төмендетеді, энергия шығынын көбейтеді, сондай-ақ мерзімінен бұрын істен шығып қалулар болуы мүмкін.
Май сақталатын ыдыстар таза болуы керек. Оларға су мен шаң түсуін болдырмау керек.
Ашық ыдыстарда және жабдықтар жұмыс істеп тұрған жерде жанар және жағар майларды сақтауға тыйым салынады. Қыс кезінде майларды ашық жалынмен қыздыруға болмайды. Май құятын құралдар ақаусыз күйде болулары керек. Майлау үшін қондырғымен бірге берілетін жабдықтарды пайдалану керек. Сұйық майлар сүзгі арқылы құйғышпен құйылады, қою майлар арнайы жабдықтармен беріледі. Пайдалану уақыты өткен отын, майлар ауыстырылады. Егер жабдық 3 айдан көп жұмыс істемей тұрса, майлар толық ауыстырылады.
Жабдықтардың тетіктерін майлау бойынша ұсыныстар жасаушы заводтар беретін құжатта көрсетіледі. Механизмнің май құйылатын картерлеріндегі майды дер кезінде ауыстыруға ерекше көңіл аудару керек. Майлар мен отындар жыл мезгілдеріне сай ауысырылып отырылуы керек.
Шаңды шөлейтті жерлерде жұмыс істейтін жабдықтарды майлау мерзімі 2 есе қысқарады.
Әдебиеттер: 1 нег. [91-103], 2 нег. [29-41], 7 қос. [13-18]
Бақылау сұрақтары:
1. Жағар майлар қалай сыныпталады?
2. Жұмыс істеп шыққан майларды жинау жіне регенерациялау тәртібі.
3. Жабдықтарды майлау тәртібі.