Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТМ УМК каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.74 Mб
Скачать

Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қ.И.СәТбАев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті

Мұнай және газ институты

«Мұнай және газ өндірісінің машиналары және жабдықтары» кафедрасы

Студенттің пәндік

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

«Технологиялық машиналарды жөндеу» пәні бойынша

Мамандығы _050724 «Технологиялық машиналар және жабдықтар»

Алматы 2007

Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ студенттеріне арналған 050724 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша «Технологиялық машиналарды жөндеу» пәнінің типтік бағдарламасы негізінде жасалған оқу - әдістемелік кешені.

Құрастырған _____________________ Алматы: ҚазҰТУ, 2007,- ____ б.

Құрастырушы Ахметов Бекжан Ахметұлы, аға оқытушы

Аңдатпа (аннотация): «Технологиялық машиналарды жөндеу» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ ОӘД кредиттік жүйе бойынша оқитын студенттерге арналған пәндердің оқу-әдістемелік кешенін құрастыру және рәсімдеу туралы әдістемелік нұсқау негізінде құрастырылған.

Бұған ереже бойынша қажетті материалдар: пәннің оқу бағдарламасы – SYLLABUS және белсенді тарату материалының толық мазмұны кірген.

Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны сенімділік теориясы, бөлшектердің бұзылуының түрлері, жабдықтардың күрделі жөндеуін қйымдастыру және жүргізу жөнінде толық мәліметтер береді. Сондай-ақ бөлшектерді жөндеу тәсілдері және беріктендіру тәсілдері бойынша да сұрақтар қарастырылған. ОӘК келтірілген материал қажет кезінде студентке өз бетінше пәннің сұрақтарын оқып-үйренуге мүмкіндік береді және өз бетінше орындауға арналған тапсырмаларды орындау кезінде қажетті қосымша болып табылады.

Бақылауға арналған берілген тестік тапсырмалар тізімі студентке пәнді оқудың кез-келген кезеңінде өз бетінше білім деңгейін анықтап, сәйкес тұжырым жасауына мүмкіндік береді.

© Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2007

  1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus

1.1. Оқытушылар туралы мәліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушы:

Байланыс түрі: 292-73-39 ж.т.

Кафедрада болатын уақыты : ауд. 706МК, 702МК сабақ кестесіне сәйкес

1.2. Пәндер туралы мәліметтер:

Пән атауы «Технологиялық машиналарды жөндеу»

Кредит саны 3

Өткізу орны: ауд. 706

Оқу жоспарынан көшірме

Курс

Семестр

Кредиттер

Дәріс

ЛПС

Прак.саб.

СОӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау түрі

4

7

3

2

-

1

3

3

9

Емтихан Т-тест

1.3. Алдыңғы реквизиттер

«Технологиялық машиналарды жөндеу» пәні алдыңғы курстарда оқылған конструкциялау негіздері және машиналар бөлшектері, механизмдер мен машиналар теориясы, стандарттау, сертификациялау және техникалық өлшеулер, материалдар тану және конструкциялық материалдар теориясы, технологиялық машиналарды монтаждау және пайдалану, технологиялық машиналардың сенімділігі пәндеріне тікелей негізделген және өз кезегінде бакалаврларды кәсіптік дайындауда соңғысы болып табылады.