Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ дипл.ФУТ_ИСказ13.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
489.98 Кб
Скачать

4 Дипломдық жобаның мазмұны мен құрылымы

4.1 Диплом жобасы өзінің мазмұны жағынан Университет бітіруші курс ««Ақпараттық жүйелер» мамандығы студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, ғылыми-зерттеу жұмысы.

4.2 Диплом жобасының көлемі, ереже бойынша, 50-80 бет болуы қажет. Қосымшалар диплом жобасының көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

4.3 Диплом жобасының құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

- мұқаба (сыртқы беті) (Қосымша 2- үлгісі бойынша жасалынады);

- титул беті (Қосымша 3- үлгісі бойынша жасалынады);

- диплом жобасының орындалуына тапсырма (Қосымша 4);

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырым);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

Дипломдық жоба құрылымы Қосымша 6-да берілген.

4.4 Мұқабада (сыртқы бетінде) келесі мағлұматтар келтіріледі:

- дипломдық жоба орындалған ұйымның атауы,

- студенттің тегі және аты-жөні,

- дипломдық жоба тақырыбы,

- жұмыстың түрі-дипломдық жоба,

- мамандықтың атауы және коды,

- қала және жыл.

4.5 Титул беті, диплом жобасының бірінші беті, қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді.

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

- диплом жобасы орындалған ұйымның атауы,

- дипломдық жоба орындалған кафедра атауы,

- шектеуіш гриф (қажет болғанда),

- кафедра меңгерушісінің бекіткен қолы,

- жұмыс түрі – дипломдық жоба,

- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жобасының тақырыбы, атауы,

- мамандықтың атауы және коды,

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағында студенттің тегі және аты жөні,

- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,

- қала және жыл көрсетіледі,

Мұқабаны рәсімдеу үлгісі және титул беті 2 және 3 қосымшаларына сәйкес келтіріледі.

4.6 Диплом жобасының мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларды қамтиды (Қосымша 7).

4.7 Кіріспе бөлімінде диплом жобасының өзекті мәселелері, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар диплом жобасының мақсаты мен міндеттерін, зерттелу обьектісінің теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды (Қосымша 6).

4.8 Диплом жобасының негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулер мәні, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жобасының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі.

Диплом жобасының негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).

4.9 Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет.

4.10 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.

4.11 Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі.

4.12 Диплом жобасындағы қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының авторы - өз мойнына алады.