Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МУ дипл.ФУТ_ИСказ13.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
489.98 Кб
Скачать

«Тұран» университет» мекемесі

БЕКІТІЛДІ

«Ақпараттық технологиялар» кафедрасының отырысында

Хаттама № ____ «____» ________ 20__ ж.

Кафедра меңгерушісі т.ғ.д., профессор

_________________________ Түсіпова С.А.

«АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

5В070300 - "Ақпараттық жүйелер " мамандығы

студенттеріне арналған

Алматы – 2013

Мазмұны

1 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ 2

2 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 3

3 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ЖАЗЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР 3

4 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ 4

5 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫ РӘСІМДЕУ ТӘСІЛІ 5

6 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫ ҚОРҒАУҒА ҰСЫНУ ТӘРТІБІ 8

7 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫ ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ 9

8 ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫ САҚТАУ ТӘРТІБІ 9

ҚОСЫМША 1. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА ТАҚЫРЫБЫН ТАҢДАУҒА ЖАЗЫЛАТЫН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ 10

ҚОСЫМША 2. МҰҚАБАНЫ (СЫРТҚЫ БЕТТІ) РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ 11

ҚОСЫМША 3. ТИТУЛ БЕТІН РӘСІМДЕУ ҮЛГІСІ 12

ҚОСЫМША 4. ТАПСЫРМАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ҮЛГІСІ 13

ҚОСЫМША 5. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫНЫҢ КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ 14

ҚОСЫМША 6. ДИПЛОМДЫҚ ЖОБАНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ 15

ҚОСЫМША 7. ҚҰРЫЛЫМЫН ДАЙЫНДАУ 16

ҚОСЫМША 8. СУРЕТТЕРДІҢ КӨРСЕТІЛУІ 17

ҚОСЫМША 9. КЕСТЕЛЕРДІҢ КӨРСЕТІЛУ ҮЛГІСІ 18

18

ҚОСЫМША 10. ФОРМУЛАЛАРДЫ КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 19

ҚОСЫМША 11. ҚОЛДАНЫЛҒАН ДЕРЕК КӨЗДЕРІНЕ БЕРІЛГЕН НҰСҚАУЛАРДЫ КӨРСЕТУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 20

ҚОСЫМША 12. ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ КӨРСЕТІЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ 22

ҚОСЫМША 13. ПІКІР ҮЛГІСІ 23

ҚОСЫМША 14. СЫН ПІКІР ҮЛГІСІ 24

1 Жалпы ереже

1.1 Берілген әдістемелік нұсқаулық «Ақпараттық технологиялар» кафедрасында «Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын (жобаларын) жазу ережелеріне сәйкес жасалып, «Тұран» университетінің «Ақпараттық жүйелер» мамандығының бакалавриат курсын толық аяқтаған студенттерге дипломдық жобаны жазу және қорғау ережелерін ұсынады.

1.2 «Тұран» университеті (одан кейін-Университет) «Ақпараттық технологиялар» кафедрасының бітіруші түлектерінің дипломдық жобасына қойылатын талаптардың әдістемелік нұсқаулығын жасаудағы мақсаты ортақ талаптарды құру болып табылады.

1.3 Дипломдық жоба жазбаша бітіру жұмысы болып табылады, студент бітіретін курста орындайды. Себебі, бұл мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында және мамандықтың оқу жоспарында қарастырылған.

1.4 Диплом жобасы мынадай мақсатта әзірленеді:

1) мамандық бойынша теориялық білімі мен тәжірибе дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге;

2) ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;

3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өздігімен жұмысқа дайындығын анықтау.

1.5 Дипломдық жоба белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселелесін зерттеу және өз бетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды.

1.6 Дипломдық жоба ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

  • ғалымдармен, талдаушылармен, іс жүзіндегі мамандармен, атап айтқанда, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

  • зерттелген нысандар бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

  • нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы.