Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ерлан реферат инно.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
47.48 Кб
Скачать

2.2 Жапониялық басқарудың ерекшеліктері

Біз «менеджмент» терминін нарық шартындағы басқару деп түсінеміз. Бірақ басқарушылық ілімді зерттеп білу және оның жапондық менеджмент моделі сияқты нақты концепциясына толық тоқталып өту неге өте қажет? Ең алдымен жеке концепцияларды білу және дұрыс түсіну ілімнің қазіргі жағдайын жақсы түсінуге, сонымен қатар жаңа идеялардың қалыптасуына және құрылуына септігін тигізетінін атап өткен жөн. Басқару ілімінің дамуы сапасыз концепциялардың құлдырауға түскенін, ал уақыт пен тәжірибе арқылы тексерілген ең бағалы концепциялардың өрлей түскенін көрсетті. Жапондық модель бүгінгі күнге дейін әлемнің көптеген елдерінде өз жақтастарын табуда және қысқа мерзім ішінде өзінің даму жолында үлкен секіріс жасаған мемлекеттік модель ретінде көпшіліктің қызығушылықтарын тудыртуда.

Кез келген басқа мемлекеттердегі сияқты Жапониядағы менеджмент оның мәдениеті мен қоғамдық психологиясын, тарихи ерекшеліктерін көрсетеді. Ол елдің қоғамдық экономикалық тәртібімен тығыз байланысты. Басқарудың жапондық тәсілі европалық және американдық тәсілден түбірімен ерекшеленеді. Бұл жапондықтар тиімдірек басқарады деген сөз емес. Жапондық және европалық менеджменттің басты принциптері әр түрлі жазықтықта жатыр деп айтуға болады және олардың аз болса да қиылысу нүктелері бар.

Жапондық менеджмент моделінің дамуы мен Жапониядағы басқару жүйесінің жетілуінің араларына теңдік белгісін қоюға болмайды. Ереже бойынша, басқарушылық ойдың даму тарихы тәжірибедегі басқару жүйесінің жетілу үрдісінен оқ бойы алда келеді. Сондықтан, Жапониядағы басқару жүйесінің позитивті жүйесін оқып біле отырып, әлемнің кез келген мемлекеттеріндегі қоғамдық өндірісті басқаруды жетілдірудің жолдарын іздестіруге мүмкіндіктер алуға болады. Нарықтық қатынастар жағдайында бір мемлекеттің басқару іліміне жету әлемдік басқарушылық ойдың ажырамас құраушы бөлігі болып табылатындығын атап өткен жөн. Сондықтан, жапондық менеджмент моделін барлық әлемдік шаруашылықтың басқару жүйесінің буыны ретінде қарастыру қажет. Егер жапондықтардың сүйікті салыстыру тілімен сөйлейтін болсақ, онда бүкіл әлемнің экономикасы – бұл қозғалысында ең басты рөлді дөңгелектері емес, рулі емес, дизайны емес, жүргізушісі ойнайтын жақсы автокөлік болып табылады. Егер жүргізуші жол жүру ережесін, өзінің автокөлігінің ќўрылєылары мен басқа да қыр- сырларын білмесе, онда не болатынын айтпаса да өздеріңіз жақсы білесіздер.

Персоналдармен жұмыс істеудегі жапондық тәжірибе көптеген елдердің экономикасының дағдарыстан шығуын қамтамасыз етуге және жылдамдатуға қабілетті керемет идеялардың қалыптасуына мүмкіндіктер береді, жұмысшылар мен басшыларға өзінің экономикасын дамудың дұрыс траекториясына бағыттауға үйренуіне мүмкіндіктер береді. Жапондық менеджментті түсіну қазақстандық шаруашылықты жүргізушілерге, экономистерге, бизнесмендерге өз елінің экономикасының проблемаларын тереңірек шешуге көмектесетіні сөзсіз, өндірісті жетілдіруге мүмкіндіктер береді.

«Жапонша» жұмыс атқаратын кәсіпорындар АҚШ, Ұлыбританияда, Малайзияда, Тайландта және басқа да көптеген елдерде құрылды. Мысалдардың бірі – 1992 жылы банкроттыққа ұшырау алдында тұрған «Порше» неміс концерні. «Тойотаның» бұрынғы қызметкерлерінен тұратын жапондық консалтингтік фирманың көмегі керемет нәтижелер берді: автокөліктер шығарылымы артты, персоналдар саны 19% азайды, алып жатқан территориясы - 30%, кірістер түсе бастады, өнімнің ассортименті пайда болды.

Жапондық менеджментті қолдану – тар мамандандырудан бас тарту, жұмысшылардың әмбебапты түрде дамуы және осы дамумен байланысты тұрақты жұмысбастылық, фирма ішіндегі кадрлардың ротациясы, жұмыс процестерінде білім алу және т.б. – кез келген фирмалар үшін қажет.