- •Дизельдің бүріккіштерін сынау
- •1.1 Қысқаша теориялық мәліметтер
- •1.3 Бүріккішті сынау
- •1.4 Бақылау сұрақтары.
- •Бөлшектердің ультрадыбыстық дефектоскопиясы
- •2.1 Теориялық бөлім
- •2.2 Аспаптың құрылымы
- •2.3 Аспаптың жұмысы
- •2.4 Аспапты жұмысқа дайындау
- •2.5 Жұмысты орындау реті.
- •2.6 Бақылау сұрақтары
- •3.1 Тапсырма
- •3.2 Қысқаша теориялық мәлімет
- •3.4 Жұмысты жүргізу әдісі
- •3.5 Бақылау сұрақтары
- •Агрегаттарды жинақтау тәсілдері
- •4.1 Біліктердің өстестігін тексеру
- •4.1.1 Жұмысты орындау тәртібі:
- •4.2 Сынатартпалы және шынжырлы берілістерді дұрыстау. Олардың тартылуын тексеру және реттеу.
- •4.2.1 Жұмысты орындау тәртібі
- •4.2.2 Бақылау сұрақтары
- •Мұнайгаз жабдықтарын тазалау жуу тәртібі
- •5.1 Жұмысты орындау реті
- •5.2 Үш камералы жуу машинасы
- •5.3 Жуу машинасының жұмыс істеу схемасы
- •5.4 Блок тазалайтын машинаның артықшылықтары
- •5.5 Бақылау сұрақтары
- •Жабдықтарды майлау, майлау материалдары, олардың сипаттамасы.
- •6.1 Жұмысты орындау реті
- •6.2.Кесте-Пайдалану кестесі
- •6.2 Бақылау сұрақтары
- •Сыналы белбеулі берілістер
- •7.1 Сыналы белбеулі берілістер жайлы жалпы мәлімет
- •7.2 Сыналы белбеулі беріліс
- •7.3 Сыналы белбеулі берілістерге арналған шкивтер
- •7.4 Белбеуді тартуға бақылау
- •7.5 Сыналы белбеулі берілісті пайдалану және монтаждау
- •7.10 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Шынжырлы берілістер
- •8.1 Шынжырлы берілістер туралы негізгі мәліметтер
- •8.2 Шынжырдың құрылысы
- •8.3 Шынжырлы берілістерді пайдалану
- •8.4 Шынжырлы берілістерді майлау
- •8.5 Шынжырлы берілістерді керу.
- •8.6 Жабдықтар және аспап
- •8.7 Жұмысты орындау реті
- •8.8 Өзін - өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5.2 Үш камералы жуу машинасы
Құрылысы: қаңқа, шашыратқыш құбырлар жүйесі, жетегі бар Сыналы белбеулі беріліс тасымалдағыш, бак, суқыздырғыш, сорғы. Машина қаңқасы пісірілген және тығыздағыш арқылы болттармен бекітілетін үш камера және олардың алдында орналасқан тағы бір камерадан құрастырылған. Әр камералардың арасында екі қабатты металл қабырғалары болады. Қабырғалар арасында жылу изоляциясы жасалады. Камералардың төменгі бөлігі суды төгу мақсатында қиғаш жасалады. Камералар арасы камерааралық кеңістікпен, резинадан жасалған пердемен бөлектеледі.
Әр камерада шашыратқыш құбырлар жүйесі орнатылған. Шашыратқыштардың орналасуы (64 дана) жылжымалы тасымалдағыш таспаның үстіне орналастырылған бөлшекті жан-жақтан ерітіндімен тазалауға ыңғайлы. Шашыратқыштардың диаметрі 4 мм-ге тең, ал шашыратқыштан шығатын сұйықтың шашырау қысымы 5 кг/с тең.
Бірінші камерада бөлшек ыстық сумен жуылады, екінші камерада бөлшек сілтілі ерітіндімен жуылады, ал үшінші камерада таза ыстық сумен шайылады. Шайғыш камералардың машинаны желдету жүйесіне қосатын сорғыш шатырлары болады. Жууға арналған ыстық суды тұндыру үшін және майды сүзгілеу үшін арнайы бак болады.
Өнімділігі 45 м3 /сағ болатын ЗК-6 маркалы сорғы ыстық судың арынын жоғарылату үшін қолданылады. Қуаты 14 кВт-қа тең болатын электржетегі арқылы жұмыс істейді. Су вертикаль орналасатын су қыздырғышта 95-100˚С-қа дейін қыздырылады. Су қыздырғыштың көлденең қимасы 25м2-қа тең болады.
Екінші бак сілтілі ерітінді үшін арналған, осыдан сорғы (ЗК-6) арыны екінші камераға бағытталады. Бұл сорғы электржетек арқылы жұмыс істейді. Сілтілі қоспаны қыздыратын қыздырғыш болады. Сыйымдылығы 1литрге тең болатын бак, бөлшектерді шаюға арналған үшінші камераға келіп түсетін су үшін арналған.
Бактағы сұйық 2К маркалы сорғы (өнімділігі 10 м3 /сағ) мен электроқозғалтқыштан тұратын сорғылық қондырғы арқылы шашырайды. Ерітіндінің температурасы мен қысымын анықтап отыратын арнайы бақылайтын аспаптар болады.
5.1-кесте-Сілтілі ерітінділердің құрамы
Ерітіндінің құрамы |
Аллюминий балқымасы бар бөлшектер үшін |
Қара металл балқымасы бар бөлшектер үшін |
||||||
Ерітінді номері |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
2 |
3 |
||
Каустикалық сода |
0,1-0,2 |
0,1-0,2 |
- |
- |
0,75 |
0,2 |
- |
|
Кальцийлі сода |
- |
0,4 |
1,0 |
0,4 |
5,5 |
- |
10,0 |
|
Тринатрийфосфат |
- |
- |
- |
- |
1,0 |
5,0 |
- |
|
Натрий нитраты |
0,15-0,25 |
- |
- |
- |
- |
- |
- |
|
Сұйық әйнек |
- |
- |
- |
0,15 |
- |
3,0 |
- |
|
5.1-кесте (жалғасы) |
||||||||
Кір сабын |
- |
- |
- |
- |
0,15 |
- |
- |
|
Хромпик |
- |
- |
0,05 |
- |
- |
- |
0,1 |
|
Сыналы белбеулі беріліс тасымалдағыш беріліс пен редуктор арқылы, қуаты 1,7 кВт-қа тең болатын электроқозғалтқыш (п=930айн/мин) көмегімен өз қызметін атқарады. Сыналы белбеулі беріліс тасымалдағыштың жылдамдығы 0,345м/мин тең.
