Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТМ метод.doc. (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

4.2.1 Жұмысты орындау тәртібі

1) жетекшімен көрсетілген агрегат білігінің параллельдігін тексеру және қажет болса оларды реттеу;

2) шкив жылғаларының осьтестігін тексеру және қажет болса реттеу;

3) көп жылғалы шкивке тартпалар таңдап алу;

4) жоғарыда келтірілген әдіспен сынатартпалы және шынжырлы берілістердің тартпалары мен шынжырларының тартылымын тексеру және реттеу.

4.2.2 Бақылау сұрақтары

1) Агрегат білігінің өстестігі қалай тексеріледі?

2) Сыналы-белбеулі берілістің майысу көлемін анықтайтын формуланы жазыңыз?

3) Шынжырлы берілістің жұмыс істеу жағдайы?

4) Белбеулің сырғанау себептерін тізбектеп түсіндіріңдер.

5) Сыналы-белбеулі берілістің қандай артықшылықтары бар?

5-ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Мұнайгаз жабдықтарын тазалау жуу тәртібі

Жұмыстың мақсаты: Бұрғылау жұмыстары басқармасы (БЖБ) және мұнайгаз өндіру басқармасы (МГӨБ) прокаттық жөндеу цехтарында күрделі жөндеу кезінде бұрғылау және мұнай өндірістік жабдықтардың бөлшектері мен бөлімдерін тазалау әдістерімен танысу.

5.1 Жұмысты орындау реті

1. Бұрғылау және мұнайөндірістік жабдықтардың бөлшектері мен бөлімдерін тазалау әдістерінің түрлерімен жалпы танысу.

2. Ластану классификациясына сәйкес (табл. Ш) бұрғылау және мұнайөндірістік жабдықтарды тазалау әдістерін таңдау.

3. Бұрғылау және мұнай өндірістік жабдықтардың бөлшектері мен бөлімдерін тазалап жуу үшін жабдықтардың техникалық құжаттарын оқып зерделеу.

Жуу және тазалау жұмыстары.

Бөлшектеу және ақаулар алдында бөлшектерді, агрегаттарды (жинау бірліктерін) жуу қажет. Бұл операция үшін көлбеу еденмен, жылжыту құрылымдарымен, кұбырлар жүйесімен, сүзгілермен, тұндырғыштармен жабдықталған арнаулы алаңша қарастырылған. Жұмыс көлемі мен жабдық түріне байланысты жуу сораппен берілетін жуғыш сүйық ағынымен қолдан, арнаулы жуу камераларында жэне батырылып жуылатын арнаулы ванналарда жүргізіледі. Ірі агрегаттарды жөндеу кезінде ағын екпінімен жуған тиімді. Бұл үшін күрделі құрылымдар орналастырудың қажеті жоқ, су кұбыры немесе жоғары екпінді жуушы қондырғылар жеткілікті.

Заттардың түрі аз болған жағдайда арнайы жөндеу мекемелерінде жуу камераларын пайдаланады. Жөнделетін жабдықтар саны көп болса, көп камералы жуу қондырғыларын пайдаланады. Камералар арасында тасу транспортерлермен немесе конвейерлермен іске асырылады. Әртүрлі сұйықтар мен еріткіштер пайдаланылады. Кішкене габаритті бөлшектерді жуудың ең қарапайым түрі арнаулы ванналарға батыру.

Жуғыш сұйық ретінде суық және ыстық (70-90°С) су, суық жэне ыстық (70-90°С) СГС негіздер ерітінділері және еріткішттер (бензин, керосин, ацетон) пайдаланылады. Коррозиядан сақтау үшін негіздер ерітінділеріне 0,2-0,5% хромпик немесе натрий нитраты қосылады. Алюминий және баббит беттерді негіздер ерітіндісімен жууға болмайды. Лактар мен сырларды кетіру үшін арнаулы құрам (жуғыштар) пайдаланылады.

Коррозиядан тазалау үшін арнаулы пастылар, сондай-ақ 1% мырыш қосылған 25%-тік тұз кышқылын немесе 15%-тік күкірт қышқылын қолданады.

Бұл операциялардан кейін негіздердің жэне қышқылдардың әрекетін бейтараптандыру үшін ыстық сумен жуып, сығылған ауамен кептіру керек. Жууды жеңілдету жэне шапшаңдату үшін әуелі сығылған бу пайдаланады.

ІЖҚ бөлшектерін күйіктен механикалық немесе физикалық-химиялық әдістермен тазалайды.

Жуу тартқыш желдеткішпен жабдықталған арнайы бөлмелерде жүргізіледі.

Ж өндеудің жоғары сапасы мен бөлшекті жоғары дәрежеде тазалау үшін бөлшектің бетін майдан тазалау керек.

Майлағыш заттарды көпіршіктенетін және көпіршіктенбейтін деп бөлеміз.

Көпіршіктенетін майларға органикалық майларды жатқызамыз. Органикалық май сілтілі ерітіндімен әсерлескенде суда оңай еритін көпіршіктер түзіледі.

Көпіршіктенбейтіндерге минералды майларды жатқызамыз: картер майы, вазелин, трансформатор майы, т.б. Майлардың бұл түрі керосин мен бензинде ериді.

Бөлшек бетін майдан тазарту үшін сілтілі ерітіндіге эмульгаторларды (сабын, желім, т.б.) қосады.

Бөлшекті керосин және бензинмен тазалағанда бөлшек коррозияға ұшырауы мүмкін, себебі бөлшек бетінде коррозия түзетін минералды тұздың қалдықтары қалады. Сонымен қатар бензин және керосин экономикалық жағынан тиімсіз және өрт кезінде өте қауіпті. Жөндеумен айналысатын өндірісте бензинді тек нақты бөлшектерді (шарикті және роликті подшипниктер т.б.) тазалағанда ғана қолданады.

Бөлшектің бетінен май қабатын эмульгаторы бар сілтілі ерітіндімен тазалау процесі келесі тәсілмен жүзеге асырылады. Сілтілі ерітінді жоғары температурада (t=75-85˚С) болғанда, майлы қабат тез қыздырылады. Беттік керілу есебінен май қабаты толқынды түрге келеді, бұл толқын уақыт өткен соң тамшыларға айналады. Май тамшылары эмульгаторлармен қоршалады. Эмульгаторлардың бөлшекпен ілінісу қасиеті төмен болғандықтан бұл тамшыларды бөлшек бетінен ерітіндімен немесе сумен тазалау оңай болады.

Тринатрийфосфат қосылған ерітінді шойын мен болаттан жасалған бөлшектердің бетінен майды кетіру процесін тездететі. Бөлшекті коррозиядан қорғау үшін ерітіндіге хромпик пен натрий нитратын қосады. Майдан тазартылған бөлшектерді ыстық сумен жуған жөн (t=75-85˚С).

Сілтілі қоспамен бөлшек бетін майдан тазалаған кезде біркамералы, екікамералы, үшкамералы жуу машиналарын қолданады. Бір камералы және екі камералы машиналарда бөлшектер сілтілі қоспамен тазартылып, ыстық сумен шайылады. Үш камералы машинаның үшінші камерасында бөлшектер кептіріледі.