
- •Дизельдің бүріккіштерін сынау
- •1.1 Қысқаша теориялық мәліметтер
- •1.3 Бүріккішті сынау
- •1.4 Бақылау сұрақтары.
- •Бөлшектердің ультрадыбыстық дефектоскопиясы
- •2.1 Теориялық бөлім
- •2.2 Аспаптың құрылымы
- •2.3 Аспаптың жұмысы
- •2.4 Аспапты жұмысқа дайындау
- •2.5 Жұмысты орындау реті.
- •2.6 Бақылау сұрақтары
- •3.1 Тапсырма
- •3.2 Қысқаша теориялық мәлімет
- •3.4 Жұмысты жүргізу әдісі
- •3.5 Бақылау сұрақтары
- •Агрегаттарды жинақтау тәсілдері
- •4.1 Біліктердің өстестігін тексеру
- •4.1.1 Жұмысты орындау тәртібі:
- •4.2 Сынатартпалы және шынжырлы берілістерді дұрыстау. Олардың тартылуын тексеру және реттеу.
- •4.2.1 Жұмысты орындау тәртібі
- •4.2.2 Бақылау сұрақтары
- •Мұнайгаз жабдықтарын тазалау жуу тәртібі
- •5.1 Жұмысты орындау реті
- •5.2 Үш камералы жуу машинасы
- •5.3 Жуу машинасының жұмыс істеу схемасы
- •5.4 Блок тазалайтын машинаның артықшылықтары
- •5.5 Бақылау сұрақтары
- •Жабдықтарды майлау, майлау материалдары, олардың сипаттамасы.
- •6.1 Жұмысты орындау реті
- •6.2.Кесте-Пайдалану кестесі
- •6.2 Бақылау сұрақтары
- •Сыналы белбеулі берілістер
- •7.1 Сыналы белбеулі берілістер жайлы жалпы мәлімет
- •7.2 Сыналы белбеулі беріліс
- •7.3 Сыналы белбеулі берілістерге арналған шкивтер
- •7.4 Белбеуді тартуға бақылау
- •7.5 Сыналы белбеулі берілісті пайдалану және монтаждау
- •7.10 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Шынжырлы берілістер
- •8.1 Шынжырлы берілістер туралы негізгі мәліметтер
- •8.2 Шынжырдың құрылысы
- •8.3 Шынжырлы берілістерді пайдалану
- •8.4 Шынжырлы берілістерді майлау
- •8.5 Шынжырлы берілістерді керу.
- •8.6 Жабдықтар және аспап
- •8.7 Жұмысты орындау реті
- •8.8 Өзін - өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3.4 Жұмысты жүргізу әдісі
3.4.1. Жабдықтың жерге косылуын тексеру.
3.4.2. Жетекші тартпадан қолмен ұстап сағат бағытымен айналдырып сақиналы-қарсы үлгінің жан-жағына бұлғақтап соғуын тексеру. Оның жан-жағына бұлғақтауы 0,1 мм-ден аспауы керек.
3.4.3. Сыналатын үлгіні (сырықты) ұстағышқа 3 (3.2-сурет) бекіту.
3.4.4. " Сырық-сакина" үлгілер сыналантын сұйыққа батып тұратындай етіп, сырық пен сақина біріне-бірі түйіскенше иінтірекгі біртіндеп төмен түсіру.
3.4.5. Жүктер жиынтығын аспаға іліп үлгілерді біріне-бірін қажетті Р күшінен жаншып қою.
Машинаға қойылатын күш белгіленген 168Н-нан аспауы керек. Резананстық режимдерде және бұлғақтауы 0.1 мм артық сақинамен жұмыс істеуге тыйым салынады.
3.4.6. Үйкеліс күші мен қажалуды өлшейтін индикаторлардың нөлде тұрғанын тексеру. Қажетті күшті түсіріп қойғаннан кейін ИЧ-10 индикаторынын көрсеткіштері шкаланы айналдырып нөлге қойылады.
3.4.7. "Вкл" қосқышымен машинаны іске косу. Сынақ уақыты 10 с (секундомермен өлшенеді). Әрбір күшсалмақта сынақ 4 рет жүргізіледі
3.4.8. Сынақ қағазын толтыру.
Күні ________________
3.1-кесте-Сынақ кағазы
Аты
|
Q, Н |
q |
үйкеліс күші |
|
, мм |
с |
а, мм/с |
||||
|
|
|
f1 |
f2 |
f3 |
f4 |
fорт |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3.5 Бақылау сұрақтары
1. Бөлшектің тозуына әсер ететін факторларды айтып шығыңыз?
2. Тозуды өлшеудің қандай әдістерін білесіздер?
3. Тозудың түрлерін айтып шығыңыз?
4. Үйкелісетін түйіндерді абразивтік тозудан корғайтын қандай кұрылымдық шараларды білесіздер?
5. Төмендегі көрсетілген жағдайларда пайдаланылатын майларға койылатын негізгі талаптарды айтып шығыңыз:
а) поршенді компрессор;
ә) газ турбинасы;
б) іштен жану қозғалтқышы.
4- ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Агрегаттарды жинақтау тәсілдері
Жұмыстың мақсаты: студенттерді біліктердің өстестігін тексеру әдістерімен таныстыру; сынатартпалы және шынжырлы берілістерді дұрыстау; қолданылып жүрген тартпалар мен шынжырларды тексеру және реттеу, оларды қолданудың іс жүзіндегі әдістеріне үйрету.
4.1 Біліктердің өстестігін тексеру
Агрегаттарды жинақтау кезінде көптеген жинақтау талаптарын орындайды, ең бірінші кезекте агрегаттарды центрлеу талаптары, өйткені біліктердің өстес еместігінің әртүрлі жағдайлары болулары мүмкін. Жинақтау жұмыстары кезінде кездесетін біліктер өстес еместіктерінің типтік түрлеріне өстердің ығысуы (4.1а-сурет) және өстердің ығысуы мен сынуының бір мезгілде болуы (4.1б-сурет) жатады. Центірлеу кезінде білігі дұрысталған агрегат бекітіліп қойылған болуы керек. Дұрысталған агрегаттың (механизмнің) білігін центрлеуді дұрысталатын агрегат корпусының астына төсемдер қоюмен немесе оны горизонталь жазықтық бойында ығыстырумен жүргізеді. Пайдалану кезінде төсемдердің отыруы есебінен «центрленбеу» болмас үшін төсемдердің саны 3-тен көп болмауы керек. Жинақтау кезінде біліктердің осьтестігін әдетте жақшалы құралдардың көмегімен технологиялық төлкемен, шлицелі төлкемен және технологиялық суырмалы жарты біліктермен тексереді.
а- өстердің ығысуы; б- өстердің ығысуы мен сынуының бір мезгілде болуы
-
4.1-сурет. Агрегаттар өстестігінің бұзылуы
Жақшалы құралдардың (4.2-сурет) біліктер әртүрлі құрылымды жалғағыштармен барлық жағдайларда қолданады. Бұл кезде жақшаны білікке бекітеді.
2-3
мм шамасында және одан да көбірек өлшегіш
болттың көмегімен алдын ала саңылаулар
(
және
қойылады. Осьтестігін тексеру үшін екі
білікті де толық бір айналдырады. Әрбір
90º айналдырғаннан кейін (
және
саңылауларының шамасын айналмалы
диаграммада жазып отырады. Егер өзара
перпендикуляр жазықтықтардағы радиалдық
және де осьтік саңылаулардың шамалары
бірдей болса, яғни
;
болса, егер толық айналымнан кейін «а»
нүктесіндегі саңылау бастапқымен бірдей
(айырмашылығы 0,05 мм артық емес) болса,
өлшеуді дұрыс деп санайды.
және
саңылауларының айырмашылықтары
біліктердің сәйкесінше вертикаль және
горизонталь жазықтарда ығысуын, ал
және
саңылауларының айырмашылықтары – сол
жазықтарда осьтің сынуын көрсетеді.
а) құралдардың сұлбасы; б) домалақ диаграмма
4.2-сурет. Агрегаттар өстестігін жақшалармен тексеру
1,2- жақшалар.
Білікте жету қиын жағдайларда біліктердің осьтестігін технологиялық төлкемен (2) (4.3-сурет) тексереді. Центрленетін біліктерде (1) және (3) төлке (2) жылжып тұратындай етіп отырғызылады. Төлке жалғастырушы буын болған жағдайларда шлицелі төлкені пайдаланады. Біліктер осьтес жағдайда ғана шлицелі төлкені пайдаланады. Технологиялық суырмалы жарты біліктер басты кардан біліктерді сырғанау немесе тербелу мойынтіректеріне жинақтау кезінде қолданылады. Кардан бастары біліктердің осьтері салыстырма үлкен сынық бойында жатқан кезде горизонтальда, вертикальда жазықтықтарда момент жеткізуге мүмкіндік береді. Осьтестікке шақтама 1-кестеге сәйкес қабылданады.
1,3 -центрленетін біліктер; 2-технологиялық төлке
4.3-сурет. Технологиялық төлке көмегімен біліктерді центрлеу
4.1- кесте-Біліктер өстестігінің шақтамасы
Жалғастырғыштың типі |
шақтамасы мм |
|
параллельдікке |
қиғаштыққа, сынуға (жалғастырғыш маңдайы бойынша өлшеу) |
|
қатаң серпімді |
0,02-0,08 0,06 |
0,02-0,09 0,04-0,05 |
4.2-кесте-Электроқозғалтқыш пен сорғы біліктері өстерінің қиғаштығы мен ығысуының шақтамасы
Біліктің айналу жиілігі, об /мин |
Диметрі 500 мм жарты жалғағыштың қиғаштығы мен ығысуының шақтамасы, мм |
||
қатаң |
серпімді |
тісті |
|
3000 және одан жоғары 3000-ға дейін 1500-ге дейін 750-ге дейін 500-ге дейін |
0.02 0.04 0.06 0.08 0.10 |
0.04 0.06 0.08 0.10 0.15 |
0.04 0.10 0.12 0.15 0.20 |
Жұмыс істеу кезінде ығысуды толығынан болдырмау үшін өстестігін дұрыстағаннан кейін агрегаттарды рамаға бекітеді.