
- •Дизельдің бүріккіштерін сынау
- •1.1 Қысқаша теориялық мәліметтер
- •1.3 Бүріккішті сынау
- •1.4 Бақылау сұрақтары.
- •Бөлшектердің ультрадыбыстық дефектоскопиясы
- •2.1 Теориялық бөлім
- •2.2 Аспаптың құрылымы
- •2.3 Аспаптың жұмысы
- •2.4 Аспапты жұмысқа дайындау
- •2.5 Жұмысты орындау реті.
- •2.6 Бақылау сұрақтары
- •3.1 Тапсырма
- •3.2 Қысқаша теориялық мәлімет
- •3.4 Жұмысты жүргізу әдісі
- •3.5 Бақылау сұрақтары
- •Агрегаттарды жинақтау тәсілдері
- •4.1 Біліктердің өстестігін тексеру
- •4.1.1 Жұмысты орындау тәртібі:
- •4.2 Сынатартпалы және шынжырлы берілістерді дұрыстау. Олардың тартылуын тексеру және реттеу.
- •4.2.1 Жұмысты орындау тәртібі
- •4.2.2 Бақылау сұрақтары
- •Мұнайгаз жабдықтарын тазалау жуу тәртібі
- •5.1 Жұмысты орындау реті
- •5.2 Үш камералы жуу машинасы
- •5.3 Жуу машинасының жұмыс істеу схемасы
- •5.4 Блок тазалайтын машинаның артықшылықтары
- •5.5 Бақылау сұрақтары
- •Жабдықтарды майлау, майлау материалдары, олардың сипаттамасы.
- •6.1 Жұмысты орындау реті
- •6.2.Кесте-Пайдалану кестесі
- •6.2 Бақылау сұрақтары
- •Сыналы белбеулі берілістер
- •7.1 Сыналы белбеулі берілістер жайлы жалпы мәлімет
- •7.2 Сыналы белбеулі беріліс
- •7.3 Сыналы белбеулі берілістерге арналған шкивтер
- •7.4 Белбеуді тартуға бақылау
- •7.5 Сыналы белбеулі берілісті пайдалану және монтаждау
- •7.10 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Шынжырлы берілістер
- •8.1 Шынжырлы берілістер туралы негізгі мәліметтер
- •8.2 Шынжырдың құрылысы
- •8.3 Шынжырлы берілістерді пайдалану
- •8.4 Шынжырлы берілістерді майлау
- •8.5 Шынжырлы берілістерді керу.
- •8.6 Жабдықтар және аспап
- •8.7 Жұмысты орындау реті
- •8.8 Өзін - өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
2.4 Аспапты жұмысқа дайындау
Жұмыстың жасалу тәртібі:
1) Аспаптың, іздегіш бастардың, қоректендіру жалғаушыларының сыртқы түрлерін тексеру және әртүрлі ақауларды жөнге келтіру;
2) Аспапты жерге қосу (аспаптың артқы тақтасында орналасқан қысқышты тексерілетін металл кұрылыммен жерге қосу, жалғаушыларының көмегімен қосу);
3) Іздегіш басты кабельді дефектоскоптың алдыңғы тақтасыңда орналасқан жоғарғы жиілікті ағытпасымен қосу, 1.8МГц-2.5МГц тумблерін таңдалған бастың жиілігіне сай келетін қалыпқа қою;
4) Аспапты" алдыңғы тактасында орналасқан "ВРЧ", "Чувствительность", 'Глубина контроля" тұтқаларын сол жақ шеткі қалыптарына қою;
5) "Сеть выкл" тумблерін "Выкл" қалпына кою;
6) Телефон ашасын "телефон" ұясына сұғу;
7) Қоректендіру кабельдерінің бірін (36 және 220В желіден қоректендіру блогынан немесе аккумулятор блогынан) аспаптың артқы жағындағы панельде орналасқан ағытпаға жалғау:
а) 36 немесе 220В айналмалы ток желісінен қоректендіру кезіңде қоректендіру блогында келесі сәйкестік қалыптарды қою керек: "Контроль" (0-ЗА,О-ЗОВ) тумблерін "0-ЗОВ" қалпына қою, желілік кабельді қоректендіру блогының артқы жағында орналасқан "Сетъ" ағытпасына жалғау, дефектоскопты қоректендіру кабелін "Выход 12В" ағытпасына жалғау, "Сеть-выкл" тумблерін "Сеть" қалпына кою, сол кезде коректендіру блогында шам жанады. Содан кейін "Сетъ-выкл" тумблерін қосуға болады, "Рег.12В" реттегішімен бұрауыштың көмегімен дефектоскоп жұмыс істеп тұрған кезде, қоректендіру блогының шығымында кернеуді 12В ету керек. Вольтметр шкаласының бір бөлімі -1В;
ә) Аккумулятор блогынан қоректендіру кезінде аккумулятор блогындағы "12В-выкл" тумблерін қосу керек және дефектосконты" "Сеть-выкл" тумблерінде "РегуляторІ2В" көмегімен кернеуді қою керек.
8) Аспапты өшіру үшін қоректендіру блогындағы және дефектоскоптағы "Сеть-выкл" тумблерлерін "Выкл" қалпына қою керек.
2.5 Жұмысты орындау реті.
1) "Контроль" тумблерін "от поверхности" қалпына қою;
2) "Координаты дефекта" шкаласында терендік өлшегіштің таңбасын: тексерілетін аумақтың калыңдығына сай қалыпқа қою керек;
3) "Глубина контроля" тұткасымен терендік өлшегіштің таңбасын жайма сызықтың оң жақ шеткі қалпына кою;
4) "Чувствит." және "ВРЧ" тұтқаларымен аспап сезімталдығын тұткалар қалпын өзгертпей-ақ ең аз және ең үлкен тереңдікте жатқаны жасанды ақауларды тандалған 1 эталонда тандаған іздегіш бастар үшін анықтауға болатындай етіп кою керек;
5) Аспаптың оң жағында орналасқан "АСД" тұтқасымен АСД сезімталдығын ЭСТ экранындағы ақаудан келетін импульстін қажетті шамасында наушникте дыбыс естілетіндей етіп қою керек;
6) Бұйымды УДТ кіретін жағынан кірден, шаңнан, отқабыршақтан, т.б. Тазартып, жабыстыру майы (тұтқырлығы аз машина майы, глицерин, т.б.) қабатьшен жабу керек;
7) Көлбеу іздегіш бастармен жұмыс істеу кезінде ақау жатқан тереңдік Н (УДТ нүктесінен вертикалъ бойынша кашықтық), £ (горизонталь бойынша қашықтық) УДК түсу бұрышына сәйкестік үшін тереңдік өлшегіш шкаласында есептеледі. Көп қайтара шағылысқан сәулелермен жұмыс істеу кезінде ақау жаткан терендік мына формуламен анықталады:
Н=
Нтер
- n
,
n - жұп
сан болғанда ,
(2.1)
Н=( 1+ n) - Нтер, n - тақ сан болғанда, (2.2)
мұнда Нгер - тереңдік өлшегіштің көрсетуі, мм;
-
материал калыңдығы, мм;
n - шағылысу саны.
Координаттарын өлшеген кезде тереңдік өлшегіш белгісінің алдыңғы шебін ЭСТ экрандағы ақаулар импульсінің алдыңғы шебімен беттестіру керек;
8) "По слоям" режимінде жұмыс істегенде ақаулар координатын, ақаудан келетін импульстің алдыңғы шебін жайманың басымен беттестіру жолымен аныктайды. Көрсетулер тереңдік өлшегіш шкаласынан есептеледі;
9) Тік іздегіш бастармен жұмыс істегенде металл бетінің тазалығы 5-тен кем болмауы керек;
10) УДТ жылдамдығы болаттағы УДТ жылдамдығынан өзгеше болатын металдардан жасалған бұйымдарды тексерген кезде, аспаппен УДТ ақауға дейін және кері қайтқан уақытын "МКС" шкаласынан анықтауға болады;
11) Іздегіш бастар қойылған жерлерді және олардың бөлшек бетіндегі қозғалысын көрсетіп, бөлшектің эскизін сызу. Бөлшек кабырғасының қалыңдығын анықтау;
12) Бөлшектің жарамдылығы жөніңде қорытынды жасау.