Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТМ метод.doc. (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

2.2 Аспаптың құрылымы

Құрылымы бойынша аспап үш жеке блоктардан тұрады: дефектоскоп, электр желісінен қоректендіру блогы; аккумуляторлардан қоректендіру блогы.

Дефектоскоптың негізгі түйіндері болып табылатыңдар:

- Трансформатор және өзгертуші триодтар, сондай-ақ түзеткіштер және +250В, 2,4В, -750В, -15В кернеу көздері сүзгілері орналасқан өзгертушінің шассиі;

- жайма генераторы, бейнекүшейткіш және тереңдік өлшегіш орналасатын жайма тілімшесі;

- УДТ, УЖЖ генераторы және АДС каскады орналасатын күшейткіш тілімшесі;

- ЭСД қоректендіру тізбектері орналасатын бөлгіштер тілімшесі;

- реттеуші потенциометрлер: "Фокус", "X", "У", "Отсечка", "Начало" орналасатын бұрыш;

- ЭСТ бекітілетін және терендік өлшегіш құрылым, "Сеть выкл." және "Контроль" (беттер қабаттары бойынша) қоскыштары, "телефон" ұясы, жоғары жиілікті ағытпа, "ВРЧ", "Чувствительность", "Глубина контроля" потенциометрлері орналасқан алдыңғы тақта;

- қоректендіру ағытпасымен бірге артқы қабырға;

- аспап қабы;

- іздегіш бастар;

а) ДУК-13 ИМ аспабымен пісіру тігісі сапасын, жақтары параллель емес металл бүйымдарды тексеруге арналған көлбеу іздегіш бастар;

ә) ДУК-13 ИМ аспабымен бұйымдардың қалыңдығын өлшеуге арналған тік іздегіш бастар.

2.3 Аспаптың жұмысы

2.2-суретте келтірілгендей 1000 Гц жақын қайталау жиілігімен жұмыс істейтін радиоимпульстер генераторы (1) индуктивтік орауышынан және барий титанатынан тұратын іздегіш бас (7) контурында УДТ- ны қоздырады. УДТ-ті тексерілетін бұйымға кіргізеді, ол акаудан шағылысып, жаңадан элекр сигналдарын туғыза отырып, барий титанатына әсер етеді. Қабылданған сигналдар жоғарғы жиілік күшейткішімен (2), бейнекүшейткішімен (3) күшейтіледі және ЭСТ, АСТ пластиналарына беріледі. Сонымен қатар теріс импульс: радиоимпульс генераторынан (1) саралағыш тізбек арқылы терендік өлшегішті (5) іске қосқышқа және кешігу желісі (6) арқылы жайма және жарықтандырғыш импульстер генераторы (4) кірісіне беріледі. Бұл генератор шығымынан ЭСТ-ға берілетін кескін жаймасын және жарықтандыру импульсін қамтамасыз ететін, ұзындығы жайма кернеуінің тура жүрісінің ұзындығына тең сызықтық-өзгеруші кернеу алынады.

1-радиоимпульстер генераторы; 2-жоғарғы жиілік күшейткіші; 3-бейнекүшейткіш; 4-жайма және жарықтандырушы импульстер генераторы; 5-тереңдік өлшегіш; 6- кешігу желісі; 7-іздегіш бас; 8-В және АСД ЭСТ пластиналары; 9-түрлендіргіш

2.2-сурет. Ультрадыбыстық импульстік дефектоскоптың жұмыс сұлбасы

Аспаптың В1 ажыратып-қосқышының қалпъшен анықталатын екі жұмыс режимі бар. Ажыратып-қоскьшттың 1-қалпы " Контроль от повершости" біркелкілендіруші импульс кешіктіру желісі (6) аркылы жайма генераторын іске қосады, 2-қалпында "Контроль по слоям" жайма генерторы тереңдік өлшегіш (5) камтамасыз ететін кемігумен іске қосылады. Ақаудын жатқан терендігін өлшеу тереңдік өлшегіш (5) берген және бейнекүшейткіш күшейткен импульстің көмегімен іске асырылады.

Ақаудан қайтқан импульстер мен жарықтандыру импульстері беттескен кезде беттестіру каскады (бейнекүшейткіштің 1-каскады) шығымында бейнекүшейткіштін екінші каскадына және АСД -ға берілетін сигнал пайца болады. АСД шығымынан сигнал телефонға беріледі.

Түрлендіргіш (9) транзистордың коллекторлық және базалық тізбектерін қоректендіруге, сондай-ақ ЭСТ пен радиолампаларды қоректендіруге арналған.