Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТМ метод.doc. (2).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

1.3 Бүріккішті сынау

Стендіде бүріккішті сынау:

1) Стендіде бүріккішті сынамастан бұрын бакқа сүзілген дизель

отынын құю керек;

2) Стенд жуйелерінің герметикалығын тексеру керек. Ол үшін түтіктің шетін тығынмен жауып, сораптың көмегімен жүйеде 30,0 МПа (манометр көрсетуімен) қысым жасау керек. Егер қысымның 30.0 МПа - дан 25 МПа- ға дейін түсуіне 5 мин артық уақыт кетсе, онда жүйе герметикалығы жеткілікті деп есептеледі;

3) Тығынды бұрап алып, орнына бүріккішті орналастырып, бұранда бекіткішін мықтап тарту керек;

4) Жүйеден ауаны шығару үшін, бүріккіштің реттеуші бұрандасын бұрап серіппені босатып, сорап көмегімен бүріккіш аркылы отын айдау керек. Отынды жүйеде ауа белгілері жоғалғанша (отында ауа түйіршіктері қалмағанша) айдау керек;

5) V2-(415/15) типті козғалтқыш бүріккіштері үшін айдау жүйесіндегі қысым 25.0МШ жеткенше тостақан серігшесін жайлап тарту керек. Жүйедегі қысымның 23 МПа-дан 18МПа-ға дейін азаю уакыты бүріккіш тығыздыгы (герметикалылығы) болып табылады. Бүріккішті тығыздыққа сынау кезінде шашыраткыш ұшында немесе сопло ұшында отын тамшысының пайда болуына (ағуына) жол берілмеуі керек;

6) Әрі қарай жөңдеу қағидаларына сай белгіленген қысымға серіппе тостақанымен бүріккіш инесі серішіесінін қысылуын реттеуді жүргізеді. Егер бірнеше рет жылдам отын беру кезінде ине реттелген қысымда көтерілсе, онда реттеуші стаканды қарсы бұранда-бекіткішпен бекіту керек. Егер ине реттелген үлкен немесе кіші қысымдарда көтерілсе, онда реттеуді кайта жүргізу керек. Бүріккшті сынау кезінде тозаңдату сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Ол төмендегі талаптарды қанағаттандыру керек:

отын шашыратудың басы мен аяғы анық және жылдам болуы керек, шашыратылған отын тұман тәрізді болып, отын ағынынын көлденең қимасында біркелкі таралуы керек. барлық тесіктерден шыққан ағындардың ұзындыктары мен формалары бірдей болуы керек, ағында отын тұтастығы болмауы керек.

Негізгі отын шашу алдындағы "алдың ала шашу аяқталғаннан" кейін шашыратқыштан отын ағуын болдырмау керек. Стенд сорабының иінтірегін жаймен босатканда бүріккіш бөлшек-бөлшек шашыратулар жасауы керек. Сынақ біткеннен кейін шашыратқыш жарамдылығы жөнінде тұжырым жасалуы керек.

1.4 Бақылау сұрақтары.

1) Бүріккішті бөлшектеп, бөлшектерін атаңыз жөне жинақтауды орындаңыз;

2) Сіз бүріккіштің қандай түрлерін білесіз?

3) Шашырату сапасы қозғалтқыштың индикаторлық көрсеткіштеріне қалай әсер етеді?

4) Соплолық тесіктердің көкістенуінің себептерін атаңыз;

5) Бүріккішке тән ақауларды атаңыз.

2 - ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

Бөлшектердің ультрадыбыстық дефектоскопиясы

Жұмыстың мақсаты: ультрадыбыстық дефектоскопия аппаратурасымен таныстыру, сондай-ақ бөлшектердегі тереңде орналасқан кемшіндер мен жарықтарды іздеу және олардың пайда болуын түсіндіру.

2.1 Теориялық бөлім

Ультрадыбыстық дефектоскопия металдарда тереңде орналаскан, яғни бөлшектердің бетіне шықпайтын ақауларды іздеу кезінде қолданылады. Әдетте металл бөлшектердің ішкі ақауларына мыналар жатады: талшықтар, жарықтар, шөгілген қаяулар, кеуектілік, қождық қосылымдар және пісіру тігісіндегі шикіліктер.

(а) және шағылысқан жаңғырық (б) әдістері

2.1-сурет. Акустикалық көлеңке

Ультрадыбыстық дефектоскопия әдісі жиіліктері 20000 Гц жоғары ультрадыбыстық тербелістердің кез келген қатты немесе сұйық денелердің қабаттарынан өтіп және екі ортаның (ауа-металл, басқа косылымдар-металл, сұйық-газ, т.б) шекарасынан шағылысу қасиеттеріне негізделген.

Бірінші жағдайда (2.1.а-сурет) тексерілетін бұйым, біреуі ультрадыбысты тербелістерді жіберетін, ал екіншісі - қабылдайтын екі іздегіштердің арасында орналасады. Егер бөлшекте ақау болса, онда УДТ-ның бір бөлігі одан шағылысады және іздегішке жетпейді. Соның себебінен ақаудан кейін "акустикалық көлеңке" пайда болады.

Екінші жағдайда, яғни шағылысқан жаңғырық тәсілінде (2.1.б-сурет) екі іздегіштер де бөлшектін кез келген бір жағында орналасады, іздегіш-қабылдағьш акаудан шағылысқан УДТ-ны қабылдайды.

Акустикалық көлеңке әдісінің салыстырмалы сезімділігі төмен, сондықтан импульсте ультрадыбыстық дефектоскоптарды пайдаланатын шағылысқан жаңғырық әдісі көп таралған.

Ультрадыбыстық дефектоскопияның айтарлықтай жетістігі жеке бөлшектердің, сондай-ақ жинақтаулы түйіндер мен құрылымдардағы бөлшектердің олардың жасалған материалдарына тәуелсіз тереңдегі акауларын анықтау мүмкіншілігі болып табылады.

Бұл әдістің кемішлігіне әрбір бұйымның түрін, ал кейде оның әрбір учаскесін тексеруге арналған "өз" іздегіштері қажеттігін айтуға болады. Сондай-ақ бұйымның тексерілетін бөлігін алдын ала мұқият өңдеу керек. Бұдан басқа ультрадыбыстық тексеру тек қана дефектоскопты реттеуді ғана емес, аппаратураның жұмыс істеу ерекшеліктерін және ақауларды түсіндіру дағдысын талап етеді.