Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТМ метод.doc. (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

8.5 Шынжырлы берілістерді керу.

Асырып тарту шынжырдың жұлдызшаға жылжуын нашарлатады, топсаларда салыстырмалы қысымды және жұлдызшаның тісшелеріне жүктемені жоғарылатады, кезектен тыс тозуға алып келеді. Жеткізбей, яғни аз тарату сол тарамның айтарлықтай салбырауына оны тартудан тәуелді. Сондықтан тәжірибеде тек шынжырдың салбырауын бақылайды.

Шынжырды алдын – ала тартуды шынжырдың салбырау тілінен орнатады: көлденең және көлбеу берілістер үшін L = 0,02 A, тігінен және соған жақын берілістер үшін L = (0,005 + 0,015) A мұндағы А - орталарының ара қашықтығы. Салбырау тілінің шамасы екі жұлдызшаның тәждерін байланыстыратын жанамадан салбыраған шынжырдың төменгі нүктесіне дейінгі ең көп қашықтықпен анықталады.

Шынжырдың қажетті салбырауы үшін жұлдызшалардың Ао орталарының арасындағы қашықтығын келесі формулалармен анықтау қажет:

Ац= мунда

мұнда А-жаңа шынжырдың салбырауы болмағандағы орталарының қашықтығы,

Z1,Z2 – үлкен және кіші жұлдызшалардың тісшелерінің саны.

t - шынжыр қадамы.

Пайдалану уақытында топсалы байланыстардың тозуы нәтижесінде шынжыр ұзарады және салбырау тілі үлкейеді. Салбырау тілінің 0,03 А дейін жоғарылауы кезінде тарту құрылғысының көмегімен реттеу жүргізу қажет. Шынжырдың айтарлықтай созылуы кезінде арнайы құрал көмегімен екі үзбе шешіледі. Бұл жағдайда жұлдызшалардың орталарының арасындағы қашықықтың азаюы мына формуламен анықталады:

(8.2)

Шынжырлы берілістерді пайдалануда қауіпсіздік талаптары.

Шынжырлы берілістердің бұзылмауы көп жағдайда қауіпсіздік техникасының ережелері ұстанудан тәуелді. Шынжырлы берілістерді пайдаланғанда келесі ережелерді сақтау керек:

1. Шынжырлы берілістерде 3,5 – нан кем емес - құратушы жүктеме бойынша қысқаша беріктік сұранысы болуы керек.

2. Қарау кезінде шынжырдың бүлінген элементтері ауыстырылады. Шынжырдың аралық тілігін сыртқы тілімнің орнына орнатуға тыйым салынады. Шплинттері кіші біліктердің саңылауларына мықталып орнатылған болуы тиіс.

3. Салбырау тілінің ортадағы қашықтықтан 3% - тен асып үлкеюі кезінде шынжырды қолдануға тыйым салынады.

3. Майлау жүйесінде бұзылулар кезінде шынжырды пайдалануға тыйым салынады.

4. Шынжырлы берілістерді пайдалануға қаптамалар мен шектерді орнатып, бекіткеннен кейін жіберіледі. Қаптамалардың қақпақтары алынып тұрғанда шынжырлы берілісті қосу тыйым салынады.

7. Шынжырды тиеу және түсіру көтергіш құралдар көмегімен жүзеге асырылады. Шынжырды тиеу және түсіру үшін орау тиым салынады.

8.6 Жабдықтар және аспап

1. Шынжырлы берілістің макеті.

2. Шынжырдың және оның үзбелерінің үлгілірі.

3. Метрлі металл сызғыш.

4. Штангенциркуль.

5. Ветошь.

8.7 Жұмысты орындау реті

1. Шынжырлы берілістер туралы және оларды пайдалану туралы жалпы шарттармен танысу.

2. Шынжыр үлгілерімен және олардың құрылымдарымен танысу шынжыр телімін ажырату және жинау.

3. Шынжырда біліктердің параллельдігінің ауытқуы, жұлдызшалардың

4. Бос қалыпта шынжырдың салбырау тілін есептеп, макетте реттеу.

5. Есептеу және өлшеу нәтижелерін кестеге енгізу:

Шынжырдың салбырау тілі

Біліктердің ауытқуы

Жұлдызшалардың торцты ауытқуы

Есептік

Нақты