Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТМ метод.doc. (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

8.3 Шынжырлы берілістерді пайдалану

Шынжырлы берілістерді пайдалану кезінде шынжырлардың, жұлдызшалардың және майлау жүйесінің күйін мұқият қадағалап отыру қажет. Шынжырлы берілістің жұмысы кезіндегі шу сипатына көңіл аудару қажет – шу тегіс, соққыларсыз болуы қажет. Тозу шамасына қарай берілістің жұмысының жатықтығы бұзылады, жұлдызшалардың тісіне топсалардың соққылары, шу және жоғарылаған тозу пайда болады. Қосу кезінде шынжырлардың кенет жұлқынуының және шынжырлардың қаптамаға ұрынуының пайда болуы, шынжырдың созылып кетуін білдіреді және салбырауы үлкен болады, бұны жөндеу қажет.

Шынжырлы берілістің білігі параллель орналасуы қажет, ол жұлдызшалардың тістері – қарама-қарсы. Біліктердің параллель еместігі біліктің 100 мм ұзындығына 1 мм аспауы қажет. Жұлдызшалардың осьтік жылжуы 1 м ось аралық қашықтыққа 2 мм-ден жоғары емес рұқсат етіледі және егер ось аралық қашықтық 1 м жоғары болса, әрбір 100 мм-ге 0,2 мм-ге немесе одан көп емес жоғарылайды.

Шынжырлардың ауыстырылғанға дейінгі орташа жұмыс уақыты (шынжырдың шектік жағдайға дейінгі күнтізбелік ұзақтығы) 3 жылға тең деп алынады. Белгіленген жұмыс мерзімінде шынжырдың жұмыс атқаруы (толық қор), орташа статистикалық мәліметтерден алынған, 3000 сағатты құрайды.

8.4 Шынжырлы берілістерді майлау

Дайындаушы зауыттан шығатын шынжырлар, оларды пайдалануда топсаларға сұйық майларды кептіретін саңылауларды бекітіп жабатын қою майлаумен қорғауға жиі ұшырайды. Сондықтан, шынжырды қондырмастан бұрын қорғаныс майларын алып тастау қажет, шынжырды қыздырылған солярлы майда металл щетка көмегімен жуу. Кейбір зауыттар шынжырларды сұйық ингибирленген маймен қорғайды. Бұл жағдайларда кәсіпте шынжырлардың қорғанысын алып тастаудың қажеті жоқ.

Майлау шынжырлы берілістердің тозуға беріктілікке және төзімділігіне оң әсерін тигізеді, жұлдызшалардың тісшелеріне доңғалақтардың соққыларын жұмсартады және топсалы біріктірмелерде үйкелістен пайда болатын жылжуды жояды.

Сұйықтық үйкелісі қамтамасыз етілетін майлау жүйесі ең жақсысы болып табылады.

Майлау тәсілін шынжырдың жылдамдығына тәуелді 2- кесте таңдау ұсынылады.

8.2-кесте-Ұсынылатын майлау тәсілдері

Майлау тәсілі

ең үлкен сызықтық жылдамдық, немесе қадамы төмендегідей шынжырлар үшін

25,40

31,75

38,10

44,45

50,80

57,15

63,50

Қолмен

Тамшылай

Майлы

ванна

Айналмалы

0,86

0,86-3,30

3,30-

7,62

7,62

0,76

0,76-2,64

2,64-

6,60

6,60

0,66

0,66-

2,18

2,18-

6,10

6,10

0,58

0,58-

1,88

1,88-

5,59

5,59

0,51

0,51-1,68

1,68-

5,08

5,08

0,48

0,48-

1,52

1,52-

4,83

4,83

0,43

0,43-

1,32

1,32-

4,57

4,57

Қолмен істелетін тәсілде майда шынжырға шоқтың немесе май шелектің көмегімен жұмыстың әрбір 8-10 сағаты сайын қояды.

Тамшылай майлау май шелек тамшы көмегімен жүзеге асырылады. Майды ішкі және сыртқы саңылаулары арасына тамызады. Майлы ваннада шынжырды майға батырғанда, ең төменгі нүктеде батырылу тереңдігі шынжырдың тілімінің биіктігінен аспауы тиіс. Айналмалы майлау шынжырдың жүргізуші жұлдызшамен түйісу шықпасында белгілі бір тарамға майөткізгіш арқылы майда беретін сорғы көмегімен жүзеге асырылады.

Айналмалы майлау үшін , МЕСТ 20799 – 75 сәйкес майдың келесі маркаларын қолдану қажет:

И-20А, И-30А қоршаған орта температурасы +5оС төмен +5оС-тан + 300 дейін немесе жоғары болады.

Шынжырлы берілістің майын 6 ай пайдаланудан кейін ауыстырады. Кезектен тыс ауыстыру қоршаған орта температурасының өзгеруінен болады, майдың тұтқырлығын жоғарылату немесе төмендету қажет болған жағдайда қолданылады.

Айналмалы майланған шынжырлы берілістерде май өткізбейтін қоршау болуы қажет. Қаптамалардың қақпақтары тез алынатындай дайындалады және шынжырларды қарау және жөндеу үшін терезелері болады. Қарайтын терезелері жұлдызша үстінде, ал жөндеу үшін терезелер қақпақтың орта бөлігінде орналасады.

Периодты майланып отыратын ротордың шынжырлы берілісін қоспағанда, БҚ шынжырлы берілістерде май сақтау үшін арналған май өткізбейтін қаптамасы болады. Берілістерді майлау жүйесіне сорғы, май сүзгісі, құбыр жүргізулері және шынжырға май беріп отыратын таратушылар кіреді. Сорғы әдетте БҚ агрегаттарының біліктерінің біреуінен кіші қадам тізбегімен қозғалысқа келтіріледі, бірақ жеке электр қозғалтқышы да орнатылуы мүмкін. Шынжырға берілетін май көлемі шынжырдың қатарының санына, айналу жилігіне және кшкентай жұлдызшаның тісшелерінің санына тәуелді.

Пайдалану үрдісінде ауысымына 2 рет май айналымын және оның шынжырлы бәсеңдеткіштегі деңгейін тексеріп отыру қажет және қажетті деңгейде майды қосып отыру қажет. Майлау жүйесінде бұзылулар кезінде шынжырды пайдалану рұқсат етілмейді.