
- •Дизельдің бүріккіштерін сынау
- •1.1 Қысқаша теориялық мәліметтер
- •1.3 Бүріккішті сынау
- •1.4 Бақылау сұрақтары.
- •Бөлшектердің ультрадыбыстық дефектоскопиясы
- •2.1 Теориялық бөлім
- •2.2 Аспаптың құрылымы
- •2.3 Аспаптың жұмысы
- •2.4 Аспапты жұмысқа дайындау
- •2.5 Жұмысты орындау реті.
- •2.6 Бақылау сұрақтары
- •3.1 Тапсырма
- •3.2 Қысқаша теориялық мәлімет
- •3.4 Жұмысты жүргізу әдісі
- •3.5 Бақылау сұрақтары
- •Агрегаттарды жинақтау тәсілдері
- •4.1 Біліктердің өстестігін тексеру
- •4.1.1 Жұмысты орындау тәртібі:
- •4.2 Сынатартпалы және шынжырлы берілістерді дұрыстау. Олардың тартылуын тексеру және реттеу.
- •4.2.1 Жұмысты орындау тәртібі
- •4.2.2 Бақылау сұрақтары
- •Мұнайгаз жабдықтарын тазалау жуу тәртібі
- •5.1 Жұмысты орындау реті
- •5.2 Үш камералы жуу машинасы
- •5.3 Жуу машинасының жұмыс істеу схемасы
- •5.4 Блок тазалайтын машинаның артықшылықтары
- •5.5 Бақылау сұрақтары
- •Жабдықтарды майлау, майлау материалдары, олардың сипаттамасы.
- •6.1 Жұмысты орындау реті
- •6.2.Кесте-Пайдалану кестесі
- •6.2 Бақылау сұрақтары
- •Сыналы белбеулі берілістер
- •7.1 Сыналы белбеулі берілістер жайлы жалпы мәлімет
- •7.2 Сыналы белбеулі беріліс
- •7.3 Сыналы белбеулі берілістерге арналған шкивтер
- •7.4 Белбеуді тартуға бақылау
- •7.5 Сыналы белбеулі берілісті пайдалану және монтаждау
- •7.10 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Шынжырлы берілістер
- •8.1 Шынжырлы берілістер туралы негізгі мәліметтер
- •8.2 Шынжырдың құрылысы
- •8.3 Шынжырлы берілістерді пайдалану
- •8.4 Шынжырлы берілістерді майлау
- •8.5 Шынжырлы берілістерді керу.
- •8.6 Жабдықтар және аспап
- •8.7 Жұмысты орындау реті
- •8.8 Өзін - өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
7.10 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
7.1. Неліктен шкив тармақтарының тереңдігі белбеу биіктігінен артық?
7.2. Неліктен белбеудiң сынасының бұрышы шкивтiң бұрышынан кем?
7.3. Бұрғылау қондырғыларында қандай белбеу түрлері қолданылады?
7.4. Белбеулі берілістің ұзақмерзімділігі қандай факторларға байланысты?
7.5. Шкив тоғынының қалыңдығы неге байланысты?
7.6. Жинақтау кезінде қандай пайыздардағы ұзындық бойымен белбеулердiң ауытқуы жіберіледі?
№ 8 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Шынжырлы берілістер
Жұмыстың мақсаты: Шынжырдың, шынжырлы берілістердің құрылымын және оларды пайдалану шарттарын зерттеу.
8.1 Шынжырлы берілістер туралы негізгі мәліметтер
Шынжырлы беріліс – параллель біліктер арасында, олар шексіз шынжыр асырылып, бекітілген екі жұлдызша көмегімен айналу моментін беретін механизм. Техникада шынжырлы берілістің келесі топтары кең қолданыс тапты: жүктік (көтергіш-транспортты механимзмдерде жүкті көтеру және ілу үшін),0,5 м/c жоғары емес жылдамдықта, ауырлық (жүкетерді элеваторда тасу үшін) 2-4 м/c жылдамдыққа дейін, жетектегі қозғалтқыштық (айналдырушы моментті беру үшін) тұрақты беріліс қатынасымен жылдамдықтардың ауқымы кең болғанда. Көп қолданылатыны – жетектегі қолғалтқыштық шынжырлар.
Шынжырлы берілістің артықшылықтары: едәуір ось аралық қашықтықтарда қолданылу мүмкіндігі (8 м-ге дейін), сыналы белбеу берілістермен салыстырғанда өлшемдерінің аздығы, пайдалы әсер коэффициентінің жоғары болуы (0,95-0,89), үлкен қуатты беру мүмкіндігі, айналымды бір шынжырмен бірнеше біліктерге берілуі.
Кемшіліктері: жу, топсалардың тозуынан шынжырдың ұзаруы, қосымша динамикалық жүктемелер, сыналы белбеу берілістермен салыстырғанда мұқият құрастыру қажет.
Отандық және шетелдік бұрғылау қондырғыларының БҚ жетек қозғалтқышының қосынды және аралық редуторларында көпқатарлы жетек қозғалтқышы төлкешік – доңғалақты шынжырлар қолданылады. Шынжырлы берілістер барлық біліктердің бір бағытта айналуын қамтамасыз етеді, бұл БҚ кинематикасын жеңілдетеді. Көп жағдайда жоғары жүргізуші таралымдарымен жабық көлденең берілістер қолданылады.
Беріктігі және дәлдігі жоғары жетек қозғалтқышының доңғалақты шынжырлары қалыпты және ауыр типті болып дайындалады. Шартты белгіленуінің үлгісі: берікітігі және дәлдігі жоғары, екі қатарлы типі қалыпты, қадамы 50,8 мм,ұзындығы 108 қадам:
Шынжыр 2ҚҚ -50,8-108 МЕСТ 21834-87
Дәл осы шынжыр ауыр типті:
Шынжыр 2АҚ-50,8
8.2 Шынжырдың құрылысы
Шынжыр – тізбектей жалғанған үзбелерден тұратын иілгіш металл құрылымды білдіреді. Құрылымдық белгілері бойынша қозғалтқыштық шынжырлар (8.1-сурет) төлкешік-доңғалақтарға жатады және ішкі үзбелерден тұрады. Біріктіруші үзбе кішкене білікке (6) клинтпен (5) сығымдалған екі тіліммен (5) жиналады. Ішкі үзбе ішіне төлке (4) ұстатылған екі тіліммен (2) тұрады. Төлке-тілім біріктірмесінде тартылыстардың төменгі шегі 0,075-0,080 мм, жоғарғысы 0,14-0,15 мм құрайды. Төлкеде доңғалақтар (3) бар, олар жұлдызшамен ілінісе берген кезде төлкеге қатысты бұралады. Осының себебінен үйкеліс азаяды және жұлдызша тістерінің және доңғалақтардың түйіспелерінің беттерінің тозуы төмендейді. Сыртқы (5)және ішкі (2) тілімдер сегіздікке ұқсас болып келеді. Үлкен жүктемелер мен жылдамдықтардан БҚ–да орта тілімдер (5) аралық тілімдерге (1) ауыстырылған көп қатарлы шынжырлар кең қолданылады. Үзбелер саны тақ болса, шынжыр өтпелі тілімдерден (8), кішкене біліктен, доңғалақтардан тұратын өтпелі үзбелермен біріктіріледі. Ол шынжырға жіңішке аяғымен және оның қозғалу бағытына қарай қойылады.
1- аралық тілім; 2- ішкі тілім; 3 –доңғалақ; 4 –төлке; 5 –ішкі тілім; 6 – кішкене білік; 7 – шплинт; 8 – өтпелі тілім.
8.1-сурет. Екі қатарлы доңғалақты жетектік қозғалтқышты шынжыр құрылымы
Доңғалақты шынжырлар келесі геометриялық параметрлермен сипатталады: қадам (калибр) t, доңғалақ диаметрі d, ішкі тілімдер арасындағы қашықтық Віш, шынжыр ені В. Шынжыр қадамы екі көршілес доңғалақтардың осьтерінің арақашықтығына тең және ол негізгі параметр болып табылады.
Жетектік қозғалтқышты доңғалақты шынжырларға техникалық шарттар МЕСТ 21834-87 белгіленеді. (1-кестені қараңыз)
БҚ шынжырлы берілістерінде қадамы 25,4-тен 63,5 мм дейінгі (1”-ден 2 ½”) сандар қатары сегізге дейін шынжырлар қолданылады. Қадамы аз шынжырларды қолдану ұсынылмайды, олардың төзімділігі жеткілікті емес және қатарлардың көптігін қажет етеді. Қадамы 38,1 шынжырларды айналу жиіліктері жоғары берілістерде қолдану тиімді емес. Жай жүретін және ауыр жүктелген берілістер үшін қадамы 63,5 дейін және қатарлар саны 4-3 шынжырларды таңдауға болады.
8.1-кесте-Жетектік қозғалтқышты шынжырлардың өлшемдері
Шынжырдың белгіленуі |
Шынжыр ені В, жоғары емес |
Қиратушы жүктеме, кН, кем емес |
1 м шынжырдың массасы, кг |
||||||
ҚК |
АҚ |
ҚК |
АҚ |
ҚК |
АҚ |
ҚК |
АҚ |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
||
1ҚК-25,4 2ҚК-25,4 3ҚК-25,4 4ҚК-25,4 6ҚК-25,4 8ҚК-25,4
1ҚК-31,75 2ҚК-31,75 3ҚК-31,75 4ҚК-31,75 6ҚК-31,75 8ҚК-31,75
1ҚК-38,10 2ҚК-38,10 3ҚК-38,10 4ҚК-38,10 6ҚК-38,10 8ҚК-38,10
|
1АҚ-25,4 2АҚ-25,4 3АҚ-25,4 4АҚ-25,4 6АҚ-25,4 8АҚ-25,4
1АҚ-31,75 2АҚ-31,75 3АҚ-31,75 4АҚ-31,75 6АҚ-31,75 8АҚ-31,75
1АҚ-38,10 2АҚ-38,10 3АҚ-38,10 4АҚ-38,10 6АҚ-38,10 8АҚ-38,10
|
T = 25,4; BBH = 15,88; d = 15,88; h = 24,13; d1 = 7,95 ТипҚК: A = 29,29; b1 = 22; s = 3,2 ТипAҚ: A = 32,59; b1 = 24; s = 4,0 39 42 65 2,8 3,2 68 75 130 5,6 6,4 98 107 195 8,4 9,6 127 140 260 11,2 12,8 185 205 39016,819,2 244 270 520 22,4 25,6 T = 31,75; BBH = 19,05; d = 19,05; h = 30,18; d1 = 9,55 ТипҚК: A = 35,76; b1 = 26,0; s = 4,0 ТипAҚ: A = 39,10; b1 = 28,0; s = 4,8 46 50 100 4,2 4,7 85 892008.49,4 118 127 30012,6 14,1 153 16640016,818,8 225 24560025,228,2 29732280033,637,6 T = 38,10; BBH = 25,40; d = 22,23; h = 36,10; d1 = 11,12 ТипҚК: A = 45,44; b1 = 31,0; s = 4,8 ТипAҚ: A = 48,87; b1 = 32,0; s = 5,6 57611506,26,8 103 110 300 12,4 13,4 14815845018,6 20,1 194 20760024,8 26,8 284 30490037,2 40,2 3754021 200 49,6 53,6
|
8.1-кесте (жалғасы)
1ҚК-44,45 2ҚК-44,45 3ҚК-44,45 4ҚК-44,45 6ҚК-44,45 8ҚК-44,45
1ҚК-50,8 2ҚК-50,80 3ҚК-50,80 4ҚК-50,80 6ҚК-50,80
1ҚК-57,15 2ҚК-57,15 3ҚК-57,15 4ҚК-57,15
1ҚК-63,50 2ҚК-63,50 3ҚК-63,50 4ҚК-63,50 |
1АҚ-44,45 2АҚ-44,45 3АҚ-44,45 4АҚ-44,45 6АҚ-44,45 8АҚ-44,45
1АҚ-50,80 2АҚ-50,80 3АҚ-50,80 4АҚ-50,80 6АҚ-50,80
1АҚ-57,15 2АҚ-57,15 3АҚ-57,15 4АҚ-57,15
1АҚ-63,50 2АҚ-63,50 3АҚ-63,50 4АҚ-63,50
|
T = 44,45; BBH = 25,40; d = 25,40; h = 42,24; d1 = 12,72 ТипҚК: A = 48,87; b1 = 34,0; s = 5,6 ТипAҚ: A = 52,20; b1 = 36,0; s = 6,4 61 64 209 8,1 8,8 110 116 418 16,0 17,4 159168 627 24,0 25,9 208220 836 32,0 34,5 305325 1200 48,0 51,7 403429 1600 64,0 69,0 T = 50,80; BBH = 31,75; d = 25,58; h = 48,26; d1 = 14,29 ТипҚК: A = 58,55; b1 = 39,0; s = 6,4 ТипAҚ: A = 61,90; b1 = 42,0; s = 7,2 707326310,811,5 12813552621,422,8 187 19778932,134,2 246259 1 05242,845,6 363383 1 50064,268,4
T = 57,15; BBH = 35,72; d = 35,70; h = 54,0; d1 = 17,45 ТипҚК: A = 65,84; b1 = 42,0; s = 7,2 ТипAҚ: A = 69,16; b1 = 44,0; s = 8,0 7882340 14,1 16,1 144152680 28,0 32,0 2102221 020 42,0 48,0 276 2891 360 56,0 64,0 T = 63,50; BBH = 38,10; d = 39,67; h = 60,32 ТипҚК: A = 72,50; b1 = 48,0; s = 8,0; d1 = 19,85 ТипAҚ: A = 78,31; b1 = 52,0; s = 9,5; d1 = 22,2 8895430 52017,520,1 160173860 1 04034,840,0 2312511 290 1 560 52,260,0 304330 1 720 2 08069,680,0 |
Шынжырлардың тілімдерін 30ХН3А маркалы болаттан алынатын, дәлдігі жоғары суықтай төселетін илемдемеден дайындайды. Тілімді термоөңдегеннен кейін HRC 33-45 қаттылығын алады. Тотықтан қорғау үшін тілімдер фосфаттауға ұшырайды. Кіші біліктер 12XH3A болаттан немесе 25Н3 болаттан дайындалады, олардың диаметрінен 0,05-0,08 тереңдікке цементтейді және термоөңдеуден кейін олардың бетінің қаттылығы HRC 43-48 болады, жаймалау алдында кіші біліктердің аяқтарын күйдіріп алады. Төлкелерді 12XH3A немесе 12XH2 болатттан дайындайды және қадамы 31,75 пен 38,1 шынжырлар үшін 0,3-0,7 мм тереңдікке, қадамы 44,45 – 63,5 мм шынжырлар үшін 0,4 – 0,8 мм тереңдікке цементтейді. Термоөңдеуден кейінгі қаттылығы HRC 54-61, жұлдызшалардың тісшелерімен түйісуден соққыларға және тозуға ұшырайтын шынжырлардың доңғалақтарын 30Х43А болатттан дайындайды және HRC 42-52 қаттылыққа дейін шыңдайды.
Шынжырлы берілістердің төзімділігі мен беріктігі айтарлықтай деңгейде тістердің пішінін, материалды дұрыс таңдаудан, термоөңдеуден және жұлдызшаларды дайындау дәлдігіне тәуелді. Жұлдызшалар 40X, 40Г2, 50Г2, 35ГС, 40ХНАЭФ маркалы болаттан HRC 42-52 қаттылыққа дейін беттік шыңдалумен дайындалады.