Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
РТМ метод.doc. (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.27 Mб
Скачать

7.5 Сыналы белбеулі берілісті пайдалану және монтаждау

Сыналы белбеулі берілістің жұмыс қабілеттілігі көптеген жағдайларда монтаждау сапасына байланысты. Монтаждау кезінде келесі талаптар сақталынуы қажет:

- сыналы белбеулі беріліс тармақтарының шкивтерінің трансмиссия осьі бір жазықтықта жату қажет және 1 м ұзындыққа 1 мм ауытқулар жіберіледі.

- трансмиссиялық біліктердің күштік агрегаттары мен бұрғылау сорғылар осьтері бір-біріне параллель болуы қажет және 1 м ұзындыққа 1 мм ауытқулар жіберіледі.

- оңтайлы алғашқы керіліс (натяг) алуы қажет.

Көрсетілген шарттардың орындалмау салдарынан белбеу шкив тармақтарынан ауытқып, оның тез тозуына алып келетін керілістер болады, және трансмиссиялық біліктерінің мойынтіректеріне қосымша осьтік күштердің түсуін тудырады.

Белбеу шкивтерге қолмен орнатылады, содан соң керіліс жасалынады. Сыналы белбеулі берілісті реттеп және монтаждап болғаннан кейін қорғаныстық қаптама берiк жабық болуы керек. Жаңа белбеулерді өндірісте өндіру зауыт маркировкасымен жасалынады және МЕСТ бойынша тапсырысынан кішігірім айырмашылықтар болады. Барлық белбеулерде бір немесе екі негізінде де релефьтық немесе жуылмайтын бояумен анық көрсетіледі:

  • тауар белгiсi немесе жасап шығарушы кәсіпорынның атауы;

  • қиманың белгiсi;

  • номиналды есептiк ұзындық;

  • жасалыну күні (жыл);

  • белбеудiң тобының белгiсi;

  • белбеулерді сәйкесінше жасаған стандартын таңбалау;

  • белбеудің класының белгісі;

  • белбеудiң тағайындауы;

  • белбеудiң сорты;

Белбеудің маркировкалаудың мысалы: ЛРТИ С- 2500 2 9I 4 МЕСТ 1284.2 4 кл., Ic. Мұндағы, ЛРТИ – жасаушы кәсiпорынның тауар белгiсi; С-2500 – белбеудің есептік ұзындығы мен қимасы; 2 9I –жасалыну жылы мен тоқсаны; 4 – топ номері; 4 – белбеу класы; Ic – белбеу сорты.

Өндірісте белбеуді тарту кезінде реттеу және бақылау қажет, әсіресе бастапқы 48 сағаттық жұмыста.

Жаңа белбеулерді басында домалатып ұзартып алған абзал. Өндірісте бір сапты екі бірдей диаметрлі шкивтерден тұратын, арнайы стендтегі жүктеме көмегімен белбеулерді бейімдеу жұмыстары жүргізіледі. Жетекші шкив қатты бекітілген, ал жетектегі шкив сәйкесінше берілген белбеу тартылуына байланысты салмақ әсерінен қозғалып отырады. Беріліске пайдалануға қажетті домалатып болғаннан кейін белбеуіміз ұзындығы және саны бойынша жинақталады.

Жинақталған белбеулермен жұмыс барысында бір белбеу істен шықса онда барлық жинақталған белбеулерді шешуге тура келеді. Жинақталған жаңа белбеулерді, ал ескілерін қолданыстағыларымен алмастырады. Ескі белбеулерді арнайы жинақтармен таңдап алады.

Істен шығуының белгiлерiмен және белбеулерi шектi күйi алып жүретiнге дейiн тереңдiгiн жарықшағын жырасымен қабаттай есептеу керек, қабыршақтану өтемі 1/3 ұзындықтан аса болғанда жетекте ұзару мүмкiн болмайды. Белбеулердi кепiлдiк жұмыс нәтижесi 7.6-кестеге сәйкес келуi керек.

Белбеулерге кепiлдiк берiлген сақтау мерзiмі – дайындалып шығарылған күнінен бастап үш жыл. Температурасы 0о 25о дейін сөрелерде немесе жылыту қондырғыларынан 1м қашықтықта орналасып, сақталыну қажет.Олар май, бензин секілді қауіпті заттардың әсеріне ұшырамайды.

7.6-кесте-Кепiлдiк жұмыс нәтижесi, сағ

Белбеудің жұмыс режiмi

Белбеулердің класы

0

1

2

3

4

Өнеркәсiптiкжабдықта:

жеңіл және орташа

450

500

550

600

700

ауыр және өте ауыр

200

250

300

400

500

7.6 Сыналы белбеулі берілістің макеттік сипаттамасы

Сыналы белбеулі берілістерде макет еліктеуішті болады, яғни тірекпен шкив негізге бекітулі болады, ал екіншісі бағыттағышпен жылжымалы болады. Тарту қондырғыларының көмегімен макетте белбеудің тартылуын реттеуге болады. Жүк көмегімен белбеудегі жүк салпыншағының (подвеска) көмегімен белбеудің бұтағының жоғарғы жағына жүктемені жасауға мүмкіншілік алады.

7.7 Жабдықтар және құралдар

4.1 Сыналы белбеулі беріліс макеті.

4.2 Белбеудегі жүктiң салпыншағы үшiн тетiк.

4.3 Металдық метрлік сызғыш.

4.4 Штангенциркуль.

4.5 5 кг салмақты жүк.

7.8 Қауiпсiздiк техникасының сұрақтары

5.1 Белбеуге тетiктiң салпыншағын және жүктi ұқыпты өндiру 5.2 Жүктiң салпыншағының күйiне белбеудiң иiлiсiнiң тiлiн өлшеуді және макет негiзiнен ықыласпен қадағалау.

7.9 Жұмысты орындау ретi

6.1 Жалпы сыналы белбеулі беріліс туралы мағлұматтармен танысу.

6.2 Сыналы белбеулі берілістің макетінің эскизін және белбеудің иілу кезінде кернеуін, жүк салпыншағының тетігін сызу керек.

6.3 Есептеп және жаңа белебудің иілісінің шамасын макетте реттеу.

6.4 Макеттегі есептеу натижесін және белбеуді тарту өлшемдерін кестеге жазу.

Белбеудің типі

Ілулі жүктің салмағы, Н

Белбеудің көлденең қимасының ауданы, мм

Центраралық қашықтық, мм

Белбеудің бүгілуі,мм

есептік

нақты