
- •Дизельдің бүріккіштерін сынау
- •1.1 Қысқаша теориялық мәліметтер
- •1.3 Бүріккішті сынау
- •1.4 Бақылау сұрақтары.
- •Бөлшектердің ультрадыбыстық дефектоскопиясы
- •2.1 Теориялық бөлім
- •2.2 Аспаптың құрылымы
- •2.3 Аспаптың жұмысы
- •2.4 Аспапты жұмысқа дайындау
- •2.5 Жұмысты орындау реті.
- •2.6 Бақылау сұрақтары
- •3.1 Тапсырма
- •3.2 Қысқаша теориялық мәлімет
- •3.4 Жұмысты жүргізу әдісі
- •3.5 Бақылау сұрақтары
- •Агрегаттарды жинақтау тәсілдері
- •4.1 Біліктердің өстестігін тексеру
- •4.1.1 Жұмысты орындау тәртібі:
- •4.2 Сынатартпалы және шынжырлы берілістерді дұрыстау. Олардың тартылуын тексеру және реттеу.
- •4.2.1 Жұмысты орындау тәртібі
- •4.2.2 Бақылау сұрақтары
- •Мұнайгаз жабдықтарын тазалау жуу тәртібі
- •5.1 Жұмысты орындау реті
- •5.2 Үш камералы жуу машинасы
- •5.3 Жуу машинасының жұмыс істеу схемасы
- •5.4 Блок тазалайтын машинаның артықшылықтары
- •5.5 Бақылау сұрақтары
- •Жабдықтарды майлау, майлау материалдары, олардың сипаттамасы.
- •6.1 Жұмысты орындау реті
- •6.2.Кесте-Пайдалану кестесі
- •6.2 Бақылау сұрақтары
- •Сыналы белбеулі берілістер
- •7.1 Сыналы белбеулі берілістер жайлы жалпы мәлімет
- •7.2 Сыналы белбеулі беріліс
- •7.3 Сыналы белбеулі берілістерге арналған шкивтер
- •7.4 Белбеуді тартуға бақылау
- •7.5 Сыналы белбеулі берілісті пайдалану және монтаждау
- •7.10 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Шынжырлы берілістер
- •8.1 Шынжырлы берілістер туралы негізгі мәліметтер
- •8.2 Шынжырдың құрылысы
- •8.3 Шынжырлы берілістерді пайдалану
- •8.4 Шынжырлы берілістерді майлау
- •8.5 Шынжырлы берілістерді керу.
- •8.6 Жабдықтар және аспап
- •8.7 Жұмысты орындау реті
- •8.8 Өзін - өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
6.2 Бақылау сұрақтары
1. Майлау материалдарының көп алуан түрлілігі немен түсіндіріледі?
2. Қандай негізгі көрсеткіш майлау материалдарына қатысты?
3. Синтетикалық майдан мұнай майының айырмашылығы неде?
4. Бұрғылау және мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын майлауды кім жүргізеді?
№ 7 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Сыналы белбеулі берілістер
Жұмыс мақсаты: Сыналы белбеулі берілістерді және оны пайдалану ережелерін зерттеу.
7.1 Сыналы белбеулі берілістер жайлы жалпы мәлімет
Сыналы белбеулі берілістер механикалық берілістер ішіндегі ең ескісі болып келеді, онда жетек иілмелі байланыспен – жетектік таспамен жұмыс жасайды.
Белбеуінің көлденең қимасының пішініне байланысты берілістер болады: жалпақ, сыналы белбеулі беріліс, домалақ және тісті. Кең қолданысқа ие болғаны – сыналы белбеулі беріліс.
Сыналы белбеулі беріліс - айналыс бір шкивтен екінші шкивке иілімді сыналы белбеу мен шкивтер арасында болатын үйкеліс күштері есебінен берілетін механизм.
Берілістің артықшылықтары: қуатты алыс қашықтыққа беру мүмкіндігі, жақсы тарту сипаттамасы, жұмыстың бірқалыпты және шусыз орындалуы, белбеудің серпімді тартылуы есебінен жүктемелердің күрт ауытқуы болмайды, конструкциясының және пайдалануының қарапайымдылығы.
Кемшіліктері: берілістер көлемінің үлкен болуы, белбеулердің алдын-ала тартылу қажеттілігі, бұл жағдай білік пен подшипниктерге түсетін жүктемені арттырады.
Тозған белбеулерді ауыстыру – біліктерді демонтаждауды немесе оның консольды соңдарын жақындатуды қажет етеді, мұны өндірістік жағдайда орындау өте қиын, ПӘК-тің шынжырлы берілістермен салыстырғанда аз болуы, белбеулердің ұзақтұрақтылығының төмендігі.
Сыналы белбеулі берілістер (трансмиссиялар) бұрғылау сораптарының жетектерінде және компрессорларда пайдаланылады. Олар өте үлкен қуаттарды (600 кВт-қа дейін) беру кезінде, параллелді біліктердің орта аралық ара-қашықтығы 4м –ге жететін және айналу жиілігі 1200 айн/мин болатын берілістерде пайдаланылады.
7.2 Сыналы белбеулі беріліс
Жетектік сыналы белбеулер шексіз резинаматалы бұйым. Ол қоршаған орта температурасы минус 300-дан плюс 600 С (қоңыржай және тропикалық климат) немесе минус 600-тан 400 С (салқын және өте салқын климат) кезінде жұмыс жасайтын жетектер, агрегаттар мен механизмдерге арналған. Белбеулер арнайы пресс-пішінде жасалады.
Белбеулер материал негізіндегі химиялық талшықтардан (кордшнур немесе кордткані), резина және орауыш мата негізіндегі бір бұйымға вулкандалынған жүктемелі қабатынан тұрады.
Жүктемелі қабат диаметрі беріктігі жоғары 1,6-1,7 мм синтетикалық талшықтардан (капрон, лавсан, энантан) тұрады және белбеуде көлденең күйінде орналасады. Сыртқы қабаты хлоропреннен жасалған орау матасының тігісімен тығыз, тегіс жасалған қабат.
Хлоропрен – май, мұнай, қыздыру және қолайсыз ауа райының әсеріне тұрақтылығы өте жоғары.
Бүйірлі жұмыстық беттер қатпарсыз және шытынаусыз, шығып тұрған жіптерсіз және мата түйіндерінсіз болуы қажет.
Жасалу барысында белбеудің үлкен қима негізі түзусызықты немесе үлкен негіз – түзусызықты немсе иілімді болуы мүмкін.
Белбеулердің Z, A, B қималарының шығыңқы немесе иілген күйде болуы 1 мм-ден аспауы қажет, ал Д, Е қималы белбеулер үшін 2 мм-ден үлкен болмауы қажет.
Сыналы белбеу қимасы 7.1-суретте келтірілген, ал геометриялық сипаттамалары 7.1- кестеде келтірілген.
7.1-кесте-Жетектік сыналы белбеулердің өлшемдері
Түрі |
Белбеу қимасының белгісі |
Қима өлшемдері, мм |
Қиманың есептік ауданы, мм2 , F2 |
Есептік ұзындығы, LT |
1м белбеу массасы, кг |
||
W2
|
W
|
T
|
|||||
Қалыпты |
Z |
8.5 |
10 |
6 |
47 |
400-3150 |
0.16 |
A |
11 |
13 |
8 |
81 |
560-4500 |
0.10 |
|
B |
14 |
17 |
11 |
138 |
630-6300 |
0.18 |
|
C |
19 |
22 |
14 |
230 |
1800-10000 |
0.30 |
|
Д |
27 |
32 |
19 |
476 |
2240-14000 |
0.60 |
|
E |
32 |
38 |
23.5 |
692 |
4000-18000 |
0.90 |
|
Жіңішке |
УБ |
14 |
17 |
13 |
159 |
1250-8000 |
0.20 |
УВ |
19 |
22 |
18 |
278 |
2000-8000 |
0.37 |
LЕ есептік ұзындығын нейтралды сызық деңгейіне белбеу ұзындығын қабылдайды; WЕ есептік ендігі ретінде нейтралды пеш деңгейінде орналасқан және оптималды жүктеме астында орналасқан белбеудің көлденең қимасының ендігі алынады.
Белбеулерді топтау барысында олардың ұзына бойы ауытқуы ескеріледі. Нақты ұзындықтың ауытқуы бойынша барлық белбеулер келесідей болып бөлінеді: жалпы арнаулы берілістер үшін 12 топқа, жоғары дәлділікті берілістер үшін 24 топқа.
W – белбеудің үлкен негізінің ені, мм; WE- белбеудің есептік ені, мм; T – белбеу биіктігі, мм; α- белбеу клинінің бұрышы, α= 100÷10
7.1-сурет. Сыналы белбеу қимасы
Белбеу ұзындығы бойынша шектік ауытқулар және топталып жатқан белбеулердің ұзындықтарының әртүрлілігі 7.2-кестеде келтірілген.
7.2-кесте-Белбеулер өлшемдері
LE |
Берілістер үшін бір топтағы белбеулер ұзындықтарының ең үлкен айырмашылықтары |
|||
Номиналды ұзындық |
Өндірістік қондырғыларға арналған шектік ауытқу |
Жоғары дәлділік |
Жалпы қолданыстағы |
|
850 дейін |
8÷14 |
2 |
2 |
|
900-1180 |
10÷14 |
2 |
2 |
|
1250-1400 |
12÷16 |
2 |
4 |
|
1500-1900 |
12÷24 |
2 |
4 |
|
1950-3150 |
12÷28 |
4 |
8 |
|
3200-4250 |
14÷36 |
5 |
10 |
|
4350-5000 |
18÷42 |
9 |
12 |
|
5300-6700 |
24÷48 |
6 |
12 |
|
7100-10000 |
32÷64 |
8 |
16 |
|
10600-18000 |
48÷96 |
9 |
16 |
Z –белбеу саны; Б=t(z-1)+2S
7.2-сурет. Клинді шкивтардың канавкаларының өлшемдері
7.3-сурет. Белбеудің тартылуын бақылау сұлбасы
Қию мен қалыптау нәтижесінде алынған А, В, С белбеулерінің көлденең қимасы ұзындығы 3000 мм дейін болса, онда ішкі бет жағы тістермен (ойықтар) өндіріле алады. Тісті пішіні мен шкивтің түйісуі белбеудің бүгілу уақытында жақсы деформациялануына мүмкіндік туғызады, бұл оның жұмыс істеу мерзімін ұзартады. Тістердің өлшемдері 3-кестеде келтірілген.
7.3 -кесте-Тісті белбеулердің тістерінің өлшемдері, мм
Қима белгілері |
Саңылаулардың тереңдігі |
Саңылаудың ені |
Негіздеу радиусы |
Тістің қадамы |
А |
3,0 |
2-4 |
1-2 |
8-14 |
В |
4,0 |
2-4 |
1-2 |
8-16 |
С |
4,5 |
2-5 |
1-2,5 |
8-16 |
Жұмыс нәтижесімен айырмашылығы болатын, дайындау технологиясы мен қолданылатын материалдарына байланысты белбеулерді бес класта шығарады (0-4). МЕСТ 1284.2-89 белбеулердің өндірістегі дайындалуын қарастырады. Яғни, жасалынуы мен ұзартылуын жұмыс нәтижесінде іріктеп тексеру.
Қуатты беру стендтерінде тексеру, барлық қимасының атқарылған жұмыс көлемі Nоц мен белбеу ұзартулары 7.4–кестеде көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес келуі қажет.
7.4-кесте-Белбеулердің жұмыс нәтижесі мен ұзарту
Белбеу класы |
Жіберілетін жұмыс нәтижесі, Nоц млн.жилігі |
Берілген жұмыс нәтижесінде белбеулерді ұзарту, % аса емес |
0 |
0,7 |
2,5 |
1 |
1,5 |
2,5 |
2 |
2,0 |
2,0 |
3 |
2,5 |
1,5 |
4 |
3,0 |
1,5 |
Сағат бойынша белбеулердің жұмыс нәтижесін То мына формула бойынша анықтайды:
(7.1)
мұндағы Nоц - белбеудiң жұмыс нәтижесi, жилігі;
Lp
-
белбеудің есептік ұзындығы, мм;
dp
-жетекшi
шкивтің есептік диаметрі,мм;
–
жетекші шкивтің айналу жилігі, айн/мин.
Тапсырыс кезінде тұтынушы белбеудің шартты белгілерін көрсету қажет. Мысалы : климаты бірқалыпты аудандарда пайдалынылатын, 4 класты, есептік ұзындығы 2500 мм қимасы С болатын белбеу; С-2500 4 МЕСТ 1284.1-89 белбеу оған қоса, аса дәлдік беріліс үшін; С-2500 4 П МЕСТ 1284.1-89 белбеу оған қоса, климаты суық және өте суық аудандар үшін; С-2500 4 П ХЛ МЕСТ 1284.1-89 белбеу.
Есептік ұзындықтың орнына ішкі ұзындықты көрсету негізделген (белбеу ұзындығы кіші негіздеу бойынша), сонымен қатар шартты белгілерге “вн” символын кіргізу қажет. Бұрғылау қондырғыларының жетегінде Д, Е қалыпты қималы, УБ және УВ жіңішке профильді сыналы белбеулі беріліс қолданылады.
Сыналы
белбеулер қалыпты жағдайда мына
,ал
жіңішкелері
қатынаста
болады.
Шкивтің тармақтарындағы жұмыс кезінде Сыналы белбеулі берілістің қимасы деформацияға ұшырайды және үйкелiс күш жүктемесiн эксцентрлi жұмсауы енiн бойлай алып жүретiн, қабатта әрқалай үлестiредi. Жіңішке белбеулерде беріктік енінің кіші болуынан тұрақсыз және жүктемені бір қалыпты үлестіреді, яғни шығынды азайтып белбеудің қорын көбейтеді.
Бірқалыпты қималы сыналы белбеулі беріліс 30 м/c жылдамдықта, ал жіңішке белбеулер 50 м/c жылдамдыққа дейін қолданылады. Жіңішке белбеулер үлкен керілістерді жібереді, сол қима ауданында 2 есе үлкен қуатты бере алады.
Сыналы белбеулі беріліс мұнай және күн сәулесінің сонымен қатар майдың түсіп кетуіне өте сезімтал болады. Осы себептерге және қауіпсіздік шараларының сақталынуына байланысты олар, салқындатқыш желдеткіштері бар қаптамамен ( кожух) жабылуы қажет.