
- •Дизельдің бүріккіштерін сынау
- •1.1 Қысқаша теориялық мәліметтер
- •1.3 Бүріккішті сынау
- •1.4 Бақылау сұрақтары.
- •Бөлшектердің ультрадыбыстық дефектоскопиясы
- •2.1 Теориялық бөлім
- •2.2 Аспаптың құрылымы
- •2.3 Аспаптың жұмысы
- •2.4 Аспапты жұмысқа дайындау
- •2.5 Жұмысты орындау реті.
- •2.6 Бақылау сұрақтары
- •3.1 Тапсырма
- •3.2 Қысқаша теориялық мәлімет
- •3.4 Жұмысты жүргізу әдісі
- •3.5 Бақылау сұрақтары
- •Агрегаттарды жинақтау тәсілдері
- •4.1 Біліктердің өстестігін тексеру
- •4.1.1 Жұмысты орындау тәртібі:
- •4.2 Сынатартпалы және шынжырлы берілістерді дұрыстау. Олардың тартылуын тексеру және реттеу.
- •4.2.1 Жұмысты орындау тәртібі
- •4.2.2 Бақылау сұрақтары
- •Мұнайгаз жабдықтарын тазалау жуу тәртібі
- •5.1 Жұмысты орындау реті
- •5.2 Үш камералы жуу машинасы
- •5.3 Жуу машинасының жұмыс істеу схемасы
- •5.4 Блок тазалайтын машинаның артықшылықтары
- •5.5 Бақылау сұрақтары
- •Жабдықтарды майлау, майлау материалдары, олардың сипаттамасы.
- •6.1 Жұмысты орындау реті
- •6.2.Кесте-Пайдалану кестесі
- •6.2 Бақылау сұрақтары
- •Сыналы белбеулі берілістер
- •7.1 Сыналы белбеулі берілістер жайлы жалпы мәлімет
- •7.2 Сыналы белбеулі беріліс
- •7.3 Сыналы белбеулі берілістерге арналған шкивтер
- •7.4 Белбеуді тартуға бақылау
- •7.5 Сыналы белбеулі берілісті пайдалану және монтаждау
- •7.10 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Шынжырлы берілістер
- •8.1 Шынжырлы берілістер туралы негізгі мәліметтер
- •8.2 Шынжырдың құрылысы
- •8.3 Шынжырлы берілістерді пайдалану
- •8.4 Шынжырлы берілістерді майлау
- •8.5 Шынжырлы берілістерді керу.
- •8.6 Жабдықтар және аспап
- •8.7 Жұмысты орындау реті
- •8.8 Өзін - өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жабдықтарды майлау, майлау материалдары, олардың сипаттамасы.
Жұмыстың мақсаты: Бұрғылау және мұнай өндірістік кәсіпорнында қолданылатын майлау материалдарын оқып білу, майлау процесін іске асырудың тәсілдерімен танысу.
6.1 Жұмысты орындау реті
1. Майлау материалдары туралы жалпы түсініктермен танысу.
2. Мұнайгаз жабдықтарын қолдану кезіндегі майлау шаруашылығын ұйымдастыру шараларымен танысу.
3. Зертханадағы майлардың сырқы қасиеттері арқылы маркаларын анықтай білу.
4. БҚ майлауға жұмсалатын май көлемінің бір айлық шығынын жобалап есептеу.
Майлар мен арнайы сұйықтар.
Жабдықты тиімді пайдалану мен күтудің маңызды шарттарының бірі - оңтайлы ұйымдастырылған майлау шаруашылығы.
Технологиялық жабдықтарды пайдалану кезіндегі майлау материалдарын пайдалану мен сақтауды ұйымдастыруға мыналар кіреді:
- майланатын жабдықтарды есепке алу;
- қажетті майлау материалдарының шамасын анықтау;
- майлау материалдарын дұрыс сақтау жэне өрт қауіпсіздігі ережелерін бүзбау;
- арнайы нұсқаманың талаптарына сэйкес майлау материалдарын кабылдау жэне беру;
- жабдықтарды майлау графигін бүзбау;
- жұмыс орындарын майлау материалдарымен қамтамасыз ету;
- майлау материалдарына зертханалык талдау жүргізу;
- жұмыс істеп шыққан майларды қайта өңдеу (регенерация);
- майлау шаруашылығының жұмысшыларын сайлап алу, жұмыс орындарына бөлу жэне жұмсау.
Жанар-жағар материалдар (ЖЖМ) базадан пайдалану орнына орталықтандырылған тәртіппен жеткізіледі. Базада қабылдап алғанда цистернада пломбаның болуын және ЖЖМ эрбір сортында төлқүжаты болуын талап ету керек, төлкұжатта толық талдау жасалған күнІ жэне оның нэтижелері көрсетілуі керек. Цистернаның пломбасы, майдың төлқүжаты болмаса жэне сапасыз ЖЖМ экелінгенде орталық ғылыми-техникалық зертханаға тексеруге азғандай материал жіберіледі. Бұл ЖЖМ-на толық талдау жасап біткенше пайдалануға қатаң тыйым салынады. Базада құрамы дұрыс емес ЖЖМ кұйып алуға арналып ыдыстар карастырылған.
Қойманың күйі, майлау материалдарын қабылдау, сақтау жэне беру майлау шаруашылығында маңызды буын болып табылады.
Әрбір мекемелерде майлау шаруашылығының ұйымдастыру деңгейіы мына факторлар сипаттайды:
- жабдықтарды баптаған кезде технологиялык тэртіпті бұзбау;
- жабдықтарды майлауға арналған құралдар болуы;
- машиналарды майлаумен дер кезін баптау (бір майдың орнына басқасын қолдануға, сүзгі арқылы өтпеген майды қолдануға жэне т.б. тыйым салынады);
- майлау өнімдерінің шығынын дүрыс есепке алу жэне т.б.
Жұмыс істеп шыққан майларды жинау және оларды қайта өңдеу. Механизм жүмьтс істеген кезде май біртіндеп кірлейді, тотығады, өзінің майлау қасиеттерін жоғалтады, ал оған түскен катты бөлшектер тісті берілістердің, тербеліс мойынтіректерінің үйкелісетін беттерінің тез тозуына эсер етеді, мойынтіректер қызып кете береді, ол механизмді жиі тоқтатып, механизмнің уақытыыан ерте істен шығуына экеліп соғады.
Жағар майлар козғалтқыш ішінде де жүмыс істегеннен кейін белгілі бір уақыттардан соң өзінің физика-химиялық жэне майлау қасиеттерін жоғалтады. Бұған жоғарғы температура, ауадағы оттегі, металдардың, олардың қорытпаларының жэне тозу өнімдерінің эсері зор.
Майлау материалдарының тез жэне күшті тотығуы 70° С жоғары температурада жүреді, жэне алғашқы кезеңдердің өзінде-ақ металдардың тотығуына, кетпейтін смола қосындыларын жасауға әкелетін аз молекулалы суда еритін қышқылдардың картерде, клапандарда, поршень сақиналарында жэне машиналар мен механизмдердің басқа да бөліктерінде жабысып қалатын майда ерімейтін қосылымдардың түзілуіне әкеледі.
Белгілі уақыт жүмыс істеген, алғашқы сапасын жоғалтқан жүмыс істеп шықкан майлар майлау жүйесінен төгіледі. Бұл майларды майлаушылар бригадасы жинайды. Жүмыс істеп шыккан майлар ЖЖМ базасына, сонан соң майларды қайта өңдейтін арнайы мекемеге тапсырылады. Бүл майларды кайта өңдеуге тапсыру жэне өңделген майларды қабылап алу жаңа майларды қабьтлдағандай рэсімделеді. Майларды жинайтын ыдыстар саны майдың сорттарының түрінен кем болмауы керек. Бір ыдысқа зығыр майларының барлык түрлерін; тазаланған жэне негізденген, түтқырлығы бойынша жақын машина майларын; неғіздері бірдей жүмыс істеп шыққанн майларды жинауға рұқсат етіледі.
Майларды кайта өңдеу келес операциялардан түрады:
- майларды ағартатын балшықпен жэне сумен сумайлы эмульсия алу үшін өцдеу;
- ауа 13,3-20 кПа сиретілген буландырғышта (кеште 250-ЗОСГС дейін қыздырылған) су мен отынды майдан айыру, бүл кезде де майдың ағартатын балшықпен косымша жанасуы болады;
- майларды сүзгіден өткізу жэне ВНИИНП-360 (МЕСТ 9899-78) қоспаларымен қайта өңделген майларды араластыру.
Әрбір кәсіпорында жүмыс істеп шыққан майларды жинау жинақтап, өңдеу пунктеріне жөнелту іске асырылуы керек. Жүмыс істеп шыккан майларды жинау жэне қайта өңдеу жақсы жолға қойылса, материал үнемделіп, жаңа майлар шығыны 15-20% кемиді.
Жұмыс істеп шыққан майларды міндетті түрде жинау сәйкес құжаттармен реттелген.
6.1-кесте-Өндірісте қолданылатын майлау материалдары
Майлаушы материалдар |
Маркасы |
МЕСТ нөмірі |
1 |
2 |
3 |
Майлы солидол (еруі орташа жағармай) |
УС-1 (пресс-солидол) УС-2 УС-3 |
1033-79 1033-79 1033-79 |
Синтетикалық солидол |
С (пресс-солидол) С |
4366-76 4366-76 |
Авиациялық май |
МС-14 МС-20 МК-22 |
21743-76 21743-76 21743-76 |
Цилиндрлік май |
11 (цилиндрлік2) 24 (вискозин) |
6411-76 6411-76 |
Индустриальдық май |
12 20 30 45 50 |
20799-75 20799-75 20799-75 20799-75 20799-75 |
Іріктеліп тазаланған индус-триальдық май |
ИСТ-11 ИС-50 |
20799-75 20799-75 |
Турбиналық май |
Т-22 |
9972-74 |
Компрессорлық май |
К-12 К-19 |
1861-73 1861-73 |
Дизельдік май |
Зимнее |
8581-78 |
Трансформаторлық май |
АМГ-10 |
6794-75 |
Автомобиль майы |
АС-8 |
10541-78 |
Индустриальдық жағармай |
ИП-1-3 (қыстық) ИП-І-Л (жаздық) |
23510-79 23510-79 |
Нығыздаушы жағармай |
ЛЗ-31 ЛЗ-162 |
24300-80 24300-80 |
Еруі нашар эмбебап жағармай (майлы консталин) |
УТ-1 УТ-2 |
1957-73 1957-73 |
Графиттік жағармай |
УСсА |
3333-80 |
Консервацииялық жағармай (талшыкты техникалық вазелин) |
ВТВ-1 |
ТУ 38-101-180-76 |
Майлы жағармай |
1-13 |
1033-79 |
6.1-кесте (жалғасы)
|
||
Төменгі температурлық жағармай |
ЦИАНИМ-201 ЦИАНИМ-203 ГОИ-54п |
6267-74 8773-73 3276-74 |
Трансмиссиялық жағармай |
ЦИАНИМ-208 |
16422-79 |
Жоғары температурлық жағармай |
ЦИАНИМ-221 |
9433-80 |
Жоғар ы температуралық автомобиль жағармайы |
ЯНЗ-2 |
9432-60 |
Жағармай |
ПГ-1-3 |
23510-79 |
Жағармай |
Мазут |
10585-75 |
Жабдықтарды майлауға ұсыныстар:
Кәсіпорынға әкелінетін жабдықтарды майлайтын майдың түрлері шығаратын заводтың беретін кұжатында көрсетіледі.
Бас механиктің басқармасымен жэне май шыгаратын заводтармен келісіп химиялық құрамы жақын майларды ауыстырып қолдануға рүқсат етіледі.
Заводта ұсынылмаған майларды қолдану жабдыктың п.э.к. төмендетеді, энергия шығынын көбейтеді, сондай-ақ мерзімінен бұрын істен шығып қалулар болуы мүмкін.
Май сақталатын ыдыстар таза болуы керек.
Оларға су мен шаң түсуін болдырмау керек.
Ашық ыдыстарда және жабдықтар жұмыс істеп тұрған жерде жанар және жағар майларды сақтауға тыйым салынады.
Қыс кезінде майларды ашық жалынмен қыздыруға болмайды. Май кұятын кұралдар ақаусыз күйде болулары керек.
Майлау үшін кондырғымен бірге берілетін жабдықтарды пайдалану керек. Сұйык майлар сүзгі арқылы кұйғышпен құйылады, қою майлар арнайы жабдықтармен беріледі.
Пайдалану уақыты өткен отын, майлар ауыстырылады. Егер жабдық 3 айдан көп жүмыс істемей тұрса, майлар толық ауыстырылады.
Жабдықтардың тетіктерін майлау бойынша ұсыныстар жасаушы заводтар беретін құжатта көрсетіледі.
Механизмнің май құйылатын картерлеріндегі майды дер кезінде ауыстыруға ерекше көңіл аудару керек.
Майлар мен отындар жыл мезгілдеріне сай ауысырылып отырылуы керек.
Шаңды шөлейтті жерлерде жұмыс істейтін жабдықтарды майлау мерзімі 2 есе қысқарады.
Майлар мен консистентті майлардың негізгі маркаларын және және оларды бастапқы көрсеткіштері мен қолдану аймағын пайдалану кестелерінде көрсетілген.