
- •Дизельдің бүріккіштерін сынау
- •1.1 Қысқаша теориялық мәліметтер
- •1.3 Бүріккішті сынау
- •1.4 Бақылау сұрақтары.
- •Бөлшектердің ультрадыбыстық дефектоскопиясы
- •2.1 Теориялық бөлім
- •2.2 Аспаптың құрылымы
- •2.3 Аспаптың жұмысы
- •2.4 Аспапты жұмысқа дайындау
- •2.5 Жұмысты орындау реті.
- •2.6 Бақылау сұрақтары
- •3.1 Тапсырма
- •3.2 Қысқаша теориялық мәлімет
- •3.4 Жұмысты жүргізу әдісі
- •3.5 Бақылау сұрақтары
- •Агрегаттарды жинақтау тәсілдері
- •4.1 Біліктердің өстестігін тексеру
- •4.1.1 Жұмысты орындау тәртібі:
- •4.2 Сынатартпалы және шынжырлы берілістерді дұрыстау. Олардың тартылуын тексеру және реттеу.
- •4.2.1 Жұмысты орындау тәртібі
- •4.2.2 Бақылау сұрақтары
- •Мұнайгаз жабдықтарын тазалау жуу тәртібі
- •5.1 Жұмысты орындау реті
- •5.2 Үш камералы жуу машинасы
- •5.3 Жуу машинасының жұмыс істеу схемасы
- •5.4 Блок тазалайтын машинаның артықшылықтары
- •5.5 Бақылау сұрақтары
- •Жабдықтарды майлау, майлау материалдары, олардың сипаттамасы.
- •6.1 Жұмысты орындау реті
- •6.2.Кесте-Пайдалану кестесі
- •6.2 Бақылау сұрақтары
- •Сыналы белбеулі берілістер
- •7.1 Сыналы белбеулі берілістер жайлы жалпы мәлімет
- •7.2 Сыналы белбеулі беріліс
- •7.3 Сыналы белбеулі берілістерге арналған шкивтер
- •7.4 Белбеуді тартуға бақылау
- •7.5 Сыналы белбеулі берілісті пайдалану және монтаждау
- •7.10 Өзін-өзі тексеру сұрақтары
- •Шынжырлы берілістер
- •8.1 Шынжырлы берілістер туралы негізгі мәліметтер
- •8.2 Шынжырдың құрылысы
- •8.3 Шынжырлы берілістерді пайдалану
- •8.4 Шынжырлы берілістерді майлау
- •8.5 Шынжырлы берілістерді керу.
- •8.6 Жабдықтар және аспап
- •8.7 Жұмысты орындау реті
- •8.8 Өзін - өзі бақылау үшін сұрақтар
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
5.4 Блок тазалайтын машинаның артықшылықтары
Бөлшек машинаға кіргенде де, шыққанда да жұмысты ауырлатпайды. Тазаланатын бөлшек машина камерасына кірген кезде тасымалдағыш қозғалысының жылдамдығымен бірдей кіріп-шығады. Осыған байланысты машина жабық есіктермен жұмыс істейді, ал жай машиналардың камералары ашық болады. Резинадан немесе брезенттен жасалған жапқыштар герметизацияны қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан да машина камерасынан бу мен сұйық цех ішіне де шашырайды.
Тасымалдағыштың звенолары шашыратқышпен жанасады, сондықтан шашыратқыштың төменгі жағы дұрыс жұмыс атқара алмайды. Ал балкалы машинада шашыратқыштар жұмысына ештеме де әсерін тигізбейді, сондықтан шашыратқыштар әлдеқайда дұрыс жұмыс атқарады.
5.2-сурет.Блок жууға арналған машина
Улы және жарылғыш заттармен жұмыс жасаған кездегі техникалық қауіпсіздік. Бұрғылау және мұнайөндірістік жабдықтардың жуған, тазалаған кезде жұмыс атқаратын кісілерге тез жанғыш, жарылғыш, улы заттар және электр тогы аса қауіпті болып саналады. Сондықтан жөндеу базасындағы бұндай жұмыстар жүргізілетін жерлер басқа кеңістіктен бөлектеніп, қоршалады. Бөлінген жерлерге соратын шкафтар орналастырылып, үлкен бөлшектер жуылатын ванналардың үстіне де соратын зонты бар желдеткіштер қондырылады. Бензолдың, бензиннің, керосиннің, спирттің және басқа заттардың қоры арнаулы шкафтарда, бір ауысымға жетер мөлшерде сақталады.
Жуу ертінділерімен жұмыс жасаған шақта қауіпсіздік, өрт шығу ережелерін қатал сақтау керек. Жұмыс басталар алдында жуушы кісі қолдарын арнаулы қол терісін сақтайтын пастамен майлау керек. Ертіндімен жуу кезінде ХИОТ-6 и АБ-1 пасталарымен, мұнаймен жуған кезде ПМ-1 пастасымен қолды майлау керек. Қолды жидітіп күйдіретін ертінділермен жұмыс жасаған шақта қолға міндетті түрде резина қолғап киу керек. Жуу бөлімшесін таза ұстап, дұрыстап желдетіп тұру керек. Әрбір ауысым басталар алдында еденге жаңа опилка төселіп, ауысым соңында тазаланып алып тасталуы керек.
Қышқыл ертінділерді дайындау кезінде өте сақ болу керек. Ыдыстағы қышқылға су құюға болмайды, өйткені тез реакция жүріп ерітіндіні адамның үстіне, бетіне лақтыруы мүмкін. Ал ыдыстағы суға қышқылды былғап, араластырып тұрып құюға болады.
Жуу бөлімінде ортақ айдап-соратын желдеткіш болуға тиіс. Светильниктер және басқа электр жабдықтар жарылыс болдырмас үшін ұшқын шығармайтын элементтермен қымталуы керек. Ашық электрқыздырғыш жабдықтарды қолдануға болмайды. Бөлімше өрт сөндіргіш ОУ-2, азбесттелген жапқыштармен жабдықталуы керек.
Жарылыстан сақтандыру мақсатында және электр тогынан сақтану үшін шкафтардың қораптары, ванналар жермен тұйықталуы керек, ваннаның жанында аяқ астарында резина төсемелер немесе ағаштан құралып жасалған төсеніш болу керек. Жуу орынындағы жарық түсу мөлшері арнаулы талапқа сай болу керек.
5.5 Бақылау сұрақтары
1. Бұрғылау және мұнай өндірістік жабдықтарды жуу орнын, жуу әдісін, кім жуатынын ретімен атаңдар.
2. Қандай мақсатпен бөлшектер мен құрама бөліктерді бірнеше рет жуу қайталанады?
3. Бөлшектердің ластаныуының қандай түрін тазалау қиындық тудырады?
4. Қандай техникалық сұйықтар адам ағзасына өте қауіпті?
5. Адам денсаулығына нұқсан келтіретін ертінділермен жұмыс жасағанда қандай қауіпсіздік амалдары қолданылады?
6. Бұрғылау және мұнай өндірістік жабдықтарды жуу үшін қолданылатын құралдар мен жабдықтарды атаңдар.
№6 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС